Масимова хуршидам ташболатовна


Технологиялық компонент –



Pdf көрінісі
бет45/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
жетісітк бағалау

Технологиялық компонент – педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту 
мақсатында жүзеге асырылатын іс – шаралардың кезеңдік жүзеге асырылуын 
қамтамасыз етеді.Педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуға бағытталған 
оқыту үдерісі анықтау – жобалау, дамыту және нәтижені бағалау кезеңдерін өз 
ішіне алады. 
Анықтау және диагностикалық – жобалау кезеңінде педагогтердің жаңа 
форматтағы бағалаудың жүзеге асырылу жолдары тұралы білім, түсініктері тест 
сұрақтары, сауалнамаларды қолдану, жағдаяттық бейне материалдар және 
сұхбаттасу арқылы анықталады.Педагогтердің бағалау іс - әрекетін жүзеге 
асырудағы қажеттіліктері анықталынады.Талданған мәліметтер негізінде оқыту 
мазмұны құрастырылады. Сонымен бір қатарда, осы мәселеге байланысты оқыту 
жағдаяты педагогтер тарапынан құрастырылады. 
Дамытушы кезеңде педагогтер проблемалық сұрақтар бойынша пәндік 
ерекшеліктерге сәйкес тапсырмалар алады және тек ақпараттық тұрғыдан 
берілген мәліметтер мен шектелмей оқу үдерісінде белгілі проблемалық 
жағдаяттарды шешу арқылы сұрақтарға жауап іздейді.Бағалау іс - әрекетіне 
байланысты заманауи талаптарды ескере отырып, педагог пен білім алушы 
арасындағы бағалау іс - әрекетін дамытуға негіз болатын жаңа технологиялар, 
оқыту формалары, әдістер қолданылады.Сол жаңа интербелсенді әдістердің 
көмегімен педагогтердің бағалау іс - әрекеті тұралы түсініктері теңестіріледі.Бұл 
орайда, педагогтерге бағалау іс - әрекетін дамытуға бағытталған тапсырмалар 


150 
беріледі.Тапсырмаларды орындау барысында педагогтер бағалау іс - әрекетінің 
құрамдас бөліктері, құрылымы, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
ерекшеліктері тұралы мәліметтер алады. Топтық, серіктестікте жұмыс, жеке 
жұмыс түрлері жүргізіледі. 
Дамытушы кезеңнің мақсаты педагогтерді қолданысқа енген критериалды 
бағалау жүйесіндегі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүзеге асыруға 
болған мотивациясын ояту,бағалау біліктерін қалыптастыру және оны дамытуға 
жағдай жасау болып саналады. 
Педагогтердің бағалау іс - әрекеті бағалау мәселесінің теориялық 
негіздерін сипаттайтын дәрістер, жетістікті бағалауға болған мотивациясын 
оятуға бағытталған тренингтер, тәжірибелік – семинарлар, коучинг және кейс 
технологияларын қолдану арқылы дамиді. 
Педагогтердегі тәжірибе барысында қалыптасқан «бағалау қажет» 
түсінігін жойып, «кеңес беру, бағыт беру арқылы жетістікке ұмтылдыру» 
түсінігін мазмұндық тұрғыдан толықтырып бағалау іс – әрекетін дамыту 
педагогтердің біліктілігін арттырудың міндеті деп санаймыз. 
Педагогтердің біліктілігін арттыру үдерісі тәжірибеге бағытталған болып, 
тәжірибеде кездесетін педагогтердің нақты қиындықтарын шешуге бағытталуы 
қажет. 
Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әркетін жүзеге 
асырудағы қиындықтар аймағы және соған байланысты мәселелер оқу үдерісі 
субъекттерінің ашық диалогы арқылы жүзеге асуы керек.Бұл мәселелердің 
жүзеге асуы тек педагогтердің өз білімі, біліктерін үздіксіз дамытуы барысында 
мүмкін болады.
Нәтижені бағалау кезеңінде педагогтердің бағалау іс - әрекетінің даму 
деңгейі анықталып, бағаланады.Бағалаудың нысаны ретінде педагогтер 
тарапынан құрастырылған шағын сабақ, сабақтар жобалары, тақырып бойынша 
аналитикалық шығармалары қарастырылады. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту компоненттерінің жүзеге асырылуы 
барысында педагогтердің бағалау іс - әрекетінің даму деңгейлерін төмендегідей 
топтастырамыз: 
Жоғары 
Орташа
Төмен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет