Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет64/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
жетісітк бағалау

 
 


199 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Бұл ғылыми зерттеу жұмысымыз білім беру саласында педагогтерді даярлау 
және қайта даярлау, кәсіби біліктілігін арттыруда өзекті саналатын 
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс – әрекетін дамыту мәселесіне арналған. 
Қазақстан Республикасында білім беруді модернизациялау барысында 
қолданысқа енген критериалды бағалау жүйесінің мектептік білім беруде 
қолданылуы педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
дамытудың қажеттілігін айқындады. 
Орта білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды 
бағалау жүйесінің қолданысқа енуі мен критериалды бағалау технологиясын 
жетік меңгерген, критериалды бағалауды оқыту үдерісінде тиімді жүзеге асыра 
алатын мұғалімдерге деген қажеттілік арта түсті, себебі,педагогтердің бағалау іс 
– әрекетін кәсіби деңгейде ұйымдастыра алуы білім сапасының артуы мен білім 
алушылардың бойында білік, дағдыларды,құндылықтарды қалыптастыруға 
ықпал етеді. 
Осыған 
байланысты,педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың қажеттілігі 
туындады.
Зерттеу жұмысымыз педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту аясындағы қарама – 
қайшылықтардың шешімін табу,педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытуды 
теориялық-әдіснамалық негіздеу және құрылымдық – мазмұндық моделін, 
әдістемесін жасау,мәселенің шешімін табуға негізделген.
Зерттеу жұмысымыз барысында біз құрастырған құрылымдық – мазмұндық 
модельдің апробациясы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облыстық педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жүзеге асырылды. 
Ғылыми жұмысымыз аясында жүргізген эксперимент нәтижелерін талдау 
барысында алынған педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетінің бастапқы деңгейінің көрсеткіштері бізге «Жаңартылған мазмұндағы 
білім беру жағдайында педагогтердің бағалау іс – әрекетінің психологиялық – 
педагогикалық негіздері» атты біліктілікті арттыру курсының оқу 
бағдарламасын құрастыруға негіз болды. 
Зерттеу жұмысымыз аясында жүргізілген қалыптастырушы эксперимент 
нәтижелері педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің тиімді дамуы оқыту үдерісіне педагогтердің 
бағалау іс – әрекетін дамытудың құрылымдық – мазмұндық моделін енгізу, 
мақсатты ұйымдастырылған біліктілікті арттыру үдерісінде психологиялық – 
педагогикадық шарттардың тиімді жүзеге асырылуы мен байланысты екендігін
дәлелдеді. Осы орайда, зерттеу мәселесін теориялық және тәжірибелік тұрғыда
негіздеу барысында зерттеу болжамы дәлелденіп, мақсаты, міндеттері жүзеге 
асты.
«Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту» атты диссертациялық зерттеу 


200 
жұмысымызды орындау барысында педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуға байланысты теориялық -
әдіснамалық негіздерді талдай келе біз төмендегідей қорытындылар жасауға 
мүмкіндік алдық: 
1. Зерттеу аясында педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту бойынша 
отандық және шетелдік психологиялық – педагогикалық, ғылыми – әдістемелік 
әдебиеттерді талдау барысында әлі күнге дейін «педагогтердің оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекеті» ұғымының бір мағыналы анықтамасының 
жоқ екендігі анықталды.Ғылыми – әдебиеттерді талдау нәтижесінде біз
«Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекеті – бұл 
оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ететін, жетістікке жету қабілетін 
және танымдық белсенділігін қалыптастыратын мақсатты, жүйелі, үздіксіз 
үдеріс», -деген қорытынды жасадық.
2. Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін 
дамыту ресми бекітілген біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және 
курстан кейінгі қолдау Ережелері негізінде мақсатты ұйымдастырылған 
біліктілікті арттыру үдерісі жағдайында тиімді болатындығы дәлелденді. 
3. Зерттеу жұмысымыздың тиімділігін арттыру мазмұндық, іс – әрекеттік, 
нәтижелік блоктардан туратын құрылымдық – мазмұндық модельді әзірлеп, іске 
қосу барысында мүмкін болатындығы дәлелденді.Біз құрастырған модельдің 
ерекшелігі оның қолжетімділігі , икемділігі және қоғам талаптарына үйлестіру 
мүмкіндігінің болуы. 
4. Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің ғылыми негізделіп, әзірленген әдістемесінің 
біліктілікті арттыру жағдайында тиімді екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. 
Әзірленген «Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтердің бағалау іс – 
әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері» атты педагогтердің 
біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламасы педагогтердің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін жетік меңгеруіне ықпал 
етті.
Эксперименттік – тәжірибелік жұмыстың алынған нәтижелерінде жасалған 
талдау, ұсынылған зерттеу болжамы өзінің растауын тауып, зерттеудің 
міндеттері шешілгенін, зерттеудің мақсатқа қол жеткізгенін көрсетті.Әзірленген 
диагностикалық құралдар эксперименттік топтағы педагогтердің кәсіби іс – 
әрекетіндегі сапалы оң өзгерістерді көрсетті. 
Зерттеу қорытындылары негізінде төмендегідей ұсыныстар әзірленді:
1.Педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуды білім беру жүйесіндегі өзекті 
мәселелердің бірі ретінде қарау және оны тиімді жүзеге асыру мақсатында 
жүйелі түрде арнайы ғылыми – әдістемелік және тәжірибелік жұмыстарды 
жүргізу.
2. Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуға 
негізделген біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру. 


201 
3.Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуға арналған тренингтер, семинарлар, 
вебинарлар, шебер сыныптар, тәжірибелік және рефлексивтік алаңдар 
ұйымдастыру. 
4.Педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту мақсатында педагогикалық
психологиялық, әдістемелік сүйемелдеуді үздіксіз жүзеге асыру. 
Зертттеудің болашағы:Біз ұсынған зертттеу педагогтердің біліктілігін 
арттыру мазмұны мен үдерісін, әдістемелерін жаңарту үшін тиімді. Дегенмен, 
педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту 
көпқырлы және күрделі мәселе. 
Ұсынылған зерттеу жұмысының нәтижелері қарастырылып отырған мәселені 
барлық қырынан ашуға талпынады, алдағы зерттеулердің болашағы
педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытудың психологиялық астарларын
кәсіби педагогикалық іс – әрекет негіздері мәселелерін одан әрі тереңірек 
қарауды талап етеді. 
Қорыта айтқанда,зерттеу мәселесі ғылыми зерттеу тұрғысында өзінің 
жалғасын табуы тиіс деп санаймыз.


202 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет