Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет29/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
жетісітк бағалау

Рөлдік, іскерлік ойындар - нақты өмірлік жағдаятты модельдеуді мақсат 
ететін адами қарым – қатынастың ерекше түрі. Рөлдік ойындар кәсіби тілдік 
біліктер мен мамандықтың тілдік стилін игеруге мүмкіндік береді[244;58] 
Рөлдік, іскерлік ойындар педагогтердің бағалау іс – әрекетінде туындауы 
мүмкін жағдаяттарды шешу арқылы іс – әрекеттік құзыреттілікті дамытуға 
ықпал етеді. 
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – ақпараттық және 
коммуникациялық 
процестерді 
бірлесе 
жүзеге 
асыруға 
негізделген 
технологиялар. Ақпараттық технологиялар – ақпаратты табу, іздеу, 
интепретациялау, жинақтау әдістері мен процестер жиынтығы болса, 
коммуникациялық технологиялар – ақпаратты жеткізу, жүзеге асыру әдістері 
мен процестері.
Зерттеу жұмысымыз аясында біз қолданған технологиялардың бірі ол – 
модульдік оқыту технологиясы – модульдік оқыту теориясының негізін қалаған 
америкалық ғалым Дж.Рассел.Ғалымның пайымдауынша модуль дидактикалық 
контенттің концептуалды бірліктерін және білім алушының іс - әрекеттерінің 
жиынтығын қамтиді және жаңа білімді игеруге мүмкіндік береді. 
Біздің зерттеу жұмысымыз барысында модульдік оқыту технологиясы 
педагогтердің бағалау іс - әрекетінің даму деңгейлерін анықтап,әр бір модуль 
бойынша алған білімін түзетуге, толықтыруға мүмкіндік береді.Толық модульдік 
курс бойынша тест жұмыстарының құрастырылуы педагогтердің білім 
мазмұнын игеру деңгейін айқындауға көмектеседі. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың екінші шартына сәйкес біз 
қолданған технологиялардың бірі сыни тұрғыдан ойлау немесе оқу мен жазу 
арқылы сыни ойлауға үйрету технологиясы.(Чарльз Темпл, Джинни Стил, 
Куртис Мередит).Сыни тұрғыдан ойлаудың кейінгі анықтамаларын алатын 


98 
болсақ, бұл технология метакогнетивтік қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. 
Демек, ой туралы ойлау,өзіңнің және басқа бірінің ойын, іс – әрекетін 
құрылымындағы қателіктерді анықтау мақсатында ой елегіңнен өткізу.Бұл 
ойдың 
түпкі 
мәні 
айырмашылықты 
түсіну,критериялар 
бойынша 
салыстыру,интерпретациялау.Біздің зерттеу жұмысымыздың тәжірибелік 
кезеңінде сыни ойлау технологиясының әдістерін қолдану педагогтердің бағалау 
іс – әрекетін дамытуға ықпал етеді және педагогтердің өз тәжірибелеріндегі 
оқылықтарды шешуге мүмкіндік береді. 
Сонымен бір қатарда, біз өз зерттеуімізде педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуға 
ықпал ететін тренингтер мен семинарлар ұйымдастырамыз. Ұйымдастырылған 
семинарлар мен тренингтер мазмұнын диссертациялық жұмысымыздың 3.3 
тарауында тізбектейміз.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың біз ұсынып отырған екінші шарты 
яғни иннновациялық технологиялар мен тренингтер, әдістемелік семинарлар, 
вебинарларды қолдану бізге біз құрастырған біліктілікті арттыру курсының 
мазмұнын тиімді ету мен бір қатарда инновациялық әдістемелік ортаны 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Инновациялық әдістемелік орта – жеке тұлғаның жан – жақты дамуына 
мүмкіндік тудыратын, жаңашылдық білімді дамытатын, өзгеріс енгізетін, соны 
педагогикалық идеяларды өмірге әкелетін кеңістік ретінде сипатталады. Мұндай 
орта өзінен – өзі стихиялық түрде пайда болмайды.Ол кіріктірілген, 
жасампаздық педагогикалық әрекет нәтижесінде сол дәрежеге жетеді[245;24] 
Демек, біз өз зерттеу жұмысымыз аясында педагогтердің бағалау іс – 
әрекетін дамыту мақсатында инновациялық технологиялар мен әдістерді 
қолдану арқылы инновациялық әдістемелік орта құрастырумыз және сол ортада 
олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеміз. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетінің дамуын тиімді ететін инновациялық 
технологиялар, тренингтер, озық тәжірибелер, әдістемелік семинарларды 
қолдану. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың үшінші шарты педагогтердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет