«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
сынынан ғана болады. Мысалы, бала қанттан әсерлену
алғанда қантты қатты ақ зат деп емес, тура тәтті бір зат
деп қана біледі. Сондықтан ол екеуі де тәтті болғандық-
тан, қант пен кәмпитті айыра алмайды.
Балада дұрыс суреттеу болу үшін
оның жанында
кѳп һәм ашық әсерленулер болуы шарт. Сондықтан
тәрбиеші баланы кѳп заттан әсерлендіруге, әсерлендір-
ген соң, дұрыс һәм ашық әсерлендіруге ыждиһат қылу
керек.
83
СУРЕТТЕУ АССОЦИАЦИЯСЫ
Б
іздің жанымызда сансыз кѳп суреттеулер бар. Осы
суреттеулер қанша кѳп болғанымен,
біз оларды
бір- біріне араластырып, жанастырып алмаймыз. Мұ-
ның себебі біз суреттеулерді байлам-байлам қылып
байлаймыз да, жанымыздың әр түкпіріне тастаймыз.
Бізге бір байламның ішіндегі бір суреттеу керек болса,
біз сол суреттеулерді алып келеміз. Бұл суреттеу анау
ѳзімен бірге байлаулы тұрған суреттеулерді бірге ала
келеді. Міне, осы суреттеулерді бір- біріне байлау су-
реттеулер ассоциациясы деп аталады. Бірақ суреттеу-
лерді беталдына бір-бірімен байлай беруге болмайды.
Байлаудың яғни ассоциацияның белгілі жолдары бар.
Олар: 1) жақындық ассоциациясы; 2) тұқымдастық ас-
социациясы.