Масимова хуршидам ташболатовна


Мотивациялық – мақсаттық компонент –



Pdf көрінісі
бет43/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
жетісітк бағалау

Мотивациялық – мақсаттық компонент – біліктілікті арттыру 
жағдайында педагогтердің бағалау іс - әрекетін игеруге болған психологиялық 
дайындығының астарларын жинақтайды.Бұл компонент педагогтердің
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекеті тұралы білімдерінің кәсіби 
құзыреттілікті дамытуға болған әсерін ұғынуға, бағалау іс - әрекетін дамытуға 
болған позитивті көз қарасын қалыптастыруға, білім алуға, үйренуге болған 
қажеттіліктері мен мотивтерін өз ішіне алады.
Мотив – субъект қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты іс-
әрекетке ояту,уәждеу; субъект белсенділігін арттыратын және оның 
бағыттылығын анықтайтын ішкі және сыртқы шарттардың жиынтығы; тұлғаның 
іс - әрекеттерді таңдауы және оның әрекеттерінің негізінде жататын себеп; іс-
әрекет бағыттылығын таңдауды анықтаушы және оятушы зат. Педагогика және 
психология түсіндірме сөздігінде (Мотив; фран.мotif, лат. Moveo - қозғаймын) – 
субъекттің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның 
белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы түрткі ретінде 
қарастырылады.
«Түрткі» термині субъектінің белсенділігін туғызатын түрлі құбылыстар 
мен күйлерді білдіру үшін қолданылады. Түрткі – адамды түрлі іс-әрекетке 
итермелейтін себеп. Кісінің өз қажеттіліктерін өтеуі оның түрткілеріне 
байланысты [276]. 
Педагог үшін білім беру саласында сол жүйеге енгізілген жаңалықтарды 
игеруге болған позитивті көз қарастың қалыптасуы маңызды.Позитивті көз қарас 
педагогтің сол жаңалықты үйренуге болған мотивациясының оянуына түрткі 
болады. Мотивация педагогтің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына әсер етеді. 
Мотиві жоғары педагогтер үнемі өз кәсібінде белсенді, бастамашыл, мақсатқа 
қарай бағыттылығы тұрақты болып келеді. Жаңалықтарды игеріп, оларды өз 
тәжірибелеріне енгізуден қорқпайтын педагогтер өздеріне қалыптан тыс 
жауапкершіліктерді ала біледі. 
Педагогтердің бағалау біліктерінің қалыптасуы тұлғаның ішкі 
қажеттіліктерінің, санасының мотивтерінің, белгілі әрекеттерді жүзеге 
асырудағы құралдарының өзгеруі.Тұлғаның мотивациясының өзгеруіне , әсіресе, 
педагогтердің олардың санасында қалыптасқан стереотиптер кедергі болады.Бұл 
стереотиптерді педагогтердің жаңаны үйренуге болған мотивациясының дамуы 
жоя алады. 
Мотивациялық - мақсаттық компонент деп мақсаттық пен мотивациялық 
компонентті біріктіруіміздің себебі, біздің ойымызша тұлғаның қалыптасуы 
оның мотивациясын оятуға түрткі болатын қабілеттерінің өз білімін жетілдіру 
арқылы мақсатты түрде дамуы мен байланысты деп санаймыз. 


147 
Мақсат – оқу үдерісін белгілі бір, нақты нәтижеге бағыттайды, іс - әрекеттердің 
жүйеленуін, интеграциялануын, кезеңділігін қамтамасыз етеді, нәтиженің 
бастапқы жоспарланған іс - әрекеттер мен сәйкестенуін қамтамасыз етеді. 
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында мотивациялық – мақсаттық компонент 
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс - әрекетін дамытуға мүмкіндік беретін оқыту бағдарламасын мақсатты 
түрде жүзеге асыруға ықпал етеді.Педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытудың 
стратегиялық мақсаты біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін жақсарту . 
Тактикалық немесе дидактикалық мақсаты: 
- Педагогтердің бағалау іс - әрекетін біліктілікті арттыру курстарының
модульдері аясында дамытудың тиімділігін бағалау; 
- педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін
айқындау; 
- Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін
дамыту бойынша біліктілікті арттыру курсының оқу бағдарламасын 
әзірлеу,педагогтерді оқытудың тиімді түрлері мен әдістерін таңдау. 
Мотивациялық – мақсаттық компонент бүгінгі таңдағы педагогтердің 
оқыту үдерісіндегі қолданыста жүрген қалыптасқан бағалау іс - әрекетін олардың 
қажеттіліктеріне сәйкес өзгертуге ықпал етіп, педагогтің өзіндік «Менін» 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.Өзіндік іс - әрекеттер жүйесін жаңартуға 
болған ұмтылысын арттыруға көмектеседі.
Біздің ойымызша, педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту мақсатқа 
бағыттылық , субъективтілік, ашық оқыту кеңістігі, денсаулықты сақтау, пәндік 
– кәсіби сәйкестілік, рефлексивтілік принциптері негізінде жүзеге асуы қажет. 
Субъектілік принцип негізінде – педагогтерді оқыту үдерісінде 
педагогтердің жеке пікірлері мен қажеттіліктері, қалаулары ескеріледі. 
Ашық оқыту кеңістігі принципін ұстану оқыту үдерісінде педагогтердің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту мақсатында 
қолданылатын әдіс – тәсілдер, оқыту түрлерінің педагогтер тарапынан таңдап 
алынуына мүмкіндік береді.
Пәндік – кәсіби сәйкестік – оқыту бағдарламасын құру барысында 
педагогтердің кәсіби ерекшеліктері, базалық білімдерінің ерекшеліктері, 
заманауи педагогтің білім , біліктеріне қойылатын талаптар ескеріледі. 
Денсаулықты сақтау принципі ересектерді оқытуда олардың когнитивті 
дағдылары, психологиялық ерекшеліктерді ескеруге түрткі болады. 
Рефлексивтік принцип – педагогтердің өз іс - әрекеттері және олардың 
нәтижесін саналы қабылдап, кемшіліктердің орнын толтыруға ұмтылыс жасап, 
жетістіктерін талдап, баға беруін қамтамасыз етеді. 
Мотивациялық – мақсаттық компонент: 
- Бағалау іс – әрекетін шығармашылық пен жүзеге асыруға; 
- Бағалау үдерісін ұйымдастыруға болған қызығушылығы; 
- Жетістікке болған ұмтылысы; 
- Өзін – өзі дамытуға болған ұмтылыстың болуы мен сипатталады және 


148 
мазмұндық компонент пен ұштасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет