Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет14/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
жетісітк бағалау

Іс - әрекет 
Шарттар 
(Ұйымдастырушылық, 
коммуникативтік іс – 
әрекет)
Белсенділік 
Мотивация 
Мақсат 
Оқыту үдерісі 
Нәтиже 
Жоспар 


21 
мәселе қоғам тарапынан көп талқыланатын қоғамның талаптары мен ұштасатын 
мәселеге айналды.
Білім беру стандарттарындағы талаптар білім алушылардың бойына
әлеуметтік, 
адамгершілік 
құндылықтарды 
сіңіріп, 
олардың 
бағалау 
қорытындыларын салыстырып, құндылықтардың бағалау критерийлері мен 
және бағалау критерийлерінің белгілі бір құндылықтар мен байланысын 
анықтап, жеке көз қарастарын қалыптастыруға және өз позицияларын түсіндіру 
қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беруді қамтиді. 
Құзыреттілікке, тұлғаға бағдарланған білім берудегі бағалау жүйесі 
педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамыту мәселесінің білім беруді дамытуда 
негізгі мәселе ретінде қалыптасуына түрткі болды. Осы орайда, заманауи білім 
беру парадигмасы аясында педагогтің бағалау іс - әрекетін дамыту мәселесін 
педагогтердің біліктілігін арттыру , болашақ педагогтерді дайындау барысында 
қайта қарау қажеттілігі туындайды. Себебі, баға және бағалау педагогтің кәсіби 
дайындығының құрамдас бөлігі болып, ұстаз біліктілігінің ең маңызды қуралы 
саналады. 
Білім беру жүйесіндегі жаңа үлгілер, жаңа идеялар негізінде педагогтердің 
кәсіби міндеттерін анықтау және нақтылау мақсатында 2017 жылы 8 маусымда 
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының № 133 бұйрығымен «Педагог» 
кәсіби стандарты қабылданды.Кәсіби стандарттың тұжырымдамалық негізі 
қазіргі заманғы мұғалімнің үлгісін көрсетеді.
ҚР Педагогтің кәсіби стандартының жалпы ережелер бөлімінде: «кәсіби 
стандарт білім бағдарламалары мен педагогикалық мамандықтардың 
модульдерін әзірлеу, педагогтерді сертификаттау үшін бағалау материалдарын 
дайындау және біліктілік деңгейлерінің критерийлерін әзірлеу кезеңінде негіз 
болып табылады.Педагогикалық қызмет – бұл адамның бір-біріне ықпалы емес, 
олардың 
өзара 
әрекеттесуі.Сондықтан,педагог 
қызметінің 
объектісі 
педагогикалық үдеріс болып саналады, ал білім алушы ықпал жасау объектісінен 
қызмет субъектісіне ауысады», - делінген. Сонымен бір қатарда, кәсіби 
стандартта бес еңбек қызметі белгіленген: 1) оқыту; 2) тәрбиелеу; 3) әдістемелік; 
4)зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативті [103]. 
Кәсіби стандарттың мақсатына сүйенсек заманауи білім беруде 
педагогикалық білім беру және кәсіби біліктілікті арттыру ұйымдары заман 
талабына сай педагогтің іскерлік дағдыларын және кәсіби білімі мен 
құзыреттіліктерін дамытуы қажет. Аталған кәсіби стандартта орта білім беру 
педагогтерінің кәсіби іс – әрекетінің негізі болған бағалау іс – әрекетін жүзеге 
асыру дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады. 
Білім берудегі аналитикалық амал нысанға баға беру, оның даму жолдарын 
болжау негізінде жүйе компоненттері арасындағы себеп – салдарлы 
байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарламалар, оқу жоспарлары, 
стандарттар қатарлы нормативтік құжаттарға сәйкес педагог білім алушылардың 
білім, білік, дағдыларды игеру деңгейін шартты белгілер – баллдар, 
бағалаушылық пікірлер арқылы анықтайды [104;70]. 


22 
В.П Топоровскийдың пайымдауынша бағаның көмегімен оқу еңбегіне 
болған қарым – қатынас деңгейі, белгілі білім, қабілет, құзыреттілік, тәртіп және 
сананың қалыптасуы анықталады.Бақылау, мониторинг, диагностиканың 
қорытындысы болған баға арқылы педагогикалық еңбектің, мұғалім іс - 
әрекетінің нәтижесін білуге болады.Баға – педагогикалық талдаудың 
критерийлік сипаттамасы болып табылады[105; 52-53] 
Демек, педагогтің кәсіби іс - әрекеті құрамындағы бағалау іс - әрекеті 
күрделі жүйе ретінде оқыту үдерісі нәтижелерін және оқу үдерісі субъекттерінің
іс - әрекетін реттеу үшін қызмет етеді.
Педагогтің кәсіби іс - әрекеті ең алды мен білім алушылардың оқу үдерісін 
ұйымдастырумен тығыз байланысты. Біз өз зерттеу жұмысымызда оқу – оқыту 
үдерісінің соңғы нәтижесі оқыту процесі барысындағы педагогтің бағалау іс-
әрекетінің 
тиімді 
ұйымдастырылуы 
мен 
байланысты 
екендігін 
анықтадық.Демек,тұтас педагогикалық процесс педагогтің бағалау іс-әрекетінің 
нақты стратегияларының кезеңдік жүзеге асырылуы барысында қалыптасады. 
Осы орайда, «педагогикалық іс-әрекет» пен «кәсіби – педагогикалық іс - 
әрекет» ұғымдарының мәнін ажыратып алған орынды. Педагогикалық іс - әрекет 
тұлғаны қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлді сомдауға дайындау болса, кәсіби 
педагогикалық іс - әрекет бұл кәсіби әрекеттің түрі ретінде тәрбиелеу, білім беру, 
дамыту мазмұнынан құралады және мақсатты түрде нақты белгіленген бағытта 
жүзеге асырылады.Кәсіби педагогикалық іс - әрекет білім беру ұйымдарында 
жүзеге асады. 
Н.П Цырикова кәсіби педагогикалық іс-әрекетті ЖОО оқытушысының іс - 
әрекеті ретінде зерттеп, ЖОО оқытушысының кәсіби – педагогикалық іс-әрекеті 
студенттерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту бойынша ұйымдастырылған саналы, 
мақсатты іс-әрекет ретінде қарастырады және кәсіби педагогикалық іс - 
әрекеттің төрт компонентін анықтайды.Олар: 
- Гностикалық (білім, біліктер – жаңа білімді игеруге негіз болатын 
танымдық іс -әрекет); 
- Конструктивті – жобалаушық (өз іс -әрекетін соңғы нәтижеге бағдарлау); 
- Коммуникативтік (білім алушымен тиімді қарым – қатынас орнату); 
- Ұйымдастырушылық [106;10] 
Ғалымның зерттеуінде аталған компоненттер кәсіби – педагогикалық іс - 
әрекеттің негізін құрайды деп қарастырылады. 
А.М Кумушкулов болашақ педагог – психологтарды даярлау бағытындағы 
зерттеуінде кәсіби педагогикалық іс - әрекет - оқыту үдерісі қатысушыларын 
психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу, білім беру ұйымында жағымды 
психологиялық климатты құруға бағытталған педагог – психолог тарапынан 
арнайы ұйымдастырылған үдеріс - деп, тұжырымдайды [107,9-10]. 
Педагогтің бағалау іс-әрекеті мәселесі «баға», «бағалау» ұғымдары мен 
білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен байланысты. 
Педагогтің бағалау іс-әрекеті мәселесі ХХ ғасырдың 90 - жылдарынан 
бастап, педагогика саласында көп қолданылатын ұғымға айналды. Қазақстанда 
болса, жаңартылған білім беру бағдарламаларының қолданысқа енгізілуі мен бұл 


23 
мәселенің өзектілігі арта түсті.Педагогтің бағалау іс-әрекеті көптеген отандық 
және шетелдік ғалымдар зерттеулерінде көрініс тауып, педагогикалық және 
психологиялық тұрғыдан зерттелуде. 
Критериалды бағалау тұлғаның дербес қабілеттерін дамытумен, тұлғаны 
әлеуметтендірумен тығыз байланысты.Бұл жағдай субъекттің нәтижеге жетудегі 
іс-әрекетін адам философиясы тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. 
Заманауи білім беру білім алушының болашаққа болжам құрастыру 
қабілетін қалыптастырып, оның өзін – өзі тануына негіз болатын бағыттарды 
анықтай алуына ықпал етеді.Бұл үдеріс білім алушының өз іс-әрекетін бағалап, 
белгілі нәтижеге жетудегі жолын анықтауға түрткі болады. Осы орайда, баға 
субъекттің осы сәтте белгілі бір объект тұралы алған білімімен, өткенде 
қалыптасқан білімі, сол білімі аясында алған тәжірибесі және оның қажеттілігін 
анықтаумен, болашақта өз іс-әрекетін болжамдап, күтілетін нәтижеге жетудегі 
іс-әрекетті жоспарлаумен байланысты [108;74] 
Оқыту үдерісіндегі бағалау іс-әрекетінің тиімді жүзеге асуы педагогтің 
бағалау іс-әрекеті мен байланысты болып, мұғалімнің бағалауды алдын – ала 
жоспарланған алгоритм бойынша жүзеге асыруын қажет етеді. 
Мағынасы тұрғыдан алып қарағанда «Баға» ұғымы бір неше семантикалық 
мәнге ие: 
- Баға – тетік ретінде белгілі құрамдық бөлшектерге ие, әрекетті жүзеге 
асыру үшін қызмет етеді; 
- Баға – үдеріс ретінде кезең – кезеңімен жүзеге асады, дамытушылық 
қызмет атқарады;
- Баға – нәтиже ретінде іс - әрекеттер тізбегі, аяқталған сандық немесе 
сапалық көрсеткіш. 
- Баға – жүйе ретінде бір – бірімен байланысты түрде жүзеге асатын 
бөліктердің бір тұтастықты құрастыруға болған әсерін көрсетеді. 
Баға – тұлғаның болашақтағы іс-әрекетіне бағдар беретін ақпараттық 
характерге ие құбылыс. Адам өмірінің түрлі бағыттары мен байланысты болып 
келетін баға түсінігі адам іс - әрекетін, тәртібін, құндылықтар құрамын, белгілі 
бір моральдық қағидалар мен нормаларды анықтауға мүмкіндік береді.Сонымен 
бір қатарда, әр бір субъекттің көз қарасы, әлеуметтік мәдениеттілігінің дәрежесі, 
зияткерлік және адамгершілік позицияларын айқындайды.Баға ұғымын 
педагогикалық 
және 
психологиялық 
мәнде 
қарастыратын 
болсақ, 
психологиялық тұрғыдан баға – тұлғаның көз қарасы мен әлеуметтік 
құбылыстарға болған қарым – қатынасы мен байланысты болса, педагогикалық 
тұрғыдан баға білім алушының іс-әрекеті мен тұлғалық қабілеттерін көрсетуге 
ықпал ететін қурал ретінде белгілі бір педагогикалық нормалар мен бақылау 
нәтижелері аясында жүзеге асады.
Педагогикалық бағалау білім беру саласында басшылыққа алынатын 
нормативтік құжаттар мен білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес
білім алушының оқу іс-әрекетін игеру деңгейі. 


24 
Баға бағаланушының белгілі қабілеттері мен мүмкіндіктерінің даму деңгейі 
мен іс-әрекетінің нәтижесі. Баға сандық белгі ретінде білім алушының 
абсолюттік немесе салыстырмалы түрдегі жетістігін көрсетеді. 
Баға абсолюттік нәтиже ретінде білім алушының білімін айқындаса, 
салыстырмалы қасиетке ие құбылыс ретінде түрлі нәтижені салыстыруға 
мүмкіндік тудырады.
Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау туралы ғылыми еңбектерде 
«баға», «бағалау», «критериалды бағалау» ұғымдары төмендегідей сипатталады:
Бағалау – білім сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпаратты 
жинау, сипаттау, тіркеу, интерпритациялау,оқушының оқу және танымдық іс-
әрекетін бақылау үдерісі. 
Баға – кері байланыстың сапалы ақпараты, іс-әрекет немесе бағалау 
бойынша әрекет, бағалау үдерісінің нәтижесі [109;7б]. 
Біз қарастырып отырған «бағалау», «критериалды бағалау» ұғымдары 
адамның және субъекттің іс-әрекеті, оның жеке дара қасиеттері мен байланысты 
түрде жүзеге асады.Сондықтанда, бұл үдеріс адам философиясының негізін 
қалаушы Сократ, Аристотель қатарлы ғұламалардың философиялық көз 
қарастарынан бастау алады деп айтуға негіз бар. 
Сократ адам өзін – өзі тану арқылы өз іс - әрекетіне баға бере алады,сонымен 
бір қатарда,әр қашанда қандай жағдай болмасын, адамның өзіндік пікірі болуы 
қажет,адам эмоцияға берілу арқылы емес, саналы іс-әрекет еткен кездеғана 
нәтижеге жетеді деген пікірді білдірсе,[110;94б] Аристотельдің ойынша іс - 
әрекет мақсатқа жетудің негізі,іс-әрекет арқылы әр түрлі құбылыстың мәнін 
ашуға болады [111;354б]. 
Біздің ойымызша,заманауи білім берудегі оқушылардың оқу жетістіктерін 
критериалды бағалау жағдайында, білім алушылардың өздерінің іс-әрекеті 
нәтижесін саралау арқылы өз қажеттіліктерін айқындауға мүмкіндік алуы 
олардың өз болмысын, өзін – өзі тануына ықпал етеді. Критериалды бағалаудың 
мәні іс-әрекет арқылы мақсатқа және нәтижеге жетуде.Сондықтанда, 
критериалды бағалау жағдайында білім алушыларды психологиялық – 
педагогикалық сүйемелдеуде педагог мамандар үшін жоғарыдағы пікірлер 
маңызды деп ойлаймыз. 
Сонымен бір қатарда, қазақтың ұлы философы, ойшыл Абай Құнанбаев 
егерде адам, есті кісінің қатарынан орын алғысы келсе, күніне бір мәртебе, 
болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір рет өз – өзінен есеп алу керек деген 
пікірді алға сүреді [112;112б]. Демек, адам тұлға ретінде қалыптасуы үшін ол өз 
– өзін және өз іс-әрекетін бағалай алуы қажет.Критериалды бағалау жағдайында 
білім алушылардың өзінің, топтағы құрдастарының әрекетін бағалай алуы 
маңызды. Заманауи білім беруде білім алушының өз іс – әрекетіне баға беруі – 
рефлексия деп аталып, оқу үдерісінің маңызды бөлігі саналады. Білім алушы 
рефлексия жасау арқылы өзінің іс-әрекетін бағалайды. Демек, адамның өз іс – 
әрекетіне баға беруі философиялық тұрғыдан адамның болмысы мен 
байланысты.


25 
Жоғарыда келтірілген философиялық көз қарастар сыни ойлаудың, 
тұлғаның іс-әрекетін бағалаудың, өзін – өзі бағалау арқылы нәтижеге жетудің 
критериалды бағалауды жүргізуде маңызды роль атқаратынын көрсетеді. Білім 
алушылардың білімін бақылау білім сапасын бағалаудың негізгі элементтерінің 
бірі есептеледі. Себебі, оқу үдерісінде педагог білім алушының білім деңгейін 
күнделікті бақылайды. 
Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекеті білім беру 
жүйесіне енген критериалды бағалауды жүзеге асыру аясында анықталып, баға , 
бағалау, критериалды бағалау ұғымдарының әдіснамалық – тұғырлық негіздерін 
айқындаумен ұштасады.
Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту Министрлігі, Ы.Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы мен Назарбаев зияткерлік мектептері 
жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы тарапынан құрастырылған 
әдістемелік құралдарда қолданысқа енген критериалды бағалау жүйесі 
төмендегідей түсіндіріледі:
Бағалау жүйесі – білім беру үдерісіндегі өзін – өзі реттеудің табиғи 
механизмі, бұл оның зор маңызға ие екендігін көрсетеді [113;62б]
Б.Г Ананьев бағаны - жетістік пен сүрініс арқылы қарым – қатынас пен іс-
әрекетті, ұмтылыс пен талапты қалыптастыратын, аффективті – еріктікке әсер 
ететін маңызды ынталандарушы құрал, сонымен бір қатарда, ақыл – ойды 
бағдарлаушы амал ретінде қарастырады[114;131б] Ғалымның білім алушыны 
бағалауға болған көз қарасы бүгінгі талаптар мен ұйқас келеді.Себебі, 
критериалды бағалау білім алушыға жетістікке жетуде ақылды бағдарлауды 
талап етеді.Сондай –ақ, критериалды бағалау бірлесіп әрекеттесу арқылы 
мақсатқа жетуде серіктестікте жұмыс жасауды, өзі мен өзгеге талап қойып, 
мәселені бірлесе шешуді міндеттейді. 
С.И. Ожегов өзінің «Түсіндірме сөздігінде» баға ұғымына - кімде біреуі 
әлде нәрсенің мағынасы, құндылық, дәреже туралы пікір,- деп анықтама береді 
[115].
И.П. Подласый болса, баға – нақты игерілген білім, білік және сол білімнің 
жалпы көлемі мен игеруге ұсынылған білім, біліктердің ара қатынасы,- деп 
пайымдайды [116].
В.С. Безрукованың пікірінше баға – білім алушыларды қоғамдық – 
интеллектуалды құндылықтар жүйесінде бағыттайтын, білім алушылардың 
ұйымдастырушылық, 
жүйелілік, 
табандылық, 
жігерлілік 
қабілеттерін
тәрбиелейтін, оларды жұмысты талдау, бақылау, бағалауға үйрететін оқыту әдісі 
болып табылады[ 117 ]. 
С.И Ожегов, И.П Подласый, В.С Безруковалардың пікірінше баға қоғамда 
тұлғаның интеллектуалды дамуындағы негізгі құндылық болып, қоғамдағы түрлі 
жағдаяттарды ұғынуға мүмкіндік береді. 
Е.В Лопаткина өзінің «Современные средства оценивания результатов 
обучения» - деп аталатын оқу қуралында баға - нақты нәтижені жоспарланған 
нәтиже мен сәйкестендіру үдерісі деп қарайды [118;11б.]. 


26 
Ш.А Амонашвили болса, баға – адам арқылы жүзеге асатын іс-әрекет, 
үдеріс, белгі – сол үдеріс пен іс-әрекеттің нәтижесі, көрсеткіші;- деп санайды 
[119].
Ш.А Амонашвилинің пайымдауынша,білім алушылардың әмбебап оқу 
әрекеттерін бағалау және тексеру жалпыға білім беру бағдарламаларында
қойылған талаптар негізінде оқытудың кез келген кезеңінде жүзеге асатын оқыту 
әрекетін салыстыру мен анықтау арқылы нәтижені айқындау.Бағалаудың 
толықтығы мен дәлдігі мақсатқа жетудегі іс - әрекеттің рационалдығын
анықтайды. 
И.Б. Умняшованың пікірінше, баға мұғалім тарапынан оқушының оқу іс - 
әрекетін бағалау үдерісінің соңғы кезеңі болып, ол оқушының нақты оқу 
тапсырмасын орындаудағы жетістік деңгейін көрсетеді [120;9б]. Осыған 
байланысты, баға оқу үдерісінің қажетті компоненті ретінде түсіндіріліп, ол 
оқушы, ата - ана және педагогтің бағаның мәнін түсінуін қамтиді. Умняшованың 
баға туралы пікірі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды 
жүзеге асыруда бағалау критерийлерінің ата - аналарға түсінікті болуын 
қамтамасыз ету қажеттілігі мен ата – ана мен кері байланыс орнатудың 
маңыздылығын айқындайды. 
И.А Бережная педагогикалық бағалау субъект – объекттік қарым – қатынас 
жүйесінде байланыстырушы түйін, сонымен бір қатарда, ол тұлғаның даму 
мақсаттары мен ерекшеленетін «оқығандық» пен «білімділік» қатарлы екі 
категориялық қатар түсініктеріне сүйенеді,- деп түсіндіреді [121;8б].
Б.А Урмашевтің пікірінше, бағалау - білім беру үдерісіндегі қажет басты 
құрама бөліктердің бірі ретінде алынған нәтижелерді және жоспарланған 
мақсаттарды салыстыру үдерісі есептеледі.Бұл үдерісте оқытушы оқушының 
ағымдағы және қорытынды үлгерімі туралы ақпаратты жинақтайды және 
талдайды.Бағалау жүйесі болса, оқыту мәселелерін болжаудың және 
жетістіктерін өлшеудің негізгі құралы,- деп санайды [122;7б]. 
Демек,білім беру үдерісіндегі бағалау жүйесі оқу мақсаттары мен 
байланысты болып келеді.Заманауи білім парадигмасы білім алушының оқу 
жетістіктерін болжау арқылы, жетістікке жетудің критерийлерін құрастырып, 
сол критерийлер негізінде іс-әрекетті бағалау арқылы, мақсатқа жетудің 
амалдарын қарастырады. 
Б.Блум бағалауды ойлау дағдысының ең жоғары сатысы, нақты критерийлер 
негізінде нақты мақсатқа жету, керекті материалдың мағынасын анықтау білігі- 
деп санайды [123;79б]. 
Ресейлік ғалым В.П Беспальконың американдық психологтар Дж.Керолл 
мен Б.Блум жұмыстары негізінде оқытудың критериалды – бағдарланған 
технологиясы құрастырылған.Бұл технологияны толық игеру технологиясы
депте атайды. Себебі,оның маңыздылығы оқу материалын барлық оқушылар 
игере алады, бұл үшін меңгеру критерийлері яки оқу стандарттары берілуі қажет. 
В.П Беспальконың пікірінше соңғы нәтижені бағалауда сол нәтижеге қалай 
жеткендікті анықтау маңызды [124;117б]. Біздің ойымызша,білім алушының оқу 
жетістіктерінің соңғы нәтижесі оның оқу үдерісінде саралау негізінде берілген 


27 
тапсырмаларды орындау барысында, жетістік критерийлері бойынша атқарған 
іс-әрекетінің жиынтығы ретінде көрсетіледі. 
Л.С Выготский: «Әр бір іс-әрекет балаға айналасындағыларға болған оның 
әрекетінің әсері ретінде қайтып келеді, баланың оқу жетістіктері бағасының мәні 
осында»- деп пайымдайды [125]. 
Бағалау М.М Дубцованың тұжырымы бойынша,тану үдерісі болып,оқу 
жетістіктерін бағалау мақсат пен оқыту нәтижелерінің сәйкестігін анықтауда оқу 
сапасын басқарудың жүйеқұраушылық компоненті ретінде қарастырылады 
[126;8б]. 
Е.А Ралькова болса, оқу жетістігін бағалау – мұғалім мен оқушының оқу 
бағдарламаларын игеруде алынған нәтиже мен алдын – ала жоспарланған 
пәндік, метапәндік және тұлғалық компоненттерді сәйкестендіру бойынша 
қосбірлікті іс - әрекет үдерісі,- деп санайды [127]. Бұл жерде тұлғалық компонент 
өзін – өзі бағалаудың пәні ретінде қарастырылады. 
Демек,бағалау білім алушылардың білімін толықтыру үшін оны бақылау 
үдерісі болса,баға – нәтиженің көрсеткіші.Осы орайда,бағалау білім алушының 
білімін бақылау құралы қызметін атқарса, критериалды бағалау жетістікке 
жетуде білім алушының күтілетін нәтижеге байланысты іс - әрекеттерінің нақты
көрсеткіші. 
Критериалды бағалау – құрастырылған критерийлер негізінде білім 
алушылардың оқудағы жеткен жетістіктерін күтілетін нәтижелермен 
сәйкестендіру [128; 6б]. 
Критериалды бағалау оқушылардың оқу - танымдық құзыреттілігін 
қалыптастыруға негіз болатын,нақты анықталған,ұжымдық қурастырылған, 
үдерістің барлық қатысушыларына алдын – ала белгілі болған критерийлер, 
білім берудің мақсаты мен мазмұнына сай келетін, оқу жетістіктерін 
салыстыруға негізделген үдеріс [129;8б].
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін 
қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес 
білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-
аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан 
өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін 
салыстыруға негізделген процесс [130;9б]. 
Критериалды бағалау – білім алушылардың жеткен жетістігін оқытудың 
күтілетін нәтижелері мен құрастырылған критерийлер негізінде байланыстыру 
үдерісі [131;6б].
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім 
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін 
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі [132;5б]. 
Назарбаев зияткерлік мектептері мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясы тарапынан педагогтерге ұсынылған әдістемелік нұсқаулықтар 
мен оқу - әдістемелік құралдарда білім беру жүйесіне енгізілген критериалды 
бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін күтілетін нәтижелер мен сәйкестендіре 
отырып, білім сапасын арттыруға ықпал ететін үдеріс ретінде қарастырылады. 


28 
Осы орайда, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда педагогтің бағалау іс - 
әрекетінің мақсаты тұлғаның жетістікке жетуін қамтамасыз ететін біліктер мен
дағдыларды қалыптастыру үдерісін тиімді ұйымдастыру деп санаймыз.
Оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану білім 
беру стандарттарында қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесі мектептік білім беруге білім сапасын жақсарту 
мақсатында енгізілгендіктен, бұл феномен ғылыми тұрғыдан жан – жақты 
зерттеліп, оның білім алушылардың психологиялық ахуалына болған әсері жаңа 
тәсілдер негізінде психологиялық, педагогикалық тұрғыдан терең зерделенуі 
қажет деп білеміз. 
Критериалды бағалау тұлға дамуы мен белсенді таным іс-әрекеті 
(Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Дж.Гилфорд); дамыта оқыту (В.В. Давыдов, 
Д.Б.Эльконин, Л.Г. Петерсон); адамгершілік және тұлғаға – бағдарланған білім 
беру (Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская, В.В.Сериков, И.С. Якиманская) 
қатарлы психологиялық – педагогикалық теорияларға негізделеді. 
Демек, критериалды бағалау негізгі құзыреттіліктерді қалыптастырудың 
объективті психологиялық – педагогикалық заңдылықтарына негізделеді. 
Бағалау критерийлері оқу міндеттері арқылы анықталып, білім алушының оқу 
үдерісіндегі түрлі іс-әрекеттерінің тізімін көрсетеді. 
Отандық ғалымдардан Ж.Қараев [133], М.Жанпейісова[134], С.Мирсеитова 
[135], 
М.Ж 
Жадрина 
[136], 
Ж.Қобдикова[137], 
А.Жайтапова[138], 
Ф.Наметқұлова [139] білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі түрлерімен қоса 
білім беру мазмұнын дифференсациялау арқылы кешенді сатылап бағалау 
жүйесін еңгізу қажеттілігін қолдайды. М.Жадрина, Н.Оразақынова болса, білім 
сапасын бағалаудың соңғы нәтижеге бағдарлануын сапалы бағалауға жатады деп 
есептейді.
Білім сапасы әлеуметтік категория ретінде оқыту үдерісінің ахуалы мен 
нәтижелілігін сипаттайды және талап пен қажеттіліктер дәрижесіне сәйкес 
тұлғаның азаматтық кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытуға 
мүмкіндік береді [140;4б].
Білім алушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында білім беру 
стандарттарында «оқу жетістіктері» түсінігі қолданылады. Бұл ұғым жаңа білім 
парадигмасының енгізілуі мен байланысты болып, білім беруді құзыреттілік 
тәсіл негізінде жүзеге асыруда маңызды саналады. 
М.Ж Джадрина оқу жетістігі түсінігі білім берудің мазмұны, мақсаты, 
құндылықтарымен байланысты, сондықтанда, білім алушылардың оқу 
жетістіктері білімнің нәтижесі ретінде пәндік салалар бойынша білім, білік, 
дағдылардың көрсеткіштерімен, немесе, білім алушылардың қабілеттері мен 
құзыреттіліктерінің көрсеткіші ретінде сипатталуы мүмкін деп қарайды [141; 
63б].
Алайда, құзыреттілікке негізделген білім беруде оқу жетістіктері пән 
бойынша алған білім, білік, дағдылардың көрсеткішіғана емес,сол алған білімді 
күнделікті өмірде қолдануды білу болып саналады.Критериалды бағалау 


29 
жағдайында оқу үдерісінде жетістікке жету білім алушының алған білімін 
саралап оқыту арқылы мүмкін болады.
Оқу жетістіктері – субъект іс-әрекетінің мәнмәтініне байланысты білім 
алушы тарапынан нақты игерілген пән салалары бойынша білім, білік, 
дағдылары мен құзыреттіліктердің мазмұндық және көлемдік сипаты [142; 73б]. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау мәселесі 
педагогика және психологияға тән мәселе болып, көптеген отандық және 
шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған. 
Оқу жетістіктерін бағалау мәселесі білім саласы дамуының әр бір кезеңінде 
түрлі көз қарастар арқылы талқыланып Караев.Ж.А, Ж.У Кобдикова, 
Кудайбергенова К.С, Джадрина М.Ж, М.Ү Еділбаева, П.Ш Маханова, А.Е 
Абуова, Г.С Примбетова, Л.Е Смирнова қатарлы отандық ғалымдардың, сондай 
– ақ, Б.Г Ананьев, В.П Беспалько, Л.С Выготский, Д.Б Эльконин, Ш.А 
Амонашвили, Н.М Скаткин, Н.Ф Талызина, И.Я Лернер, М.А Пинская, И.С 
Фишман қатарлы шетелдік ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты. 
Қараев Ж.А «Критериалды бағалау - оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін 
нәтижеге жету үшін оқудың (дамудың) жеке траекториясын түзетуге мүмкіндік 
беретін, алдын – ала белгілі болған бағалау критерияларына сәйкестендірілген 
оқушылардың оқу жетістіктерінің бағасы»,- деп анықтама береді [143;59]. 
Отандық ғалымның пікірінше критериалды бағалау білім алушының жеке және 
тұлғалық дамуына түзету енгізуге мүмкіндік беретін қурал,баға. Сонымен бір 
қатарда, оқу жоспарының мазмұнына сәйкес білім алушының құзыреттіліктерін 
дамытуға мүмкіндік беретін, оқыту үдерісі қатысушыларына, ұжымға таныс 
жүйе. 
Ж.А Абекова болса,
критериалды бағалау – педагогикалық ұжымның 
талқылауынан өткен, оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген, 
оқушылардың оқу – танымдық әрекетінің қалыптасуына түрткі болатын,оқыту 
жүйесінің мақсаты мен мазмұнына сай келетін үдеріс,- деп санайды [144].
Е.Н. Землянская критериалды бағалаудың мәні білім алушылардың оқу- 
кәсіптік іс - әрекетінің нәтижесін бағалау ғана емес, сол іс - әрекетке бағдар беру. 
Бұл жерде түрлі бағдардағы жоспарланған жұмыстың сапалы және мөлшерлі 
сипаттамасы, критерийлер жүйесі және көрсеткіштер құралы ретінде қаралады, 
– деп атап көрсетеді [145].
А.А Красноборова критериалды бағалау оқытудың мақсат, міндеттеріне 
жету үшін оқу үдерісінің барлық қатысушыларының бір – бірімен байланысты 
келетін бақылаушы – бағалаушы іс - әрекетінің жүйесін қамтитін, оқушылардың 
оқу – танымдық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал ететін, ұйымдастырылған 
және жүзеге асырылатын формалды – сипаттаушы метатехнология деп 
түсіндіреді [146;11б]. А.А Кросноборованың пікірінше критериалды бағалаудың 
технология ретіндегі мәні оқушылардың оқу – танымдық құзыреттілігін 
қалыптастыруда. 
Х.М. Эрфанфар болса, критериалды бағалауды тұлғалық – танымдық 
тәжірибемен қалыптасқан оқу – танымдық іс-әрекетті пәнаралық дәрежеде 
тиімді жүзеге асыру,оқушы құзыреттілігі,- деп пайымдайды. Сондай – ақ, білім 


30 
нәтижесінің мазмұнын білім нәтижесі мен мақсаттарының байланысы ретінде 
қарастырады [147;14б]. 
Е.А. Селищеваның пайымдауынша, оқу жетістіктерін критериалды бағалау 
жүйесі әр бір оқушының жетістігін ұжымдық құрастырылған, нақты анықталған 
критерийлермен салыстыру. Ғалымның пікірінше, критериалды бағалау - 
бағалау үдерісіне оқу үдерісінің барлық қатысушыларын жұмылдырып, баға қою 
тетіктерін анықтап, оқу барысында оқушыға өз жетістіктерін рефлексиялауға 
мүмкіндік береді [148;10б]. 
Педагогикадағы «баға», «бағалау», «критериалды бағалау» түсініктерінің
ғылыми тұжырымдары білім алушылардың оқу – танымдық іс - әрекетті өз 
алдына жүзеге асыру, сыни ойлау, өз мүмкіндіктерін бағалау, өзін – өзі бағалау, 
топтық жұмыс барысында бір – бірін бағалау қабілеттерін қалыптастыруға 
негізделгендігін, оқу үдерісінің құзыреттілік тәсіл негізінде жүзеге асырылуын
ескерсек, ғалымдардың пікірі бүгінгі талаптарға толықтай жауап бере алады. 
Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріндегі баға, бағалау 
мәселесі педагогика және психологияның даму тарихының әр бір кезеңінде 
заман талаптарына сай жаңаша көз қарастармен толықтырылған. Заманауи білім 
беруде қазақстандық білім жүйесіне критериалды бағалаудың енгізілуі оқу 
үдерісіндегі педагогтің бағалау іс-әрекетінің заманауи білім беру парадигмасы 
негізінде қайта қалыптасуына түрткі болды.
Педагогика саласында өзінің тұлға дамуына бағдарланған, құндылықтар 
негізінде білім беру бойынша ғылыми зерттеулерімен әлемдік педагогика 
дамуына үлес қосқан ғалым - Ш.А. Амонашвили педагогтің бағалау іс - 
әрекетінің басты мақсаты оқушыға өз жетістіктерін қалай бағалауды үйрету,- деп 
санайды. Жаңашыл педагогтің пайымдауынша, бағалау білім алушыны 
жетістікке жетуге уәждейді [149;42]. 
Ш.А. Амонашвили білім алушының бағалаушылық белсенділігін 
қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер формаларын төмендегідей топтастырады: 
Кесте 1 - Білім алушылардың бағалаушылық белсенділігін қалыптастыратын іс 
– әрекет формалары 
Бірінші 
форма 
Педагогтің бағалау іс – әрекеті. Ол білім алушының оқу – танымдық іс-
әрекетін уәждеуге, оны түзетуге бағытталуы тиіс,бұл орайда білім 
алушылар бағалау белсенділігінің біршама амалдарын игеріп, белгілі 
эталондарды қабылдауды үйренеді.
Екінші форма Білім алушылардың ұжымдық оқу – танымдық іс-әрекетінде қоғамдық 
түсінік, қоғамдық эталон және бағалау амалдары қалыптасады.
Үшінші 
форма 
Білім алушының өз алдына жүзеге асыратын оқу – танымдық іс-әрекеті.Бұл 
процесс аясында игерілген эталондар негізінде ішкі баға, өзіндік баға 
қалыптасады.Бұл 
жағдай 
білім 
алушылардың 
бағалаушылық 
белсенділігінің қалыптасуының бір кезеңі болып саналады.
В.М Полонский педагогтің бағалау іс-әрекетін тұлғаның бойында бар білім, 
білік, дағдылар мен алдын ала жоспарланған білім , білік, дағдылар мен 
ұйқастыратын жүйелі іс-әрекет,- деп есептейді [150;3]. Демек, педагогтің бағалау 


31 
іс-әрекеті оқу бағдарламаларында көрсетілген оқыту мақсаттарын күтілетін 
нәтижелер мен сәйкестендіруге бағдарлануы қажет. 
Н.В Селезневтің пікірінше педагогтің бағалау іс-әрекеті тұлғаның 
бойындағы құндылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін іс-әрекет [151;2-11] 
Ғалым өз еңбегінде педагогтің бағалау іс-әрекеті тұлғаның құндылықтарын 
қалыптастырып, оны мәдениеттілікке үйретеді деп көрсетеді. Бұл оқу үдерісінде 
білім алушыларды топтық жұмысқа жұмылдыру және каллоборативті орта құру 
арқылы мүмкін болады. 
Г.Ю Ксензова болса, педагогтің бағалау іс-әрекетінің басты мақсаты білім 
алушының өзін – өзі адекватті бағалау дағдысын дамыту,- деп санап [152;5], 
педагог бағалауды білім алушының өз әрекетіне нақты баға беріп, нәтижеге 
жетуге ұмтылуы үшін жүргізуі қажет,- деп тұжырымдайды.
Ресейлік ғалым Е.Г Матвиевская баға – бағалау бойынша пікір, 
аналитикалық іс-әрекет, бағалау үдерісінің нәтижесі, бағалау болса, жобаланған 
және нақты аралық нәтиже мен соңғы нәтиже, - деп пайымдайды [153;10] 
Ғалымның пікірінше, іс-әрекет адамның өзін және әлемнің өзгерісін тануға 
бағытталған тұлғаның психологиялық белсенділігінің формасы.
Педагогтің 
бағалау 
іс-әрекетін 
Матвиевская 
бағалау 
іс-әрекеті 
субъекттерінің пәндік, метапәндік және тұлғалық нәтижелерін қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін оқушы мен бірлікте жүзеге асырылатын іс-әрекет,- деп 
қарайды.
А.Г. Пачина педагогтің бағалау іс - әрекетін бастауыш сынып мұғалімінің іс 
- әрекеті негізінде зерттеп, педагогтің бағалау іс - әрекеті – бұл құндылықты – 
бағдарлы бағалау жағдаяттарында, оқыту үдерісінде мұғалім тарапынан 
ұйымдастырылып, жүзеге асатын, нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының 
білімінің дамуы мен олардың білімге деген құндылықты қарым – қатынасының 
қалыптасуы орын алатын оқушыларды басқарудың уәждемелі, мақсатты, тұтас
үдерісі,- деп тұжырымдайды [154;8]. 
Н.Ю Волковинская педагогтің бағалау іс - әрекеті білім және қабілеттердің 
жиынтығы негізінде оқыту үдерісі субъекттерінің бағалаушылық пікірінің 
қалыптасуына ықпал етеді,- деп атап көрсетеді [155;9]. Ғалымның пікірінше, 
педагогтің бағалау іс-әрекеті білім және іс-әрекеттің байланысы негізінде жүзеге 
асып, оқыту үдерісіндегі педагогтің бағалау іс-әрекеті педагогтің білімі мен 
шеберлігіне байланысты.
Л.А. Баландинаның ғылыми зерттеу жұмысында мектепке дейінгі білім беру 
ұйымдары басшысының бағалау іс-әрекеті қарастырылып, бағалау іс - әрекеті 
рефлексивтік бағалау, қолдау, бақылау, диагностика және мониторинг жасау 
шеберлігі,- деп көрсетілген [156;9].
Н.Ю. Волковинская мен Л.А Баландинаның тұжырымдары бойынша
педагогтің бағалау іс-әрекеті оның кәсіби шеберлігінің дамуы мен тығыз 
байланысты болып, акмеологиялық тұғыр негізінде ұштасады. 
Е.Г. Матвиевскаяның тұжырымы бойынша бағалау жобаланған және нақты 
аралық,сондай-ақ, қорытынды нәтижелерді салыстыру, баға болса, бағалау 
бойынша пікір, аналитикалық іс-әрекет (бағалау үдерісінің нәтижесі) [157;9-10]. 
Педагогтің бағалау іс - әрекетін ғалым оқушы мен өз ара әрекеттестікте жүзеге 
асатын, бағалау іс-әрекеті субъекттерінің пәндік, метапәндік және оқушының 
жеке нәтижелері туралы бағалаушылық пікірінің қалыптасуын қамтамасыз 


32 
ететін іс - әрекет,- деп түсіндіреді. 
Э.Э Кожевникова педагогтің бағалау құзыреттілігі педагогиканың 
гуманистік идеялары, құзыреттілік және денсаулықты сақтау тұғырлары 
негізінде 
ұйымдастырылып, 
жағымды 
мотивацияны 
қалыптастыруға 
бағытталуы қажет деп санайды[158;10]
О.П Керрер және С.А Бычик болса, бағалау іс - әрекетін кәсіби іс -әрекетке 
дайындықтың сапалы және сандық белгілерінің көрсеткіші, көп деңгейлі, 
жүйелі, көп компонентті үдеріс,- деп санап [159;12], [160;9] бағалау іс - әрекетін 
құзыреттілік тұғыр мәнмәтінінде түсіндіреді. 
В.А Дегальцеваның тұжырымы бойынша педагогтің бағалау құзыреттілігі- 
құзыреттілікке бағдарланған білім беру жағдайында педагогтің бағалау іс - 
әрекетіне дайындығы деңгейінде көрініс табатын, педагогтің кәсіби – 
педагогикалық құзыреттілігінің интегративті құрамдас бөлігі. Ғалым педагогтің 
бағалау іс - әрекетін ЖОО педагогтерінің құзыреттілігі негізінде қарастырады. 
Біздің ойымызша, Дегальцеваның пікірі жалпы білім беру ұйымдары 
педагогтерінің бағалау іс - әрекетінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді [161;10] 
О.Ф Горбунова бағалау іс-әрекеті мәдени – тарихи даму барысында пайда 
болған,тарихи 
қалыптасқан 
объективті 
шындық, 
әлеуметтік 
және 
психологиялық – педагогикалық құбылыс,-деп тұжырымдайды [162;80]. 
Ресейлік ғалым бағаның көмегімен адам өз өмірінің түрлі тұстарын саналы түрде 
ретке келтіреді деп айта келе, бағалау іс - әрекетін тарихи мәнмәтінде 
құндылықты тұғыр негізінде түсіндіреді. 
Мұғалімнің бағалау іс - әрекеті А.В Куликовскийдің пікірінше гуманистік 
педагогиканың принциптерін жүзеге асыратын, бала жетістігіне әсер ететін, 
дамыта білім берудің ажырамас бөлігі, компоненті [163].
Т.Л. Сафонова педагогтің бағалау іс - әрекетін оның жеке тұлғалық стилі 
негізінде қарастырады.Гуманистік білім беру парадигмасы аясында баға жазалау 
тетігі ретінде емес, тұлғаны дамыту құралы ретінде қызмет атқаруы қажет, - деп 
атап көрсетеді [164; 98] 
Н.В. Селезневтың пайымдауынша, педагогтің бағалау іс - әрекеті оқыту 
үдерісінде мұғалімнің маңызды іс - әрекеті, ол оқу нәтижелеріне әсер етеді және 
әр бір білім алушының рухани әлеуетін қалыптастыруға негіз болады[165;69б ]. 
М.И Томилова педагогтің бағалау құзыреттілігін білім берудің гуманистік 
құндылықтарына негізделген бағалау іс - әрекетін жүзеге асыруда білім, біліктер 
жүйесін қолдануға қабілеттілігін көрсететін, тұлғаның интегративті қасиеті,- деп 
санайды [166].
Л.Е. Смирнованың ғылыми зерттеуінде бағалау іс-әрекетінің мақсаты 
оқушылардың үлгерімін бақылау және олардың өзін – өзі саналы бағалауын 
қамтамасыз ету [167;9]. Ғалымның тұжырымдауы бойынша, педагогтің бағалау 
іс-әрекетінің соңғы акті оқу іс-әрекеті нәтижелерінің бағасы, баға – қарым – 
қатынас дәрежесі және қуралына байланысты бағалаушылық пікір мен 
эмоционалдық қобалжудан көрініс табады.Сондай-ақ, оқушылардың оқу іс - 
әрекеті нәтижесін бағалау білім алушылардың тану белсенділігін дамытудың 
тетігі болып саналады.


33 
Жоғарыда қарастырылған ғалымдардың баға және бағалау (Б.Г Ананьев, 
И.П. Подласый, В.С. Безрукова, Е.В Лопаткина, Ш.А Амонашвили,Е.Н 
Землянская,М.М Дубцова, Е.А Ралькова, И.Б Умняшов), критериалды бағалау
(А.А Красноборова,Х.М Ерфанфар, Е.А Селищева, И.А Бережная, Ж.А Қараев), 
педагогтің бағалау іс - әрекеті (Ш.А Амонашвили,В.М Полонский, Н.В 
Селезнев,Г.Ю Ксензова, Е.Г Матвиевская,А.Г Пачина, Н.Ю Волковинская,Л.А 
Баландина,Э.Э Кожевникова, О.П Керер, С.А Бычик, В.А Дегальцева,О.Ф 
Горбунова, А.В Куликовский,Т.Л Сафонова, Н.В Селезнев,М.И Томилова, Л.Е 
Смирнова) тақырыбы аясында жүргізілген ғылыми зерттеулерін талдай отырып, 
біз келесідей тұжырым жасаймыз: 
Баға – білім алушының оқу үдерісінде жетістікке жету мақсатында жүзеге 
асырған, жоспарлы жүзеге асырылған іс-әрекеттерінің нәтижесі ,көрсеткіші. 
Бағалау – білім беру сапасын жақсарту және білім алушыларды 
мотивациялау мақсатында білім алушылардың жетістік деңгейлеріне талдау 
жасау үдерісі. 
Бағалаушылық пікір - білім алушыны жетістікке мотивациялауға түрткі 
болатын педагогтің саналы талданып, эмоционалды түрде жария етілген пікірі, 
объективті бағасы. 
Критериалды бағалау – оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді 
сәйкестендіру арқылы білім алушылардың оқудағы жетістектерге нақты 
критерийлер негізінде қол жеткізуіне ықпал ететін, білім алушыға өзін – өзі 
реттеуге, дамытуға, оқытушыға объективті шешім шығаруға мүмкіндік беретін
үдеріс. 
Педагогтің бағалау іс-әрекеті – оқыту үдерісі субъекттерінің бағалаушылық 
пікірінің қалыптасуына,оқыту сапасы мен нәтижелеріне ықпал ететін үдеріс. 
Біз В.А Дегальцева, Н.Ю Волковинская, Е.Г Матвиевская, А.В Куликовский 
қатарлы ғалымдардың ғылыми пікірлерін басшылыққа ала отырып, сондай-ақ, 
талданған ғылыми еңбектердегі тұжырымдарды ескере келе, білім беру 
парадигмасының өзгеруіне байланысты педагогтердің кәсіби дайындығына 
болған талаптар аясында:
Педагогтің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекеті - оқыту 
үдерісінде тұлғаның жетістікке жетуіне ықпал ететін, тұлғаның өзін - өзі тану 
қабілеттерін, құндылықтарын,белсенділігін қалыптастыруға негізделген, білім 
сапасын арттыруға бағдарланған, мақсатты, жүйелі,үздіксіз іс – әрекет үдерісі, – 
деп тұжырымдаймыз. 
Педагогтің кәсіби іс - әрекетінің негізі болған «бағалау іс - әрекеті» 
ұғымының мәнін ашу барысында біз бағалау іс – әрекетінің үдеріс, әрекет, 
бағалау, баға, критериалды бағалау, критерий, жетістік, бағалаушылық пікір, 
белсенділік, мақсат, нәтиже қатарлы ұғымдармен тұтас байланыста екендігін 
анықтадық.
Оқыту үдерісінде педагогтің бағалау іс – әрекеті аясында қолданылатын бұл 
ұғымдардың мәні және олардың мазмұны диссертациялық жұмысымыздың 
келесі бөлімдерінде айқындалады. 


34 
Ғылыми психологиялық – педагогикалық әдебиеттерді, еңбектерді талдау 
барысында біз педагогтің бағалау іс – әрекеті ұғымына берілген анықтамаларды 
топтастырдық.Бұл анықтамалар төмендегі кестеде сипатталады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет