Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ашық экономика деп нені түсінесіңдер?
Шағын және ашық экономиканың ерекшеліктері қандай?
Манделл – Флеминг ашық экономикасының моделін сипаттаңдар.
Қалқымалы айырбас курсы болғандағы Манделла – Флеминг моделін пайдалана отырып, жиынтық табыс, айырбас курсы және салықтар жоғарылағандағы ағымдық операциялар шотының қалай өзгеретінін түсіндіріңдер.
Жұмыспен толық қамтылмаған ашық экономикада қалқымалы айырбас курсы жағдайындағы ынталандырушы ақша саясатын пайдаланудың нәтижелері қандай?
Ашық экономика үшін Манделла – Флеминг моделі жабық экономика үшін IS-LM моделінен немен айрықшаланады?
тесттер:
1. Абсолютті артықшылық теориясын кім қалыптастырды?
А)А.Смит
Ә) Д.Рикардо
Б) К.Маркс
В) А.Маршалл
Г) Дж. М.Кейнс
2.Салыстырмалы артықшылық теориясын қалыптастырған кім?
А) Д.Рикардо
Ә) К.Маркс
Б) А.Маршалл
В) Дж. М.Кейнс
Г) А.Смит
3.Егер де экспорт импорттан жоғары болса, онда қалыптасады:
А) активті тауар сальдосы
Ә) тауар айналымы
Б) тауар сальдосы
В) пассивті тауар сальдосы
Г) тауар тапшылығы
4.Егер де экспорттан импорт жоғары болатын болса, онда қалыптасады:
А) пассивті тауар сальдосы
Ә) тауар айналымы
Б) тауар сальдосы
В) активті тауар сальдосы
Г) тауар тапшылығы
5.Экспорт пен импорт қосындысы нені береді?
А) тауар айналымын
Ә) тауар сальдосын
Б) пассивті тауар сальдосын
В) активті тауар сальдосын
Г) тауар тапшылығын
6.Экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық нені береді?
А) тауар сальдосын
Ә) тауар айналымын
Б) пассивті тауар сальдосын
В) активті тауар сальдосын
Г) тауар тапшылығын
Достарыңызбен бөлісу: |