40
Зоофразеологизмдердің мотивациялық негізіндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер (қазақ және түрік тілдері бойынша)
байланысты шабу етістігін қолданған, яғни ат-
пен шабу, ат шаптыру.
Осыған байланысты
тілімізде қалыптасқан
ат шаптыру тіркесінің
екі мағынасы бар: 1. ат жарыстыру, бәйге тігу;
2. адамға қатысты хабаршы жұмсау, кісі жіберу.
Қазақ және түрік тілінде еш өзгеріссіз
қолданылатын
ат ойнату фразеологизмнің
мағынасын ашатын болсақ, қазақ тіліндегі
ат ой-
натты тіркесі астамшылық етті, басынды;
атқа
мініп, қаумалап, қамап тұрды деген мағынаны
білдірсе, түрік тіліндегі at oynatmak (сөзбе-сөз:
ат ойнату) тіркесінің төрт түрлі мағынасы
бар
: Ат үстінде өнер көрсету; Жарысу. Үстем
тұру. Өз еркімен әрекет ету. Мысалдардан
қазақ, түрік фразеологизмдерінің семантикасын-
да ортақ уәж, байланыс бар екенін байқаймыз.
Ат ойнату тіркесіндегі туыс екі тілге ортақ
мағына үстем тұру, астамшылық ету, басыну.
Бұл тіркесті ары қарай талдап,
тіркестің аста-
рында ұлтқа тән (қазақ) этномәдени кодты аша-
тын болсақ,
ат ойнату – дәстүрлі ортада ауылға,
біреудің иелігіне атпен шауып келіп, айғай-шу,
дау-жанжал шығарып, сес көрсетуді білдіреді.
Ат ойнату әдеттік құқық бойынша ауыр қылмыс
болып есептелген. Өйткені, мұндай қылық
көшпелі ортада атпен жүрудің қалыптасқан
этикалық нормалары мен қағидаларын өрескел
бұзу болып табылады. Яғни ауылға төтенше
атпен
шауып кіру, жөнсіз атойлау ауылдың
тыныштығын бұзу ретінде бағаланды. Іс насырға
шапқанда ауылдың, тіпті рудың ақсақалдарының
ұйғарымымен айыпкер қатаң жазаланған. Яғни
айыпкер ат шапан немесе бір тоғыз деп аталатын
айыпқа, тіпті одан да көп мөлшердегі айыпқа
кесілген (Энциклопедия I, 2011: 246). Соны-
мен жылқы малына қатысты фразеологизмдер
халықтың тарихи этнографиялық процестері,
рухани мәдениеті, әдет-ғұрыптары, салт-
дәстүрлері, дүниені
қабылдауы, мифологиясы
жөніндегі нақты ұғым-түсініктерді береді. Олар-
да тіл мен этностың, тіл мен рухани мәдениеттің
өзара тығыз байланысы жарқын көрініс тапқан
(Байтелиева, 2007: 19).
Ертеде «салт атты көшпелілердің» мә де-
ниетінде аттың шаруашылық жағынан болсын,
ғұрыптық тұрғыдан болсын маңызы ерекше
болды. Белгілі түркітанушы ғалым В.В. Рад-
лов «малға тәуелділігін қазақтар әр қас қағым
сәтте сезініп отырады. Сондықтан өздерінің
барлық
әдет-ғұрып, салт-санасын малмен
байланыстырып отырады», – дейді (Радлов,
2007:16). Демек, зоонимдік фразеологизмдер-
ден халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрпын көре
аламыз, себебі олардың астарында халықтың
ғұрыптық негізі сақталған. Алайда, уақыт өте
келе кейбір фразеологизмдердегі ғұрыптық
негіздің ұмытылғандығы байқалады. Мәселен,
қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігінде ат
құйрығын кесісу мен
ат кекілін кесу қатар
беріліп, мағынасы ортақ көрсетілген. Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігінде
ат кекілін
Достарыңызбен бөлісу: