94
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
сыз адамның орнына ѳзімізді қойып, құлықсыздықтан
жиренеміз. Фантазия әдемілік сезімін тереңдетеді. Біз
неше түрлі әдеміліктерден фантазия арқылы ғана ләз-
зат ала аламыз.
Фантазиясыз адам ѳмірі үнсіз, түссіз бір нәрсеге ай-
налмақ. Мылқау ѳмірге үн беретін, сақау ѳмірге тіл
беретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді, кѳрікті қы-
латын, бізді арсыға аяқ басқызып, тәңірімен тілдестіре-
тін – сол фантазия. Осы фантазияны қазақтың ең терең
сыршыл ақыны Шәңгерей Бѳкеев мынадай деп сурет-
тейді:
Таудағы тас ұядан,
Лашындай сарыққан қиядан
Шалқып сѳзім шығады,
Ойласам пікір-қиялдан.
Аспалап
қиял кетеді,
Шыққан оқтай жаядан.
Жасындай барып жалт етіп,
Кѳк капусын ашады,
Жарығына алданып,
Дидарға қадам басады...
Баланың қиялын – фантазиясын тәрбие қылу
жолдары. Біз жоғарыда қиял деген жандағы бір сурет-
теулерден жаңа суреттеу жасау дедік. Бұдан кѳрінеді:
қиял терең һәм бай болу үшін жанды суреттеулер кѳп
болу керек екен. Адам неғұрлым білімді, тәжірибелі
болса, қиялы да сонша бай болсын десек, оның білімді
болуына ыждиһат қылу керек. Бала тұрмыспен кѳзбе-
кѳз таныссын. Оның есінде, жанында кѳп білім болсын,
жан-жануардың тұрмысын бақыласын.
Жаратылыс-
тың тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың
қиялы ѳткір һәм бай болмақ.
95
«Асыл мұра» сериясы
Қиялды ѳркендетудің екінші жолы – баланы қиялды
аса керек қылатын ғылымдармен таныс қылу: әдебиет,
тарих, жағрафия, жаратылыс сықылды.
Сѳз арасында арнап қазақ баласының қиялы туралы
бір-екі сѳз айтып ѳтейік. Жаратылыстың құшағында,
меруерт секілденген кѳк шатырдың астында, хош иісті
жасыл кілем үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бір-
ге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен
бірге ѳріп, сары сайран далада туып, ѳсетін қазақ бала-
сының қиялы жүйрік, ѳткір, терең болуға тиісті. Бірақ
қазақ қиялы тәрбие кѳрген жоқ, әлі тағы, әлі бала. Біз
күндер, жылдар ѳткен
соң қазақ қиялы тәрбие алып,
тереңдеп, адамзат дүниесін бастайтын бір жарық жұл-
дыз болар деп иманымыз кәміл.
Тағы бір сѳз. Орыс учительдерінің аузыңда және со-
лардан сабақ алған қазақ оқығандарының аузында бір
сѳз бар – қазақ баласы әдебиет, тарих сықылды ғылым-
дарға зерек болмайды, бәлки математика, есеп пәніне
зерек болады деген. Мен бұл пікірді қате ме деп ой-
лаймын. Менің ойымша,
қазақ баласы математикаға
емес, әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс сықылды
ғылымдарға зерек болуға тиісті. Дәлелім: қазақ бала-
сының жаратылысы осыны тілейді. Баланың атаға тар-
туы рас болса, сиқырлы даланың баласы қазақ баласы
да қиялқұмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет,
тарих
сықылды қиялды кѳп керек қылатын ғылымдарға ұм-
тылуға тиісті. Ал енді орыс школасында оқыған қазақ
баласының математикашыл болуы: әдебиет, тарих сы-
қылды ғылымдарды сѳйлеуге, жазуға орыстың тілін
білмеген соң бейшара қазақ баласы тіл керек қылмай-
тын математиканы, есепті айналдырмағанда қайтсін.