Мақала қазақ және түрік тілдеріндегі зооним компонентті фразеологизмдерге арналған



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата13.10.2022
өлшемі375.33 Kb.
#462575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
ЗООФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ ОРТАҚТЫҚТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

verilmez» (сөзбе-сөз: ат пен әйел аманатқа 
берілмес); At ile avrat insanın bahtına (сөзбе-сөз: 
ат пен әйел азаматтың бағына) деген нақыл сөз 
бен қазақ халқының «Жақсы ат  ер жігіттің 
пырағы, жақсы әйел  ержігіттің шырағы» де-
ген даналық сөзі толықтыра түскендей. 
Жалпы түркі фразеологизмдерінде жылқы 
сөзіне қарағанда ат сөзінің фразеологизм 
құрамында қолдану жиілігі жоғары. Қазақ 
тіліндегі төрт түлік мал атауларын зерттеген 
ғалым С. Тоқтағұл тілімізде жылқы (ат) атау-
ларынан жасалған фразеологизмдердің көп 
екендігін айта отырып, «Жылқы малы ұғымынан 
туындаған тұрақты тіркестер қолданыс жиілігі 
жағынан басқа төрт түлікке қарағанда бірінші 
орынға ие. Төрт түлік мал атаулары ұйытқы 
болған екі мыңнан аса тұрақты тіркестер болса, 
соның ішінде бір мыңға жуығы тек жылқы ата-
уы ұйытқы болған тұрақты тіркестер» екендігін 
айтады (Токтагул, 2005: 68). Демек, бұндай пікір 
барлық түркі тілдеріне тән деп айтуымызға бо-
лады, себебі ат сөзімен қалыптасқан фразеоло-
гизмдер барлық түркі халықтарында кеңінен 
қолданылады. Мысалы, қазақ тілінде ат сауыр-
сын берді, ат сауырына мінгізу (салу), атқа 
жеңіл құдаша, ат көбең тартып қалды, ат 
жаңбырлығын жапты, ат байлады, ат қақты, 
ат қара тіл болғанда, ат құрғатпай қатысты 
т.с.с. түрік тілінде: arkasından atlı kovalamak, at 
çalındıktan sonra ahırın kapısını kapamak, at gibi, 
at koşturacak kadar, at izi it izine karışmak, at nalı 
kadar, at oynatmak, ata et, ite ot vermek, atı alan 
Üsküdar’ı geçti, atını sağlam kazığa bağlamak, 
atla arpayı dövüştürmek, attan inip eşeğe binmek, 
işi üç nalla bir ata kalmak, it izi, at izine karışmak
Осы атап өткен қазақ, түрік тілдері бойынша 
берілген тұрақты сөз тіркестерінде халықтың 
сан ғасырлық тарихы, ұлттық танымы, дәстүрі 
көрініс тапқандығын тарихи деректер арқылы 
білеміз. Мәселен, тіліміздегі ат сауыры-
на мінгізу [салу] тіркесінің фразеологиялық 
сөздіктегі мағынасы: қолға түсіріп, ат арты-
на мінгізіп келу деп берілген, сонымен қатар біз 
аталған тұрақты тіркестің халықтың тұрмыс-
тіршілігіне байланысты қалыптасқандығын та-
рихи деректер арқылы біле аламыз: ертеде ба-
рымта заманында жеңген батыр сол ауылдың 
қызын немесе жас келіншегін өзінің жеңгенінің 
белгісі ретінде ат сауырынына мінгізіп алып 
кететін болған. Сонымен қатар әйел адамды 
талақ етіп тастаған кезде, ат сауырына мінгізіп, 
төркініне апарып тастайтын. Бұл әйел адамның 
ғана емес, бүкіл туыс-тумаларының намысы-
на тиетін белгі саналған. Заман ағымына сай, 
ұмыт болған осы көне дәстүр тұрақты тіркесте 
сақталып, бүгінгі күні «еркінен тыс апару» 
мағынасымен астасқандығын көреміз. Мысалы: 
«Қызыл аяқ» деген бір елді шауып, ат сауыры-
нына салып келген бір қызға аяқ салып, сонан 
сауысқанның аласындай бір бала туады (Қазақ 
тілінің фразеологиялық сөздігі, 2007: 76). 
Түрік халқында ұзатылған қалыңдық өз 
үйінен күйеу жігіттің үйіне атқа мініп бара-
ды. Осы бір көрініс түрік тіліндегі gelin ata 
bindi ya nasip тіркесінде көрініс тапқан. Түрік 
тілінде жарияланған «Фразеологизмдердің хи-
каясы» атты еңбекте бұл тіркестің мәні былай-
ша түсіндіріледі: Gelin ata bindi ya nasip: Eskiden 
gelinler baba evinden çıkarken ata bindirilir öyle 
götürülürmüş. Yolda attan düşme, kaçırılma gibi 
tehlikeler olduğundan koca evine gidememe 
ihtimali üzerine bu söz söylenmiştir (Yavuz, N., 
& Baş, 2017: 144). Мағынасын ашатын болсақ
өз үйінен атқа мініп шыққан келін жолда аттан 
түсу, алып қашу сияқты кездейсоқ жағдайдан 
күйеу жігіттің үйіне жете алмайтын кездер де 
болған екен. Бүгінгі күні аталған тіркес мазмұны 
белгілі бір іс сәтсіз болғанда, соңы нәтижесіз 
қалса да оны бітті деп санамау керектігін, яғни 
салың суға кетпеу қажет дегенді аңғартады.
Ортақ мәдени бастауларға ие түркі 
халықтарында бірдей жануар (мәселен, ат) ата-
уымен жасалған тұрақты сөз тіркестерінің тең 
мағынада жұмсалуымен қатар, кей жағдайда 
мағынасы мүлде алшақ сөз тіркестері де 
кездеседі. Мұндай фразеологизмдердің ұқсас, 
бірдей мағынада жұмсалуын жалпытүркілік бол-
мысымыз бен ортақ негізді мәдени өлшеммен 
байланыстыра аламыз, ал өзіндік ерекшелікті 
белгілі бір ұлтқа тән құбылыс деп санаймыз. 
Мәселен, түрік тіліндегі «yanlış ata oynamak» 
фразеологизмі «қате таңдау жасау» мағынасында, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет