15
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытуды
әдістемелік қамтамасыз ету
мақсатында педагогтерге арналған «Жаңартылған білім беру жағдайында
педагогтің бағалау іс - әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері»
атты біліктілікті арттыру курсының білім
беру бағдарламасы даярланып,
біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Оқу – әдістемелік кешен жасалды.
Зерттеу жұмысы аясында «Критериалды бағалау жағдайында педагогтің
бағалау іс – әрекетінің ерекшеліктері» атты әдістемелік құрал жарық көрді.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың ғылыми –
тәжірибелік негіздері
нақтыланды, моделі құрастырылды, педагогикалық
эксперимент жасалынып,
нәтижелері қорытындыланды. Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс-әрекетін дамытудың тиімді әдіс – тәсілдері жүйеленді.
Зерттеу барысында алынған нәтижелерді біліктілікті арттыруда, жоғарыдан
кейінгі білім
берудің мазмұнын жаңартуда, қосымша білім беру
орталықтарында, болашақ педагогтерді дайындауда қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: