2. Жиынтық ұсыныстың классикалық және кейнстік модельдері. Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.
Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.
Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады:
а) горизонтальді немесе кейнстік; б) аралық; в) вертикальді немесе классикалық.
Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды. Мысалы, өндіріс қуаттылықтары, шикізат, жұмыс күші өндіріс процесіне толық қатыспайды. Белгілі бір көлемге дейін (У) өндірістің өсуі бағаны өзгертпейді. Кейіннен өндірісті арттыру үшін бос өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Оларды қолдану шығындарды арттыратындықтан, баға біртіндеп өседі.
Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады. Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Сондықтан олар «тұрақты» шамалар болып табылады. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді. Олар «икемді» шамалар деп аталады. Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.
Классикалық модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:
- өндіріс көлемі бағаға емес, тек өндіріс факторларының саны мен технологияға тәуелді;
- технология мен өндіріс факторлары баяу өзгереді; - экономика толық жұмысбастылық жағдайда болады;
- баға, номиналды жалақы тез өзгереді; - LRAS вертикаль түрде болады.
4-сурет
Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:
экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді.
баға, номиналды жалақы тұрақты болады.
нақты шамалар тез өзгереді.
SRAS горизонталь болады
P
E
P1
AD
E2
E1
SRAS
AD1
У*
У1
У2
У
Егер экономикадағы ақша массасы өссе, жиынтық сұраныс артады. Сұраныстың өсуі өндірісті арттырады. Қысқа мерзімде баға өзгеріссіз қалады. Бірақ қосымша өндіріс факторларын қолдану шығындарды арттырғандықтан баға өседі. Бұған бос ресурстардың болмауы да әсер етеді. Нәтижесінде ұзақ мерзімдік теңдестік қалыптасады Жиынтық сұраныс азайған жағдайда «Храповик әсері» орын алады.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруі сілкініс деп аталады. Сұраныс тарапынан сілкініс ақша ұсынысы мен оның айналыс жылдамдығының әсерінен болуы мүмкін. Ал ұсыныс тарапынан сілкініс ресурстар бағасының өзгеруінен, стихиялық апаттар салдарынан болады.
Мемлекет алдындағы дилемма: ұзақ уақыт бойы төмендеу және жұмыссыздық немесе жоғары баға мен потенциалды өндіріс.
Достарыңызбен бөлісу: |