Марзуова М. Е. «Жер кадастры» пәнінен практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚау ш ымке нт, 2023


Студенттердің сабақ дайындығына арналған ұсыныстар



бет11/18
Дата24.02.2024
өлшемі123.41 Kb.
#493119
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
CrJLvZpYpLqpAwV6Ouz3PHKDWSbT6z8hjRCRfg4Z 4

Студенттердің сабақ дайындығына арналған ұсыныстар
Студент практикалық сабаққа дайын болуы шарт. Практикалық сабаққа дайындық дәрістер жинағы, оқулықтар мен оқу құралдары көмегімен жүзеге асады.
Практикалық сабақта студенттер гидротехникалық құрылымның жер асты элементі – бөгет жайында мағлұмат жинайды, сонымен қатар бөгетті жобалау есептерін жүргізеді.
Практикалық сабақта студенттер орындау керек:
- Су сүзілуден болатын ағынның пьезометриялық эпюрасын тұрғызу;
- Бөгеттің кез - келген нүктесіне түсетін су қысымын анықтау;
- Бөгеттің элементтерінің нақты қалыңдығын анықтау;
- Су сүзілудің жылдамдығын анықтау;
- Сүзілуге кететін шығынды анықтау;
Техникалық құралдар: қаламсап, есептеуіш, миллиметровка.
Үй тапсырмасы тізімі:
1. Бөгет астындағы ағынның пьезометриялық сызығын тұрғызу.
2. Бөгеттің су өткізбейтін элементтеріне нүкте белгілеп, ара - қашықтығын өлшеп, вертикальдарды сол өлшеммен, ал горизонталь ара - қашықтықтарды 1,5 - ға бөліп салу.
3. Барлық элементтерінің қалыңдығын ескеріп,бөгеттің толық сызбасын тұрғызу.
Бақылау сұрақтары:
1 Жер кадастры мәліметтерін жинақтау және топтастыру.
2 Жер кадастрлық жұмыстарда қолданылатын абсолюттік, салыстырмалық және орташа шамалар.
3 Корреляциялық талдау, корреляция коэффициенті және оларды есептеу әдістемесі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 жыл, 23 қаңтар.
2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі. - Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 256 б.
3 Дегтярев Н.В. Земельный кадастр – М., «Колос», 2009, 464 с.
7 Практикалық сабақтың тақырыбы: Жер кадастрының құрамы, түрлері және функционалдық блоктары
8 Практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақстан МЖК қағидаттары


Мақсаты: Жер кадастрының құрамдық бөліктерін, түрлері мен жеркадастрлық құжаттарды оқып зерттеу.


Қысқаша теориялық мәліметтер
Жер кадастры мәліметтерін өңдеуде шешілетін негізгі міндеттер: 1. Жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер көлемдерін анықтау; 2. Алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу; 3. Жерлердің және а/ш алқаптардың сапасын анықтау; 4. Жақсартылған жерлердің аудандарын және олардың жай-күйін анықтау; 5. Аудандық, облыстың есептік мәліметтерге өзгерістер енгізу; 6. Есептік кадастрлік құжаттарды құрастыру Облыстық деңгейдің міндеттері: 1. Орта мерзімді болашақтық жоспарлау; 2. Картографиялық негіз құру; 3. Ақпаратты қорыту; 4. МЖКААЖ аудандық орталықты әдістемелік, бағдарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 5. Мамандарды оқыту; 6. Жұмыстардың сапасын тексеру. Аудандық /қалалық/ деңгей -жер учаскелерін есепке алу; учаскелерге құқық куәландырушы құжаттарды дайындау және беру; кадастрлік нөмірлерді беру; учаскелер шекараларын анықтау, учаске жоспарын жасау және жүргізу; жер кадастрлік кітапқа мәліметтерді жазу; есеп құрастыру; ақпаратты беру; бағалық аймақтау; мониторингтеу; салықтың базалық ставкасын есептеу; жерлерді пайдалану және жерді пайдалану құқығын бағалау. Кадастрлық үдеріске компьютерлік технологияны енгізуге байланысты соңғы жылдарда жер кадастрын жүргізуде автоматтандыру мүмкіндіктері шұғыл кеңейді. Мысалы, жер учаскесін тіркеу кезінде олар және жер пайдаланушылар туралы барлық мәліметтер компьютерлік мәліметтер қорына енгізіледі, ауданның мемлекеттік жер кадастрлік кітабына жазылған бар мәліметтер компьютерлік мәліметтер толығымен ақпараттың магниттік таратушысына түсіріледі. Сонымен жер учаскесін тіркеуде барлық құжаттарымен жер кадастрлік іс қалыптасады, оған қоса жер учаскесі туралы барлық ақпарат тиісті бағдарлама бойынша компьютерге түсіріледі. Мұндайда сол ақпаратты автоматтық тәртіпте сақтаумен қатар, онымен жұмыс істеуге болады, былай айтқанда жердің негізгі және кезекті есебін жүргізуге болады /аудан, сапалық сипат жөнінде әр жер учаскесі, алқаптар, алқап түрлері және жер санаттары бойынша/. Мәліметтерді енгізу мен оларды қорғаудың реті «6 суретке сәйкес» жүзеге асырылады. Жер кадастрын ААЖ жүргізуде жер учаскелері бойынша қажетті ақпараттар тізімі: 1) жер учаскесінің кадастрлік нөмірі; 2) әкімшілік аудан; 3) учаскесінің орны және оның жүйелік баяндамасы; 4) нысаналы арналуы; 5) бөлінуі; 6) пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар; 7) учаске ауданы. Жер ресурстарын басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін әрбір зерттелетін кадастрлық объекті туралы мәліметтерді жинақтау, сақтау, топтастыру, өңдеу және пайдалану жайлы әртүрлі үлкен көлемді ақпараттармен қамтамасыздандыру қажет.
Жалпы Алматы облысы бойынша аудандардың электронды кадастрлық карталарын құру шығыны 8,2 млн.теңге болса, ал елді мекендердің кадастрлық карталары 13,8 млн.теңгені құрайды. Ал осыларға кеткен шығынды азайтудың негізгі жолының бірі автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі атрибутивті және графикалық мәліметтердің негізінде электрондық карталар құру. ЖКААЖ құрылымы басқарушы адамнан, жүйенің администраторынан және операторынан тұрады. ЖерМемҒӨО санауы бойынша аудандық деңгейдегі ЖКААЖ үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды алудың шығыны 13,1 мың. АҚШ доллары, ал бір аудан үшін техника жинағы - 45,0 мың. АҚШ долларын құрайды. Жалпы ЖК ААЖ негізгі атқарушы функциялары төмендегі жүргізіледі. Облыс деңгейдегі жұмыс орындарда 6-7 жұмысшы менеджерлар, компьюторлармен картография мамандары болуы қажет. Бұл орталықтар аудандық деңгейдегі орталықтардың жұмысын басқаруы тиіс және техникалық бақылау жасап, техникалық көмек көрсетіп, сандық картографиялық мәліметтерді өңдеп, республикалық орталыққа мәліметтерді жеткізіп, сұраныстарға жауап беруі тиіс. Облыстың деңгейдегі орталықтарда сандық мәліметтерді сандық электрондық карталарға айналдыратын күшті графикалық құрылғылар және бағдарламалық қамтамасыздандырулар болуы тиіс.
Тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін және олардағы жылжымайтын мүлікті есепке алу меншік құқығы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады. Жер учаскелерін есепке алу кезінде мына деректерді тіркеу міндетті болып табылады: - жер учаскелері иесінің немесе оның пайдаланушының аты-жөні; - жер учаскесінің алаңы; - жер учаскесіне меншіктік нысаны; - жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы; - жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар; - жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі; - жер учаскесінің кадстрлық нөмірі; - жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер. Жер және құқықтық кадастрды жүргізгенде әрбір жер учаскесінің орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында кадастрлық нөмірлер беріледі. Жеке және заңды тұлғалар жылжымайтын мүлік объектілері орналасқан жер учаскесіне кадастрлық нөмір берілуі үшін, сондай-ақ жерге құқықты куәландыратын, жоғарыда көрсетілген деректерді қамтитын ескі үлгідегі құжатты жаңасына ауыстыру үшін өтінішпен жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органға жүгінеді. Жер учаскесіне және жылжымайтын мүлікке құқықты куәландыратын құжаттардың көшірмелері, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу органдары немесе сәулет және қала құрылысы органы растаған жоспары өтінішпен қоса беріледі. Жер учаскесін сәйкестендіру, оны жер-кадастрлық картада көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу бұл учаскенің нақты шекараларын, шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын айқындаудан, басқа тұлғалар құқықтарының сипатын, сондай-ақ мақсатты пайдаланылуын анықтаудан басталады. Жер учаскесінің шекарасын белгілеу және оларды рәсімдеу рәсімдері жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар әзірленеді және беріледі, сондай-ақ жер учаскесіне кадастрлық нөмір бере отырып жеркадастрлық кітапқа жазба жазылады. Жер-кадастрлық құжаттау есепке алудың барлық деңгейлерінде келесіні қамтиды: базалық, кезеңдік жаңарып отыратын және жыл сайын жасалатын. Базалық жер-кадастрлық құжаттарға мыналар жатады: 1) жер-кадастрлық істер; 2) жер-кадастрлық кітап; 3) жерлердің бірыңғай мемлекеттік реестрі; 4) жер-кадастрлық карталар.
Жер-кадастрлық құжаттау құрылымы, құрамы, мазмұны және формалары, сондай-ақ оны жүргізу тәртібі, жер ресурстарын басқару орталық өкілетті органмен белгіленеді[23]. КАДАСТРЛЫҚ НӨМІРДІ ҚҰРУ Облыстық маңызы бар қала коды Ауданның коды Есепті квартал коды Жер учаскесінің реттік номері Жер және құқықтық кадастрды жүргізгенде әрбір жер учаскесінің орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында кадастрлық нөмірлер беріледі. Кадастрлық нөмірді құру. Кадастрлық нөмір аумақ бірліктеріне сәйкес төрт деңгейден тұрады: - облыстық немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодымен; - ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен; - есепті кварталдың кодымен; - жер учаскесінің есепті кварталдағы және/немесе аудандағы, облыстық (аудандық) маңызы бар қаладағы реттік нөмірімен «11 суретке сәйкес» айқындалады. Кейінгі үш сан – «Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру мақсаты үшін аудандарға және облыстық маңызы бар қалаларға берілетін кодтар тізіміне» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20- қыркүйектегі № 958 қаулысына сәйкес жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет