Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіре кітабы мен шежірелік дастанының текстологиялық мәселелері сөз болады



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата18.03.2024
өлшемі0.55 Mb.
#495901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мырзақұлов Б.Т., Ақжігітова А.О.

340 жыл бұрын пайғамбардан,
Атағы жер жүзіне шыққан кісі (Құдайбердіұлы, 1991: 70).
2. Материалдар мен әдістер
2.1 Әдістер 
Жұмысты жазу барысында Шәкәрімнің шежіре кітабы мен шежірелік дастаны 
шыңжаңдық және сирек қордағы қолжазба нұсқалармен салыстырмалы-тарихи, 
типологиялық зерттеу әдістері негізінде зерделенеді. 
2.2 Материалға сипаттама
Мақалада Шәкәрім қажының шежіре кітабының алғашқы литографиялық нұсқасы 
(Құдайберді ұғлы, 1911) мен сирек қорда сақталған қолжазбасы (№1588) және ақын 
шығармаларының әр жылдағы басылымдары зерттеу нысанына алынады. Сонымен 
қатар, аталған еңбектерде келген Оғыз хан бейнесі мен және оның қай кезеңде өмір 
сүргеніне қатысты пікірлерге ғылыми талдау жасалады. Ол үшін отандық тарихшы 
ғалымдардың көзқарастары мен орта ғасырлық тарихи дерекнамалар да кеңінен 
пайдаланылады.
3. Талқылау
Кейінгі зерттеушілердің жаңсақ тұжырым жасауына түрткі болған бұл қателікті 
түзетудің бірден-бір жолы – текстологиялық әдіске жүгіну. Біз осы мақсатта «Ғылым 
ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының сирек қорында сақталған Шәкәрім 
шығармаларының қолжазбасына үңілген едік. Нәтижесінде шежірелік дастанның 
кейінгі басылымдарында келген «340 
жыл» (үш жүз қырық) – «Қазақтың түп 


"Керуен" ғылыми журналы №4, 81-том, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066

238 
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | №4, 81-том, 2023
атасы» деген жырда «үш мың төрт жүз жыл» (3400) деп жазылғанына куә болдық 
(Шәкәрім Құдайбердіұлының қолжазбалары, №1588: 121). 
Осы тұста «қолжазбада да қателік орын алуы мүмкін» деп уәж айтылушылар 
табылуы ықтимал. Дегенмен, Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар 
шежіресі» кітабы көңілдегі күмәнді сейілтеді. Ақын осы еңбектің «Хан шежіресі» 
бөлімінде: «Қара ханның баласы Оғыз хан. Аланшы [Нұх пайғамбардың жетінші 
ұрпағы – Б.М.] кезінде жұрт дінінен шығып еді, осы Оғыз мұсылман болып әркімді 
мұсылман қылғанын әкесі Қара хан естіп баласымен ұрысып, сол соғыста Қара 
ханға оқ тиіп өліп, орнына Оғыз хан болды, мұның хан болғанын мұсылманша 
шежіре кітаптарда біздің пайғамбарымыздан 3400 жыл бұрын дейді. Бұл Оғыз 
хан бек мықты хан болып, жер жүзінің талай жерін алған хан еді. Оғыз хан деген 
атақты хан болғанын барша шежіренің бәрі айтады. Қайсы біреулер жоғарғы 
Мете яки Мөте деген хан осы десе де, оның уақыты дұрыс келмейді» (Құдайберді 
ұғлы, 1911: 74-75) – дейді. Яғни, ғұлама ақын Оғыз хан мен Ғұн көсемі Мөденің бір 
тұлға емес екенін дәйектеп, кейбір зерттеушілердің (
Н.Я.Бичурин, А.Кабаклы, т.б.

пікірін жоққа шығарады. Себебі, Оғыз хан Мұхаммед пайғамбардан (570-632) тұп-
тура 3400 жыл бұрын өмір сүрсе, онда ол б.з.д. XXVIII ғасырда билік құрған болады. 
Ал Тұман ұлы Мөде қағанның б.з.д. 228 жылы дүниге келіп, б.з.д. 174 жылы қайтыс 
болғаны белгілі.
«Бабалар сөзінің» 32-томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналған. Томға ел 
арасында «Қазақ тарихы дастаны» деп танылған «Қазақтың түп атасы – батыр Түрік» 
деген шежірелік дастан кірген. Басылымның ғылыми түсінігінде бұл шығарманы «кім, 
қашан жырлағаны беймәлім» деп жазылған. Жырды Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін 
қаласының тұрғыны зейнеткер Беделбек Еженбекұлы 1990 жылы аудандық мәдениет 
үйіне қолжазба күйінде табыс еткен екен. Бұл шығарма Іле «Халық» баспасынан 1992 
жылы жарық көрген «Дөрбілжін ауданының қисса-дастандары» жинағында алғаш рет 
жарияланады. Беделбек жыршының «Үлкендердің аузынан бұл шежірені Шәкәрім 
Құдайбердіұлы жазған деген сөздерді естідім, бірақ анық-қанығын білмеймін» 
(Бабалар сөзі, 32-т., 2006: 376) деген сөзіне мән берсек, Қытайдағы қазақтың көнекөз 
қариялары шежірелік дастанның авторы кім екенін білген деген ойдамыз. Өйткені 
Шәкәрім ұлы Зияттың алмағайып заманда бас сауғалап Алтай аймағына, одан әрі 
Қытайға өткені белгілі.
Шежірелік дастанның шыңжаңдық және сирек қордағы қолжазба нұсқаларын 
салыстырғанымызда, олардың бір шығарма екені нақтыланды. Екі нұсқаның көлемі 
бірдей болғанымен, кейбір сөздерінде айырмашылық бар. Мәселен, сирек қордағы 
нұсқада «Пәленше сахабаның затысың деп» келсе, бұл қатар шыңжаңдық нұсқада 
«Ғакаша [Укаша – Б.М.] сахабаның ұрқысың деп» берілген. Мұндай мысалдар 
жеткілікті. Сонымен қатар, шежірелік дастан Шәкәрімнің 1991 жылы шыққан 
кітабында толық жарияланбағанын айтуымыз керек. Бұл басылым: «Осыған соны 
қосып жаттап алсаң, Білерсің тұп атаңның барлық сырын» (Құдайбердіұлы, 1991: 
76), – деген жолдармен аяқталады. Ал сирек қордағы қолжазба және шыңжаңдық 
нұсқалар: «Жаратқан Алла жар болып, Бейістен нұры шалқығай!» (Бабалар сөзі, 
32-т., 2006: 72) деп бітеді. Есептеп қарағанда, Шәкәрімнің 1991 жылғы басылымына 
жырдың 157 қатары кірмей қалған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет