Бақылау сұрақтары:
Экономикалық циклдің себептері қандай?
Экономикалық циклдің сатыларын және оларға тән экономикалық жағдайларды атаңыз.
Жұмыссыздардың және жұмысбастылардың қатарына кімдерді жатқызуға болады?
Жұмыссыздықтың қандай түрі қоғам үшін неғұрлым қауіпті?
Жұмыссыздықпен күресу жолдары қандай?
Инфляция дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз?
Инфляциямен күресу шараларын атаңыз.
Инфляция мен жұмыссыздық арасында қандай байланыс бар?
Жұмыссыздық пен ЖІӨ арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
Оукен заңын түсіндіріңіз
тесттер:
1. Төмендегілердің қайсысы құрылымдық жұмыссыздықтың көлемін қысқарта алады:
а) жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны арттыру
ә) корпорацияға салынатын салықтарды арттыру
б) кәсіби жағынан қайта дайындау бойынша мемлекеттік бағдарламалар
в) минималды жалақы көлемін арттыру
г) ақша массасын қысқарту.
2. Егер үкіметтің мақсаты экономикадағы жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету болса, төменде көрсетілгеннен басқа макроэкономикалық саясат шаралары парламентте мақұлданады:
а) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы деңгейін көтеру
ә) мемлекеттің жұмыспен қамту қызметінің әрекет етуі
б) кәсіби жағынан қайта дайындаудың мемлекеттік бағдарламасын енгізу
в) жаңа жұмыс орындарын тез табатын адамдар үшін жұмыссыздық бойынша сақтандырудың бонустық бағдарламасын енгізу
г) жоғарыдағы шаралардың бәрі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің өсуіне жағдай жасайды.
3. Төмендегілердің қайсысының шығындар инфляциясына қатысы жоқ:
а) жұмысбастылық пен өндірістің өсуі
ә) жалақының «қарқынды» өсуі
б) ұсыныс сілкінісі
в) пайыздық ставканың өсуі
г) өнім бірлігіне келетін шығындардың өсуі.
4. Жоспарланбаған инфляциядан кімдер аз зардап шегеді:
а) тұрақты номиналды табыс алатын адамдар
ә) баға деңгейікөтерілуіне қарағанда номиналды табыстары баяу өсетін адамдар
б) ақшалай жинақтары бар адамдар
в) баға арзан болған кезде қарыз алған адамдар
г) ә) және в) жауаптары ғана дұрыс.
5. Төмендегінің арасынан дұрыс емес жауапты табыңыз:
а) инфляцияның деңгейінің тұрақты өсуі тұсында адамдар баға деңгейінің көтерілуін үнемі күтеді
ә) жұмысшылар мен фирмалардың үкімет пен Орталық Банктің саясатына қатысты күтімдері жалақы көлеміне әсер етуі мүмкін
б) экономиканың Филлипс қисығының бойымен төмен қарай жылжуы, оның жоғары қарай жылжуына қарағанда баяу жүреді
в) жұмыссыздық өсе бастағаннан-ақ баға мен инфляция қарқыны тез түседі.
6. Жұмыс істегісі келетін, бірақ «үміттерін үзіп», жұмыс іздеуін тоқтатқан адамдар:
а) фрикциондық жұмыссыздық құрамында есептеледі
ә) күтілетін жұмыссыздық құрамында есептеледі
б) жұмыс күші құрамында есептелмейді
в) заңға сәйкес жәрдемақы алады.
Достарыңызбен бөлісу: |