Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет36/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

СУРЕТТЕУ 
С
уреттеу ұғымы. Бір заттан яки кѳріністен болған 
әсерлену, зат яки кѳрініс жоғалса, ол да, яғни әсер-
лену де тоқтайды. Бірақ әсерлену ѳзі тоқтағанмен, жо-
ғалғанмен, оның жанда ізі қалады. Яғни жанды заттың 
яки кѳріністің суреті қалады. Мысалы, біз жаздыгүні 
кѳрген кемпірқосақты қыстыгүні суреттей аламыз.
Міне, осы заттың ѳзі бізге әсер беруден тоқтаған күң-
де де, біздің ой мен жанымызда сол затты тірілте алуы-
мыз, сол заттың суретін кѳз алдымызға алып келуіміз 
суреттеу деп аталады.
Суреттеу мен әсерлену арасындағы айырма. Су-
реттеу мен әсерлену арасындағы айырмалар: 1) әсерле-
нудің болуына жан да, дене де қатысады. Ал енді су-
реттеу – жалғыз жанның ғана ісі; 2) әсерлену әсер беріп 
тұрған зат болса болады. Зат жоғалса, тоқтайды. Ал 
енді суреттеу қайта зат жоғалса – болады; 3) суреттеудің 
күші әсерленудің күшінен кем болады. Мысалы, күн 
күркіреуді есту бар. Күн күркіреуді еске түсіріп, оймен 
суреттеу бар. Күн күркірін ойлап, суреттеп отырғанда 
біз естіп отырғандағыдай қорықпаймыз. Ал енді егер 
суреттеудің күші әсерленудің күшіне жетсе, ол уақытта 


81
«Асыл мұра» сериясы
суреттеу ауруға айналады. Аурулы суреттеу галлюци-
нация деп аталады.
Галлюцинация – бізге ешбір әсер бермеген бір зат-
ты яки кѳріністі суреттеу деген сѳз. Бұл адамның миы, 
жалпы сау болмағандықтан болады. Мысалы, ѳлген 
адамды кѳру, жын, пері кѳру, әлдеқайдағы бір затты 
кѳру, жоқ дауысты есту сықылды. Қазақтың бақсы-бал-
гері осы галлюцинация ауруына ұшырағандар ғой.
Суреттеулердің бѳлінуі. Суреттеулер ауданына 
қарап екіге бѳлінеді: жалқы суреттеу һәм жалпы сурет-
теу. Егер біз жалқы бір затты суреттесек, жалқы сурет-
теу деп аталады. Мысалы, Сәрсенбай деген бір жалқы 
адамды суреттеу болады. Ал енді біз бір-біріне ұқсас, 
тұқымдас кѳп затты суреттесек, жалпы болады. Мы-
салы, жалпы сиырды суреттеу жалпы суреттеу болып 
шығады.
Суреттеулер ішіне қарап тағы екіге бѳлінеді: жаба-
йы һәм күрделі суреттеулер. Заттың ѳзін емес, сынын 
ғана суреттеу жабайы суреттеу деп аталады. Мысалы, 
қаралықты яки қызылдықты суреттеу сықылды. Ал 
енді затты барлық сындарымен суреттеу күрделі сурет-
теу деп аталады. Мысалы, қара сиыр, жирен атты су-
реттеулер сықылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет