155
Біз ұсынып отырған педагогтердің біліктілікті
арттыру жағдайында
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетінің өлшемдері мен
көрсеткіштері негізінде мұғалімдердің бағалау іс - әрекетінің даму деңгейін
анықтауға болады деп санаймыз.
Ғылыми – зерттеу жұмысымыздың барысында педагогтердің біліктілікті
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс - әрекетін
дамытудың
әдістерін анықтадық.Педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуға
бағытталған әдістерге педагогтің заманауи білім беру талаптарына сай
қалыптасуында негізгі саналатын инновациялық әдіс – тәсілдер,
оқытудың
интербелсенді әдістері, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар,
бағалауды жүзеге асыруға байланысты түрлі жағдаяттардан құралған арнайы
тренингтерді жатқыздық. Бұл әдістерді өзіміз ұсынып отырған «Жаңартылған
мазмұндағы білім беру жағдайында педагогтің
бағалау іс - әрекетінің
психологиялық – педагогикалық негіздері» атты біліктілікті арттыру курсын
жүргізуде тәжірибеде қолдандық.Олар жайлы жұмысымыздың эксперименттік
бөлігінде кеңінен тоқталамыз.
Педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуды жүзеге асыруда жұмыс
формаларынан топтық, жұптық, ұжымдық,
шағын топтардағы жұмыстар,
жобалық зерттеулер қолданылды, сонымен қатар «Жаңартылған мазмұндағы
білім беру аясында педагогтің бағалау іс - әрекеті: мазмұны, принциптері,
тәжірибелер» атты ғылыми –
әдістемелік семинар, педагогикалық десант
ұйымдастырылды.
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында ұйымдастырылған семинарлар,
тренингтер педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін
дамытуға ықпал етті,олардың
кәсіби біліктерін шыңдап,теориялық және
тәжірибелік білімдерін дамытып, ұйымдастырушылық, коммуникативтік,
рефлексивтік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасады деп санаймыз.
Зерттеу жұмысымыз барысында құрастырылған модельдің жүзеге
асуы біз
зерттеу жұмысымыздың 2.1 бөлімінде қарастырған психологиялық –
педагогикалық шарттардың орындалуы мен қамтамасыз етіледі деп ойлаймыз:
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытудың бұл шарттарының жүзеге
асырылуын зерттеу жұмысымыздың үшінші бөлімінде қарастырылатын
қалыптастырушы эксперимент жобасы аясында қарастыратын боламыз.
Зерттеу
жұмысымыз барысында жасалған құрылымдық-мазмұндық
модельдің құндылығы – педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуда біліктілікті
арттыру ұйымдарының теориялық және практикалық міндеттерді шешудегі іс -
әрекеттерін жаңартуда, ЖОО-да педагог мамандарды дайындауда басшылыққа
алуға болатындығында деп санаймыз.
Жұмысымыздың
келесі бөлімінде
ұсынылып отырған модельдің
тиімділігін дәлелдеуге бағытталған тәжірибелік-эксперименттің өтілу барысы
мен нәтижесі сипатталады.