Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет73/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
мағжан жұмабаев педагогика

Темперамент. Әрбір адамның жаратылысы бо-
йынша тума бір түрлі мінезі болады. Мысалы, сыртқы 
дүние әсерлерінен ѳзінше бір түрлі әсерлену яки ішкі 
сезімдердің ѳзінше бір түрлі оянуы сықылды. Міне, 
осындай тума мінез темперамент деп аталады. Тем-
перамент тѳрт түрлі. Сангви ник, холерик, флегматик 
һәм меланхолик темпераменттері.
1) Сангвиник темпераменті – сыртқы әсерлерді 
жеңіл һәм тез алу, бірақ терең ала алмау. Сангвиник 
адам ұшқыр, ойнақы, еті тірі болады. Бірақ бір әсерден 
екінші әсерге секіріп түсе беретін, бір әсерге аялдап 
тұра алмайтын тиянақсыз адам болады. Әрбір істі бас-
тап тұрып, тастап кететін болады.
2) Холерик темпераменті – сыртқы әсерлерді тез һәм 
терең алу. Холерик адам әрбір әсер артынан салпақ-
тай бермейді. Бір алған әсеріне мықты, бекем болады. 
Кѳздеген мақсатын қадағаламай, тиянақтамай, жолда 
шала қалдырмайды, табанды, қайратты болады. Қиын-
қыстау мәселені тез шешеді, тез орындайды. Бірақ хо-
лерик адамның ашуы шапшаң һәм қатты болады. Сол 
ашу себебімен кѳп уақытта ұнамсыз істер істеп тастай-
ды. Тіпті бір бет, қияңқы болады.
3) Флегматик темпераменті әсерлерді әлсіз алу 
һәм ішкі сезімдердің созалаң оянуы. Бірақ түбі берік 
болады. Флегматик адам – ауыр мінезді адам, түрлі 
әсерге кѳрсе қызар болмайды. Мәселені тез шешуге 
асықпайды, іс істегенде саспайды. Шапшаң ашу, қызу 
мінез болмайды, салқын қанды болады. Басын жарып, 
кѳзін шығарып, жан алып, жан беріп істі тез бастап 
кете алмайды. Бірақ бір бастаса, салпақтап артынан 
қалмайды.


152
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
4) Меланхолик темпераменті – адамның ішкі сезім-
дердің билігінде болуы, ѳзінің ішкі сезімдеріне, жалпы 
айтқанда, ѳзінің ішкі дүниесіне берілген. Меланхолик 
адам аулақты жақсы кѳреді. Ешкімге сенбейді. Істе қал-
тылдақ, жасқаншақ болады. Тұрмыста кедергі ұшыра-
са, оның жүні жығылып, қайраты сѳніп, жасып қала-
ды. Меланхолик адамның үміттен уайымы, қуаныштан 
қайғысы кѳп болады. Аз ғана кедергі оны қалың уайым-
ға, қайғыға түсіреді. Меланхолик адам ѳзіне берілген. 
Ѳзім деген кісіге құл болғандай жақын болады. Бірақ 
ана кісіден бұған жақпайтын қарсы мінез шығып қалса, 
оған қас болып кетеді. Мұндай меланхолик адамның 
сіркесі су кѳтермейді. Сондықтан мұндай адам бір бет, 
қыңыр-қисық болады.
Темпераменттің бұл тѳрт түрі бір-біріне қатыспай, 
таза күйінде ғана болады деуге болмайды. Кѳбінесе 
бұлар бір- біріне аралас болады. Мысалы, бір адамда 
сангвиник темпераменті мен холерик темпераменті 
аралас болады. Бір адамда флегматик темпераменті 
мен меланхолик темпераменті аралас болады. Һәм 
темперамент тұрмыстың һәм тәрбиенің әсерімен ѳзге-
реді. Және темпераменттің түрлі болуы біраз жас, ер, 
әйелдік һәм тұқымнан да болады. Мысалы, кѳбінесе 
жас шақта адам сангвиник болады, ерлікте холерик бо-
лады, кәрілікте флегматик болады. Кѳбінесе әйел санг-
виник болады. Ер холерик болады.
Қалайда әрбір адамда осы тѳрт темпераменттің бі-
реуі денірек болмай қоймайды. Денірек болатын тем-
перамент хатта нәресте шақтан біліне бастайды. Сон-
дықтан тәрбиеші баланың нәресте шағында-ақ оның 
тума мінезін һәм темпераментінің түрін байқап, біліп 


153
«Асыл мұра» сериясы
қоюға тиіс, балаға оның темпераментінің түріне қарай 
тәрбие беру үшін. Бірақ берік білу керек: темпера-
менттің анасы жақсы, мынасы жаман, анадай темпе-
раментті ірі адам, мынадай темпераментті тѳмен адам 
деуге болмайды. Адамды ірі қылатын темперамент 
емес, ақыл мен құлық. Ақылы терең, құлқы сау адам 
қандай темпераментті болса да тізгіндеп, түзу жолға 
түсіп кете алады. Темпераментті тізгіндей білу үшін 
адамның жақсы тәрбиеленуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет