Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Іскер болмау себептері. Жоғарғы айтылған шарт-
тар табылмаса, адам іскер болмайды. Олардан басқа 
іскер болмаудың тағы мынадай себептері бар:
1) Дененің һәм жанның шаршауы. Жұмыс қылып 
дене шаршаса, яки бір іс істеп жан шаршаса, адамда


78
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
іскерлік болмайды. Класта отырғанда баланың тез 
шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе 
тік отыруынан һәм ауаның бұзылуынан. Сондықтан са-
бақ уақытында балалар іскер болмай бастаса, мұғалім 
дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып, кластың 
ауасын жаңарту керек. Бір сабақтың ішінде де балалар-
ды тұрғызып, отырғызып гимнастика жасатып, ән сал-
дырып алуға болады. Мұндайда бала сергіп қалады. Ән 
мен гимнастиканы бір келтіруге де болады. Бір сағат-
тық сабақтың орта кезінде солай істелсе, балалар тіпті 
кѳтеріліп қалады.
Мысалы, балалар қосылып айтады («У дедушки 
Якова семеро детей» әнімен – М.Ж.).
Баяғыда болыпты тоғыз тоңқылдақ, 
Тоғызы, тоғызы, тоғыз тоңқылдақ. 
Олар ішпейді, жемейді,
Қарнымыз ашты демейді.
Бір уақыт істеді былай
(дегенде екі қолды жоғары кѳтереді); 
Құрсақтары тоғыздың тоғыз қорқылдап
Тоғызы, тоғызы, тоғыз қорқылдап, 
Сонда да олар жемеді,
Жыртаң-жыртаң күледі.
Сѳйтіп істеді былай
(дегеңде қолдарын қанаттай жаяды); 
Жата берді тоғызы тоғыз қоңқылдап, 
Тоғызы, тоғызы, тоғыз қоңқылдап, 
Олар ішпеді, жемеді,
Бәрі де аштан ѳледі.
Ѳлгенде істеді былай
(дегенде екі қолды тѳмен жібереді).
Мұғалімдер қолайлы тапса, осы ѳлеңді айтқызып, 
гимнастика жасатар. Әрине, бұл ѳрнек үшін ғана.


«Асыл мұра» сериясы
2) Жанның толқынданып тұруы, яғни бір іспен, яки 
уақиғамен жан толқынданып тұрса, жанда іскерлік 
болмайды. Толқын басылып, жан тыныштануы керек. 
Мысалы, ойнап, жүгіріп, ән салып тоқтасымен бала іс-
кер бола қоймайды. Мұғалім осыны ескеру керек.
3) Іскер болмаудың үшінші себебі – бейғамдық (рас-
сеянность). Бейғамдық тума да болады, жүре де бола-
ды. Бейғамдық екі түрлі – тіпті ешбір нәрсеге іскерлікті 
тоқтата алмайтын адамның бейғамдығы һәм бір нәрсе-
лерге іскер болып, басқа нәрселерге іскер болмайтын 
адамның бейғамдығы. Бұл екі бейғамдықтың бастап-
қысын бір ауру деп атауға болады. Бұл – терең, ұзақ 
тәрбие тілейді. Ал енді екіншісін зиянды бейғамдық 
деуге болмайды. Қайта мұндай бейғамдық данышпан 
адамдарда кѳп ұшырайды..
Жоғарыда саналған іскерлік түрлерінің ішінде адам-
ға ең қымбаты адамның терең, толық білімді болуына 
себепші болатыны, сѳз жоқ, ерікті іскерлік. Сондықтан 
тәрбиеші күшін баланың ерікті іскерлігінің ѳркендеуі-
не жұмсау керек. Ерікті іскерлікті ѳркендету әсіресе, 
жоғарыда айтылған іскерлік шарттарын орындаумен 
танылады.


80


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет