Маркетинг



бет20/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
лекция маркетинг на каз.doc+

Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай – ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін (әр алуан тауар жинағын) өндіреді.
Тауар ассортиментінің жоғарыға қарай өсуі.
Нарықтың төменгі эшелонында әрекет жасаушы фирмалар оның жоғары сатысына қарай ұмтылады. Нарықтың жоғарғы эшелоны өткізудің жоғары қарқынын және пайданың мол түсуін қажет етеді. Жоғарыға қарай өсу көптеген құралдар мен тәуелділікті талап етеді. Себебі жоғары деңгейдегі бәсекелестер нарықтың мықты позициясын қамти отырып, мүмкіндігі төмен бәсекелестеріне әсер ететін шешім қабылдай алады. Әлуетті тұтынушылар төменгі деңгейдегі фирмалар жоғары сапалы тауар шығаруға мүмкіндігі бар екендігіне сенбеуі мүмкін. Ең бастысы, нарықтың жоғары деңгейінде қызмет көрсетуге фирма қызметкерлері мен делдалдарының кәсіби біліктілігі мен қабілеттілігі жетпеуі мүмкін.
Тауар ассортиментінің төменге қарай өсуі.
Көптеген фирмалар нарықтың алдыңғы қатарында, яғни оның жоғарғы эшелонында орналасқысы келеді. Алайда, фирма өзінің өндірісі мен тауарлық ассортиментін кеңейту үшін басқа да нарық эшелонын қамтуға тырысады. Фирмалар төменге қарай өсуді нарықтың жылдам дамушы сегментіне ұмтылатын бәсекелестерді тежеу үшін қолдануы мүмкін. Бірқатар американдық фирмалар («Форд», «Дженерал Моторс») 70 – жылдардың басында ассортименттерін төменге қарай ұлғайтпағаны, яғни нарықтың төменгі эшелондарын игермегендігі үлкен қателік болды. Мұны жапон фирмалары тиімді пайдаланып, АҚШ автомобиль нарығының айтарлықтай бөлігін қамтып алды.
Тауар ассортиментінің жоғары және төмен өсуі.
Нарықтың орташа эшелонында әрекет ететін фирмалар өз тауар ассортиментін бір мезгілде жоғарыға да, төменге де өсіруі туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ол үшін фирма айтарлықтай жетілген тауарларды шығарып, оларды төменгі нарық эшелонындағы бағамен сатуы қажет. Фирма жоғарыға қарай өсуі үшін жоғары сапалы тауарлар шығары, оның нарықтың жоғары бөлігіндегі бағадан төменірек бағамен сатуы тиіс. Осындай амал қолдану арқылы «Sony»корпорациясы дербес аудиоплеердің әлемдік нарығында алдыңғы қатарына шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет