"Керуен" ғылыми журналы №4, 81-том, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066 240
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | №4, 81-том, 2023 өмір сүргені белгілі. Содан 1391 жылға 460 жылды қоссақ, ол Ибраһим пайғамбардың
дүниеге келген дәуіріне тура келеді (1391 + 460 = 1851). Тарихи деректерде Ибраһим
пайғамбардың б.з.д. ХІХ ғасырда туып, ХVІІ ғасырда қайтыс болғаны дәлелденген
(wikipedia.org). Ал 1851 жылға 1500 жылды қоссақ, Нұх пайғамбардың заманы
шығады (1851 + 1500 = 3351).
Бұл мерзім Қадырғали Жалайырдың (XVI ғ.) «Шежірелер жинағы» еңбегінде
келеді: «...Нұх ғалейһыссаламнан бері және ол заманнан соң түріктер әлемі кітапсыз, қауымында тарих жоқ еді. Оғыз заманынан (бастап) тарих бар еді, әрбір кітаптарда баян етілетін. Онан соң Қытайдың Алтан ханның (жазба) тарихы бар еді. Және тағы, моғолдың жазба тарихы әлі жоқ еді. Тағы Сұлтан Саид Ғазан ханның тарихы да жалпы жиынтығы Нұх ғалейһыссаламнан бері ибтида хижратқа (хижраның басталуына) дейін бес мың (5000) жыл өтті деп қысқаша айтылған...» (Жалайыр, 1997: 49-50). Тарихшы мұнда Сұлтан Сейіт Ғазан ханның
тарихы деп, оның Рашид ад-динге жаздырған «Жамиғ ат-тауарих» (Тарихтар жинағы)
еңбегін айтып тұр. Бұл кітаптың ХІV ғасырдың басында жазылғанын ескерсек, әрі
осы уақыттан 5000 жылды шегерсек, Нұх пайғамбардың кезеңіне дөп түсеміз (1300
– 5000 = – 3700). Нұх пайғамбардың 950 жыл ислам дінін уағыздап, кемі 1000 жыл
өмір сүргенін қаперге алсақ, жоғарыдағы есептеулердің негізсіз емес екеніне көзіміз
жетеді.
Бір топ ғалымдар Адам атаның жерге түскен уақытынан Нұх пайғамбардың топан
суына дейін 2242 жыл өтті десе, «Жаханоро» кітабының иесі 2200 жыл өткен деген
пікірді алға тартады (Мырза Ұлықбек, 1994: 30). Ал Мунис пен Агахи «Адам ата мен Нұх пайғамбардың арасы 2500 жыл» деген көзқарасты келтіреді (Мунис ва
Агахи, 2019: 74).
4. Нәтижелер ХХ ғасырдың ортасына қарай оғыз қаһармандық эпосы феодалдық дәуірдің
шығармашылық өнімі ретінде бағаланғаны рас. Осы себепті оғыз тектес кейбір
халықтардың мұрасы ашық түрде еленбеді (Koniratbay, 2023: 155). Ал қазіргі таңда
бұл тенденция күшін жойып, түркі халықтары тегін тануға ерекше құлшыныспен
ұмтылуда деп айтсақ болады.
Ал енді аталған тарихи еңбектер арқылы Оғыз ханның қашан өмір сүргенін
анықтайық. Ол үшін Ергенеқон оқиғасы қай кезеңде орын алғанын білуіміз керек.
Оған жауапты «Жамиғ ат-тауарих» (Тарихтар жинағы) еңбегінен табамыз: «Шамамен