Марзуова М. Е. «Жер кадастры» пәнінен практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚау ш ымке нт, 2023


Тапсырма: Су таратушы каналда магистрал каналдан суды жинау үшін сушығарушы элементті (шлюз-реттегіш) жобалау. Практикалық сабақты өткiзу формасы



бет14/18
Дата24.02.2024
өлшемі123.41 Kb.
#493119
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
CrJLvZpYpLqpAwV6Ouz3PHKDWSbT6z8hjRCRfg4Z 4

Тапсырма: Су таратушы каналда магистрал каналдан суды жинау үшін сушығарушы элементті (шлюз-реттегіш) жобалау.
Практикалық сабақты өткiзу формасы: семинар
Қысқаша теориялық мәліметтер
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында Кадастрды жүргiзу бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелерi туралы мәлiметтердi жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргiзу және сақтау жөнiндегi дәйектi iс-қимыл болып табылады.Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi жер-кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
Жер-кадастрлық карталардың масштабы есепке алу бiрлiгiнiң мөлшерiне және Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне байланысты таңдалады. Кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз жеткiзгiштермен
көшiрмелерiн дайындаумен электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.Жер учаскелерi туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелi түрде жаңартылады.Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер
учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi
алғашқы ресiмдеу кезiнде жер-кадастрлық iс олардың жер учаскелерiнiң
орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына берiлетiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.Жер учаскесiне құқық туралы бұрын берiлген құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi берген атқарушы органның шешiмiмен учаске
шекарасының сызбасы (схемасы) өтiнiшке қосыла берiледi.Аумақтық жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары көрсетiлген құжаттарды тексерудi жүзеге асырады және осы құжаттарды жер учаскелерiн жергiлiктi жерде зерттеу үшiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған
кәсiпорындарға жiбередi.Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi
белгiлi болған жағдайда, бұл өзгерiстер жергiлiктi атқарушы органының Жер
кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес қайта бекiтуiне немесе мүдделi
тараптардың арасында жасалатын шартта көрсетуге жатады. Азаматтардың
немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi жерден учаске құру бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiмен мәмiле жасалған кезде жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына берiлетiн олардың бөлiнетiн жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Өтiнiшке жер учаскесiне жеке меншiк құқығы туралы құжаттар қоса берiледi. Бөлудiң нәтижесiнде пайда болған жер учаскелерiне Жер кодексiнде
белгiленген құзыретiне сәйкес жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы
бекiткен жер учаскесiн бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер
учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жаңа жер-
кадастрлық iстер жүргiзiледi, ал бөлiнетiн жер учаскесiне бұрын жүргiзiлген
жер-кадастрлық iсi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорынның
мұрағатында сақталады.
Жер учаскесiнiң есептiк деректерiне жер учаскесiне меншiк құқығының
немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәлiметтердi енгiзу оларға
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негiзiнде
жүргiзiледi.
Осы жер учаскесiн кадастрлық есепке қойғаны туралы (жаңа құқық иесi
туралы мәлiметтермен бiрге) Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған
кәсiпорын екi апта мерзiмде жер учаскесi орналасқан орны бойынша атқарушы
органына хабарлайды.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе
пайдалануындағы жерден мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн жер учаскесiн
қалыптастыру кезiнде оған жүргiзiлген жер-кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кiргiзiледi.
Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн жасалатын жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн алып
қою жағдайында жаңа жер-кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта ұйымдастыру процесiмен бiрге жүретiн барлық құжаттар осы учаскеге бұрын жүргiзiлген жер-кадастрлық iске кiргiзiледi.Бiрнеше жер учаскелерi бiрге қосылған кезде жаңа кадастрлық iсi
ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iстер жинақталады. Бiрiктiру нәтижесiнде құрылған жер учаскесiне жаңа сәйкестендiру құжаты дайындалады.Азаматтар мен заңды тұлғалардан ерiксiз алуға не тәркiлеуге жататын жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсiне сот-атқарушылық iс жүргiзу құжаттары кiргiзiледi.Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы мәлiметтердi енгiзу үшiн негiз болады. Бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi құқықтық, сәйкестендiру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын Кадастр құрамындағы жер учаскелерiн есепке алудың қорытынды құжаты болып табылады. Жер-
кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жердiң кеңiстiк, табиғи
және шаруашылық жағдайы туралы анық мәлiметтер қамтылатын құжат болып
табылады. Жердiң жер-кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерiн,
мөлшерлерiн және шекараларын көрнектi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу
кезiндегi олардың өзгерiстерiн есепке алу мақсатында құрылады және
жүргiзiледi. Кадастр және жер учаскелерiн есепке алу үшiн жер-кадастрлық
карталар жүргiзу осы Ереженiң 39 және 41-42-тармақтарында көзделген
тәртiппен жүзеге асырылады.Кадастр қағаз жеткiзгiшпен жүргiзiледi және ақпараттарды жинақтаудың,өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргiзiлуi
мүмкiн.Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi жұмыс iстеу
тәртiбiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң
базасында құрылады.Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:барлық деректемелердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгiленген үлгiдегi бланкiлерде орындалады;жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн техникалық
талаптарға сәйкес жүзеге асырылады; мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз
ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет