“Математика-Экономика” факультеті



жүктеу 7.94 Mb.
бет22/35
Дата17.06.2016
өлшемі7.94 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

32-лекция

Тақырыбы: Халықаралық бантік есеп айырысу.

(1-сағат)


Жоспар:


  1. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары

2. Банктіњ валюта- айырбас операцияларыныњ есебі

Экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру кезінде халықара-лық банктік есеп айырысудың келесідей нысандары қолданылады:



  • құжаттамалық аккредитив;

  • құжаттамалық инкассо;

  • банктік аударым.

Құжаттамалық аккредитив

Құжаттамалык аккредитив - экспортшы (траттаны акцептеу) пайдасына төлемді жүргізу туралы клиент-импортшы тапсырысы бойынша берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі немесе аккредитивте көрсетілген анықталған сомада және бекітілген мерзімде басқа банктщ төлемді (тратта акцепті) жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Құжатты аккредитив өз кезегінде банктің бенефициарға1 өзінің тапсырыс берушісінің есебінен егер бенефициар аккредитивте көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынған жағдайда келісілген валютада белгілі соманы төлеуге беруі.

Бенефициар - сеніп тапсырылған меншіктен табыс алушы. Банк сатып алушы мен сатушының арасында делдал қызмет атқарады. Олар арқылы бірқатар операциялардан кейін төлем жүзеге асырылады: сәйкес аккредитивті құжаттарды ұсынуға қарсы бене­фициар акцептелген вексельді төлеу немесе төлемді жүргізу міндет-темесі нысанындағы келісімге байланысты аккредитивте көрсетілген соманы банктен алады. Құжаттамалық аккредитив арқасында бенефициар сатып алушының төлем қабілетіне және оның төлеуге дайын болуына байланыссыз және тауарды түсіргеннен кейін бір-ден өтімді қаражаттар алуы мумкін.

Төлемді қамтамасыз етудің құралы ретінде құжатты аккредитив әсіресе сатып алушылар мен сатушылардың ойларының қақты-ғысуын бәсендету үшін қажет:

• Сатушы өзара шартта көрсетілген тауарды жеткізілімі үшін оған


төленетін сома валютада берілетініне сенімді болгысы келеді;

• Сатып алушы тауар жеткізілінбейінше акша төлегісі келмейді.


Құжаттамалық аккредитив өзінің ерекше артықшылығына ие:

  • Әлемде барлық елдермен операция жүргізу кезінде қамтамасыз ету күралы ретінде қолданылуы;

  • Сатушыға тиесілі соманы игілікпен билеу;

  • Төлем жағдайы қатынасындағы икемділік;

• . Қысқа мерзімді қаржыландыру қаражаты ретінде қолданылуы;

  • Сатушыға жеңілдікті қамтамасыз ету жағдайлары анықталған кезде мүмкіндік беретін төлемді тез және кедергісіз жүзеге асыруы;

  • Ерекше халықаралық құқыққа сенімділік.

Жоғары айтылғандай, аккредитив телемді қамтамасыз ету қыз-метімен қатар несие қызметін де орындайды. Сатып алушы банктің төлемді жүзеге асыру міндеті сатушының өз банкінен несие алуын жеңілдетеді. Белгілі жағдайларда аккредитив импортшы банкке несие үшін негіз бола алады, яғни банк аккредитивті операциялар-ды жүзеге асыру кезінде тауарға деген меншікті растайтын құжат-тарды басқаруы мүмкін, себебі тауар жөнелтпе құжаттары жөнелтілген жүкті беру талаптарын куәландырады. Қүжаттарды беру жолы арқылы тауарды иемдену кұкығы да беріледі.

Клиенттерге аккредитив аккредитивті ұсыну немесе аккредитив-ке өтініш негізінде (5-қосымша) ашылады.

Аккредитивтермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде, ашуға тапсырмада аккредитив түрінін көрсетілуін тексеру керек, себебі егер сәйкес белгілері болмаса, онда бүндай аккредитив қайтарып алынбайды.

Аккредитивтің түрлері камтамасыз ету көлемі туралы дағдаластықпен және өзіне тәуекелді алу кезінде анықталады. Аккредитиве қайтарып алу

Кез келген уақытта эмитент-банк өзгертуі немесе жоюы мүмкін, көп жағдайда бенефициарды алдын ала ескертпей аккредитивтің бұйрық берушісінің айтуы бойынша жасалынады. Сондықтан бун­дам аккредитив банктің ешқандай кұқықты төлем міндеттемесін тудырмайды. Тек эмитент-банк немесе оның корреспондент-банк құжат бойынша төлемді жүзеге асырған кезде аккредитиве ң қайтарып алу заңды күшін жояды.

Сонымен қайтарымды аккредитив бенефициарға жеткілікті кам-тамасыз етуді ұсынбайды. Оны корреспондент-банк ешқашанда растамайды және өзара сенім орнаған бір-біріне танымал әріптестер арасында іскерлік катынастарда ғана қолданылуы мүмкін. Қазіргі танда қайтарымды аккредитив сирек қолданылады.

Қайтарыи алынбайтын аккредитив

Бенефициарға жоғары деңгейлі сенімділік береді, егер ол аккредитив шартын орындаған болса оның жеткізілімдері мен қызметтеріне төлем жүргізіледі. Қайтарып алынбайтын аккредитив эмитент-банк төлемінің қатаң міндеттемесін қүрайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив кезінде аккредитиве өзгерту немесе жою бенефициардың және де жауапты банктердің келісімдерін талап етеді.. Егер сатушы аккредитив шартын өзгерткісі немесе жойғысы келсе, онда ол сатып алушыдан эмитент-банкке сәйкес тапсырма-ларды беруін талап етуі керек.

Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу туралы бенефициарға корреспондент-банк хабарлайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив расталуы және расталмауы мүмкін. Қайтарып алынбайтын растал-маған аккредитив кезінде корреспондент-банк бенефициарға аккре-дитивтің ашылуы туралы міндеттенеді. Бұл жағдайда ол төлемнің ешқандай меншікті міндеттемелерін алмайды және нәтижесінде бенефициар ұсынған қүжаттар бойынша оны жүргізуге міндетті емес. Себебі, бенефициар шетелдегі эмитент-банкке сенеді, қайта-рып алынбайтын расталмаған аккредитив тек саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі маңызды емес болған жағдайда ғана жалпылама болып табылады. Егер корреспондент-банк аккредитив ашқан банктермен жақсы қатынаста болса, сондай-ақ тұрақты саяси және экономикалық жағдайға сүйенетін болса, онда ол құжат бойынша төлемдерді клиент мүддесіне сәйкес операцияларды тез жүргізу мақсатында жүзеге асырады.

Егер корреспондент-банк бенефициарға аккредитиве бекітсе, онда ол аккредитивке сәйкес және берілген уақытта құжаттар бойынша төлем жүргізуге міндетті болып табылады. Бұл жағдайда бенефициар аккредитиве ашкан банктің міндеттемесімен бірге заңды тең құнды және корреспондент-банктің дербес міндетіне төлем жүргізеді. Сондықтан ол үшін қамтамасыз ету деңгейі мәнді жоғарылайды. Себебі көп жағдайларда бұндай аккредитивке зкс-портшы еліндегі банктер ұшырайды, бекітетін саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі ерекше болып табылады.

Экспортшыға «Үй банкімен» расталған, яғни экспортшы елін-дегі банктерге аккредитив айтарлықтай кепіл береді. Егер төлемнің түсу мерзімін (кезеңін) аныктау мүмкін болса, онда маңызды валюталық тәуекел валюталық мерзімді өзара шарттармен сақталуы мүмкін. Бірақ, егер ең басынан төлем мерзімі анықталмаған болса да, валюталық операцияларға қатысушы банктер көп жағдайларда тиімді шешімдерді ұсынуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандай аккредитивтің нысандары бенефициар үшін қамтамасыз ету деңгейімен ерекшеленеді. Аккредитив түрлері мен конструкциялығы оларды пайдалануға байланысты болады.

Аккредитивтің негізгі түрлеріне келесілер жатады:


  • ұсыну бойынша төлемдер;

  • төлемді ұзарту бойынша;

  • бенефициардың траттаны акцептілеуін қарастыру;

  • бенефициардың тратталарды сатып алуын қарастыру;

  • «қызыл ескертпе»;

  • жаңартпалы;

  • «стенд бай» (резервтік аккредитив);

  • аудармалы.

Төлемді ұсыну бойынша аккредитив

Аккредитивтің кең қолданылатын түрі болып табылады. Бене-фициармен есеп айырысу аккредитивтегі шарттар орындаған кезде қажетті қүжаттарды үсыну аркылы жүзеге асады. Банктер қүжат-тарды алғаннан кейін жеті банктік күннен аспайтын мерзім ішінде сәйкес уақытқа қүжаттарды тексеруге күкығы бар. Экспортшының шотына қаражаттарды есептеу кезінде валюталау күні аккредитив валютасына байланысты болады.

Төлемді узарту бойынша аккредитив

Бенефициар төлемді құжатты берген кезде емес, аккредитивте көрсетілген біршама кеш мерзімде алады. Аккредитивтерге сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін, бенефициар өкілетті банктен төлем мерзімі келген күні төлемді жүзеге асырады, келісімін алады. Сондықтан импортшы кұжаттарды иемденуге, оларды сатылу және сату бағасы бойынша дебеттегенге дейін ие болады. Экономикалық жоспарда төлемді үзарту бойынша аккредитив тратта акцептін қарастыратын аккредитивке сәйкес келеді, тек төлемді ұзарту бойынша аккредитив вексель сияқты дисконтталмайды, себебі бұнда бухгалтерлік талап қана қолданылады. Анықталған жағдай-ларда төлемді ұзарту бойынша талапты банк авансылауы мүмкін. Бұл тек эмитент-банк немесе банк бекітушісі үшін ғана мүмкін. Вексельді есептеу кезінде көптеген мүмкіндіктер болады.

Тратта акцептімен аккредитив

Бенефициар сатып алушыға ұсынған тратта аккредитив бойын­ша шарттарды орындағаннан кейін аккредитиве ашқан эмитент-банк немесе акцептпен камтамасыз етілген корреспондент-банктің оған қайтаруын талап ете алады. Төлем орнына тратта акцепті жасалады. Акцептелген траттаны ол өз банкіне беруі немесе мер-зімі келген күні төлеу үшін қолдануы мүмкін. Акцепті қарасты-ратын аккредитив бойынша тратта 60 күннен 180 күнге дейін қызмет етеді. Тратта акцептін қарастыратын аккредитив импортшы-ға төлем мерзімін кепілдеу үшін қызмет етеді: толем мерзімі басталғанға дейін, ол тауарды одан әрі сата алады және түсім есебінен акцепті толеуі мүмкін. Осыдан келіп, импортшы мәмілеге сәйкес несие алмайды.

Траттаны сатып алу аккредитиве

Негоциация түсінігіңде бенефициардың траттаны үсынуына қарсы, негоциацияға өкілетті банктердщ қаражаттарды төлеуі жатыр. Қаражат толенбеген құжаттарды тексеру негоциация болып табылмайды. Бенефициар дұрыс құжаттарды ұсыну кезінде, эмитент банк вексельді немесе құжаттарды ұсыну кезінде, эмитент-банк вексельді немесе құжатты толеуді кепілдендіреді. Коммерциялық аккредитивтің коп қолданылатын нүсқасы - тратта негоциациясы-мен байланысты аккредитив. Кейбір жағдайларда белгілі банктерде тандау шектелген. Коммерциялық аккредитив бойынша комиссияны толеу бенефициар есебінен жүзеге асады.

Авансты аккредитив

«Қызыл ескертпе» аккредитивы қолданған кезде сатушы кор-респондент-банктен келісілген соманы талап ете алады. Соңғысы, негізінде аккредитив бойынша жеткізілетін тауарды алу немесе өндірісті қаржыландыру үшін арналған. Аванс түбіртек (квитанция) бойынша толенеді және бенефициардың жазбаша міндеттемесін жонелтім қүжаттарына мерзімінде ұсыну керек. Аванс төлеу ак-кредитивті ашқан банктің жауапкершілігі негізінде корреспондент-банк есебінен жүзеге асады. Егер сатушы уақытында қажетті қүжаттарды үсынбаса немесе авансты отемесе, онда корреспондент- банк аванс сомасына пайызды дебеттейді. Сондықтан бұл аккредитивке бұйрық берушіден ұстап қалады. Бұрын аванс төлеу құзыретін корреспондент-банк қызыл сиямен белгілеген, содан «қызыл ескертпе аккредитиві» деген атаққа ие. Жаңартпалы аккредитив

Егер сатып алушы тапсырыс тауарларының белгілі бір бөлік-терін белгілі уақыт аралықтарында жеткізуге бұйрық берсе (жеткізілім топтамасы туралы келісімшарт), онда төлем ішінара жеткізілім құнымен сәйкес өтелетін жаңартпалы аккредитив бойынша жүзеге асуы мүмкін. Жаңартпалы аккредитив кезінде келесі ескертпелер болуы мүмкін: «100000 USD аккредитив сомасы 1200000 USD жалпы сомасына дейін автоматты түрде он бір рет жаңарып отырады». Алғаш 100000 американдық долларды пайда-ланғаннан кейін, бірден келесі ішінара төлем күшіне енеді және 1,2 миллион американдық доллар сомасына дейін қайталанады. Көбі-несе «жаңартпалы ескертпеде» бөлек транштардың1 пайдалану мерзімі тіркеледі. Жаңартпалы аккредитивтер жиынтық және жиынтық емес болуы мүмкін. Жиынтық, яғни пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған үлес сомасы қатысты үлеске қо-сылуы мүмкін. Жиынтық емес жағдайда, керісінше, уақытында талап етілмеген ішінара сомалардың пайдалану мерзімі өтеді. Резервті аккредитив

«Стенд бай» аккредитивтері ең алдымен Құрама Штаттарында қолданылады және АҚШ федералды штаттарының зандық хұкіміне сәйкес банктер бере алмайтын бізде қабылданған кепілдерді ауыс-тырады. Алайда Еуропада да аккредитивтің осы түрі қолданылады. «Стенд бай» аккредитивтері кепіл құралы болып табылады.

Резервті аккредитивтер келесідей төлем және қызметтер арқылы кепілдендіріледі:



  • ұсыну бойынша төлемге жататын вексельдер бойынша төлем;

  • банктік несиелерді өтеу;

  • тауар жеткізімдерін төлеу;

  • келісімшарт бойынша тауарды жеткізу;

  • жүмысты орындау немесе мердігерлік шартты орындау. Банкке аккредитив бойынша бұйрық берушінің өз міндеттемесін

орындамағаны туралы өтінішпен бірге аккредитивке сәйкес барлық құжаттарды (жөнелтім күжаттарының көшірмесі) ұсына отырып, оның орындауын талап етеді. Банктер несиелерге байланысты

1 Транш - сериялап шығарылатын облигациялық қарыздың үлесі немесе бір бөлігі. бағалы қағаздар бойынша өздерінің жеке міндеттемелерін орындау кепілі ретінде өз есебінен резервті аккредитивтер ашады. Одан әрі банктер аккредитивтің осы түрі арқылы жеткізілген тауарлар үшін жабдықтаушыларды кепілдейді.

Аудармалы аккредитив

Халықаралық сауда қажеттілігіне негізделеді. Ол сауда делда­лына клиенттің аккредитивтік қаражаттың қандай да бір жабдық-таушыға беруі мүмкін және сол арқылы меншікті қаражаттарды шекті пайдалану мәмілесін рәсімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сауда делдалына оның сатып алушысы қайтарып алынбайтын аккредитивті шығарады. Соңғысы трансферабель ретінде нақты көрсетілуі керек. Сауда делдалы банктен өз пайдасына аккредитив ашу туралы хабарлама алған кезде, ол соңғысына аккредитивті екінші бенефициар деп аталатын өз жабдықтаушысына аударуды тапсырады. Бірақ, банк аккредитиве өзі келісімі берген шекте және тәртіпте ғана аударуға міндетті. Аудару бойынша шығындар сауда делдалы есебінен жүреді, сондықтан да аударушы банк оған алдын ала дебеттеуге құқылы. Жабдықтаушы тауарды тиеп және құжатты ұсынғаннан кейін, ол авизолаушы немесе растайтын банктен шарт-ты төлемді алады. Құжаттар аударушы банкке түседі де, сауда делдалына дебеттеледі. Соңғысы аударушы банкке сатып алушыға шығарған өзінің фактура-шотын береді және оның орнына өзінің жабдықтаушы шотын алады. Жабдықтаушы шотындағы сомадан сауда маржасынан жоғары болатын делдал шотындағы сома сауда делдалының кредитіне жазылады. Аудармалы аккредитивке мына-дай қасиеттер тән: аудармалы аккредитив құжаттары арқылы негізгі аккредитив бойынша есеп айырысу жүргізілуі мүмкін. Бірақ төмендегідей сәйкессіздіктер болуы мүмкін:


  • аккредитив сомасы және тауар бірлігінің бағасы төмендетілуі мүмкін;

  • қызмет ету мерзімі қысқартылуы мүмкін;

  • кұжатты үсыну үшін соңғы мерзім қысқаруы мүмкін;

  • егер негізгі аккредитивте тауарды жіберу күні белгіленбесе, онда жіберу мерзімі қысқаруы мүмкін;

  • сақтандыру өтеуінің пайыздық мөлшерлемесі негізгі аккреди­тив ұйғарымының орнын толтыру мөлшерлемесін жоғарылату үшін жоғары болуы мүмкін;

  • сауда делдалы одан қалған қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.

Сонымен бірге сауда делдалына сауда маржасына көбейтілген жабдықтаушының берген фактура-шотын өзінің жеке шотына ауыстыруға құқылы. Осыдан келіп, ақырғы сатып алушы сауда делдалының пайдалы маржасы туралы ешқандай мәлімет алмайды. Шынында фактураны айырбастау кезінде банк сауда делдалының жедел ынтымактастығы мүмкіндігіне сенім артуы керек: егер ол алғашқы талап бойынша жаңа шот бермесе, банк екінші бене­фициар фактурасын аккредитив ашқан банкке жіберуі мүмкін. Бел-гілі жағдайларда негізгі аккредитив бойынша төлемді дұрыс жүргіз-гісі келсе оны пайдалануға мәжбүр. Жағымсыз әсерлерді болырмау үшін банк көп жағдайларда сауда делдалдарынан аккредитиве ау-дару тапсырысымен бірге фактура-шотын ұсынуды талап етуі мүмкін.

Негізгі аккредитивтің қызмет ету мерзімі аудармалы аккреди-тивтің қызмет ету мерзіміне сәйкес келеді. Бұл жабдықтаушының аудару туралы хабар еткен банкке негізгі аккредитивтің қызмет ету мерзіміне дейін құжаттарды беруін білдіреді. Негізгі және аудар­малы аккредитив бір құжат арқылы төленеді. Егер, сауда делдалы сатып алушы мен жабдықтаушы бірін-бірі білмесін десе, ол жабдықтаушыдан оның жеке басын белгілеуге мүмкіндік бермейтін бейтарап құжаттарды талап етеді. Сонымен бірге ол негізгі аккредитивте ақырғы сатып алушының атауы болмауын қадағалауы керек.

Аудармалы аккредитиве тек бір рет қана аударады. Екінші бенефициар негізгі аккредитив шотында «екі рет аудармалы» деп көрсетілген болса да оны аудара алмайды.

Алайда екінші бенефициардың бірінші бенефиициарға «кері ау-даруды» жүргізуі аккредитиве екінші рет аудару деп табылмайды. Және сол уақытта бірінші бенефициар негізгі аккредитиве егер ішінара жеткізу рұқсат етілген болса, бірнеше жабдықтаушыларға үлестіруі мүмкін. Осындай үлестірме аударымдар бір аударымдар ретінде танылалды.

Аккредитиве аудару және тапсыру алдында бірінші бенефициар аударушы банкі аккредитивтегі өзгерістер туралы екінші бенефи-циарға хабардар етуі керек. Бұл шешімнің үлкен маңызы бар. Егер аккредитив бірнеше бенефициарға аударылған болса, онда оның әрқайсысы өзгерісті алып тастауға құкьілы.

Кей кезде сауда делдал аккредитив бойынша өз талабын қандайда бір жабдықтаушыға аударғысы келеді, бірақ аккредитив жағдайы аударуды жібермейді. Бүл кезде оның иелігінде екі мүмкіндік болады:



  • «бэк ту бэк» аккредитиві (өтемакылық);

  • аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия).

«Бэк ту бэк» аккредитив/

Коммерсант-делдалдың банкі жабдықтаушы пайдасына қарама-қарсы аккредитив ашады. Бірак, ол бұған осы кезде пайда болатын қосымша тәуекелдерді сақтандыру мүмкін болған кезде ғана дайын болады. Осыдан банк жаңа аккредитив бойынша төлем орны ретін-де болады. Кері жағдайда егер корреспондент-банк пен өздерінің арасында құжаттар жоғалса, аккредитив сомасы жоғалады. Ол сонымен қатар, фактура-шотты кедергісіз аудару кепілдендірілуін талап етуі мүмкін. Себебі, коммерсант пайдасына ашылған негізгі аккредитив қарсы аккредитивтегі жабдьщтаушы шотына пайдалануы мүмкін емес.

Аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия)

Бенефициар аккредитив бойынша түсімді толығымен немесе ішінара субжабдықтаушының пайдасына қайта табыстауы мүмкін (циссия - өзінің құқын баска тұлғаға беру). Осыған байланысты мыналар жазылған: «аккредитивте аудармалы екені көрсетілмесе, цессия құқығына тиісті емес: бенефициардың аккредитив бойынша тапсырмасын борышқор банктен өтініш алады, онда соңғысы оған иелігіне аккредитив бойынша түскен соманың белгілі бір бөлігін төлеуі туралы уәде береді». Бұл мүмкіндікті әдетте өндіріс кәсіп-орындары қолданады.

Құжаттарды тапсыру, аудармалы аккредитивке қарағанда бене-фициардың ісі болып қалады. Осылайша цессия шартты қамтама-сыз етуді ғана ұсынады: Төлеу тек аккредитив бойынша төлемді жүргізгеннен кейін ғана болады, ал бенефициардың аккредитив жағдайына сәйкес құжаттарды мерзімінде үсынуы бойынша цес­сионер ешқандай кепіл алмайды. Сондықтан борышқор арасындағы сенімділік қатынасты білдіреді. Егер импортшы сатып алу сату шартын қол қойғаннан кейін келісілген жағдайға сәйкес экспорт-шының ұсынысын қабылдаған болса, онда оған сатып алушының пайдасына аккредитив ашуына иемденеді. Аккредитив ашуға тапсырманы импортшы банктен оның жабдықтаушысына төлем туралы міндеттемесін беруге талап етеді. Банк бұл талапты тек оны қайтадан аккредитивті қарастыратын болтан жағдайда ғана орындайды. Себебі, ол тауарды тек жалғыз кепіл ретінде қарастыра алмайды, әсіресе ол үшін қызмет етуші нарық болмаса.

Аккредитив ашу үшін ол белгіленген нысандағы банктік блан-кіде үш данадағы өтініші толтырылуы керек. Өтініш басшының қолымен және мөрімен рәсімделуі керек. Клиенттен аккредитив ашуға өтініш операционды бөліммен соңғысының ағымдағы валют-алық шотында белгіленген бағаға сәйкес тартылатын аккредитив ашуға комиссия есебінен қажетті ақша қаражаттарының сомасы болғанда ғана алынады. Әрбір экспорт импортты мәмілесіне мәміле куәлігі рәсімделеді (6-қосымша).

Аккредитив ашуға өтініште импортшы келесідей негізгі деректеме ұсынуға міндетті:


  • аккредитив турі (қайтарып алынатын, қайтарып алынбайтын, трансферабелді, басқа банк растаған немесе растамаған аккредитив);

  • импортшынын атауы мен орналасқан жері;

  • бенефициардың атауы және толық мекен-жайы;

  • аккредитиве өтеу мерзімінің орны, күні, айы;

  • бенефициар-банктің (авизолаушы банктің) атауы және мекен-жайы;

  • аккредитив сомасы және валютасы;

  • тауарды сипаттау, тиеу мерзімі (CIF, FOB және т.б.) тауар жеткізілетін ел;

  • ішінара тиеу және жеткізу мүмкіндігі;

  • тауарды жеткізу мерзімі;

  • жабдықтаушылардың төлеуге ұсынатын құжаттар тізімі;

  • құжатты ұсыну мерзімі;

  • жабдықтаушы тиеуге ұсынатын құжаттардың тізімі;

  • төлем шарты: кұжатты ұсыну немесе ұзарту мерзімі бойынша;

  • аккредитив бойынша кандай шығындар және кімдер алып жүреді.

Аккредитивтің қызмет ету мерзімі сатып алынатын тауарлардың санына және сипатына байланысты белгіленеді және ол нақты болуы керек. Әдетте аккредитивтер 60-150 күнге, ал кей жағдай-ларда одан да ұзақ мерзімге ашылады. Есепті операционды бөлім клиенттен өтінішті алғаннан кейін, оның дұрыс толтырылғандығын тексереді. Қателері бар өтініштер клиентке қайта толтырылуға беріледі. Аккредитив ашуға алынған өтініш келесі тәртіп бойынша орындалады:

  • клиенттің валютальщ шотында каражаттардың болуы және қол немесе мөр үлгілерінің карточкасы бар өтініштің бірінші данасы шетел қатынастар операциялар бөліміне немесе орындауға беріледі;

  • өтініштің екінші данасы клиенттердің құжаттамасында орна-ластырады;

  • өтініштің үшінші данасы аккредитив ашу туралы тапсыр-маның орындалуын шешкен есепті операциялық бөліктің қолхатымен клиенттерге кайтарылады.

Шетелдік қатынастар және операциялар бөлімі авизолаушы және растайтын банкті аныктап, осы банктердің біреуіне аккредитиве ашу туралы аклараттарды бағыттайды (телекс немесе SWIFT арқылы).

Аккредитив сомасы клиенттің ағымдағы валюталық шоты есебіне шығарылып, баланстық шотқа сәйкес есептелінеді:

Дт 2203 «Клиенттің ағымдағы есепшоттары» (валюталық шот)

Кт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар».

Растайтын немесе авизолаушы банкке бағытталған аккредитив мәтінінде шетел банкіне өтеуді ұсыну тәртібі белгіленген. Шетел банк ісіндегі импорт үшін аккредитив нысанында есеп айырысу кезіндегі оқшауланған қаражаттардың сомасы бөлек баланстық шот 1052 «Банктің басқа банктегі корреспонденттік есепшоттары» шетел банкісіндегі өтеу шотындағы аккредитиве орындау кезіндегі сәйкес сома есептен шығарылу кезінде бұл шот жабылады. Егер мәміле жасалмай және қаражаттар банктің корреспонденттік шотына қай-тарылса, онда түскен сома клиенттің ағымдағы шотына есепте-лінеді. Одан әрі шарттың барлық жағдайлары орындалса, тауарды тиеу туралы бенефициар банктен құжаттар алу шегінде төлем толтырылады. Шетел банкісіне аккредитивтегі соманы төлеу туралы төлем тапсырмасы жіберілмейді. Онда валюталау мерзімінің өткізбесі көрсетіледі:

Дт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар» пайдаланған аккредитив сомасына

Кт 1052 «Банктің басқа банктегі корреспонденттік есепшоттары».

Клиенттердің аккредитив ашу туралы өтініштері арнайы жур-налда тіркеледі. Әрбір аккредитив бойынша шетел қатынастары және операциялар бөлімінде құжаттама және дербес шот ашылады. Құжаттамада аккредитивке байланысты барлық құжаттар тігіледі, сонымен қатар аккредитиве пайдаланатын оперативті есептер бойынша жазбалар жасалынады.

Бенефициармен келісу шарты кезінде клиент өтініші бойынша Шетел қатынастар және операциялар бөлімі аккредитив шартына өзгеріс енгізе алады. Аккредитив шартының өзгеруі туралы өтініш-те ұсынылатын өзгерістер, ал кайтарып алу немесе мерзімін ұзарту мерзімінен бұрын жою себептері нақты көрсетілуі керек.

Аккредитив шартының өзгеруі туралы мерзімді ұзарту немесе қайтарып алу алғашқы аккредитиве авизолаған' шетел банкісі телекс немесе SWIFT жүйесі бойынша жүргізеді.

Комиссиялық сыйақының белгіленген бағасына сәйкес банк клиенттің шотынан аккредитив шартының өзгеруіне, оның жойылуы мен мерзімін ұзартуға байланысты сыйақы алады.

Аккредитив құжаттарды ұсыну немесе соңғы төлемнен кейінгі мерзім өткеннен кейін жабық деп есептеледі.

' Авизо - есеп айырысу операциясын орындагандығы турлы хабарлама. Төлем тапсырмалары, мемориалдық ордерлер көшірмелері де жатады.

Шетел банктерінен аккредитив бойынша келіп түскен құжаттар бойынша аппликант-клиентте қолхат арқылы беріледі. Құжатты алуы туралы бекіту шетел банкісіне жіберілмейді.

Егер орындаушы аккредитивті ашқан банк (құжаттарды тек-серетін) болса, онда шетел банкісінен аккредитив бойынша құжат-тарды алғаннан кейін ол түгелімен дұрыс тексеріліп шығарылуы керек. Тек содан кейін ғана қолхат арқылы құжаттарды сатып алушы клиентіне береді.

Егер құжатты тексеру кезінде қателіктер табылған жағдайда, құжаттарды төлеу сатып алушыдан төлеуге жазбаша рұқсат берген кезде ғана жүзеге асырылады. Егер ол қарсы болатын жағдайда, онда шетел қатынастары және операциялар бөлімі шетел банкісіне хабардар етеді. Сонымен катар ол тапқан қателіктерді көрсетуі керек және құжаттарды өзі ұстап тұр ма, жоқ әлде оларға қайтарып берді ме, сол туралы хабар беруге тиіс.

Эспортка құжатты аккредитивтер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде, шетел катынастары және операциялар бөлімі шетел банкінен алған аккредитивтің занды екенін тексеріп үш күн ішінде экспортшыларға өзінің клиентіне жібереді. Егер қандайда бір себептерге байланысты банк құжаттың занды екенін тексере алмаса, онда ол өз қалауы бойынша оны бенефициарға авизолай алады, бірақ соңғыны оның занды екеніне жауап бермейтіндігі және ол бойынша ешқандай жауапкершілік алып жүрмейтінін хабарлауы керек.

Құжаттамалық аккредитив нысанындағы экспорт бойынша есеп айырысу кезінде шетел банктері экспортшы фирмасының тапсырыс бойынша өзінде аккредитив ашады және аккредитив түрі мен ол бойынша төлеу тәртібі көрсетілетін аккредитивтік хатты банкке жібереді.

Шетел импортшыларының атынан қазақстандық экспортшылар пайдасына келетін кейбір аккредитивтер белек дербес шоттар ашылатын баланстық шоттарда есептеледі.

Дт 6010 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6510 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер».

Әрбір аккредитивке дербес шот ретінде және шетел валюта-сында жүргізілетін қүжаттамалар ашылады. Барлық талаптарға сәйкес келетін аккредитивтер әркайсысына нөмір берілетін кітапқа тіркеледі. Құжаттамалық папка бетінде жүргізілген операциялар мен пайдаланылмаған қалдыктар туралы жазулар, сондай-ақ коммисия-лық ақыны есептеу және алу туралы белгілеулер жасалады. Құжаттамада аккредитив данасы жэне оны орындаумен байланыстыбарлық құжаттар тіркеледі. Жауапты орындаушы үш күн ішінде экспорттық аккредитив пайдасына ашылатын ашылу туралы бене-фициарды авизолайды (хабардар етеді). Бенефициар авизолаушы банктен хабар алғаннан кейін келісімшартқа сәйкестігін тексереді.

Өкілетті банк эмитент-банкке авизолаушы банк есебі бойынша оның нөмірін көрсете отырып аккредитивті алу туралы растаманы жібереді. Құжаттамалық аккредитив бойынша төлемдер бенефициар-га келісімшартта көрсетілген жағдайлар бойынша жүргізіледі. Экспортшы тауарларды тиегеннен кейін банкке жөнелтпе тапсырыс-хатымен бірге құжаттарды ұсынады. Жауапты орындаушы оның дұрыс рәсімделуін және ондағы барлық қажетті деректердің болуын тексереді. Тапсырыс банкке үш данада өткізіледі, біріншісі қүжаттамада тіркеледі, екіншісі шетел банкісіне жөнелтпе хатын жазу үшін пайдаланылады, ал үшінші данасы құжаттарды қабыл-дағандығы туралы қолхат ретінде бенефициарға беріледі. Құжат-тарды және барлық анықталған сәйкессіздіктерді тексеріп болғаннан кейін банк бенефициарға төлемді жүргізеді.

Шетел банктерінен ақша каражаттары түскеннен кейін келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспондештік есешноттары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары».

Және сол уақытта баланстан тыс шот есебінің шығынына есептеледі:

Дт 6510 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

Кт 6010 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар».

Аккредитив бойынша қүжаттамада толем сомасын көрсетіп «толем» жазуы жасалады. Өтелген экспортты аккредитив сомасына өткізбе жасалады:

Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспоңденттік есепшоттары»

Кт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар».

Банктің төлемге карсы жіберген тауарлы құжаттары 7150 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген құжаттар және құндылықтар» баланстан тыс шотына кірістеледі. Өтелген аккредитив кезінде құжаттарды тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін банк аккредитив сомасын өтеу шотынан есептен шығарады. Осыны растау үшін шетел банкіне хабар жіберіледі және келесі өткізбе жасалады:

Дт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

және Шығыс 7150 «Шетел операциялары бойынша инкассаға жіберілген құжаттар және құндылықтар».

Құжаттамалық инкассо есебі

Құжаттамалық инкассо1 кезінде банк құжаттарды жіберуге қар-сы сатушы үшін тиесілі соманы алу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. Ашық шот бойынша жекізумен салыстырғанда қауіпсіз. Сатушыны инкассомен байланысты әкімшілік жұмыстардан босатады және банкаралық желіні пайдалана отырып, пайда алуға мүмкіндік береді. Есеп айырысулар инкассоға өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Сатушы тауарды тиеу уақытына дейін сатып алушының төлемді жүргізетініне күмәнданатын болса, құжаттамалық инкассо келесі жағдайларда төлемді жүзеге асыру үшін сәйкес келеді:


  • сатушы іскерлік қатынастар негізінде сатып алушының төлем қабілеттілігін және төлемді жүргізуге дайын екендігін ескеріп немесе басқа себептерге байланысты белгілі қызмет-тер мен міндеттемелерді орындау бойынша әріптесінің мүмкіндігіне күмәнданбаса;

  • импортшы елінің саяси, экономикалық және құқықтық жағдайлары тұрақты болып саналса;

• алушы елінде импорттық шектеулер қойылмаса.
Инкассолық операцияларды жүзеге асыру кезінде банктер және

олардың клиенттері Халықаралық сауда палатасы жасап шығарған инкассо бойынша сәйкестендірілген Ережелерге сәйкес басқары-лады. Сәйкестендірілген ережелер инкассо түрін, төлем және төлемді, акцепті жүзеге асыру үшін кұжаттарды ұсыну тәртібін, төлем, акцепт немесе төлем емес, акцепт еместі жүзеге асыру ту-ралы хабарландыру тәртібі, тараптардың міндеттері мен жауапкер-шіліктерін анықтайды, әр түрлі терминдерге біркелкі түсініктер береді және басқа да мәселелерді шешеді.

Сәйкестендірілген ережелерге сәйкес инкассо - банктердің келесі мақсаттарда алынған нұсқаульщтар негізіндегі құжаттармен жүзеге асырылатын операция.


  • акцепт немесе төлемді алу;

  • акцепке немесе төлемге қарсы коммерциялық құжаттар беру;

• басқа да жағдайларға байланысты коммерциялық құжаттарды
беру.

Инкассолық операция жүргізілетін кұжаттарға байланысты ин-кассоның екі түрін бөліп қарастыруға болады:



  • таза, яғни чектер, вексельдер және төлемді алу үшін пайдаланылатын баска да күжаттар жататын қаржылық құжаттарды инкассолау:

  • құжаттамалық, яғни каржылык кұжаттармен жөнелтілетін не­месе жөнелтілмейтін коммерциялық құжаттарды инкассолау.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет