2.2 Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытуды ұйымдастыру мәселелері
Жаңа дәуірдің ерекшеліктерінің бірі бұл – білім беру саласының
модернизациялануы. Білім беру саласының жаңартылуы ең алдымен адамзаттың
жады мен ойлау санасының жаңалануы мен тығыз байланысты.Себебі, ХХІ
ғасырда білім беруді технологияландыру аясында адам өз қабілеттерінің
құрастырушысы болып табылады.Жаңа ғасырда өзекті мәселеге айналған
теорияны тәжірибеге ауыстыру моделін жүзеге асыру білім беру саласының
барлық бағыттарында қолданысқа енді.
Үздіксіз білім беру үдерісінде аталған модель тек педагогикалық
қауымдыстық пен қоғамға түсінікті болғанда ғана тиімді жүзеге асады деп
санаймыз. Жаңа реформалардың дамуы жаңа ой, жаңа құндылықты білім
бағдарларының қалыптасуы, сонымен бір қатарда, педагог қызметкерлердің
білім беру мазмұнының өзгеруіне болған жаңа кәсіби позицияларына тікелей
байланысты. Сондықтан,білім беру жүйесі үшін заманауи өмір талаптарына
жауап бере алатын, адамды дайындау қабілеті бар кәсіби – мобильді педагог
қызметкерлерді дайындау мәселесі өзектене түсті.
Білім берудегі өзгерістерге байланысты ЖОО-дарында болашақ педагог
мамандарды даярлау, соның ішінде біліктілікті арттыру ұйымдары өздерінің
білім беру бағдарламалары мазмұнын заманауи педагогтердің қажеттіліктері
аясында қайта толықтыруы, жаңартуы қажет деп санаймыз.Себебі, болашақ
педагог мамандарды даярлауда оқыту бағдарламалары орта білім беру жүйесінің
ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылуы қажет.
Бұл орайда, заманауи болашақ педагог – психологтарды даярлау бойынша
оқу орындары жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру мақсатында
103
жаңа білім беру бағдарламаларын құрастырып, жүзеге асырды.Атап айтқанда,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 7М01102 –
Педагогика және психология білім беру бағдарламасы аясында А.Н.Көшербаева,
Л.О. Сәрсенбаева, А.М. Алимкул тарапынан құрастырылған педагогикалық
өлшемдер оқу бағдарламасы бекітіліп, қолданысқа енді.
Бұл оқу бағдарламасының оқу жоспары 3600 сағатты құрайды және
төмендегідей құрылымға ие:
Кесте 14 - 7М01102- Педагогика және психология: педагогикалық өлшемдер
білім беру бағдарламасының оқу – жоспарындағы тақырыптар
Модуль
коды
Оқу жұмыстарының түрі және пәндер атауы
1
2
Базалық пәндер циклы
ЖОО компоненті
Ғылым тарихы және философиясы
Кәсіби шет тілі
Жоғары мектеп педагогикасы
Басқару педагогикасы
Педагогикалық практика
Таңдау бойынша компонент
М-1. 1. Ғылыми – теориялық модуль
Ғылыми зерттеулер әдістері және әдіснамасы
Педагогикалық өлшемдер теориясы
Мемлекеттік білім беру саясаты
М-1. 2. Әдіснамалық модуль
Психологиялық – педагогикалық ғылым және білім беруде мәдени – тарихи
және іс – әрекеттік амалдар
Білім беруде өлшемдердің теориялық – әдіснамалық өлшемдері
Қазақстан Республикасында білім берудің нормативтік – құқықтық базасы
Профильдік пәндер циклі
ЖОО компоненті
М-2 Педагогикалық өлшемдер негіздері
Педагогикалық квалиметрия және тестология
Академиялық жазылым
Сыныптағы заманауи бағалау жүйесі
Жоғары мектеп психологиясы
Таңдау компоненті
М-3.1 Білім сапасын эксперттік бағалау модулі
Білім беру жағдайын бағалау:ECERS халықаралық шкаласы
Білім беру жағдайын бағалау:SACERS халықаралық шкаласы
Білім беру сапасын халықаралық салыстырмалы талдау
Жоғары мөлшерлемеде емтихандарды ұйымдастырудың халықаралық
тәжірибесі
М-3.2 Білім беру жүйесінде өлшем құралдары мен ресурстарын жобалау модулі
Білім сапасын басқару жүйесіндегі мониторинг
Білім беруде өлшем құралдарын жобалау
104
14 – кестенің жалғасы
1
2
SAM Білім алушылардың оқу жетістіктері динамикасы және мазмұнды игеру
сапасын бағалаудың тесттік құралы
Психологиялық – педагогикалық зерттеулерде ақпараттық - статистикалық
әдістер
Оқу бағдарламасындағы тақырыптар толықтай жаңа болып, халықаралық
зерттеулер мазмұны мен кіріктірілген түрде құрастырылған. Бұл амал, болашақ
педагог – психологтерді жұмыс барысында бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруға
дайындаудың тиімді жолы саналады.Болашақ педагог – психологтар ЖОО -да
білім сапасын бағалаудың халықаралық деңгейде мақұлданған өлшемдері мен
танысады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ресурстары мен
құралдарын жобалауды үйренеді.Бұл өз кезегінде болашақ педагог –
психологтардың бағалау іс-әрекетіне болған дайындығын қалыптастыруға ықпал
етеді.
Педагогикалық өлшемдер білім беру бағдарламасы Абай атындағы ҚазҰПУ
және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жүзеге асырылады.
Бұл орайда, білім сапасын бағалаудың халықаралық зерттеулеріне тоқталу
орынды деп санаймыз.Себебі, біздің ғылыми зерттеуіміз білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау барысындағы педагогтердің бағалау іс- ірекетін дамытуды
көздейді.Ал педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытуды халықаралық
зерттеулерді негізге ала отырып жүзеге асыру бұл мәселенің терең талдануына
ықпал етеді.
ECERS (Early Childhood Environment Rating Scales) шкаласы – мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында оқыту сапасын кешенді бағалау шкаласы.Бұл
шкала тағы негізгі 7 шкалаға бөлінеді және олар төмендегілерді құрайды:
- Пәндік – кеңістік орта;
- Балаларға қарау және күтім жасау;
- Ойлау және сөйлеу;
- Белсенділік түрлері;
- Қарым – қатынас;
- Бағдарлама құрылымы;
- Ата – ана және персонал.
SACERS
(School-Age Care Environment Rating Scale) – мектептегі білім беру
ортасын бағалау құралы.Бұл бағалау құралы төмендегі 7 шкаланы құрайды:
- Ішкі кеңістік және жабдықталуы;
- Денсаулық және қауыпсіздік;
- Белсенді іс – әрекет және уақыт өткізу;
- Қарым – қатынас;
- Оқыту процессі;
- Педагогтердің кәсіби дамуы;
- Арнайы қажеттіліктер.
105
SAM моделі Л.С. Выготский психологиялық теориясы негізінде
құрастырылған болып,оқу – пәндік құзыреттіліктерді диагностикалаудың тесттік
құралы. Білім алушылардың пәндерді меңгеру нәтижесінде қалыптасатын іс –
әрекеттік қабілеттері.
SAM мектептерде оқыту процессін жетілдіру және сүйемелдеуді
ұйымдастыру үшін қолданылады.
TALIS (Teaching and Learning International Survey)- оқу және оқыту
мәселелері бойынша халықаралық зерттеу. Экономикалық Ынтымақтастық және
даму ұйымы тарапынан ұйымдастырылатын мектептің білім беру кеңістігі,
педагогтердің оқыту бойынша кәсіби дамуын зерттеуге негізделген халықаралық
зерттеу.
TALIS – мектеп директорлары және педагогтер арасында деректер жинау
әдісі ретінде сауалнама ұйымдастыру арқылы ұйымдастырылады.Зерттеудің
мақсаты – халықаралық деңгейде қолданылатын педагогтерге бағдарланған,
білім алушылардың жетістіктеріне әсер ететін аспектілерді анықтау.
PISA (Programm for lnternational Student Assessment) – оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. Бұл бағдарламаның
мақсаты білім беру жүйелері әр түрлі елдердің 15 жастағы жасөспірімдерінің
мектепте математика және жаратылыстану ғылымдарынан алған білім, білік
және дағдыларын өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларды шешуде қолдана
алуларын, сонымен қатар түрлі мәтіндерді оқып және түсінулерін
салыстырмалы бағалау болып табылады. PISA зерттеуі үш бағыт бойынша үш
жылда бір өткізіледі. PISA бағдарламасы халықаралық экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) (OECD – Organization for
Economic Cooperation and Development) және ұлттық орталықтардың
қатысуымен алдыңғы қатарлы халықаралық зерттеуші ұйымдардан құрылған
Консорциуммен жүзеге асырылады.
TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) – математика және
жаратылыстану білімінің сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу.
Жобаға қатысушы елдердің білім мазмұнын ескере отырып, бұл зерттеудің
аясында 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының математика және
жаратылыстану ғылымдары бойынша дайындықтарының сапасы бағаланады.
TIMSS зерттеулері оқу жетістері туралы жан-жақты мағлұмат алумен қатар,
ел, мектеп және білім берудің жағдайлары туралы қосымша ақпарат алуға
да мүмкіндік береді.
PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну
сапасын зерттеуге арналған.Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен
өткізіледі.
Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін
анықтайды. Әрбір оқушыға екі мәтін және сол мәтіндерге арналған
тапсырмалары бар дәптер ұсынылады. Бірінші – көркем әдеби мәтін- қызықты
оқиғалар, баяндаулар немесе ертегілер, екінші- ақпараттық (көбіне жануарлар
жайлы әңгімелер). Әрбір мәтінге шамамен 12- 15 тапсырма беріледі.
Оқушыларға барлық тапсырмаларды орындауға 80 минут беріледі (екі рет 40
минут үзілісімен).Орындалған жұмыстың сандық және сапалық бағалау
106
жүйелері қатар жүреді. PIRLS зерттеуін бағалау 1000 баллдық шкаламен жүзеге
асады. Орташа көрсеткіш 500 баллға сәйкес, стандарттық төменгі балл 100.
Халықаралық PIRLS зерттеу құралдарына тест тапсырмалары бар дәптерлермен
бірге оқушыға , ата- анаға, мұғалімге, мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама
кіреді. Сауалнаманы толтыру үшін әр адамға 30 минутқа жуық уақыт қажет.
Жоғарыда аталған халықаралық зерттеулер білім беру сапасын
жақсартудың маңызды бағыттары саналады.Сондықтанда, педагогтердің
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс –
әрекетін нақты осы халықаралық зерттеулеріндегі қойылған талаптарға сәйкес
дамыту маңызды деп санаймыз.Себебі,педагогтің бағалау іс – әрекеті білім беру
сапасына өз әсерін тигізеді.Әсіресе,бұл мәселе педагогтердің біліктілігін
арттыруда назардан тыс қалмауы маңызды.
Біліктілікті арттыруда тыңдаушылардың кәсіби қабілеттерін дамытуға
ерекше назар аударылуы қажет.Заманауи біліктілікті арттыру ұйымдарының
басты мақсаты оқыту үдерісіндегі педагогикалық іс - әрекетті сапалы өзгертуге
бағытталуы тиіс.
Осы орайда, заманауи тенденциялар аясында біліктілікті арттыру жүйесінің
мәні неде осы мәселені анықтап алған орынды деп санаймыз.
ҚР білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларында
еліміздің адами капиталын жетілдірудің негізі ретінде білім берудің барлық
деңгейлерін модернизациялау стратегиясы анықталды.
Құзыреттілік амалына негізделген заманауи біліктілікті арттыру жүйесінің
стратегиясы ол – кәсіби құзыреттілікті дамыту.Заманауи педагогтерге
қойылатын талап болса – креативтілік, үздіксіз өзін – өзі дамыту, жетілдіру.
Мұндай жағдайда,педагогтерді кәсіби дамытудың негізгі ресурсы болып
біліктілікті арттыру жүйесі қарастырылады. Себебі, педагогикалық кадрлардың
заманауи талаптар негізінде өз білім, біліктерін жетілдіруі тек біліктілікті
арттыру арқылы мүмкін болады деп санаймыз.
С.З. Байхонованың пайымдауыншы біліктілікті арттыру жүйесі – қарқынды
даму
үстінде
тұрған
оқытуды
ұйымдастыру,оның
мазмұны
және
технологияларға ерекше талаптар қоятын үздіксіз педагогикалық білім берудің
қосалқы жүйесі [248;18]. Байхонованың пікірінше біліктілікті арттыруда
педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың негізгі ұйымдастырушылық
шарты оқу үдерісін диагностикалық негізде құру.Бұл жағдайда, модульдік
бағдарлама педагогтерді өз оқуының белсенді қатысушысы,жалпы білім беретін
мектептердегі процесстерді зерттеуші, құзыретті маман ретінде дамытуға
мүмкіндік береді.
Оқыту процесі – бір – бірімен тығыз байланыста жүретін күрделі
құрауыштардан тұратын процесс.Оқыту процесінің маңызды құрауыштарының
бірі ол – педагогтің кәсібилігі немесе құзыреттілігі.
Білім беру саласындағы кез келген реформа, қандайда бір жаңа
инновациялық
технологиялар
болсын,
оларды
педагогтердің
игеру
мүмкіндіктеріне ұласады. Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің дамуы
107
олардың біліктілікті арттыру ұйымдарында алатын немесе толықтыратын
білімдері мен тәжірибелеріне тікелей байланысты.
Демек,заманауи білім беруде педагогтердің өз тәжірибесін үздіксіз
жетілдіруіне мүмкіндік беретін институт ол – біліктілікті арттыру.Ендеше,
заманауи мұғалімге теория мен тәжірибені тиімді жеткізуге ықпал ететін
біліктілікті арттыру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар қандай?
Біліктілікті арттыру жүйесінде қандай мәселелерге ерекше назар аударылуы
тиіс?
Бұл сұрақтардың жауабын табу үшін отандық және шетелдік ғалымдардың
бұл мәселе бойынша ғылыми көз қарастарын талдау орынды деп санаймыз.
Біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жұмыстарының жаңа моделі
біліктілікті арттыру курстарының үздіксіздігі, міндеттілігі, жаңа педагогикалық
технологияларға, инновацияларға, ақпараттық және қашықтықтан оқыту
технологияларына бағыттылығы, заманауи ғылымның жаңа жетістіктерімен
таныстыру, заманның өзгермелілігіне сәйкес іздеушілік, зерттеушілік және
шығармашылық іс – әрекетті ұйымдастыруға көмек беру мәселелерінен құралуы
тиіс [249;37].
А.Кандаурова үздіксіз кәсіби білім және өзгермелі әлемде педагогтің
дамуын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыруды жүйе, процесс, субъекттің
белсенді іс – әрекеті ретінде түсіндіреді[250;16]Ғалымның пікірінше,біліктілікті
арттыру жүйе ретінде әлеуметтік қарым – қатынас және педагогикалық
интеграцияға педагогтердің білім берудегі қажеттіліктерін, біліктіліктілікті
арттырудың бағыттары және мазмұнын анықтау арқылы әсер ету.Процесс
ретінде әдіс, құралдар, жұмыс формалары және технологиялардың,
вариативтілігі,
модулдігі,
дараландырушылығы,
прогностикалықтығы,
интегративтілігімен ерекшеленеді, педагогтердің қажеттіліктерін қамтамасыз
етіп, әлеуметтік қарым – қатынастың өзгеруі негізінде ұйымдастырылады.
Біліктілікті арттыру субъекттің белсенді іс – әрекеті ретінде өзін, кәсіби іс –
әрекетін, өзгермелі әлемде кәсіби дамуы мен өзін – өзі дамытуға болған
қажеттілікті талап ететін маманның қажет етілетін және нақты біліктілік
деңгейінің жағдайы арасындағы субъекттің рефлексиясы қарама –
қайшылықтарын біліктілікті арттыру формалары мен мазмұнын таңдау еркіндігі
арқылы жүзеге асыру.
Б.А.Альмухамбетов біліктілікті арттыру жүйесінің білім берушілік,ғылыми
– ақпараттық, консалтингтік, эксперттік, іздеу-зерттеушілік, апробациялық,
кеңейту, енгізу қатарлы негізгі қызметтерді атқаратындығын атап
көрсетеді[251;40-41]. Ғалымның пікірінше біліктілікті арттыру жүйесі
Қазақстандық білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға және өз іс –
әрекетіне білім беру және ғылыми бағыттарды кіріктіруі қажет.
Т.М Баймолдаев болса,біліктілікті арттыру жүйесінде тәрбие –
тыңдаушылардың руханийлығын дамыту, білім беру – ой және шығармашылық
арқылы тыңдаушылардың жеке ішкі нормаларын сезінуін арнайы ұйымдастыру
процесі, дамыту – өз іс – әрекетінің нәтижесін сезіну, жаңаша ойлау қабілетін
дамытуды арнайы ұйымдастыру процесі,- деп тұжырымдайды [252;5]. Ғалым
108
біліктілікті арттырудың негізгі принципі үздіксіздік екендігін атап көрсетеді
және біліктілікті арттырудың тыңдаушының дамуына мүмкіндік беретін
әлеуметтік – білім берушілік ортаны қалыптастуруы қажеттілігін алға сүреді.Бұл
орайда, білім беру құндылық ретінде – әлемге болған көз қарасын қалыптастыру,
жүйе – қоғамды мәдениетке баулу бойынша әлеуметтік тапсырысты қамтамасыз
ету, үдеріс немесе іс – әрекет ретінде ішкі образдың өзгертілуі, нәтиже – іс –
әрекетке болған қабілеті,ішкі нормалары, қажеттіліктердің позитивті өзгертілуі,
қызмет – нәтиже және үдеріс барысында сапаны қамтамасыз ету болып
табылады.
А.А Жайтапова біліктілікті арттыру жүйесінде шығармашылық әлеуеттің
дамуы, педагогтердің кәсіби өсуі және білім беру процесінің тұрақтылығы
синергетикалық тәсілге байланысты болып келеді. Ересектерді оқыту барысында
ұйымдық және әдістемелік үлгілерде жүзеге асырылатын бұл процесс қол
жеткізген жетістіктерде біліктілікті арттыру үлгілерінің оңтайлы үйлесімінде
және танымдық уәждеменің қалыптастырылуында әрі субъектілік белсенділіктің
дамуында көрініс табады,[253;9]- деп атап көрсетеді.
Заманауи біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі критерийлерінің бірі сапалы
нәтижеге жету үшін білім берудегі жаңа әдіс – тәсілдер, әдіснамалар, жаңа
бағдарламаларды – педагогикалық инновацияларды инновациялық іс –
әрекеттердің көмегімен игеру болып саналады [254;102].
Отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми көз қарастарын талдай
отырып, біз біліктілікті арттыру жүйесі – білім беру позицияларын заманауи
талаптар негізінде реттейтін, оқыту мазмұнын педагогтер қоғамының
қажеттіліктері мен қиындықтары аясында құрастыратын, бәсекеге қабілетті,
инновациялық, интегративті білім беру ортасы, деп тұжырымдаймыз.
Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ жанындағы педагогикалық
шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, жекеменшік біліктілікті арттыру
орталықтары, ЖООлар жанындағы біліктілікті арттыру департаменттері,
қалалық және облыстық білім беру басқармалары, аудандық білім беруді дамыту
орталықтары тарапынан ұйымдастырылады.
Осы орайда,оқыту үдерісінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда
критериалды бағалауды қолдану міндетінің қойылғандығын ескерсек,
біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс – әрекетін дамыту бүгінгі біліктілікті арттырудың негізгі проблемасы
екендігі айқындалады.
Қазақстандық білім беру жүйесінің жаһандануы жағдайында педагогтердің
үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету өзекті проблемалардың бірі. Себебі, жоғары
оқу орнында алған білімді заман талаптары негізінде жаңарту арқылы педагогтер
өз тәжірибелерін қоғам қажеттіліктеріне сай толықтыра алады.
Зерттеу жұмысымыздың пәнінде көрсетілген мәселені тиімді ету үшін біз
қазақстандық біліктілікті арттыру жүйесінде орын алған жаңалықтар мен жаңа
бағыттардың барысын және білім беру бағдарламаларының мазмұнын талдауға
тырыстық.
109
Жоғарыда аталған ұйымдардың арасында «Өрлеу» БАҰО АҚ біліктілікті
арттыру орталығының даму стратегиясына байланысты жұмыс процесінде
жүзеге асып отырған заманауи бетбұрыстарға тоқталдық. Сонымен бір
қатарда,білім беру бағдарламаларында педагогтердің бағалау іс – әрекетін
дамытуға бағытталған жұмыстарға талдау жасадық.
Кейінгі 7-8 жыл аралығында қазақстандық біліктілікті арттыру
ұйымдарында шетелдік технологияларды білім беру үрдісіне енгізу Финляндия,
Сингапур және Ұлыбритания секілді елдер тәжірибелері негізінде педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары қарқынды жолға қойылды.
Солардың ішінде Кембридж факультеті мен серіктестікте Педагогикалық
шеберлік орталығы тарапынан жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне
арналған үш деңгейлік тренингтік бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл
бағдарлама бойынша педагогтердің біліктіліктерін арттыру 2013 - 2016 жылдар
аралығында жүзеге асты.Біліктілікті арттыру жүйесінде деңгейлік оқытуды
біліктілікті арттыру институттары жанынан құрылған деңгейлік оқыту
орталықтары жүргізді.Мысалы,III базалық деңгейге арналған білім беру
бағдарламасын алатын болсақ, бұл бағдарламада 160 академиялық сағат берілген
болып ол жеті модулді құрайды.
Бұл модульдер:
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
- Талантты және дарынды балаларды оқыту;
- Оқытудағы басқару және көшбасшылық;
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
- Оқыту мен оқуда АКТ ды пайдалану;
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Аталған модульдер бойынша берілген бағдарламада 1 айлық оқудың ішінде
тек екі күн яғни күніне 8 сағаттан есептегенде 16 сағат оқыту үшін бағалау және
оқуды бағалау модуліне берілген.
Енді,2016 жылы басталған жаңартылған білім беру бағдарламалары
бойынша өткізілген біліктілікті арттыру курстарына тоқталатын болсақ: бұл
бағдарлама бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары пән
бағыттарына байланысты қазақ, орыс тілдерінің мұғалімдері үшін
ұйымдастырылатын курстар 4 апта, бастауыш сынып мұғалімдері үшін 3 апта,
тарих, математика, биология, география, биология пәні мұғалімдері үшін 2
аптаны құрайды.Демек, бағдарламалар 160, 120,80 және 40 сағаттық болып
бөлінеді. Енді аталған бағдарлама аясында ұйымдастырылған курстар
бағдарламасында оқу жетістіктерін критериалды бағалауға арналған тақырыптар
екі күнге жоспарланған яғни критериалды бағалауға шолу, ерекшеліктерін
түсіндіруге 8 сағат (1 күн),критерий, дескрипторларды құруға 8 сағат (1 күн)
жалпы саны 16 сағат.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту жүйесінде
педагогика кадрларының біліктілікті арттыру курстарының білім беру
бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан республикасы білім және ғылым
110
министірінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №32 бұйрығы бойынша 84 білім беру
бағарламасы құрастырылған болып оның ішінде:
1.Қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі), орыс тілі (қазақ
және орыс тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі), ағылшын тілі пәндері
бойынша біліктілікті арттыру бағдарламасының оқу жоспарында 160 сағат
берілген болып,3 апта жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы
педагогикалық тәсілдер.Алға ілгерілеуді бағалау және келесі қадам туралы
ойлану тақырыбында ұйымдастырылып, алға ілгерілеу және үлгерім тақырыбы
критериалды бағалауға арналған болып оған жалпы 8 сағат берілген:
Кесте 14 - Оқу жоспары
3-апта. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер.Алға
ілгерілеуді бағалау және келесі қадам туралы ойлану
Күн
Күн тақырыбы Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Алға ілгерілеу
және үлгерім
1 Табыс критерийлерін белгілеу
Бағамдауға арналған жаттығу: Критериалды бағалау
2
2Табыс критерийлерін белгілеу
2
3 Бағалау жөніндегі нұсқаулық және табыс
критерийі
Бағамдауға арналған жаттығу: Критериалды
бағалау
2
4 Бағалау жөніндегі нұсқаулық және табыс
критерийін көрсету
Бағамдауға арналған жаттығу: Критериалды бағалау
2
Жаңартылған білім беру жағдайында қазақ және орыс тілінде оқытатын
мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының
оқу бағдарламасында критериалды бағалау мәселесіне 120 сағаттан 8 сағат
берілген одан бөлек математика пәнінде критериалды бағалау мәселесіне 4 сағат
берілген жалпы 12 сағат:
Кесте 15 - Оқу жоспары
1 апта Жаңартылған білім беру бағдарламасына кіріспе
Күн Күн тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Критериалды
бағалауға
арналған негізгі
тәсілдер
Бағалау қағидаттары
2
Критериалды бағалау моделі
2
Қалыптастырушы бағалау
2
Ішкі жиынтық бағалау
Нәтижелерді жариялау
Критериалды бағалауға дайындық және
критериалды бағалау материалдарына шолу
2
2016 ж 15 қаңтар №36 бұйрық бойынша құрастырылған педагогикалық
кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында оқу жетістіктерін бағалау
111
мәселесіне байланысты берілген тақырыптардың салыстырмалы сағат санын
төмендегі кестеден көруге болады:
Кесте 16 - Оқу жетістігін бағалауға арналған тақырыптардың салыстырмалы
кестесі
№ Білім беру бағдарламасының тақырыбы
Бағдарлама
бойынша
сағат саны
Бағалау
мәселесіне
арналған тақырыптарға
берілген сағат саны
1
2
3
4
1
Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде
«бейнелеу өнері», «музыка» пәндері бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
курсы
36
4
2
«Жоба жұмысы» пәні бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы
40
4
3
«Ғаламдық перспективалар және жоба
жұмысы» пәні бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы
80
6
4
«Ақпараттық коммуникацилық
технологиялар» және «Информатика» пәні
бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру курсы
80
24
5
Дене шынықтыру пәні бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы
40
4
6
Орыс тілді және қазақ тілді мектептердегі
«орыс тілі» және «орыс әдебиеті» пәні
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру курсы
160
16
7
Математика
пәні
бойынша
педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы
160\80
16\16
8
Физика
пәні
бойынша
педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы
160\80
16\8
9
Информатика
пәні
бойынша
педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы
80
8
10
Химия және жаратылыстану пәні бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
курсы
80
16
11
Биология және жаратылыстану пәні бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
курсы
80
16
12
География және жаратылыстану пәні бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
курсы
80
16
13
Қазақстан тарихы және құқық негіздері, дүние
жүзі тарихы және құқық негіздері пәні
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру курсы
80
16
112
16 – кестенің жалғасы
1
2
3
4
14
Қазіргі әлемдегі қазақстан пәні бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
курсы
80
16
15
Графика және жобалау пәні бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы
80
16
16
Көркем еңбек пәні бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы
40
8
Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстарының
бағдарламалары
1
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне
арналған біліктілікті арттыру курсы
80
80
«Бағалауға арналған тапсырмаларды бағалау және сараптау» бойынша біліктілікті арттыру
курстары
2
Қазақ тілінде және орыс тілінде оқытатын
мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
пәні мұғалімдеріне арналған «Бағалауға
арналған тапсырмаларды бағалау және
сараптау»
80
80
3
Қазақ тілінде және орыс тілінде оқытатын
мектептердегі орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні
мұғалімдеріне арналған «Бағалауға арналған
тапсырмаларды бағалау және сараптау»
40
40
4
Ағылшын тілі, математика, биология, тарих,
география, химия пәндері мұғалімдеріне
арналған «Бағалауға арналған тапсырмаларды
бағалау және сараптау»
40
40
Жоғарыда келтірілген кестедегі мәліметтер жаңартылған білім беру
бағдарламасының
енгізілуінің
бастапқы
сатысында
құрастырылған
бағдарламалар.
Енді, Қазақстан Республикасының білім және ғылым міністірінің мектепке
дейінгі, орта, қосымша білім беру,сондай - ақ арнаулы білім беру ұйымдарының
педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру
бағдарламаларын бекіту туралы 2016 жылғы 28 қаңтардағы №92 бұйрығы
бойынша құрастырылған білім беру бағдарламаларында оқу жетістіктерін
критериалды бағалау мәселесінің қамтылуын салыстырмалы талдау барысында
біз келесі мәліметтерді айқындадық:
- №92 бұйрық негізінде 143 біліктілікті арттыру курстарының білім беру
бағдарламалары құрастырылған;
- Осы бұйрықтың 54 қосымшасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған
«Б.Блум таксономиясы аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалау» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы берілген;
- Бағдарламаның мазмұндық модулі аясында оқу жетістіктерін бағалауға
арналған «Тарих сабақтарында оқытуды оқытудың нәтижелерін критериалды
бағалау.Блум таксономиясы оқытуда нәтижеге жетудің бағалаудың әдісі
113
ретінде» тақырыбына 8 сағат берілген: оның 2 сағаты лекция, 4 сағаты
тәжірибелік сабақ, 2 сабағы тренинг;
- «Суммативті және формативті бағалау: оқыту үшін бағалау және оқытуды
бағалау» тақырыбына 2 сағат тәжірибелік сабақ, 2 сағат тренинг жалпы 4 сағат
берілген;
- Мазмұндық модуль бойынша берілген қалған тақырыптар тәрбие және
инновациялық оқыту технологияларына арналған.
Бұл қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары болып, олардың
мазмұнында критериалды бағалау мәселесіне арналған тақырыптар мүлдем жоқ
немесе 2-4 сағатты құрайды.
Бағалау мәселесі бойынша ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру
курстарының мазмұнына келетін болсақ, бұл курстарда тек критериалды
бағалаудың мазмұнына, құрылымына шолу, бағалауға арналған тапсырмаларды
құрастыру, бағалау үдерісінің жүргізілуі қатарлы мәселелер қамтылған.
Алайда,сол
бағалауды
жүргізу
барысында
оның
білім
алушының
психологиясына әсері, бағалауды жүзеге асыруда педагогтің өзін психологиялық
– педагогикалық сүйемелдеу, нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету, бағалау
іс – әрекетін жүзеге асыруда педагогтердің бағалау іс – әрекетінің принциптері,
қызметі қатарлы мәселелер қамтылмаған.Сонымен бір қатарда, бұл
бағдарламаларда қалыптастырушы және сабақ барысындағы жиынтық бағалауда
ұлттық болмысымызға негізделген бағалау формаларын құрастыру мәселелері де
назардан тыс қалған.Біз өз зерттеу жұмысымыздың қалыптастырушы кезеңінде
дәл осы мәселелердің қамтылуына көңіл бөлетін боламыз.
Сондай – ақ, ел аумағында 2021 жылы жаңартылған білім беру
бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарының тоқтатылғанын,
педагог қызметкерлердің жаңартылған білім беру бағдарламалары аясында
құрастырылған біліктілікті арттыру курстарынан 100% өтпегендігін, жалпы орта
білім беру ұйымдарына «педагог мәртебесі»нің әлеуметтік тұрғыдан артуы
аясында мектепке жұмысқа тұруға ұмтылған мұғалімдер санының арта
түскендігін ескерсек,сонымен бір қатарда заңға сәйкес педагог қызметкерлердің
біліктілікті арттыру курстарынан алған сертификаттарының жарамдылық
мерзімінің 3 жыл екендігін ескерсек, біздің зерттеу жұмысымыздың пәнінде
көрсетілген педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту мәселесінің маңызының зор екендігін
айқындауға болады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселесі педагогтердің бағалау іс –
әрекетін дамытуды тиімді жүзеге асыру біліктілікті арттыру жүйесінде оқу –
оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға байланысты.
Бұл орайда, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін педагогтердің
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту мәселесі қайта
қарастыруды талап ететін өзекті мәселе. Педагогтердің бағалау іс - әрекетін
дамытуды жүзеге асыру педагог қызметкерлердің заман талабына сай
қажеттіліктерін анықтап, талдау арқылы, олардың психологиялық, әлеуметтік
114
талаптарын ескере отырып ұйымдастырылуы, яғни педагогтерді оқыту
бағдарламаларының мазмұны жаңартылуы қажет деп ойлаймыз.
Біліктілікті арттыру үдерісінде педагогтердің оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту олардың бағалау біліктерін дамыту
үдерісін тиімді ұйымдастыруға тікелей байланысты деп санаймыз.
Білім берудің жаңа парадигмасы ясында ересек адамдарға білім беру (біздің
зерттеуіміз жағдайында педагог қызметкерлерге) олардың білімін үздіксіз
дамыту үдерісінің мазмұнын жаңарту мәселесі психологиялық – педагогикалық
бағыттағы ғылыми зерттеулерде өзекті мәселе саналады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың нысаны болған педагогтердің біліктілікті
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін
дамыту үдерісінің ұйымдастырылуы, үдеріс кезеңдері, үдерістің жүзеге асуына
ықпал ететін субъекттердің қызметі қатарлы мәселелердің мәнін ашу
педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуда маңызды деп санаймыз.Себебі,
біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижелілігі ересектерге білім берудің
принциптерімен оның ерекшеліктерімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Өмір бойы білім алу немесе үздіксіз білім – тұлғаның жеке немесе кәсіби
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оның мақсатты ұмтылысына
негізделген ерікті білім.Үздіксіз білім тұлғаның, біздің жағдайымызда педагог
қызметкердің шығармашылық даму қажеттілігі мен тұлғаның рухани
қажеттілігін қамтамасыз ететін – дамытушылық, базалық білімдегі
кемшіліктердің орнын толтыруға негізделген – толықтыру, өзгермелі әлеуметтік
жағдаяттар жағдайында жедел дайындау және қайта даярлауды көздейтін –
бейімдеу, беймәлім мәдени аспектіге кіріктіруге мүмкіндік беретін – кіріктіру,
қайта әлеуметтендіру, инновацияға шөгіру, ақпараттандыру қызметтерін
атқарады.
Осы орайда,педагог мамандығының ерекшеліктеріне байланысты оның
кәсіби дамуының қадамдық траекториясын төмендегідей көрсетуге болады:
Сурет 18 - Педагогтердің кәсіби даму траекториясы
Базалық
кәсіби
педагогика
лық білім
(ЖОО)
ЖООнан кейінгі
білім (магистратура,
докторантура)
Базалық
білімді
толықтыру
, жаңарту
Үздіксіз
біліктілікті
арттыру
Заманауи
талаптар
негізінде
даму
Инновацияны
қолдану ,
икемділік
Бейімделу
Кірігу
(тәжірибеге
шөгірілу)
115
Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту
үдерісі ересектерге білім берудің негізгі қағидалары аясында жүзеге асырылуы
тиіс деп санаймыз.
Заманауи білім беру саласында ересектердің білімін үздіксіз арттыру қоғам
дамуының жаһандық мәселелері мен бір қатарда қарастырылуда.Бұл жағдай
тұлға іс - әрекетінің нәтижесі болған жаңа инновациялардың қарқынды көбеюі
мен адамдардың сол жаңалықтарды игерудегі құзыреттіліктерді меңгеру
қарқынының төмен днңгейде екендігі мен түсіндіріледі.Сондықтанда,ересек
адамдарға олардың құзыреттілік деңгейін дамыту мақсатында үздіксіз білім беру
жаһандану жағдайында адам өмірінің барлық салаларында орын алған қазіргі
заманнның сын – тегеуріндерін жеңуге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасырдың маңызды бағыты болған ересектерге білім беру мәселесінің
ең күрделі және бүгінгі заман талаптары бойынша үнемі жаңартуды талап ететін
педагогтердің кәсіби білімін үздіксіз арттыру үдерісі болып табылады.
Жоғарыда келтірілген ғылыми көзқарастар негізінде педагогтердің
біліктілігін арттыру үдерісін мұғалімдердің оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс – әрекетін дамытуға бағыттау үшін педагогтерді оқытудың мазмұндық
– құрылымын төмендегі байланыстар негізінде айқындадық:
Сурет 19 - Педагогтердің оқушылардың оқу жетістікт ерін бағалау іс – әрекетін
дамытудың мазмұндық- құрылымы
Педагогикалық қоғамның
қажеттіліктері
ҚР ОАМ
мен
келісімшарт
Білім беру
бағдарламалары
Б
ағ
да
рла
м
а
құры
лы
м
ы
Инварианттық
Вариативті
Біліктілікті
арттыру
ұйымдары
Тақырып
Мақсат,Міндеттер,
күтілетін
нәтижелер
М
од
ульд
ер
Нормативтік - құқықтық
Психологиялық- педагогикалық
Технологиялық
Вариативтік
М
азм
ұн
ды
қ
мод
уль
Мазмұндық
құрылым
Когнетивті білім
Тәжірибе
Пәнге бағыттылық
О
қы
ту
про
це
сі
Педагогтердің біліктілігін арттыру
О
қы
ту
ф
ор
м
ал
ар
ы
Л
ек
ци
я
\д
әрі
с\
Т
әж
іри
бе
лі
к
са
ба
қ
С
еми
на
р
Т
ре
ни
нг
К
он
ф
ер
ен
ци
я
Дөң
ге
ле
к
үс
те
л
Инновациялық
технологиялар
Инновациялық
Оқыту әдістері
Жобалау,кейс стади,Lesson stady,
каллоборативті әдістер,сыни ойлау
әдістері,интербелсенді әдістер
Кері
байланыс
Ре
ф
ле
кс
ия
Ү
де
рі
ст
і
ұй
ы
мд
ас
ты
ру
Үдеріс
субъекттері
Оқытушы,тренер
Тыңдаушы
Субъект –субъекттік
қарым – қатынас
Бағалау
нысандары
ы
Жоба
Тест
Ш
ы
ғы
с
ре
ф
лн
екс
ия
сы
Се
рт
иф
ик
ат
Озық тәжірибеге
сүйену
Іс – әрекеттік ортаға
шөгіру
Тәжірибелік
орта құру
Педагогикалы
қ серіктестік
Әдістемелік
сүйемелдеу
116
Енді осы құрастырылған сызбаның мазмұнына тоқталайық:
Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру төмендегі нормативтік құжаттарда көрсетілген талаптар негізінде
жүзеге асады:
- ҚР «Білім туралы» Заңы;
- ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары;
- ҚР педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін
дамыту Концепциясы;
- Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу,
сондай - ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары;
- ҚР «Педагог мәртебесі» туралы заңы.
Аталған нормативтік құжаттар педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру жұмыстарының құқықтық қамтамасыз етілуіне негіз болады.
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу,
сондай - ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларында біліктілік
– тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби
білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |