“Математика-Экономика” факультеті



бет16/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35

лизинг беруші1 - лизинг шартымен лизинг затын сатушы-дан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім үзактығы жағынан лизинг заты қүнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

  • Лизинг алушы2 лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі бага бойынша лизинг заты қүнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) көлемде қалпына келті-рілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мүндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

    Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскелері және басқа да тұтынылатын заттар жатады.

    Лизинг беруші - тартылган немесе меншікті каржысы есебінен өз меншігіне лизинг затын алатын жэне оны лизинг келісімшартымен лизинг алушыға жолдайтын лизингке қатысушысы. Лизинг беруші бір мезетке лизинг кызметінің басқа қатысушысы ретінде қызмет етуге құқы жок. ~ Лизинг алушы - лизинг келісімшартымен лизинг затын косіпкерлік максат үшін қабылдайтын, лизингтік қызметтің қатысушысы.

    Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік кұқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бас-тап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

    Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» (фр. «credit-pail») деп атайды.

    Тауарга деген меншік кұкығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалга берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана қүқық ала алады.

    Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:


    • мәміле объектісі;

    • мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);

    • лизингтік келісім мерзімі (лизинг кезеңі);

    • лизингтік төлемдер;

    • лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер.

    Өндірістік циклде жойылмайтын материалдьщ қүндылықтардың кез келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымай-тын мүлік лизингі қарастырылады.

    Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъ-ектісі болып саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына ен-гізу, біріншіден лизинг-бизнестің капитал сыйымды түрі болуымен, ал банктер - ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық та-биғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Үлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі (лизинг) ішінде жалға берушінің бе-рілетін мүлікке меншік қүқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке катысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуе-келділікпен жиі кездесіп отырады. «Қазақстан Ресггубликасындағы банктер және банктік қызмет туралы» жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялык нормативтер және басқа да мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде макроэконо-микалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ акшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ың-ғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар Үлттық банктің қатаң бақылауында болады.

    Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсін-діріледі. Себебі лизинг - ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезеңінің уакытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амортизациялық кезеңдерін, негұрлым өндірістік немесе ұксас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін, инфляциялық үрдіс ди-намикасын, қарыз капиталы нарыгының жағдаятын (конъюнктурасын) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).

    Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын аныктау, лизинг операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табыла-ды. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.

    Телемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:



    • кезендік төлемдер - лизингтік келісімге қатысушы, тарап-тар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;

    • бір мерзімдік төлемдер - егер келісімде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.

    Лизинг алушының қаржылық жагдайы мен төлем мүмкіндік-терін ескере отырып, мәміледе лизингтік төлемдерді төлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдері белгіленуі мүмкін:

    • бірдей үлестермен - бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;

    • әспелі өлшемдермен (прогрессивтік төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтік төлемді аз жарналармен енгізген ыңгайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және онда әндірілетін өнім қарқынын арттыруга байланысты төлемді үлгайтатын, негізінен қаржылық жагдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;

    • азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг бе-рушіге өз берешегінің кеп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жагдайы тұрақты лизинг алушылар колданатын төлемдер.

    Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі, қалдық қүн, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсе-тетін қызмет шығындары (тасымалдауды, лизинг объектісіне техни-калық кызмет көрсетуді, құрастыруды, салық салу, қызмегті рәсімдеу бойынша кенестерді ұйымдастыру) эсер етеді. Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:

    • амортизация;

    • мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар үшін төлемі;

    • көрсетілетін қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін лизингтік маржа;

    • лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты тәуекелділік сыйақысының көлемі.

    Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік пайызды құрайды. Қаржылық лизинг бойынша жалдау төлем сомасын есептеу үшін 8-тарауда қаралған лизингтік мәміле шарттармен өзара байланысты жалдау төлем көлеміне бел-гілейтін аннуитеттер (нақты қарыз бойынша жылдық төлемдер) формул асы қолданылады.

    Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің кеп түрлілі-гімен сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:



    • техникяльщ қызмет - клиент пайдаланатын объектіні та­сымалдауды, құрастыруды және орналастыруды үйымдас-тыруга, жабдықка техникалык қызмет етуге және ағымды жөндеуге байланысты (көбіне жабдық жаңа болған жагдайда);

    • кеңес беру кызметі - салық салу, рәсімдеу және т.б. мәселелер бойынша қызметтер.

    Жалгер лизинг компаниясынан қажетті жабдыкты алу үшін өтініш жазады, өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы және оны қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай-ақ жалгердің өндірістік және қаржылық қызмет деректері көрсетіледі. Үсынылған мәліметтер толық талданған соң лизингтік компания соңгы шешімге келеді және оны лизинг алушыға лизинг келісімінің жалпы шарттарын (1-косымша) қоса хатпен жібереді, ал жабдықтаушы жақ лизинг компаниясының жабдық алу жөніндегі ақпаратымен хабардар етіледі. Бүл жагдайда лизинг беруші жаб-дықтаушымен жабдық құнын келіседі, қажет болса қызмет объек-тісінің сенімділігі, өнімділігі және тиімділігімен танысады.

    Хатқа қосымша лизинг келісімінде лизингтің келесі маңызды шарттары көрсетіледі:



    • келісім заты;

    • лизинг затын сатушының аты, сатушы тандауы кіммен бел-гіленгені;

    • лизинг алушының лизинг затын жалдау шарттары және мер-зімдері;

    • лизинг затының құны;

    • келісімде әрекет ету мерзімдері;

    • лизинг алушының меншігіне лизинг затының біржола берілу шарттары, егер мұндай берілу келісімде каралса;

    • лизинг затының сипаты;

    • лизинг затын құрастыру және жөндеу тәртібі;

    • лизинг затын сақтандыру;

    • тараптардың біріне лизинг затын лизинг беруші атына мем-лекеттік тіркеуден өткізу туралы міндеттемені белгілеу;

    • лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелерін орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;

    • тараптар жауапкершілігі.

    Осы шарттардың бірі көрсетілмесе лизинг келісімі жасалмаған болып саналады. Бұл кезде лизинг келісімінің мерзімі лизинг заты-ның толық немесе жарты кұнының амортизация мерзімінен кем болмауы тиіс.

    Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг алушыға бекітім-міндеттемесі бар хатты, қол қойылған ке-лісімнің жалпы шартының көшірмесін, оган жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді. Бұл құжатты фирма-жабдыктаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі. Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны жаб-дықтаушыга жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату-сатып алу туралы келісім (3-крсымша) және жабдыққа жіктелім құрастыруды (2-қосымша) қолдануы мүмкін.

    Жабдықтаушы жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді және қызмет объектісін жүргізеді. Жұмыс аяқталуымен жабдықты нақты жеткізгенін дәлелдейтін кабылдау жөніндегі хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі хаттамаға лизингтік қызметке қатысушылардың қолы койылады және лизинг алушы қызмет объектісінің құнын төлейді.

    Лизинг беруші келесі жағдайларда лизинг келісімін бұзуды және лизинг алушы есебінен лизинг затын кайтаруды талап ете алады:

    - егер лизинг алушы лизинг затын айтарлықтай нашар ұстаса;


    • егер лизинг алушы лизинг затын лизинг келісімшарттарын бұзып пайдаланса немесе лизинг берушінің жазбаша ескертулерін тындамай, лизинг затын басқаша пайдаланса;

    • егер лизинг алушы екі немесе одан да көп рет кдтарынан, келісіммен белгіленген мерзімде лизинг келісімі бойынша төлемді енгізбесе.

    Лизинг алушы лизинг келісімін бұзуды немесе лизинг беруші есебінен лизинг затын қайтарып алуын келесі жағдайларда талап ете алады:

    • лизинг беруші лизинг затын жеткізбесе немесе лизинг затын келісімшартқа сәйкес колдануға кедергі жасаса;

    • егер жолданған лизинг затында лизинг келісімінде көрсе-тілмеген кедергілер болса;

    - егер лизинг беруші лизинг затын жеткізу мерзімдерін бұзса.
    Егер лизинг алушымен жасалган лизинг келісімінің шарттары

    бұзылса, лизинг беруші «Лизинг туралы» заңның 11-бабына сәйкес, лизинг алушыдан келісілген өлшемде айыпақы (өсімакы, түрак-сыздықтар) төлеуін карастыра алады.

    Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті каржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік сая-сатта белгіленуі тиіс.

    Лизинг келісімі жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақ-сатына уақытша пайдалануға және ұстауга лизинг алушыға жалда-натын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

    Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

    - Негізгі құралды алу:

    Дт 1656 «Жалға беруге арналган негізгі құрал-жабдықтар» Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар».

    - Алынған негізгі күралдар үшін төлем:

    Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». Лизинг затын лизинг келісімшарттарына сәйкес, лизинг алу-шыға уақытша ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру: Дт 1305 «Баска банктерге қаржы лизингі»

    1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі» Кт 1656 «Жалға беруге арналган негізгі құрал-жабдыктар».

    Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг бе-руші лизинг бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1730 «Баска банктерге берілген қарыздар және каржы ли­зинг! бойынша есептелген кірістер»

    1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бой­ынша есептелген кірістер»

    Кт 4305 «Басқа банктерге берілген каржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

    4420 «Клиенттерге берілген каржы лизингі бойынша сыйакы алуға байланысты кірістер».

    Егер лизинг алушы өз қаржысы есебінен және лизинг беру-шінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды.

    Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 5922 «Банктік емес қызметтен өзге шығыстар»

    Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».

    Лизинг келісімімен қаралған телемдерді мерзімінде алғанда ли­зинг бёруші келесі бухгалтерлік өткізбелерді жүзеге асырады:

    а) лизинг бойынша қосылған сыйақыны өтеу бойынша:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы ли-зингі бойынша есептелген кірістер»

    1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

    ә) лизинг затын алу, жеткізу және оны лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында кол-дану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша:

    Дт 1050 «Банктердің корреспондента к есепшоттары»

    Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

    1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі». , Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай-ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік өткізбе кұрылады:

    а) Есептелген сыйақы сомасына:

    Дт 1731 «Баска банктерге берілген қарыздар және каржы ли­зинг! бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

    1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»

    Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және каржы ли­зинг! бойынша есептелген кірістер»

    1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі
    бойынша есептелген кірістер».

    ә) Негізгі борыш сомасына:

    Дт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

    1424 «Банк карыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен бе-решегі»

    Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

    1420 «Клиенттерге берілген каржы лизингі».

    б) Негізгі борыш сомасы бойынша ¥лттық банктің норматив-тік-құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мәжбүрлі шығын сома-сына:

    Дт 5452 «Баска банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбурлі шығындарға) ақша бөлу»

    5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бо­йынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

    Кт 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы ли­зинг! бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

    1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бо­йынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)».

    Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып өсімақы және тұрақсыздык сомасын есептейді. Бұл кезде ке-лесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

    Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».

    Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған төлемдер қайтарылғанда, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»;

    ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары»

    Кт 1731 «Баска банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»


    1. «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизинг-
      тері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»;

    2. б) Негізгі борыш сомасына:

    Дт 1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі

    өткен берешегі»

    1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен бе-

    решегі»;

    в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі шығындар сомасына:

    Дт 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы ли­зинг! бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

    1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бо­йынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

    Кт 5452 «Баска банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

    5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарга) ақша бөлу».

    Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг за­ты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады:

    а) Егер лизинг заты толық амортизацияланса, онда лизинг бе-руші аталған лизинг затын қабылдау-өткізу акті бойынша қабыл-дайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді;

    ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»



    1. «Компьютерлік қондыргылар»

    2. «Басқа да негізгі құралдар»

    3. «Қаржылық лизингке алынған негізгі қүрал-жабдыктар» 1658 «Көліктік қүралдар»

    Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

    1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

    Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарыл-маса және аталган лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушымен лизинг берушіге қалдық құнды қалгіына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі.

    Лизинг алушының меншікті қаржысы есебінен жүргізген жақсарту қүнын қалпына келтіру кезінде, лизинг берушімен келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 2860 «Банктік кызмет бойынша өзге кредиторлар»

    Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

    Жаңадан құрылған мәжбүрлі шығындар есебінен қаржылық ли­зинг бойынша негізгі борыш сомасын лизинг алушы өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

    а) Негізгі борыш сомасына:

    Дт 1339 «Баска банктерге берілген қарыздар және каржы ли­зинг! бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

    1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

    Кт 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

    1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен бе-решегі»;

    Кт 1305 «Баска банктерге қаржы лизингі»

    1420 «Клиенттерге берілген каржы лизингі»;

    Сол кезекте кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

    ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

    Дт 4305 «Басқа банктерге берілген каржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

    4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйакы алуға байланысты кірістер»

    Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

    1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизинг-тері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»;

    б) Айып, өсімақы және түраксыздық сомасына:
    Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпүл)»
    Кт 1860 «Банк кызметі бойынша өзге дебиторлар».

    Егер агымды жылда қаржылық лизинг бойынша берешекті өтеу жүргізілсе, онда келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

    а) Айып, осімақы және тұрақсыздық сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары»

    Кт 4900 «Түрақсыздық айыбы (айыппүл, өсімпұл)» бір кезекте,

    шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар». ә) Сыйақы сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары» Кт 4305 «Баска банктерге берілген қаржы лизингі бойынша

    сыйақы алуға байланысты кірістер»

    Кт 4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйакы

    алуға байланысты кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға

    шығарылған борыштар».

    б) негізгі борыш сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары»

    Кт 5452 «Басқа банктерге берілген карыздар және қаржы ли­зинг! бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

    5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бо­йынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) акша болу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

    Қаржылық лизинг бойынша берешекті өтеу келесі жылы жүр-гізілетін болса, ағымды жылда мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

    а) Айып, өсімакы немесе тұрақсыздық және сыйақы сомасына:
    Дт 1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары»

    Кт 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шыгын 7130 «Шығынга шығарылған борыштар»;

    ә) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындар бойынша) қаржы болган кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары»

    Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

    5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынща арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар»;

    б) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындар бойынша) каржы
    жеткіліксіз болган кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш
    сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары» Кт 4921 «Банктік қызметтен түсетін басқа да табыстар» бір ке­зекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».



    Лизинг алушы банкіде операциялар келесі ретпен жүргізіледі: Жасалган лизинг келісіміне сәйкес, лизинг алушыға лизинг заты барлық нәрселерімен және тиісті құжаттар беріледі. Бүл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1655 «Қаржылык лизингке алынған негізгі құралдар» Кт 2057 «Баска банктерден алынған қаржы лизингі» 2227 «Алынған қаржы лизингі».

    Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы лизинг бойынша сыйакы косады және келесі бухгалтерлік жазбаны жүргізеді:

    Дт 5057 «Басқа банктерден алынған қаржылык лизинг бойынша сыйақыны төлеумен байланысты шығындар»

    5227 «Алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байла-нысты шығындар»

    Кт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы ли­зинг! бойынша есептелген шығындар».

    Егер лизинг алушы өзінің меншікті қаржылары есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян кел-тірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдын-дағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды, бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

    Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер».

    Лизинг келісімімен құралған төлемдерді мерзімінде төлегенде, лизинг алушы мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:

    а) лизинг бойынша есептелген сыйақыны өтеу бойынша:

    Дт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы ли-зингі бойынша есептелген шығындар»

    Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

    ә) лизинг затын алу, жеткізу және лизинг келісімін жасау ке-зіндегі бага бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша.

    Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

    2227 «Алынған қаржы лизингі»

    Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

    Тозу құны банктің есеп саясатына сәйкес есептеледі. Егер жалдау мерзімінің соңында меншік құқы лизинг алушыға өтетініне толық сенімділік болмаса, өте қысқа екі кезеңнің бірінде активке тозу құны есептеледі: жалдау мерзімі немесе оны тиімді қолдану мерзімінде бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

    Дт 5784 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар»

    Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жаб-дықтар бойынша есептелген амортизация».

    Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай-ақ қаржы-лық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    а) есептелген сыйақы сомасына:

    Дт 2705 «Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы ли-зингі бойынша есептелген шыгындар»

    Кт 2741 «Алынған карыздар және қаржы лизингі бойынша мер-зімі өткен сыйақылар»;

    ә) негізгі борыш сомасына:

    Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі» 2227 «Алынған қаржы лизингі»

    Кт 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы ли­зинг! бойынша мерзімі өткен берешек»

    2225 «Банктің клиенттермен жасалған өзге операциялары бойынша мерзімі өткен берешегі».

    Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып, өсімақы және түрақсыздык сомасьш есептейді. Бұл кезде:

    а) айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

    Дт 5900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)» Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»; ә) мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

    Дт 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мер-зімі өткен сыйақылар»

    Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

    б) негізгі борыш сомасына:

    Дт 2058 «Баска банктерден алынған қарыздар және қаржы ли­зинг! бойынша мерзімі өткен берешек»

    Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

    Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартынын келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады, егер лизинг заты толык, амортизацияланбаса, онда лизинг алушы аталган лизинг затын қабылдап-өткізу акті бойынша реттейді, ал егер лизинг заты толық амортизацияланбаса онда қалдық құн сомасына келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    - есептелген амортизация сомасына:

    Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жаб-дықтар бойынша есептелген амортизация»

    Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдыктар»

    - қалдық құнына:

    Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі» 2227 «Алынған каржы лизингі»

    Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдықтар».

    Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты кайта-рылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушыныц лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісім-шартымен реттеледі. Бұл кезде лизинг алушыға лизинг затының құнын негізгі кұралдар құрамына есептеуде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

    - қалдық құн сомасына:

    Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»



    1. «Компьютерлік қондырғылар»

    2. «Басқа да негізгі құралдар»

    3. «Қаржылық лизингке алынған негізгі кұрал-жабдықтар» 1658 «Көліктік құралдар»

    Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынган негізгі құрал-жабдықтар»;

    есептелген сыйакы сомасына:

    Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

    Кт 1692 «Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген аморти­зация»



    1. «Компьютерлік жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

    2. «Өзге негізгі қүрал-жабдыктар бойынша есептелген амортизация». Егер лизинг алушы меншікті қаржысы есебінен жақсарту

    жүргізсе, онда лизинг алушы шотында лизинг беруші қалпына келтірген жақсарту сомасына келесі өткізбе жазылады:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».

    Егер бұл заңда немесе лизинг келісімінде қарастырылмаса, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затын қосалқы лизингке өткізуге құқылы. Лизинг алушы үшінші тұлғаға лизинг келісімі бойынша төлемдерді төлеу міндеттемесін жолдауына болмайды. Лизинг затын қосалқы лизингке жолдау кезінде лизинг алушының банкінде жазба жасалады:

    а) лизинг затының баланстық құнына:

    Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынган негізгі күрал-жабдықтар»

    Қосалқы лизингке жолдаган лизинг заты құнының есебі үшін жеке дербес шот:

    Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдыктар».

    Лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша 1655 шотта жеке дербес шоттар ашылады.

    ә) есептелген амортизация сомасына:

    Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынган негізгі құрал-жаб-дықтар бойынша есептелген амортизация»

    Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынган негізгі құрал-жаб-дықтар бойынша есептелген амортизация».

    1695 шотта қосалқы лизингке жолданган әрбір лизинг заты бойынша жеке дербес шоттар ашылады.

    Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы косалқы лизинг бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асырады. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

    Кт 4801 «Жал бойынша кірістер».

    Сонымен қатар 1860/1 шотында лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады.

    Лизинг алушы қосалқы лизингке жолданган лизинг заты бойын­ша есептелген кірістерді өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасайды:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

    Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына косалқы лизинг бойынша төлемдерді кешіктірген кезде келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

    Дт 1860/2 «Банк кызметі бойынша өзге дебиторлар»

    Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».

    Сонымен қатар, 1860/2 шотта қосалқы лизинг бойынша мерзімі өткен төлемдері бар әрбір клиент бойынша белек дербес шоттар ашылады.

    Сол уақытта лизинг алушы айыппұл, өсімақы және тұрақсыз-дық сомасын (егер бұл косалқы лизинг келісімінде көрсетілсе) есептейді. Бұл кезде келесі жазба жазылады:

    Дт 1860/3 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

    Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)».

    1860/3 шотында әрбір клиент бойынша айыппұл, өсімақы немесе тұрақсыздық есептелетін жеке дербес шоттар ашылып, мы-надай жазба жүргізіледі:

    Дт 1050 «Банктердің корреспондент™к есепшоттары»

    Кт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»;

    - мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

    Кт 1860/3 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»;

    - айыппұл, өсімақы, тұрақсыздык сомасына.

    Лизинг затын қосалқы лизингке алған клиентпен қосалкьі ли­зинг келісімшарттарын орындауда келесі бухгалтерлік жазбалар жа­салады:

    а) баланстық құн сомасына:

    Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдықтар»

    Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жаб-дықтар»;

    Қосалқы лизингке берілген лизинг затының құнын есептеуге арналған жеке дербес шот;

    ә) есептелген амортизация сомасына:

    Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

    Қосалқы лизингке берілген лизинг затының амортизациясын есептеуге арналған жеке дербес шот;

    Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жаб-дықтар бойынша есептелген амортизация».

    Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы өтелмесе, келесі бухгалтерлік жазба жасайды:

    а) айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

    Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)»

    Кт 1860 «Банк кызметі бойынша өзге дебиторлар». Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

    ә) мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

    Дт 4801 «Жал бойынша кірістер»

    Кт 1860/2 «Банк кызметі бойынша өзге дебиторлар». Бір кезек­те, кіріе 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

    Клиентпен мерзімі ұзартылған сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасына өтелсе, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер»;

    Бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет