82
Жүйелілік – іс -әрекеттік тұғырларды біріктіру Э.В.Ильенков, М.С.Каган,
П.В.Копнин, В.А.Лекторский, Э.Г.Юдин т.б марксисттік мектеп философтары
және А.Г.Асмолов, М.Я.Басов, Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,
В.В.Рубцов қатарлы психологтар тарапынан қарастырылған.
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында жүйелілік – іс
- әрекеттік тұғыр бізге
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс - әрекетінің мәнін , мақсат, міндеттерін, құрылымдық ерекшеліктерін
анықтап, жүйелеуге мүмкіндік берді. Педагогтердің бағалау іс - әрекетін кәсіби
біліктіліктің негізгі көрсеткіші ретінде қарастыруда біліктілік жүйесінде
қалыптасқан бағалау жүйесі мен критериалды бағалау жүйесіндегі оқыту үдерісі
субъекттерінің іс - әрекетін салыстырмалы түрде түсіндіруге көмектесті.
Жүйелілік – іс - әрекеттік тұғырды басшылыққа ала отырып, біз зерттеу
мәселемізді шешуде жүйелілік және іс - әрекеттік тұғырлардың келесі
ұстанымдарын басшылыққа алдық:
Тұтастық принципі – жүйенің барлық элементтері бір тұтастықты құрайды.
Олар жалпы принциптер, мақсат, міндеттерге бағынады.
Құрылымдылық принципі – жүйенің түрлі элементтерінің басқа элементтер
мен ұқсас белгілеріне байланысты бірігуі.
Жүйелілік принципі –
әрекет мақсат, міндеттер, құрал, түзетулер , нәтиже
ретінде сипатталады.
Субъектілік принципі - іс-әрекет тұлғаның іс
- әрекеті ретінде
қарастырылады.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту мәселесін шешуде жүйелілік – іс-
әрекеттік тұғырды пайдалану бізге педагогтердің бағалау іс - әрекетінің
ерекшеліктері, оның құрылымы,үдеріс субъекттерінің іс - әрекет бағыттарының
өзгеруін олардың өз ара байланыстылығын анықтауға мүмкіндік берді.
Жүйелілік – іс-әрекеттік тұғыр негізінде педагогтің кәсіби шығармашылық
мүмкіндіктері мен сол мүмкіндіктерді белсенді іс -әрекеттің көмегімен
айқындап, оның дамуына ықпал ететін тетіктерді анықтадық.
Жүйелілік – іс - әрекеттік тұғыр педагогті бағалау үдерісіндегі қарым –
қатынас жүйесінің бағыттаушысы, ұйымдастырушысы
ретінде қарастыруға
ықпал етті.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытуды зерттеуде тиімді болып табылатын
келесі тұғыр
аксиологиялық (құндылық) тұғыр.
Әр түрлі дәуірде сол дәуір ерекшеліктеріне байланысты педагогикада
қолданылатын амалдар мен құндылықтар өзгереді.Сондай тұғырлардың бірі ол
– құндылықты яғни аксиологиялық тұғыр.Аксиологиялық тұғыр педагогика
саласына еніп отырған инновациялар негізінде ауыспалы жаңа түс алып
отырады. Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижелі
болуына ықпал ететін
тұғырлардың бірі ретінде біз аксиологиялық тұғырды таңдадық. Педагогтердің
бағалау іс - әрекетін дамытуда біздің зерттеу жұмысымыздың мәнін ашуда бізге
аксиологиялық тұғыр көмектесті.
83
Заманауи қоғам дамуындағы өзгерістер өмірлік мәні бар құндылықтарды
белсенді іздестірудің қажеттілігін айқындады.Педагогикалық құбылыстардың
мәнін тануда педагогикалық аксиологияның әдіснамалық тұғыр ретіндегі
маңызы артты.
Достарыңызбен бөлісу: