Бақылау сұрақтары:
Макроэкономика пәнінің объектісі мен субъектілері.
Макроэкономикада қолданылатын математикалық модельдердің маңызы қандай?
Макроэкономикалық айналым моделін түсіндіріңіз.
Эндогендік және экзогендік айнымалы дегеніміз не?
Тесттер:
1. Макроэкономика пәнінің анықтамасын беріңіз:
А) Төлем балансының тепе - теңдігін, инфляция деңгейінің төмендеуін және тұрақты экономикалық өсу жағдайын зерттейтін экономикалық ғылымның саласы
Ә) Қоғамдағы шектеулі игіліктер мен қызметтерді тұтыну және олардың қалыптасуын зерттейтін ғылым
Б) Кәсіпорын мен фирмаларға байланысты экономикалық және шаруашылық қатынастарының байланысын қарастыратын ғылымның саласы
В) Жеке мүдделерді зерттейтін ғылым
Г) Жеке ұсынысты зерттейтін ғылым
2. Макроэкономика зерттемейді:
А) елдің тұтас экономикалық жағдайын;
Ә) жалпы ұлттық өнімді;
Б) жиынтық сұраныс пен ұсыныстың, жұмыстылық пенжұмыссыздықтың, инфляцияның және с.с. т.б. өзара байланысын;
В) жеке фирманың өнім шығарылымын;
Г) экономикалық өсуді.
3. Макроэкономика - бұл:
А) Экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым.
Ә) Экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі.
Б) Ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым.
В) Экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.
Г) Негізгі экономикалық заңдар мен категориялармен таныстыратын экономикалық теорияның бір бөлімі.
4. Макроэкономика нені оқытады:
А) Жалпы экономиканы;
Ә) Тұтынушылар іс - әрекетінің теориясын;
Б) Фирманың экономикасын;
В) Игіліктер нарығын.
Г) Өндіріс факторлары нарығын;
5. Төмендегілердің қайсысын макроэкономика зерттемейді:
А) инфляция факторлары;
Ә) Дженерал Моторс пен Фордтың салыстырмалы нарық үлесі;
Б) елдегі өндіріс көлемінің өсуі;
В) АҚШ мен Жапонияның арасында экспорт пен импорттың көлемдерін;
Г) соңғы жылда жұмыссыздық деңгейін.
6. Қазіргі макроэкономика ғылымының негізін қалаушы кім:
а) Д. Кейнс
ə) К. Макконел мен С. Брю
б) П. Самуэльсон
в) У. Нордхауз
7. Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігіне не жатады?
а) көрсеткіштерді комбинациялау
ə) берілгендерді агрегаттау
б) корреляциялық тəуелділікті құрастыру
в) графиктерді құрастыру
8. Жабық жүйедегі макроэкономиканың негізгі субъектілері:
а) үй шаруашылығы, фирма
ə) үй шаруашылығы, фирма жəне мемлекет
б) мемлекет жəне сыртқы орта
в) сыртқы орта мен ішкі орта.
9.Мына экономистердің қайсысы неокейнстік бағыттың негізгі өкілі болып табылады:
а) П. Самуэльсон
ə) М. Фридмен
б) Г. Мэнкью
в) Р. Лукас
10.Мыналардың қайсысы негізгі макроэкономикалық мəселеге жатпайды:
а) тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу
ə) экономикалық цикл жəне оның шығу себептері
б) инфляция мен жұмыссыздық мəселесі
в) ұлттық кəсіпорындардың пайдасын арттыру
Достарыңызбен бөлісу: |