Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет44/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
жетісітк бағалау

Мазмұндық компонентБіздің ойымызша, біліктілікті арттыру 
жағдайында педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамыту олардың теориялық 
білімдерін тереңдету, түрлі деңгейдегі ресурстар мен тест тапсырмаларын 
құрастырып, қолдану арқылы мүмкін болады. Педагогтер өз теориялық білімін 
өз алдына жетілдіру мен бір қатарда қолданысқа енген критериалды бағалау 
жүйесінің мәні , мазмұны, принциптері мен таныс болуы қажет.Бұл жағдай 
педагогтерге бағалау іс - әрекетін тиімді ұйымдастыруға негіз болады. Білім 
алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясының 
теориялық негіздерін: оқу бағдарламаларындағы оқыту мақсаттары және 
олардың айырмашылықтары, сабақ мақсатына байланысты құрастырылатын 
бағалау критерийлерінің мәні, бағалау критерийлеріне сәйкес сараланған 
тапсырма деген не? дескриптор, кері байланыс, рефлексия және оның 
ерекшеліктерін білу.Сонымен бір қатарда, бағалаудың оқу – оқыту процесі 
субъекттерінің психологиялық жағдайына әсерін анықтау педагогтердің бағалау 
іс – әрекетінің негізі. Педагогтің бағалау іс - әрекетін дамыту үшін арнайы осы 
тақырыпқа байланысты біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуы қажет 
деп санаймыз. 
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында біліктілікті арттыру жағдайында 
педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамыту мақсатында «Жаңартылған 
мазмұндағы білім беру жағдайында педагогтің бағалау іс - әрекетінің 
психологиялық – педагогикалық негіздері» тақырыбында кешенді білім беру
бағдарламасы құрастырылып, біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылады. 
Әрине бір ғана біліктілікті арттыру курсы мен педагогтердің бағалау іс - әрекетін 
толық дамыту жеткіліксіз, алайда, бұл тақырып аясындағы курс пен біліктілікті 
арттыру курстарының модульдерінде берілген семинар – тренингтер 
мазмұнының кіріктірілуі, тақырып мазмұнын пәндік бағыттар бойынша 
бейімдеуге мүмкін болатындығы біз зерттеп отырған мәселенің дамуына ықпал 
етеді деп ойлаймыз. Себебі, біліктілікті арттыру курсы барысында педагогтер 
білім алушылардың оқу жетістігін бағалау бойынша ықшам сабақтарды 
ұйымдастырады, тесттер тапсырады, тәжірибелік алаңға қатысады, жобалар 
құрастырады, 
қорғайды.Сондай- 
ақ, 
педагогтерге 
психологиялық 
– 
педагогикалық, әдістемелік қолдау көрсетіледі. Бұл өз кезегінде педагогтің 
бағалау іс - әрекетінің дамуына негіз болады.
Біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің кәсіби біліктерін соның ішінде 
бағалау іс - әрекетін дамытуға мүмкіндік беретін әдіс - тәсілдер, инновациялық 
технологияларды біліктілікті арттыру курстарында үйрету мүмкін болады деп 
санаймыз.
Педагогтердің бағалау іс - әркетін дамыту моделінің мазмұндық компоненті 
біліктілікті арттыру курстары аясында мазмұндық модульдің мазмұнын 
дайындау; педагогтердің «Жаңартылған мазмұндағы білім беру аясында 
педагогтің бағалау іс - әрекеті: мазмұны, принциптері, тәжірибелер» атты 
ғылыми – әдістемелік семинарға қатысуы; курстан кейінгі әдістемелік 


149 
қолдау,оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдерін қолдану қатарлы бағыттарды
өз ішіне алады. 
Ғылыми зерттеу жұмысымызда біз педагогтерді белгілі бір іс - әрекетке 
дайындау «тұлғаның қоғамның материалдық және рухани мәдениетін сақтауға 
және дамытуға дайындалуы білім, білік, дағдылардың, шығармашылық 
әрекеттер тәжірибесі және эмоционалды – ерікті қарым – қатынастың 
педагогикалық бейімделген жүйесін» өз ішіне алуы қажет деген пікірге 
сүйенеміз [277;321]. 
Мазмұндық компонент: 
- критериалды бағалау жүйесінің мәнін , мазмұнын түсіну; 
- Бағалаудың қызметі, құрылымы, принциптерін білу; 
- Қалыптастырушы бағалау теориясы мен таныс болу; 
- Жиынтық бағалауды жоспарлау, жобалау; 
- Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру
алгоритмін білу; 
- Бағалаудың білім алушының дамуына, психологиясына әсерін білу
қатарлы білімдерді құрайды. 
Мазмұндық компоненттің тиімділігі педагогтердің тәжірибесіндегі 
бағалау іс- әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз ету; тәжірибелік бағыттағы 
ақпараттарды жинақтау; оқуды педагогтердің жеке мүмкіндіктері негізінде, 
олардың оқытатын пәндерінің ерекшеліктеріне сәйкес ұсыну қатарлы 
мәселелердің шешілуі аясында арта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет