Масимова хуршидам ташболатовна


К1 Эссе мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі



Pdf көрінісі
бет39/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
жетісітк бағалау

К1 Эссе мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі 

9-10 = «5» 
7-8= «4» 
4-6 = «3» 
2-3= «2» 
0-1= «1» 
Эссенің мазмұны тақырыпқа толық сәйкес келеді 

Эссенің мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейді

Тақырыптың мазмұнын ашуда жүйелілік жоқ 

К2 Теориялық материалды білу және түсінуі 

Тақырып бойынша түсініктер, терминдер қолданылған 

Тақырып бойынша түсініктер, терминдер 
қолданылмаған 

К3 Тақырыпты талдау және бағалау 

 
Тақырыпты ашуда салыстырмалы талдау жасалған 

 
Тақырыпқа байланысты өз бағалаушылық пікірін 
білдіреді 

 
Тақырыпты ашуда салыстырмалы талдау жасалмаған 

Тақырыпқа байланысты өз бағалаушылық пікірі жоқ 

К4 Тақырыпты ашуда аргументтерді келтіру 

 
Тақырыпқа байланысты өмірмен байланыстыра 
аргументтер келтіреді 

Тақырыпқа байланысты әдеби шығармалардан басқада 
дереккөздерден аргументтер келтіреді 

Тақырыпқа байланысты өмірмен байланыстыра 
аргументтер келтірілмеген 

Тақырыпқа байланысты әдеби шығармалардан басқада 
дереккөздерден аргументтер келтірілмеген 

К5 Орфографиялық талаптарға сәйкестігі 

Тақырыпты ашу барысында орфографиялық қателіктер 
жіберілмеген 

Тақырыпты ашу барысында орфографиялық қателіктер 
көп

К6 Эссені жазуда каллиграфия талаптарының 
сақталуы

Эссені жазуда әріптердің жазылуы каллиграфиялық 
талаптарға сай 

Эссені жазуда әріптердің жазылуы талапқа сай емес 

Максималды балл – 10балл 
21- кесте. Гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша эссені бағалау шкаласы 
(тілдік пәндер) 


139 
Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтер үшін қиындық тудырған
мәселелердің бірі ол тақырыптар бойынша дайын тапсырмалардың 
болмағандығы болды.Бұл жағдай педагогтердің бағалау іс – әрекетіне кері әсерін 
тигізді. 
Бұл орайда, педагогтер үшін қалыптастырушы және жиынтық бағалауға
арналған тапсырмаларды құрастыру қажеттілігі туындады.Педагогтердің 
бағалауға арналған тапсырмаларды талапқа сай құрастыруына көмектесу үшін 
міндетті түрде эталондарды дайындау қажеттілігі туындады.Біз бұл мәселенің 
шешімін табу мақсатында тақырыптар бойынша эталондар дайындадық.
Мысалы: 6 сынып. 
Тақырып: Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты. 
Тапсырма №1:Қасым ханның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын 
анықтаңдар. 
Қасым 
хан 
Ішкі саясаты 
Сыртқы саясаты 
Дескрипторлар: 
1.Қасым ханның ішкі саясатындағы негізгі үш бағытты анықтайды – 1балл. 
2.Қасымханның сыртқы саясатындағы негізгі төрт бағытты анықтайды – 2 балл. 
Тапсырма №2: Қасым ханның құқық жинағындағы бес бөлімді анықтап
олардың сипаттамасын жазыңдар. 
№ 
Бөлімдер атауы 
Сипаттамасы 





Дескрипторлар: 
1. Қасым ханның құқық жинағындағы бес бөлімді анықтайды – 1 балл ,
2. Қасым ханның құқық жинағындағы бес бөлімнің сипаттамасын жазады – 
5 балл. 
Тапсырма №3: «Қасым хан – қазақ мемлекетінің көрнекті басшысы» - 
тақырыбына эссе жазыңдар.
(Эссе критерийлері жоғарыда келтірілген кестеге сәйкес педагог тарапынан 
құрастырылады) 
Қашықтықтан оқыту жағдайында гуманитарлық бағыттағы пәндер 
педагогтерінің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытудың 
тағы бір амалы ол тесттік тапсырмаларды құрастыру және олардың бағалау 
шкалаларын ұсыну деп санаймыз. 
Гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқыту барысында оқу жетістіктерін 
бағалау үшін тесттік тапсырмаларды дифференциацияланған түрде құрастыру 
тиімді.Себебі, бұл амал оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін 
қамтамасыз етеді.Біз бұл орайда, Блум таксономиясы аясында тест 


140 
тапсырмаларының деңгейлерін төмендегідей деңгейлерге бөліп қарастыруды 
ұсынамыз:
№ Блум таксономиясы негізінде ойлау 
деңгейлері 
Тесттік тапсырмалардың деңгейлері 

Білу 
1- Деңгей. Мазмұн мен байланыс 
деңгейі. 

Түсіну 

Қолдану 
2- Деңгей. 
Үлгіге бағдарлану 
деңгейі. 

Талдау 
3- Деңгей. Модельдеу деңгейі. 

Жинақтау 

Бағалау 
4- деңгей. Шығармашлық деңгей. 
22- кесте Тесттік тапсырмалар деңгейлері. 
1-Деңгей. Мазмұн мен байланыс деңгейіндегі тест тапсырмаларында білім 
алушының есте сақтау қабілетін дамытуға негізделген тапсырмалар беріледі.Бұл 
тапсырмалар білім алушының тақырыпты терең түсінуіне ықпал ететін 
ақпараттарды (терминдер, анықтамалар,ерекшеліктер) қамтуы қажет. 
2-Деңгей. Үлгіге бағдарлану деңгейіндегі тапсырмаларда білім алушының 
тақырып бойынша алған ақпараттарды ескере отырып, үлгі бойынша жұмыс 
жасауына қолайлы тапсырмалар беріледі.Бұл тапсырмалар білім алушының 
конструктивтік ойлауына ықпал ететін ақпараттарды қамтуы қажет.Мысалы: 
тапсырманы орындау барысында ереже, жадынамалар, нұсқауларға сүйену. 
3-Деңгей. Модельдеу деңгейі.Бұл деңгейдегі тапсырмалар білім алушының 
жүйелеу, қорытынды шығару,жалпылау, жаңаны құрастыру дағдыларының 
қалыптасуына ықпал ететін тапсырмалар. 
4- деңгей. Шығармашлық деңгейдегі тапсырмаларда білім алушыларға 
олардың шығармашылық пен ойлауына ықпал ететін тапсырмалар ұсынылады. 
Біз тесттік тапсырмаларды құрастыруда білім алушыларға квантталған 
мәтіндерді ұсынып, сол мәтін негізінде сұрақтар құрастыруды тиімді деп 
санаймыз. 
Біз ұсынған негізгі төрт деңгей бойынша құрастырылған тапсырмалар 
эталон ретінде педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетін дамытуға негіз болады және ол тапсырмаларды біз қалыптастырушы 
эксперимент барысында кеңінен қолданамыз. 
Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту вебинарлар, видео – конференциялар, 
желілік қауымдастық арқылы байланыс жасау арқылы жүргізілсе, педагогтердің 
қиындық тудырған мәселелерін дер кезінде анықтап, уақытылы түзетулер 
енгізуге мүмкіндік болады. 
Жиенбаева Н.Б тұлғаның психологиялық құрылымында тұлғаға 
бағыттылық, характер, басқару жүйесі қатарлы компоненттерді маңызды деп 
атап көрсетеді. Бұл орайда, басқару жүйесі тұлғаның өзін – өзі дамыту, бақылау, 


141 
бағалау, басқаруды қамтиді.Қашықтықтан оқыту жағдайында педагог және білім 
алушылардың бойында осы психологиялық ерекшеліктердің болуы маңызды 
[272;5] 
Білім және ғылым Министрінің "Қашықтықтан білім беру технологиялары 
бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында 
қашықтан оқытуды ұсыну үшін бастауыш, негізгі, жалпы орта және қосымша 
білімнің оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына 
төмендегідей талаптар қойылған: 
1) оқу қызметін ұйымдастыру үшін Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз
ететін телекоммуникациялық арналардың болуы; 
2) ақпараттық ресурстарға, цифрлық ресурстарға жедел қол жеткізу
құралдарының болуы; 
3) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік, ұйымдық-әкімшілік ақпаратты,
бейнесабақтарды қамтитын ақпараттық жүйенің болуы; 
4) білім беру ұйымдарының педагогтерінде ақпараттық технологиялар
бойынша курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болуы; 
5) оқу процесін цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету[273]
Біз осы талаптарды жүзеге асыру мақсатында қашықтықтан оқыту 
жағдайында бағалау іс – әрекетін тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін әдістерді 
зерттеуіміздің тәжірибелік кезеңінде қолданамыз. 
Диссертациялық жұмысымыздың бұл тарауында тізбектелген теориялық – 
ақпараттық мәліметтер зерттеуіміздің эксперименттік бөлімін жүргізуде негізге 
алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет