78
Объективтілік және әділеттілік принципі – сабақ мақсатына байланысты
бағалау критерийлерін нақты құрастыру.Нақты жетістікті ғана бағалау.Бақылау
және бағалау мұғалім мен білім алушының бірлікте құрастырған критерийлері
негізінде жүргізілуі қажет.
Ізгілендіру принципі – әр бір жеке тұлғаның құндылығы мен бірегейлігін
мойындау,оның жас ерекшеліктері, мүмкіндіктеріне сыйластық пен қарау.
Ашықтық – Бағалау критерийлерін
білім алушыларға тапсырманы
орындамас бұрын жария ету.Бағалау критерийлерін білім алушылар мен бірге
құрастыру.
Құндылыққа бағдарлану - бағалау іс - әрекетінде білім беру
стандарттарында көрсетілген (қазақстандық патриотизм мен азаматтық
жауапкершілік,
құрмет,
ынтымақтастық,еңбек
пен
шығармашылық,ашықтық,өмір бойы білім алу) базалық құндылықтарды білім
алушылар бойында қалыптастыру.
Интегративтілік – бағалау іс - әрекетін оқыту үдерісінің бір бөлігі ретінде
қабылдап жүзеге асыру.
Денсаулықты сақтау – бағалауға
тек білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне
сай
тапсырмаларды
құрастыру.Білім
алушыларға
тапсырмаларды саралау негізінде олардың мүмкіндіктеріне сәйкес бөліп
беру.Бағалаушылық пікір бергенде білім алушылардың психологиялық
ахуалына назар аударып, жағымды қарым – қатынас алаңын құру.
Тұлғаға бағдарлану принципі – Оқыту үдерісінде білім алушылардың
жетістік деңгейлерін бағалауда әр бір тұлғаның жеке мүмкіндіктерін
ескеру.Тапсырмаларды саралау тәсілі негізінде құрастыру.
Психологиялық – педагогикалық бағыттағы ғылыми жұмыстар, білім беру
мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды зерттей отырып,
біз педагогтің
бағалау іс - әрекетінің мазмұны, құрылымы, принциптері, қызметтерін
нақтылап,педагогтің бағалау іс - әрекетінің мәнін айқындадық.
Педагогтердің бағалау іс - әрекетінің мәні білім алушыларға әлемдік
тәжірибелер
негізінде білім беру,өмір сүруге қажетті дағдыларын дамыту,
әлеуметтік ортада қоғамның дамуына үлес қосатын құзыретті тұлғаны жетілдіру,
білім берудің сапасын арттыру деп тұжырымдаймыз.
Диссертациялық жұмысымыздың бұл бөлімінде негізделген материалдар
біздің
педагогтердің
бағалау
іс
–
әрекетін
дамыту
мақсатында
ұйымдастырылатын «Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтердің
бағалау іс – әрекетінің психологиялық - педагогикалық негіздері» атты қысқа
мерзімді біліктілікті арттыру курсымыздың мазмұндық бөлігін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: