“Математика-Экономика” факультеті



бет17/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

25-лекция

Тақырыбы: Сенімгерлік операциялардың мәні.

(1-сағат)


Жоспар:


  1. Сенімгерлік операциялардың мәні

2. Сенімгерлік операциялардың есебін ұйымдастыру

Сенімгерлік (траст) операциялардың мәні клиенттердің банк-терге өз мүліктерін бүдан былай оларға иелік етуден (өз атынан немесе оған иелік етуші атынан) панда алу мақсатында өткізуі, ол үшін банк коммисия түрінде белгілі бір ақы алады.

Сенімгерлік қызметтер (ағылшын тілінен trust-сенім) ежелгі кез-ден бері дамып келе жатқан операциялардың бірі. Ежелгі Египетте сенімділік меншік катынастарьшың болғандығын дәлелдейтін әр түрлі құжаттар бар.

Тарихқа көз жіберетін болсақ, сенімгерліктің дамуы ең алдымен меншік жүйесінің дамуымен, содан кейін меншік иесінің құқын дербестендірумен байланысты. Алғашқы траст - бұл мұраға қалдырылған мүлікті басқару. Меншік нысанының дамуы мен күрделенуіне байланысты мүлікке қамкорлық ету, өсиетке қалдыру және басқару тәртібі күрделенді. Байлықтың даму нысаны бойынша қамқоршылар алдында тек капиталдың материалдық, заттық элементтерін сактап қана қою емес, сонымен қатар байлықтың бір нысанын . жойып, оларды жаңарту және қаржылық мүлікті басқару мәселесі де тұрады.

Қаржылық нарықтардың, соның ішінде қаржылық қүралдардың алуан түрлерінің көбеюі мен санының өсуі кезінде жеке түлғалар мен компаниялар бос ақша қаражаттарын басқару мәселелеріне душар болды. Осыған байланысты клиенттер қоржынын сенімді басқаруға жіберу кең етек алды.

Көптеген елдерде сенімгерлік операцияларымен жеке тұлғалар, сақтандыру компаниялары және арнайы сенімгерлік компаниялары айналысты, дегенмен XIX ғасырдың аяғынан бастап сенімгерлік іс коммерциялық банктердің қолында шоғырлана бастады. Негізінен бүл коммерциялық банктердің колындағы ірі капитал сомасын жинақтау бәсекесімен, сондай-ак кейбір елдерде коммерциялык банктер үшін жеке бағалы қағаздарға инвестиция салуға заңды шектеулер қойылумен байланысты еді. Қазіргі жағдайда сенімді түлға жеке фирма немесе жеке түлға болса да, операциялардың барлыгын агент ретінде қызмет ететін банк жүргізеді.

Өзінің дамуында сенімгерлік операцияларын жүргізу тәсімі елдің заңдылыктарының өзгеруіне (оның ішінде салык саясаты ая-сында), сондай-ақ экономиканың даму, ірі қаржы корпорация-ларының алға шығу, монополиялардың пайда болу салдарына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Сенімгерлік басқаруға берілетін траст объектілерінің, яғни мүліктердің тізімі үнемі толықтырылып отырды. Қазіргі уақытта траст объектілеріне ақша қаражаттарын, валюталарды, бағалы қағаздарды, үлестік жарна-ларды, фирманың жарғылық капиталын, жерді, қозгалмайтын мүлікті, мүліктік кешендерді (кәсіпорындарды және тағы басқаларды), сондай-ақ материалдық емес активтерді жатқызуға болады.

Коммерциялық банктер сенімгерлік операциялардың арқасында төмендегілерге қол жеткізе алады:



  • басқаратын бағалы қағаздардан пайда үлесін немесе траст келісімі бойынша комиссиялық ақыны алады;

  • басқа біреудің капиталын реттей отырып, банк тек траст келісімі шегінде ғана жауапкершілікте болады;

  • сенімгерлік операцияларының есебі банктің баланстық шоттарына әсерін тигізбейді, ал табыс оларды жүзеге асыру барысында банктің жиынтық табысына қосылады.

Сонымен қатар сенімгерлік операцияларды жүзеге асыру қыз-меткерлердің жан-жақты жоғары біліктілігін, әсіресе заңдылық-тарды, меншікті басқаруда, инвестициялық басқаруда дағдыларды білуін талап етеді.

Сенімгерлікке байланысты қатынастар оның құрылтайшысы мен сенімгерлік иесінің арасында бекітілетін келісімшарт негізінде пайда болады (қосымша). Келісімшартта жақтардың құқтары мен міндеттері көрсетілуі қажет. Бұл қаражаттарды сенімді орналастыру туралы келісімшарт сенімді басқару бойынша операцияларды жүргізу үшін негіз болып табылады. Осының өзінде клиенттер шотынан шегерістер тек басқарушы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрі көрсетілген төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі.

Сенімгер меншіктенуші, яғни банк әдетте қаражаттарды клиент­ке ақша және тіркелген табысты қайтару кепілімен өзінің еркі бойынша ақшаны орналастыруға қүкылы. Банк бұл жағдайда ақшаны басқару үрдісіндегі барлық тәуекелдіктерді өз мойнына алатын болғандықтан, ақшаларды табысты және тәуекелдіктері төмен операцияларға бағыттайды:


  • банкаралық несиелендіру (жүз пайызға қамтамасыз етілген);

  • қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерді несиелендіру;

  • бағалы қағаздар нарығына қатысу;

Одан басқа сенімгер меншіктенуші келісімшартта белгілеген мөлшерде сыйақы алуға қүкы бар. Бұл сыйақы табысты сенімгерлік басқарудан пайыз түрінде немесе түрақты сомада белгіленеді.

Сонымен қатар сенімгер меншіктенуші келісімшарт мерзімі тоқталғанға дейін сенімгерлік баскару туралы келісімшартқа сәйкес басқаруға алынған мүліктер мен құқтарды басқа тұлғаға сеніп тапсыруға, сенімгерлік басқаруға алынған мүлікті меншіктенуіне құқы жоқ.

Ақшаны басқару тек сенімгер білдіруші келісімімен ғана жүзеге асырылатындығын айтып кеткен жен. Сенімгер меншіктенуші келесідей операцияларды жүзеге асырады:


  • мүлік иесінің атынан және есебінен, тапсырыс бойынша сатып алу негізінде бағалы қағаздарға (Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер), ноталарға және тағы басқаларға инвестиция жұмсау;

  • сенімгер тапсырысы бойынша бағалы қағаздар қоржынын сату;

  • мерзімі келген уақытта бағалы қағаздарды өтеу;

  • бағалы қағаздарды (Мемлекеттік қазынашылық міндеттеме-лер) кепілге орналастыру және ондағы делдалдық қаты-настар.

Актив өкімі бойынша сенімгерлік операцияларын басқару төменде келтірілген операциялардың барлық немесе кейбіреулерін камтуы мүмкін:

  • сақтау;

  • сенімгер мүдделерінің өкілі (акционерлер жиналысында, сотта);

  • табыс және қаржыландыру өкімі;

  • активтерді сатып алу-сату;

  • қарыздарды тарту және өтеу, бағалы қағаздарды шығару және алғашқы орналастыру;

  • мүлікке меншік ету қүқығын басқа тұлғаға беру (мұраға қалдыру, сыйға тарту және т.б.);

  • клиенттің, кассалық және қаржылық шаруашылықтың жеке банктік шоттарын жүргізу, міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүргізу;

  • қайта үйымдастыру немесе банкроттық және басқа да жағдайларында кәсіпорынның қызметтерін уақытша баскару.

Барлық банктік сенімгерлік операциялары үш үлкен санатқа (категорияға) бөлінеді:

  1. жеке тұлғаларға;

  2. коммерциялык кәсіпорындарға;

  3. коммерциялық емес ұйымдарға.

Жеке түлғаларға коммерциялық банктердің сенімгерлік (траста-лық) бөлімдері сенімгерлік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:

  • мүлікке өкімшілік ету;

  • сенімхат бойынша және камқоршылықпен байланысты операциялар

  • агенттік қызметтер

Өсиетхат бойынша құрылған траст - өсиетхатпен калдь/рыл-ған сенімгерлік ңоры деп аталады. Жеке тұлгалар өмірлік сенім қорын кұруы мүмкін, олар иесі тірі кезде қызмет етеді. Өсиетхатпен қалдырылған сенімгерлік қорын әдетте құрылтайшылар сенім қоры түрінде бенефициарларға активтерді бөлу кезінде құрады. Өмірлік сенім коры иелерін салық төлеуден босату немесе мүлікті басқарумен байланысты инвестициялар бойынша күнделікті шешім қабылдау үшін активтерді меншіктену құқын беру кезінде қүрылады. Банк қамқоршылық қызметтерді атқаруы мүмкін.

Қызметкерлердің сенімгерлік қызметтерінің бір түрі жеке агенттік шоттарды жүргізу болып табылады. Негізгі активтерді, қаржылық ісгерді баскдру, күнделікті шығындарды жүзеге асьгру бойынша жеке түлға банкпен келісімшарт жасауы мүмкін. Принци­пал (жеке түлға) банкті агент ретінде жалакы, пайыздар, дивидендтер, жал төлемін, қарыз бойынша толем жүргізуге, калыптасу жағдайына қарай жеке шығындарды төлеуге уәкілдік береді. Кейбір жағдайларда банк қызметкерлері дискрециялық құқыққа ие, яғни лауазымды адамның қайсібір мәселені өз калауынша шешуі. Осындай катынастар басқару құқы бар сені-мгерлік шот деп аталады. Егер бүндай қүқтар банкке ұсынылмаса, онда сенімгерлік қор бөлімінің қызметкері әрбір мәмілені жүргізуге рұқсат алулары қажет. Дегенмен барлык жағдайларда банк барлык жасалған мәмілелер туралы жеке түлғаға хабарлап отыру керек.

Коммерциялық үйымдарға сенімгерлік қызмет көрсетуді екі түрге бөліп қарастыруға болады: агенттік және қамқоршылық. Банктердің сенімгерлік бөлімдері іскери фирмалардың агенттері ретінде қызмет атқарады. Бұл қызмет коммерциялық клиенттердің мүддесіне байланысты бағалы кағаздарды шығару, дивидендтерді төлеу және акционерлердің талабы мен мерзімі өткен бағалы қағаздарды өтеу бойынша оларды қайта қаржыландыру жүмыстары жатады. Қамқоршылық операциялар ірі компаниялардың қамта-масыз етілмеген кепілхаттары сатылатын коммерциялық қағаздар нарығында қызмет етумен байланысты. Банктердің сенімгерлік бөлімдері коммерциялық қағаздарды сатып алудың есебін жүргізеді, инвесторларға өткізілетін барлық бағалы қағаздарды инвесторларға жеткізілуін кадағалайды және өтеу мерзімі өтіп кеткен бағалы қағаздар бойынша төлемдер жүргізеді. Олардың эмитенттері банк-тен кепілдеме хаттар алады, ягни бұл жағдайда инвесторлар қарыздық міндеттемені эмитент төлей алмаған жағдайда да банк төлейтіндігіне сенімді болады.

Дүниежүзінде зейнетақы, корпорациялық және үкімет қорлары жататын коммерциялық емес ұйымдар үшін бәсеке шиеленісуде. Банктердің сенімгерлік бөлімдері аталған ұйымдарға агенттік қызметтерді көрсетуге тырысады. Бұл қызметтер өз кезегінде тікелей және дискрециялық болып бөлінеді.

Сенімгерлік қызметтің орталық бағыты - банк клиенттерінің бағалы қағаздар қоржынын басқару болып табылады. Ірі ком-паниялар, мысалы, зейнетақы қорлары банк басқаруы үшін шоғыр-ланбалы қаржылырын сеніп тапсырады. Банкирлер сенімділік, әртараптандыру, қайтарымдылык, табыстылык және өтімділік принциптерін сақтау керек.

Инвестициялық коржындарды жоспарлау әдістемесі инвести-циялардың осы принциптерге сәйкес нормативтерін белгілейді. Мысалы, бұл көрсеткіштің деңгейі 45 пайызға тең болуы керек. Ол төмендегі жолмен анықталады:

Жоғарыда аталғандай, сенімгерлік операцияларын банктің арна-йы бөлімдері жүргізеді. Сонымен қатар несиелендірумен, деп-озиттерді және тағы басқаларды тартумен айналысатын банк бөлімшелері сенімгерлік бөлімшеден бөлек жұмыс істейді. Батыс-тың көптеген банкирлері сенімгерлік бөлімдерді «Басқа бір дүниенің бөлігі деп атайды». Бұның барлығы сенімгерлік қызметтерді банк ісінен бөлу максатын көздейді. Сенімгерлік бөлімнің қызметкерлері банктің емес, клиенттің мүддесін қорғайтын болғандықтан, көп жағдайда клиент пен банктің мүдделері сәйкес келмеуі мүмкін, сондыктан сенімгерлік бөлімнің жұмысы несиелік және инвестициялық кызметтерінен бөлініп тасталған.

Сенімгерлік бөлімдер өзінің қызметімен банкке қосымша табыс әкеледі. Сенімгерлік кызметтерді көрсеткені үшін банктер пайыздық ұқсастық болып табылмайтын комиссиялық сыйақы алады. Дәстүрлі банктік және сенімгерлік операциялар арасындағы негізгі айыр-машылық осы болып табылады.

Бәрімізге белгілі, Қазақстанда 1998 жылдың 1 каңтарынан бас-тап Мемлекеттік зейнетақы корынан басқа мемлекеттік емес зей-нетақы қорлары құрыла бастады. Сондықтан коммерциялық банктердегі сенімгерлік қызметтердің даму келешегінің көбеюіне әкелді. Одан да баска казақстандық банкирлер клиенттердің активтерін басқаруға байланысты басқалай операцияларды да қолына алуы мүмкін.

Банктің есеп саясатында сенімгерлік бөлімше (департамент) сенімгерлік активтерін сақтау үшін жауапкершілікті өз мойына алады, олар банк активтері болып табылмайды және сол ретте банктің қаржылық есептілігіне енгізілмейді. Әдетте, трастың бөлек қолма-қол шоттары талап етілгенге дейінгі депозит және мерзімді депозит түрінде банкке салынады. Сенімгерлік қызмет үшін сыйақыға жататын табыстар мен шығындар банк табысында таны-лып және есепке алу негізінде жазылады. Есептегі сенімгерлік қызмет шартты міндеттемелер ретінде қарастырылады.

Сенімгерлік қызметіндегі «актив» және «міндеттеме» терминдері әр түрлі болып анықталады. «Активтер» басқа тұлғалардың мен-шігін білдіреді, ал «міндеттемелер» шоттар типтерін бөлу кезінде, қолма-қол, негізгі қарыз немесе табыс ретінде активтер класының бір бөлігі болып табылады.

Сенімгерлік (траст) басқаруға берілген ақшаның есебін жүргізу үшін келесідей шоттар ашылады:



  • 2203 Дербес шоттарды ашумен банктің сенімді басқаруына берілген клиенттердің ағымдағы шоттары «Сенімгер занды тұлғаның ағымдағы (траст) шоты» және «Сенімгер жеке түлғаның ағымдағы (трасталық) шоты»

  • 4605 «Сенімгерлік (траст) операциялар бойынша банк қызме-тінен түскен комиссиялық табыс»

  • 7510 «Сенімгерлік (траст) басқаруға алынған клиенттердің ақшасы»

  • 7520 «Сенімгерлік басқарудағы бағалы қағаздар» - жеке дер­бес шот «Бағалы қағаздарға орналастырылған клиенттердің ақшасы»

  • 7530 «Сенімгерлік (траст) басқарудағы тазартылған қымбат металдар» - жеке дербес шот «Сенімгерлік басқарудағы тазар-тылған қымбат металдардың есебі»

  • 7540 «Сенімгерлік (траст) басқарудағы басқадай активтер» -жеке дербес шот «Сенімгерлік (траст) баскарудағы басқа да активтердің есебі».

Сенімгерлікті басқару кезінде комиссиялық сыйақы баланстан тыс есепке алынады.

7510, 7520, 7530 және 7540 шоттары бойынша талдамалы есеп, әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттарда жүргізіледі.

Бухгалтерлік есепте сенімгерлік операциялар бойынша келесідей корреспонденциялар жүргізіледі:

• Банктің сенімгерлік басқаруына ақшаны аудару үшін


клиент-жеке тұлғаның сенімгерлік шотты ашуы:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар» баланстан тыс шотқа кіріс - 7510 «Сенімгерлік (траст) басқарудағы ақша».

Банкке сенімгерлік басқаруға ақшаны аудару үшін клиент-заңцы тұлғаның сенімгерлік шотын ашу келесі жолдармен жүргізіледі:

- қолма-қол емес (теңге және шетел валютасымен):

Дт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Үлттық банкіндегі корреспондент™ есепшоты»

2203 «Клиенттің ағымдағы шоты»

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

- қолма-қол (теңге және шетел валютасымен)
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар» баланстан тыс шотқа кіріс - 7510 «Сенімгерлік басқарудағы ақшалар»

Келісімшарт бойынша қүрылтайшыға сыйақыны есептеу:

Дт 5921 «Банктік қызметтен басқалай шығыстар»

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

Сенімгердің ақшаны басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі кор-респонденттік есепшоты»

2203 «Клиенттердің ағымдағы шоты»

Кт 4605 «Банктің сенімділік (траст) операцияларында көрсеткен қызметі бойынша комиссиялық табыстар».

Негізгі қарызды қайтару кезінде келісімшарт бойынша комиссия үстап қалады:

Дт 2860 «Басқалай кредиторлар»

Кт 4605 «Банктің сенімгерлік (траст) операцияларында көрсет-кен қызметі бойынша комиссиялық табыстар».

Сенімгерлік (траст) басқаруға берілген ақшалар орналас-тырылғанда келесі операциялар жүзеге асырылады:

• Акшаны шетел валютасына, бағалы кағаздарға немесе
банкаралық несиелерге орналастыру:

Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар» Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Үлттық банкіндегі корреспонденток есепшоты»

Баланстан тыс шоттар бойынша:

Кіріс 7510 «Сенімгерлік (траст) басқарудағы ақшалар»

Шығыс 7510 «Сенімгерлік (траст) басқарудағы ақшалар»

• Ақшаны шетел валютасындағы бағалы қағаздарға орна-


ластырылғанда:

Дт 2860 «Банктік кызмет бойынша өзге кредиторлар»

Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»- теңгемен бір уақытта:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позицияның)»

Кт 2860 «Банктің кызмет бойынша өзге кредиторлар».

• Бағалы қағаздар үшін ақшалай қаражаттарды аударған кезде:


Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша озге кредиторлар»

Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Үлттық банкіндегі корреспонденток есепшоты».

• Сенімгерлік операцияны жүзеге асьі]ғ ан кезде сенімгер
құрылтайшысынан салық алынады:

Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша озге кредиторлар» Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

• Салықтың бюджетке аударылуы:

Дт 2851 «Салық және баскд да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кт 105І «Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегі банктің корреспондент™ шоты».


26-лекция

Тақырыбы: Банктің қаржылық операциялар есебі

(1-сағат)


Жоспар:


  1. Факторингтік операциялардың есебі

2. Форфейтингтік операциялардың есебі:

Егер де кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі жинақталып, сол кезде қолма-қол ақшаға қажеттілік пайда болса, онда бұл кәсіпорын өзінің қаржылық қызметін жақсарту мақсатында ком-мерциялық банктерден не болмаса мамандандырылған факторингтік компаниялардан көмек сұрауларына болады.

Факторинг дегеніміз не?

Факторинг - коммерцияльщ несие шартына сәйкес факторинг-тік компанияның тауарлар мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болатын төленбеген борыштық талаптарды қайта табыстау.

Факторингтік қызметтерді коммерциялық банктер немесе мамандандырылған факторингтік компаниялар ұсынады. Коммерция­льщ банктер бұл қызметті 90-жылдардың басынан атқара бастады. Және факторингтік операцияларды жүзеге асыру, банктерде арнайы құрылған бөлімшелерге жүктелді. Сонымен қатар аталған салада тәжірибенің жоқтығы және дүниежүзілік тәжірибені сипаттайтын аныктамалық және ғылыми әдебиеттердің болмауы, факторингті енгізуде көптеген қиындықтармен қатар бұл ұғымды дүрыс түсінбеуге әкеледі.

Факторингті қысқа мерзімді несиелендіру мен делдалдық ком­мерцияльщ қызметтердің айрықша түрі ретінде түсінуге болады. Басқаша айтқанда, өзінің клиентінің борышкерлерінен ақшалай қаражаттарын өндіру және борышты басқару жөніндегі арнайы мекшенің қызметі. Кәсіпорынның дебиторлық берешегін нақты есепке алу каржылық менеджерге күмәнді қарыздарды өтеуге арналған тәуекел қорын қалыптастыруға көмектеседі. Қаржылық менеджер сонымен катар фактор-банктан сатып алушының төлем қабілеттігі жайында ақпарат алуы мүмкін.

Жеке құкыктық Халықаралық институтымен 1988 жылы қабыл-данған халықаралық факторинг туралы конвенцияда - операцияны факторинг деп тану үшін кемінде 4 нышанның екеуін қанағат-тандыру қажет:



  • борыштық талаптарды алдын ала төлеу нысанында несиелеудің болуы;

  • жабдықтаушының бухгалтерлік есебін жүргізу;

  • борышты инкассолау;

  • жабдықтаушыны несиелік тәуекелден сақтандыру.

Шетелде факторингтік компаниялар факторингтен басқа да сервистік қызметтің келесі түрлерін ұсынады: кәсіпорын-клиент үшін бухгалтерлік есепті қою, дебеттік бухгалтерия, аудит жүргізу, әр түрлі статистиканы даярлау (ақпар, шолу). Одан басқа олар соңғы кездері сыртқы саудаға да қызмет етеді. Оны несиелеу барысында төлем мерзімі 30 күннен 120 күнге дейінгі шетел сатып алушыларына қатысты экспортшының талаптары сатып алынады. Жабдықтау құнының 80 пайызы тез арада бірден төленсе, қалған сомасы экспорттық түсім ақшаға тәуелсіз белгіленген мерзімде төленеді.

Факторингтің негізгі артьщшылықтары неде?

Біріншіден, клиенттің төлем қабілеттігімен байланысты тәуе-келді төмендететін төлем мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар кәсіпорынның айналымын жылдамдатады.

Екіншіден, факторинг өздерінің клиенттерінің төлем қабілетті-лігін тексеру және талаптарға қатысты бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі еңбексыйымдылығы жұмысты азайтуға мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді шешуді фактор-фирма (банк) өз мойнына алады.

Үшіншіден, ірі коммерциялық банктер иеленген фактор-фирмалар шоттарды уақытында төлеткізеді. Банктер әр түрлі фирмалардың қаржылық жағдайы туралы ақпаратпен алмасып тұратыны белгілі. Факторингті пайдалану кезінде төлем мерзімі бүзылған жағдайда кәсіпорынның іскерлік репутациясына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бірақ барлық кәсіпорындар бірдей факторингтік қызметтерді қолдана алмайды. Факторингтік қызметтер дебиторлары көп кәсіпорындарға, тар маманданған кәсіпорындарға, сатудан кейін қызмет көрсету шартында өнімдерін өткізетін кәсіпорындарға, клиенттерімен ұзақ мерзімді шартқа (контрактіге) отыратын және белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін шотты ұсынатын кәсіпорын-дарға керсетілмейді.

Факторингтік қызметтер қаржыландыру және қаржыландырусыз ұсынылуы мүмкін. Бірінші жағдайда, факторингтік компанияға шот-фактураны сатқан клиент соңғыдан төлем мерзімі келген уақытта ғана шот- фактура сомасьш ала алады. Екінші жағдайда, клиент тауарлар үшін алдын ала көрсетілген төлем мерзіміне байланыссыз шот-фактураны төлеуін талап ете алады. Сонымен қатар факто-рингтік компания өз клиентіне несие береді, яғни жеткізілген тауарларга алдын ала төлем жүргізу түрінде қаржыландыруды жүзеге асырады. Осындай жолмен факторингтік компания клиентке шот-фактурада көрсетілген соманың көп бөлігін қайтарады. Қалған соманы сатушы тауар үшін төлем мерзімі келген кезде міндетті түрде алады.

Ережеге сәйкес факторингтік операцияларға үш жақ қатысады: фякторингтік компания немесе банктің факторингтік бөлімі -

өз клиенттерінен шот-фактураларды сатып алатын маманданған мекеме; клиент (тауар жабдықтаушысы, кредитор) - факторингтік компаниямен келісімшартқа отырган өнеркәсіптік немесе тауарлық фирма; кэсіпорын (карыздар) - тауарды сатып алушы фирма. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде факторингтік ком-паниялар ірі банктердің жанындағы еншілес фирмалар ұсынады. Бұл факторингтік операциялардың ірі ақша қаражаттарын тартуды талап етуімен байланысты. Олар бұны жеңілдікпен несиелендіру шартына сәйкес бас банктен алады. Факторингтік компаниялардың меншікті қаражаттары олардың барлық ресурстарының 30 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ерекше бөлімінің 729 «Ақшалай талаптарға (факторингке) шегінім негізінде қаржыландыру шарты» бабына сәйкес Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша бір тарап (қаржы агенті) ақшаны басқа тараптың (клиенттің) билігіне береді немесе беруге міндет-тенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борыщқормен) қатынастарынан туындайтын, яғни ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.

Банктік тәжірибеде факторинг - бұл дебиторлық борышты та-быстау орнына банктің клиентке көрсеткен қаржылық қызметі. Бұл қызметтің мәні келесіде - банк клиенттен қарызды қайтару құқын алып және оған борышкерлердің талабын бөліп төлейді, яғни борышкерлерге олардың төлем мерзімі басталганға дейін қарыздың 70-90 пайызын қайтарады. Сыйақыны шегергеннен кейінгі соманың қалған бөлігі қарызды толық өтегеннен кейін барып қайтарылады. Нәтижесінде банк клиентіне қарызды тезірек қайтарып алуға мүмкіндік туады, сол үшін банкке комиссия төлейді.

Коммерциялық банктің факторингтік бөлімі мен операцияларды жүзеге асыру бойынша жабдықтаушының арақатынастары келісім-шартпен реттеледі (1-қосымша). Айта кететін жәйт, дәстүрлі нысандағы факторингтік мәміле тек жабдықтаушыға ғана қызмет көрсетеді. Компания келісімшартқа отырмас бүрын әлеуетті клиент-тің экономикалық және қаржылық жағдайын, қызмет көрсету аясын, өткізетін өнім түрлерін, нарық конъюнктурасын зерттеп оқиды. Сонымен қатар талдау жүргізу үшін кәсіпорынның соңғы жылдардағы балансы мен қаржылық нәтижелері туралы есептері де талап етіледі. Негізгі назарды кәсіпорынның клиенттер санына және тұрақты немесе кездейсоқ сипатта болуы мүмкін іскерлік байланыстарына аудару қажет. Бүндай талдау 1-2 аптаға созылады. Одан кейін компания қызмет көрсетуге келіседі немесе бас тартады.

Егер кәсіпорын факторингтік компанияның клиенті болса, онда ол сатып алушыларға қойылған барлык шот-фактураларды компа-нияға бағыттайды. Ол оны талдағаннан кейін барьш, сатып алушылардың төлем қабілетін анықтайды. Клиент әрбір құжат бойынша төлеуге келісімін алуы тиіс. Оған 24 сағаттан 2-3 күнге дейін уақыт беріледі.

Факторингтік келісімшартта операциялар бойынша шекті сома және факторингтік бөлімнің төлемді жабдыктаушының пайдасына жүзеге асыруы тиіс жағдайларын анықтау әдісі; факторингтің ашық (дебитор бөлімшенің мәмілеге қатысу туралы хабардар) не жабық (дебитор мәміленің бар не жоғы туралы хабардар етілмейді); қажет жағдайда кері талап (регресс) құқы, яғни талапты кері қайта табыстау (жабдықтаушыға қайтару) қарастырылады.

Төлеушінің өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқан жағ-дайында келісімшартта регресс құқы ескерілетін болса, онда факторингтік бөлімге өткізілген төлем тапсырмасы жабдықтау-шының өзіне қайтарылады. Дегенмен, төлеушінің төлеуге қабілетсіздігі немесе даулы тартыстардың пайда болу сәттері ең аз мөлшерде кездесетіндіктен, әлемдік тәжірибеде регресс кұқы қарастырылған келісімшарт өте сирек жағдайда кездеседі. Көбінесе регресс құқысыз мәмілелер жасалынады: банктің факторингтік бөлімі төлемеу тәуекелін өз мойнына алады.

1 - төлем мерзімі көрсетілген шот-фактураны сатып алушыға

өнімді жөнелту және жіберу;

2 - жабдықтаушы шот-фактураның көшірмесін фактор-

фирмаға ұсынады;


  1. - шот фактураны төлеу (шот сомасының 80 пайызын);

  2. - сатып алушы төлем мерзімі келген кезде жабдықтаушы-

ның шоты бойынша төлемді төлеу туралы тапсырмасын өз банкісіне береді:

5- шотты төлеу және ақшаны фактор-фирманың шотына

аудару;

6 - фактор фирманың жабдықтаушымен түпкілікті есеп айы-



рысуы. Факторинг бойынша мәмілеге отыру барысында ең негізгісі міндеттеменің есебі мен шекті соманың есеп айырысу әдісін алдын ала анықтау. Әлемдік тәжірибеде шекті соманы анықтаудың үш әдісі бар:

  1. Жалпы лимитті аныктау. Әрбір төлеушіге оған қайта табыс-талатын төлем тапсырмаларын факторингтік бөлімнің автоматты түрде төлеуінің шегінде жаңарып отыратын лимит бекітіледі. Егер жабдықтаушы алдындағы төлеушінің қарызы белгіленген сомадан асатын болса, онда факторингтік келісімшарттың ережесіне сәйкес сатып алушының жабдықтаушы алдындағы борышты өтеуге арналған барлық төлемдер төлеушінің дәрменсіз жағдайында бірінші кезекте факторингтік бөлімге (жабдықтаушы мүддесіне жасалған төлемдердің орнын толтырғанша), одан соң барып жабдықтаушының шотына түсе бастайды.

  2. Жөнелтудің айлық лимитін анықтау. Мұнда бір төлеушіге бір ай шеңберінде жөнелтілетін тауарлар сомасының мөлшері белгіленеді. Егер жабдықтаушы ол сомадан аспайтын болса, онда ол күмән қарыздың пайда болу тәуекелінен сақтандырылады. Кейде ол айға емес, аптаға да белгіленуі мүмкін.

  3. Жекелей мерзім бойынша сақтандыру. Аталған әдіс өндіріс-тік және өткізу қызметінің өзіндік ерекшелігіне байланысты, яғни бүл жерде сатушының белгілі бір түлғаларға ғана емес тауарларды жекелеген сатып алушыларға қосады, яғни ірі сомаға «бірлік» мәмілелер жасалады. Ондай жағдайда шекті сома әрбір тапсырыс-тың толық қүны больш табылады.

Факторингтік қызмет көрсетудің бағасы қызмет түріне, клиенттің қаржылық жағдайына, борыштық талаптардың сапасына және операциялар көлеміне байланысты. Әлемдік тәжірибеде ол екі элементтен құралады: комиссиялық және құжаттарға алдын ала төлем жүргізу кезінде өндірілетін пайыздар. Комиссия шот-фактураның сомасынан пайыз мөлшерінде белгіленеді (әдетте 1,5-2,5 пайыз мөлшерінде). Мәміле көлемінің өсуіне сәйкес сома да өсіп отырады. Алдын ала төлем түріндегі несие үшін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы мөлшерлемеден 1-2 пайызға жоғары болады (қысқа мерзімді несие нарығы). Факторинг құнының жоғары болуына қарамастан клиентура үшін айтарлықтай артықшылықтары бар: капитал айналымын жылдамдату, сатып алу-шылар жағынан төлемеу тәуекелінің жойылуы; баланс құрылы-мының жақсаруы; айналыс шығындарын азайту.

Шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей факторингтік қызмет көрсету әсіресе шағын және орта кәсіпорындар үшін тиімді больш келеді. Факторинг шагьш және орта бизнес кәсіпорындарының бас-шылығы мен қызметкерлеріне өндірістік мәселелерге шоғырлануға және пайданы жоғарылатуға, төлемдердің көп бөлігін алуды жеделдетуге, борышты толық төлеуді кепілдеуге, шоттарды жүргізу бойынша шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұның бәрі кәсіпорынның қаржылык жағдайына он, эсер етеді.

Қазіргі таңда біздің ақша нарығымыздағы факторинг позициясы біртіндеп тұрақтанды. Дегенмен, ол әзірде банктік операция ретінде дамуда. Республикамызда орта және шағын кәсіпорындардың құ-рылуы мен дамуы ынталандыратындықтан, факторингтің болашақта кең етек алады деген үміт бар.

Факторингтік қарыздар баланстық операция болып табылады. Осындай жолмен құрылган табыс еңбекпен табылған табыс ретінде есепке алынады.

Факторингтік операциялардың есебі келесі шоттарда жүргізіледі:

1407 «Клиенттерге факторинг»

4608 «Өзге де комиссиялық кірістер»

2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

7339 «Әр түрлі күндылықтар мен құжаттар»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет