Мақала қазақ және түрік тілдеріндегі зооним компонентті фразеологизмдерге арналған



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата13.10.2022
өлшемі375.33 Kb.
#462575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ЗООФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ ОРТАҚТЫҚТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

фразеологиялық бейнесі» идеясын дамытуда. 
Алайда, түркі тілдері бойынша зоонимдік не-
месе зооморфтық лексика, оны тіл мен мәдениет 
бірлігі тұрғысынан жан-жақты талдау, салысты-
ру арнайы зерттеу нысанына алынбай жатыр. 
Зоонимдерді зерттеу жалпы тіл тарихының 
дамуы үшін, сонымен қатар тілдің жекелеген 
топтары мен лексикалық моделдерінің дамуы 
үшін аса қажет екендігі анық. Жануарлардың 
атауларын зерттеуге әр түрлі елдердегі тіл 
мамандарының көптеген жұмыстары ар-
нал ған. Жоғарыда атап өткен еңбектердің 
біра зы түрлі аймақтардағы жануарлар атта-
ры ның семантикалық және құрылымдық, эти-
мо логиялық талдауы мен меңгерілуі жағынан 
байланысты. Зоонимика мәселелерінің тео-
рия лық жағымен айналысатын барлық ға лым-
дардың пікірі ұқсас, жануарлардың аттары 
ономастиканың, лексикологияның жалпы тео-
риясы үшін, сондай-ақ тілдік қарым-қатынас, 
сөзжасамдық, уәждемелік мәселелерін зерт-
теуде, сонымен қатар белгілі бір халықтың 
номинативтік ерекшелігін және олардың 
мәдени-тарихи салты мен үрдісін түсіну үшін 
аса құнды материал екендігі жөніндегі пікірлері 
бір-біріне сай келеді.
Талқылаулар мен нәтижелер 
Белгілі бір ұлт мәдениетінің тілде көрінуінде 
фразеологизмдердің орны ерекше. Аталған тіл-
дік бірліктер мәдени деректі жеткізуші «мә-
де ниет элементі» қызметін атқарады. Өр-
ке ниеттердің қалыптасуы мен тіршілігінің 
не гізі болып саналатын флора мен фауна 
әлемі құндылықтардың барлық түрлерінде сөз 
материа лы болып табылды. Әсіресе, жануарлар 
әлемі ғасырлар бойы адамдардың күнделікті 
тұрмыс-тіршілігінде маңызды қызмет атқарды, 
яғни жануарды танудағы халықтың таным-
түсінігі тілімізде көптеген сөздер мен сөз 
тіркестерін қалыптастырды. Тілдік қолданысқа 
енген сөздердің басым көпшілігін зоотопоним-
дер, зоо-фразеологизмдер, зоопаремиялар, зоо-
антропонимдер деп топтастыруға болады. 
Академик Ә. Қайдар мал шаруашылығына 
қатысты фразеологизмдер туралы сөз болғанда, 
жануарлар әлемі жөніндегі түсініктерді адам-
зат қоғамына ауыстырудың өзіндік тәсілі 
алдыңғы қатарға шығатындығын айтады. 
Ғалым: «фразеологизмдердің көпшілігі адамға 
сәйкес ерекшеліктері бар жақсы үйретілген үй 
жануарларының сыртқы кескінін, мінез-құлқын, 
қылықтарын сырт көзбен қарап, бейнелі түрде 
салыстыру негізінде жасалған. Бір жағынан, жа-
нуарлар әлеміне, екінші жағынан, адамдардың 
қоғамдағы өзара қарым-қатынасына және 
олардың әр түрлі тіршілік жағдайларындағы 
мінез-құлықтарына бақылау жасау негізінде 
алынған бұл ассоциативтік параллельдерден фра-
зеологизмдер қалыптастырудың бейнелі аялық 
негізі және олардың мағынасын өзгерту және 
ауыс тыру уәждері ретінде қызмет атқаратын 
біраз ортақтықты және ұқсастықты таба алады», 
– дейді (Қайдар, 1998: 215).
Ғалым Б. Тілеубердиев белгілі бір аң, жа-
нуар, құс туралы ұғымдар халық танымын-
да қалыптасып, ұлттық таным мәдениет 
стереотиптеріне айналады, этностың, жеке тілдік 
тұлғаның аялық біліміне енетіндігін айтады 
(Тілеубердиев, 2007: 162). Фразеологизмдердің 
қалыптасуында адам санасындағы қандай да 
бір ұғым тудыратын зообейне себепкер бола-
ды. Белгілі бір фразеологизмнің қалыптасуында 
сөз – дескриптор қолданылады. Мәселен, сөз 
дескриптор үй жануары атауының бірі бол-
са, сол жануардың тұрмыс-тіршіліктегі орны, 
адам өміріндегі маңызы, оның сыртқы бейнесі, 
мінез-құлқы, іс-әрекеті т.б. жайлы мәліметтер 
жинақталып, этнос мәдениетіне сай тұрақты 
тіркес туындайды. Тұрақты тіркес құрамында 
жануар туралы жинақталған мәлімет астарлы 
мазмұнға ие болады. Профессор А. Дыбо: «В 
зоо ниме закодированы ключевые культурные, 
психологические, социальные и ментальные 
черты, которые характеризуют конкретное язы-
ковое сообщество и его культуру», – дейді (Дыбо, 
2009). Демек, фразеологизмдердің құрамында 
зоонимдердің этномәдени сипаты, білім аясы-
на енетін когнитивтік ақпараттары сақталған. 
Осындай этномәдени ақпараттар, түсініктер 
қазақ, түрік зоофразеологизмдерінің бойынан 
көрініс тапқан. 
Түркілік болмыс мен танымды көрсететін 
тіл қабаттарының бірі – төрт түлікке байланыс-
ты, оның ішінде жылқы малына қатысты фра-
зеологизмдер деп айтуымызға болады. Себебі 
түркі халықтарының өмірінде, мәдениетінде 
жылқының орны ерекше. Аттың адам өмірінде 
алатын орнын Махмұд Қашқари: «Ат – түріктің 
қанаты», – деп бейнеледі. «Бір күн өмір бол-
са, ат болса, екі күн өмір болса, қатын бол-
са», – деп түркілер Тәңірден тілейді екен, 
яғни түркілер үшін адамға ең қымбат жарық 
дүниені, тіршілікті атсыз елестету мүмкін емес. 
Сондықтан жігіттің өмірінде сүйікті жары, әйелі 
қаншалықты қымбат болса, аттың да ер азамат 
өміріндегі орны ерекше деп бағаланған. Бұл 


39
А. Раева 
пікірімізді түрік тіліндегі «At ile avrat emanet 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет