Мақала қазақ және түрік тілдеріндегі зооним компонентті фразеологизмдерге арналған



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата13.10.2022
өлшемі375.33 Kb.
#462575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ЗООФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ ОРТАҚТЫҚТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Тақырыпты таңдауды дәйектеу
мақаланың мақсаты мен міндеттері
Зоонимдер этногрaфиялық және тaрихи 
мәліметтерді зерделеуде, ұлттық дәстүр мен 
оның тaрихи дaмуын aнықтaудa, ұлт тaным-
түсінігін aйқындaудa қызмет aтқaрaды. Осыған 
сәйкес зоонимдердің түркі тілдеріндегі мәдени 
аялық білімінің мәнін aшу қaзіргі тіл біліміндегі 
лингвомәдениеттану бaғытымен сaбaқтaсaды. 
Түркі тілдері бойынша жануарлар атауын 
меңгеру және зооним-компоненттерімен бірге 
жасалған фразеологиялық бірліктерді зерде-
леу түркі халықтарының маңызды және құнды 
бағытының тілдегі көрінісін мәдени тұрғыдан 
талдауға негіз болады. Айта кету керек, әр 


36
Зоофразеологизмдердің мотивациялық негізіндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер (қазақ және түрік тілдері бойынша)
түрлі тілдердегі жануарлардың атауы әр түрлі 
сапа мен сипаттамаға ие болады да, түрлі ас-
социациялар тудырады. Бұл факті белгілі бір 
халықтың бейнелі ойлау жүйесінің даралығын 
айғақтайды, сонымен қатар өзіндік күрделі 
ассоциативті-психологиялық процесті көрсетеді, 
әр түрлі ұлттардың тілдік дүние бейнесіндегі 
өзіндік айырмашылықтары туралы түсінікті 
қалыптастырады. Демек, зоонимдер бір жағынан, 
мәдениет элементі ретінде, ал екінші жағынан 
– тілдің элементі ретінде қарастырылады. 
Ең бастысы олар лингвомәдениеттанымдық 
зерттеулердің негізгі объектісі бола алады. 
Мақалада зерттеу нысанына алынған тұрақты 
сөз тіркестері түркі тілдері (қазақ, түрік) бой-
ынша салыстырылып, талданады. Қазақ және 
түрік тіл білімінде зоонимдік фразеологизмдер 
мағыналық-құрылымдық, этнолингвистикалық 
тұрғыдан ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты 
қарастырылса да, зоофразеологизмдердің тіл мен 
мәдениет сабақтастығы тұрғысынан түркі тілдері 
бойынша салыстыра зерттеудің маңыздылығы 
туындайды. Аталған тілдік бірліктердің «адам-
тіл-мәдениет» сабақтастығы тұрғысынан түркі 
дүние бейнесін танытатын, бейнелеп атайтын 
бірлік ретінде семантикалық және лингвомәдени 
аспектіде зерттеу жұмыстың мақсаты болып та-
былады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет