Масимова хуршидам ташболатовна


Қорғауға ұсынылатын қағидалар



Pdf көрінісі
бет11/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
жетісітк бағалау

Қорғауға ұсынылатын қағидалар 
-
педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекеті – бұл 
оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ететін, жетістікке жету қабілетін 
және танымдық белсенділігін қалыптастыратын мақсатты, жүйелі, үздіксіз 
үдеріс. 
- педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту 
біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және курстан кейінгі қолдау 
Ережелері негізінде ресми бекітілген, мақсатты ұйымдастырылған біліктілікті 
арттыру үдерісі жағдайында тиімді болады. 
- педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың құрылымдық – мазмұндық моделі 
мазмұндық, іс-әрекеттік, нәтижелік блоктардан, мотивациялық – мақсаттық, 
мазмұндық, технологиялық, рефлексивтік компоненттерден турады және білім 
беру бағдарламаларын құрастырумен, әдістемелік құралдарды жасаумен, оқыту 
үдерісіндеөзекті әдістемені, инновациялық технологияларды қолданумен 
қамтамасыз етіледі. 
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі 
Теориялық және әдіснамалық тұжырымдарға негізделуімен, іргелі 
психологиялық және педагогикалық еңбектердегі қағидаларды басшылыққа 
алумен, зерттеу мақсатына сәйкес кешенді әдіс – тәсілдердің қолданылуымен
тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың зерттеу мақсатына сәйкестілігімен, 
нәтижелерін өңдеумен және алынған деректерді талдау қорытындысымен 
қамтамасыз етілді. 
Диссертацияның зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, 
тәжірибеге ендірілуі 
Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша барлығы 12 еңбек жарық 
көрді. Оның ішінде 3 мақала ҚР ҒжЖБМ Білім және ғылым саласындағы сапаны 


16 
қамтамасыз ету комитеті бекіткен басылымдарда, 1 мақала Scopus базасына 
енген халықаралық журналда,7 мақала халықырылық ғылыми конференциялар 
жинақтарында жарияланды, 1 әдістемелік құрал жазылды.
 
Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен мазмұны халықаралық ғылыми – 
практикалық конференцияларда талқыланды: 
«Білім және ғылымдағы инновациялар» тақырыбындағы ІІ халықаралық ғылыми 
– әдістемелік конференция (Алматы,2018), «Педагогикалық инновациялар 
заманауи білім беру жүйесін дамыту ресурсы» атты халықаралық ғылыми – 
тәжірибелік конференция материалдары (Ақтөбе,2019), халықаралық ғылыми - 
тәжірибелік конференция «Развивающая образовательная среда в школе, 
колледже и вузе – современные тренды и исследования» (Московская область, 
г.Дзержинск,2019 ), «Мұғалім бейнесі – ұлт мәртебесі» атты халықаралық 
ғылыми – тәжірибелік конференция (Шымкент, 2019), «Психолого-
педагогические проблемы образования в условиях инновационного развития» 
ІХ халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция (Алматы,2020), 
«Интеграция науки и образования: проблемы и перспективы» халықаралық 
ғылыми – тәжірибелік онлайн конференция (Атырау,2020), Заманауи білім 
беруде педагогтің бағалау іс - әрекетінің психологиялық аспектілері 
«Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешуде ұлттық психологияның рөлі» 
халықаралық ғылыми – практикалық конференция. (Алматы, 2021). 
Сондай – ақ, педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетінің ерекшеліктерін айқындауға негізделген 1 әдістемелік – құралда 
зерттеу нәтижелері көрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет