Марзуова М. Е. «Жер кадастры» пәнінен практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚау ш ымке нт, 2023


Студенттердің сабақ дайындығына арналған ұсыныстар



бет12/18
Дата24.02.2024
өлшемі123.41 Kb.
#493119
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
CrJLvZpYpLqpAwV6Ouz3PHKDWSbT6z8hjRCRfg4Z 4

Студенттердің сабақ дайындығына арналған ұсыныстар
Студент практикалық сабаққа дайын болуы шарт. Практикалық сабаққа дайындық дәрістер жинағы, оқулықтар мен оқу құралдары көмегімен жүзеге асады.
Практикалық сабақта студенттер гидротехникалық құрылымның жер асты элементі – бөгет жайында мағлұмат жинайды, сонымен қатар бөгетті жобалау есептерін жүргізеді.
Практикалық сабақта студенттер орындау керек:
- Су сүзілуден болатын ағынның пьезометриялық эпюрасын тұрғызу;
Үй жұмысы тапсырмасы мен тізімі:
1. Бөгеттің элементтерінің нақты қалыңдығын қабылдау.
2. Төмендегі кесте мәліметтерін қолданып ЕСЖ жүргізу.
Бақылау сұрақтары:
1. Жер кадастрының құрамдық бөліктері
2. Жер кадастрының түрлері және принциптері
3. Жер-кадастрлық құжаттар
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 жыл, 23 қаңтар.
2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі. - Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 256 б.
3 Дегтярев Н.В. Земельный кадастр – М., «Колос», 2009, 464 с.
4 Е.Д.Даркенбаев «Шаруашылықтық және елді мекендегі жер ресурстарын болжамдауды ұйымдастыру». Алматы: «ЭВЕРО», 2016. - 356б. http://lib.tarsu.kz/rus2/all.doc/Elektron_res/PPS/Darkenbaev_Sharuashlyk.pdf

9 Практикалық сабақтың тақырыбы: Жер учаскелерін тіркеу
10 Практикалық сабақтың тақырыбы: ҚР жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің құқықтық негіздері
Қысқаша теориялық мәліметтер
Қалаларда және басқа елді мекендерде жер учаскелерінің саны, олардың есеп кварталы бойынша бөлінуін анықтау үшін жер – есеп құжаттамасы, жерге меншік құқығы мен тұрақты пайдалану құқығына актілерді ұсыну мәліметтер банкісі, жеке үй құрылысы, өнеркәсіптік және әлеуметтік тұрмыстық объектілер, инфрақұрылым туралы ақпарат, қолда бар жобалық және болжамдық әзірлеулер және т.б. пайдаланылады. Есеп кварталдарының шекараларын белгілеу үшін елді мекендерді салу мен дамытудың басты жоспары, бақсқа картографиялық материал, оның масштабы есеп кварталдарының шекараларын бейнелеуге мүмкіндік береді. Тиісті жер санаттарына жатқызылған бөлу жолақтары бар сызықтық объектілерді олардың функционалдық бағытталуы бойынша жеке- темір жолдар, су шаруашылық, құрылыс және т.с.с есеп кварталдарына бөліп көрсеткен жөн. Сонымен қатар оларды бір есеп кварталына біріктіру мүмкіндігі де ескерілген. Жер кадастрлық аймақтандыру жүргізу мен есеп кварталдарынң санын және атауларын белгілегеннен соң әкімшілік ауданда, облыс қарамағында, қалада немесе ауылдық округте есеп кварталдарына берілетін кодтар тізімі жасалады. Әкімшілік аудандар ішіндегі есеп кварталдарына кодтарды беру кезінде пайдалану ыңғайлылығы үшін бұрыңғы ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалану шекаралары негізге алынады.олардың шекаралары шеңберінде есеп кварталына кодтар бету келесі тәртіпте жүргізіледі: елді мекендер; бақша өсіру кооперативтері (серіктестер); осы аумақта ауылшаруашылық кәсіпорындары мен басқа ұйымдардан құрылған квартал. Бұдан кейін темір жолдары, автокөлік жолдары, су шаруашылық объектілері, байланыс желілерімен электрмен қамтамасыз ету және т.б. жер учаскелерінен құрылған есеп кварталдарына кодтар беріледі. Ерекше қорғалған табиғи аумақ, орман қоры жер учаскелерінен құрылған есеп кварталдарына кодтарды берумен нөмірлеу аяқталады. Есепті кварталдың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын береді. Егер осы Ережеге сәйкес есепті кварталға код беру объективті себептер бойынша мүмкін болмаса, онда осы кварталдың ішіндегі жер учаскелеріне уақытша (шартты) кадастрлық нөмірлер беріледі. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды нақты есепті кварталдағы кадастрлық нөмірдің шартты белгісін көрсетуге тиіс «9» санынан басталады. Есепті кварталдың заңды мәртебесін кейіннен анықтау кезінде бұрын берілген шартты нөмірді көрсете отырып оған нағыз код беріледі. Жер учаскесін бірнеше бөлікке бөлу немесе бірнеше жер учаскелерін біреуге біріктіру кезінде ескі нөмірлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі[25]. Бүтін жер учаскесіне меншік құқығы немесе жерді пайдалану құқығы басқа меншік иесіне немесе жерді пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ауыстырылмайды.
Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын жер учаскесіне кадастрлық нөмір берілгендігі және бұл учаскенің жер-кадастрлық есепке қойылғандығы туралы өтініш беруші мен тіркеуші органға хабарлайды. Өтініш берушіге жер учаскесінің жаңа кадастрлық нөмірі бар және жеркадастрлық картадағы (схемадағы) өзгерістер көрсетілген жер-кадастрлық картаның (схеманың) тиісті бөлігінің расталған көшірмесі беріледі. Кадастрды жүргізудің деңгейіне қарай жер-кадастрлық карталар (схемалар): - Қазақстан Репсубликасының жер-кадастрлық картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып; - облыстың жер-кадастрлық картасы (схемасы) аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып; - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы қаланың ішіндегі аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып; - ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың жер-кадастрлық картасы (схемасы) есепті кварталдың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып; - есепті кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы) жер учаскелерінің шекаралары мен нөмірлері көрсетіле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.
Жер-кадастрлық карталары (схемалары) жүргізуді және кейіннен жаңартуды кадастрды жүргізетін мамандандырылан кәсіпорындар жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет