"Keruen" scientific journal №4, 81 vol, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
№4, 81 vol, 2023 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art
237
1. Кіріспе
Ұлы Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты шағын
зерттеу еңбегінің жалғасы ретінде жазылған Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік,
қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» кітабы мен «Қазақ түп атасы» атты шежірелік
дастаны қазақ ғылымында үлкен маңызға ие. Шәкәрім қажының қазақ тарихы мен
мәдениетін терең тануға арналған шығармаларына өз уақытында Ә.Бөкейханов:
«Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шаһкәрімнің
бұл кітабы – қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың.
Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі, Шәһкәрім кітабын әбден
білмей қадам баспа» (Шәкәрімтану мәселелері, 2007: 251), – деп жоғары баға берген.
Ақын «Қазақтың түп атасы – батыр Түрік» деп басталатын шежірелік дастанында
қазақтың терең тарихына үңіліп, тегімізді түгендейді.
Барлық ұлт пен ұлыстарды
хазірет Адам атадан таратып, топан судан кейін
адамзатты екінші рет Нұх
пайғамбардың Сам, Хам, Яфас атты үш ұлынан өрбітеді. Ал хазірет Нұхтың кенже
баласы – Яфастан Түрікті тудырады. Түріктің шын аты – «Надұлұше» болады. «Түрік»
сөзі – «темір тымақ» (дулыға) деген мағынаны білдіреді. Осыдан кейін Нұхтың
оныншы ұрпағы Оғыз ханға тоқталып, оны әлемді билеген ұлы патша деп дәріптейді.
Сонымен қатар, ол әйгілі билеушінің өмір сүрген уақытын да нақты айтып өтеді.
Өкінішке қарай, автордың 1991 жылы шыққан кітабы мен кейінгі басылымдарында
бұл мерзім қате берілген:
Жазады талай елдің жазушысы,
«Адамның өзгеше, – деп, – қылған ісі».
Достарыңызбен бөлісу: