“Математика-Экономика” факультеті



бет23/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35

' Инкассо - банкінің құжаттар бойынша өз тапсырыскерлері атынан және солардың шоттарына ақша алуъі Негізгі коммерциялық құжаттарға коммерциялық шоттар немесе фактура-шоттары жатады. Коммерциялық шот сатып алушыға ұсы-нылады және төлеуге тиісті сомалар көрсетіледі. Мұнда тауарлар-дың толық және нақты атаулары көрсетіледі.

Көлік құжаттары коммерциялық шот көшірмесі үшін негіз блып табылады. Оларға оларды ұстаушы тұлғаларға тауар меншігіне құқық беретін коносаменттер (теңіздік және өзендік); накладные (темір жолы, әуе жолы, көлік жолы), қабылдап-өткізу актілері, сонымен қатар пошта түбіртектері және тағы басқалар жатады.



Сактандыру полистері мен сертификаттар - жүкті сақтан-дыру келісімшартын растайтын құжат. Сақтандыру полистері мен коносаменттер жай немесе атаулы жіберілетін қол қоюлар арқылы берілуі мүмкін.

Басқа да коммерциялық кұжаттарға әр турлі сертификаттар жатады: шығу жері, сапасы, салмағы, көлемі және т.б..

Келісімшартта ұсынылатын құжаттардың аты және кімнен алынуы қажет екендігі, егер арнайы құжаттар талап етілсе, онда олардың мазмұны көрсетілу керек. Осыдан келіп, щжаттык инкассо - сәйкес құжаттарға беруге қарсы тиесілі соманы банк арқылы алу. Банк сатып алушы мен сатушы арасында делдал ретінде қызмет етеді. Аккредитивке Караганда бенефициарға төлемді ең ерте жүргізу тек банктен алғаннан кейін жүргізіледі. Сондықтан инкассо жағдайында сатушы өз ақшасын аккредитивке қарағанда ұзақ күтеді. Одан басқа оның тәуекелі толық сақталмаған: тауарды тиеу кезінде оларды сатып алушының немесе банктің төлемді жүзеге асыруы күмән тудырады. Ол тек олардың төлем қабілеті мен дайындығына сенім арта алады. Сондықтан құжаттық инкассо тек сатушы мен сатып алушының арасында сенімді қатынастар болған кезде ғана қолданылады.

Құжаттық инкассо келесі жағдайларда қолданылады:



  • ашық шотқа қарағанда сенімділігі жоғары;

  • ашық шотқа қарағанда толем тез жүргізіледі (банк арқылы құжаттарды ұсынудың арқасында);

  • сатушы мен сатып алушы үшін үлкен икемділік;

  • аз шығындар.

Айта кететін жәйт, сатушының ұсынысы және сатып алу-сату туралы келісімшарт бойынша төлем шарты белгіленеді, мысалы, «төлемге қарсы құжаттарды беру», «акцептке қарсы құжаттарды беру», төлемге карсы құжаттармен бірге акцепт».

Банк «төлемге қарсы құжаттарды беру» шарты бойынша толеу-шіге құжаттарды жедел толеуге қарсы кезінде ғана бере алады. «Халықаралық салтқа сәйкес жедел» дегеніміз «тауар түскен кездеең кеш» деп саналады. Егер сатушы (сеніп тапсырушы) өз ақшасын алу кезінде ұзақ күткісі келмесе, ол инкассолық тапсырыс кезінде «алғашқы құжаттарды ұсыну бойынша төлемді» талап ете алады. Бірақ, бұл жағдайда сатып алу-сату келісімшарты мен шот-тағыдай төлеушіге инкассолаушы банкке ұсынылатын құжаттарға сәйкес ережелер болуы кажет.

«Акцептке қарсы құжаттарды беру» кезінде банк төлеушіге ұсынғаннан кейін 30-180 күн ішінде немесе белгілі бір мерзімде төленуге тиісті траттаға жататын тратта акцептіне қарсы құжаттар-ды ұсынады. Үсынушы векселін акцептеу кезінде түбіртекпен қолма-қол төлеммен салыстыруға болады. Осыдан келіп, акцепт ол үшін. төлем мерзімін және қойма қорларын қысқа мерзімді қаржыландырудан құтылуға мүмкіндік береді.

Сатушы үшін тауарды бергеннен кейін қамтамсыз ету құралы трассат акцепті ғана бола алады. Осыдан, вексель бойынша толем мерзімі бастағанға дейін төленбеген төлем тәуекелі деп саналады. Алайда, ол акцептің инкассолаушы банк немесе баска бірінші сыныпты банктің авалімен қамтамасыз етуін талап етуі мүмкін. Аваль - вексель бойынша тапсырыс, оның оң бетінде қол қойыла-ды, ал арғы бетінде аваль туралы нақты белгі қойылады. Қол қою кезінде. кепілгерлік трассат үшін беріледі. Вексель бойынша кепілгер (авалыпы) трассат пен бірге ортақ жауапты, яғни егер трассат толем мерзімі басталған кезде өзінің төлем міндеттемелерін орындамаған жағдайда, вексель бойынша жауап бере алады, Сол себептен сатушы үшін төлем кепілдігі және вексельді есепке алу немесе форфейтинглеу немесе авальді алу мүмкіндігі жоғарылайды.

Осындай инкассалық кепілгерлікте Қиыр Шығыс елдерінен кепіл түсетін «төлемге карсы қүжатттарды тапсыру акцепті» кезінде сатушы трассаттың қүжаттарды ұсыну бойынша вексельді акцеп-тілеуін талап ете алады, мысалы төлем мерзімі ұсынған кезден бастап 60 күннен кейін. Алайда кұжаттар вексельді төлегеннен кейін сатып алушыға тапсырылады. Ол уақытқа дейін тауар қоймада болу қажет.

Импортталатын тауарлар үшін есеп айырысу кезінде шетел банктерінен келіп түсетін инкассолық тапсырма немесе тауарлық құжаттар арнайы журналға тіркеледі және 7240 «Инкассоға қабыл-данған қүжаттар және құндылыктар» баланстан тыс шотқа кірістеледі. Одан әрі инкассалык тапсырма мен тауарлық құжаттар сатып алушыға нұсқаулықка сэйкес беріледі және банк белгіленген мерзімге сәйкес 7240 «Инкассоға қабылданған құжаттар және құндылықтар» баланстан тыс шоттан есептеп шығарады.

Импорт тауары экспортшы үшін шетел банкіне валютаны аудару туралы импортшыньщ өтініші негізінде төленеді. Аудару сомасындағы акшалар импортшының ағымдағы валюталық шоты есебінен шығарылып, банктің корреспонденттік шотына есептеледі:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (валюталық шот)

Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденток есепшоттары».

Тәжірибеде көп кездесетін жағдай, ол импортшы банкі импорт-шыға төлемеу тәуекеліне бара отырып, келген тауарды алу үшін төлегенге дейін тауарлық құжаттарды береді. Сондықтан банк импортшыдан белгілі бір төлемді шегеріп алады. Есеп айырысудың инкассалық нысаны импортшы үшін тиімді, себебі ол нақты жет-кізілген тауар үшін ақысын төлейді, ал инкассолық ұйымдастыру шығындар үлкен болмайды. Инкассо нысанындағы есеп айырысу банктерге төлемді уақытында алуды бақылауға мүмкіндік береді, бірақ банктер импортшыларга құжаттарға төлемді жедел жүргізу мақсатында ықпал ете алмайды.

Есеп айырысудың инкассолық нысанының негізгі кемшілігі банктер арасында кұжаттардың ұзақ жүруі, сәйкесінше оларды төлеу мерзімі бірнеше апталардан бірнеше айларға дейін созылуы мүмкін. Одан басқа, импортшы үсынылған құжаттарға төлемді жүргізуден бас тартуға қүқылы, немесе шетелге валюта аударуға рұқсаты болмаса. Егер инкассалық қүжатты төлеуден толық бас тартса, төлеуші-клиент хатында комиссиялық ақының кімнің шотына жататынын көрсету қажет. Коммерциялық несие бойынша есеп айырысуда құжаттар және вексель инкассосы экспортшы пайда-сына келетін банктің төлем кепілдігі тапсырысы бойынша жолданады. Қүжаттың инкассо тек екі әріптестің келісімшарт бойынша бір-біріне сенуі немесе импортшының экспортшымен салыстырғандағы нарықтағы орны тұрақты болған кезде ғана қолданылуы мүмкін.

Егер тауарды экспорттау келісімшартында құжаттык инкассо нысандағы есеп айырысулар қарастырылған болса, экспортшы та­уарды тиегеннен кейін өкілетті банкке тауарлық құжаттармен бірге инкассолық тапсырысты береді. Инкассолық тапсырма бекітілген нысандағы бланкіде толем валютасын, төлеушіге (төлемнен кейін немесе акцептен кейін) құжаттарды беру тәртібін, ішінара төлемді жүргізу тәртібін, ішінара төлем жүргізу кезінде күжаттарды беру тәртібін міндетті түрде көрсету қажет. Сонымен қатар инкассолау-шы банк экспортшы нұсқаулығын нақты сақтауға міндетті.

Содан кейін өкілетті банк инкассолық тапсырманы және басқа да тауарлық қүжаттарды шетел банкіне жібереді. Жіберілген инкассолық тапсырыстар өкілетті банкте елдер бойынша тіркеледі және 7150 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген құжаттар және құндылықтар» баланстан тыс шотта кірістеледі. Осы шотқа картотека ашылады, оған шетел валютасын алу мерзімі көрсетілген инкассолық тапсырыс данасы орналастырылады. Шетел банкінен жүргізілген төлем туралы кредиттік авизо түсетін болса, алынған валюта сомасы экспортшының транзиттік шотына есептеледі және сол уақытта шетел банкісінің шоты дебеттеледі. Сонымен қатар инкассолық тапсырыс 7150 шот бойынша шығысқа есептеледі.

Инкассолық тапсырысқа экспорттың тауарларды немесе сатқан кезде мерзімді тратталар міндетті түрде беріледі. Егер тауарлар коммерциялық несие шартына сәйкес жеткізілсе, онда жеткізу бойынша құжаттар баланстық шоттың дербес шотында шетел банк-корреспондентке жіберу кезінде есептеледі. Акцептелген тратталар толем мерзімі басталғанға дейін шетел банкінде сақталады немесе өкілетті банкке сақтауға жіберіледі. Егер траттаның төлем мерзімі акцептке жіберген күннен бастап бір жылдан кем болса, онда ол шетел банкінде сақталады. Шетел банкінде сақталып тұрған акцеп­телген тратта көшірмелері өкілетті банкке жіберіледі және 7150 баланстан тыс шот картотекасына орналастырылады. Тратта көшір-месі төлемді уақытылы жүргізуді қадағалау үшін қолданылады. Шетел банкінің авизосын алғаннан кейін төлем сомасы экспорт-шының ағымдағы валюталық шотына шетел банкінің шотымен бірге корреспонденцияға жазылады.

Дт 2023 «Баска банктердің корреспондеттік есепшоттары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (валюталық шот).

Теленген тратта 7150 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген қүжаттар және құндылықтар» баланстан тыс шот бойынша шығысқа есептеледі.

Банктік аударымдар және олардың есептегі көрінісі

Банктік аударым - банктің өзінің банк-корреспондентке өтініш бойынша белгілі бір ақша сомасын төлеуді тапсыруы.

Коммерциялык және тауар жөнелтпе құжаттары экспортшыдан экспортшыға есеп айырысу нысанында жіберіледі.

Аударым операциясын жүргізген кезде аударымды алушы банк аударым өтінішінде көрсетілген нақты сілтемеге басшылық етеді. Мысалы, бұл жерде өтініште көрсетілген коммерциялық және қаржылық құжаттарды немесе қолхатты үсынуға қарсы сәйкес соманы бенециарға төлеу туралы шарт қойылуы мүмкін.

Аудармалы операцияны жүзеге асыру кезінде банктер есеп айырысуды жүргізуге тек төлеуші банкке келісімшартты төлеу өтінішін ұсынғаннан кейін ғана аударым жолы арқылы қатыса алады.Халықаралық тәжірибеге сәйкес аударым операцияларын жүзеге асыру кезінде банктер тауарды жеткізу немесе құжаттарды импортшыга беру, сондай-ак келісімшарт бойынша төлемнің орындалу фактісін бақыламайды. Есеп айырысудың есеп нысанында банктің қызметіне аударым өтінішін ұсыну кезінде алушы шотына аударымды жіберуші шотынан төлемді аудару ғана жатады.

Осыдан келіп, шетел жабдықтаушылары және сатып алушыла-рымен есеп айырысулар ең алдымен келісімшарт жасасуды қарас-тырады. Содан кейін импортшы банкке аударым туралы өтінішті жібереді. Тауарды жеткізу өзара шарт және валюталық зандылықта анықталатын шарттан бұрын төленуі мүмкін. Ақша қаражаттарын аудару негізінде сатып алушы еліне жабдықтаушыдан тауар түскен кезде жүргізіледі. Төлеуші (8-қосымша) өз банкіне аударымға өтініш жібереді, соңғысы кредиттік авизоны жабдықтаушы төлемін есептеу үшін жіберіледі. Өтініш негізінде банк импортшының ағымдағы валюталық шотынан шетел валютасындағы соманы есептен шығарады және шетел банкінің корреспондент™ шотына есептейді.

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (импортшының валюталық шоты)

Кт 2023 «Басқа да банктердің корреспонденток есепшоттары» (шетел банкі).

Экспортталған тауарларға банктік аударымдарды есептеу кезін-де шетел банкінен сәйкес құжаттар және корреспонденток шот көшірмесі келіп түседі, олардың негізінде банктер бухгалтерлік есепте операцияны келесі жазбаларға сәйкес жүргізеді:

Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспондештік есепшоттары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары».

Өкілетті банктер Қазақстандық аударымды жіберушілердің шетелге импортталатын тауар, тауарлық құжаттар немесе қызмет көрсетулер және т.б. бойынша кұжаттардың құнын шетел валюта-сында төлеу тапсырысын орындайды, егер олардың шартында өзара шарт құнын (15-30 пайыз) аванспен яғни тауарды тиегенге дейін төлеу туралы ереже көрсетілген болса, онда өзара шарт бойынша авансты төлеу үшін қолданылуы мүмкін. Негізгі бөлігі нақты төленген тауар үшін төленеді.

Аванстық төлеген экспортшының жасырын несиелеуін білдіреді және импортшы үшін тиімсіз. Одан басқа, авансты аудару импортшы үшін экспортшының келісімшартта және тауарды жеткізуді орын-дамаған жағдайында ақшаны жоғалту тәуекеліне ұшыратуы мүмкін.

Импортшының авансты қайтармау тәуекелінен сақтаудың бірнеше әдісі бар:


  • Авансты қайтару бойынша банк кепілдігін алу(аванстың төлемге дейін бірінші сыныпты банктің кепілі ресімделеді);

  • Шартты аударымды пайдалану(экспортшы банкі, ол белгілі мерзімі аралығында көлік құжаттарын ұсынған кезде оның шотына авансты төлеуді жүргізеді).

Бүгінгі танда банктер мерзімді аударымдарды «Western Union» жүйесі арқылы жүргізе алады, банктер осы корпорация келісімі бойынша жеке тұлғаларға (резидент және бейрезидент) ақша ау-даруды жүзеге асыру бойынша «Western Union» қызметі көрсе-тілетін әлемнің кез келген нүктесіне қызмет көрсетілуі мүмкін.

Осы жүйе бойынша ақша аударымдары қызмет көрсету орын-дары мен қосалқы агенттері арқылы жүргізіледі. Қызмет керсету орындары банк филиалдары болуы мүмкін, ал қосалқы агенттер -міндетті түрде корпорациямен мақүлданған басқа да коммерциялық банктер және құрылымдар. Осы жуйе бойынша ақша аударымдары мен өзара есеп айырысуларды жүргізуді жүзеге асыру үшін олар өкілетті банктерде корреспонденттік және ағымдағы валюталық шоттар ашады және шетелге жіберілетін сома көлемінде осы коршотта қолма-қол қаражаттың болуын қамтмасыз етеді.

«Western Union» Корпорациясы келісімшартта және ережелерде келісілетін қызмет көрсету шарттарын, бағалары мен мөлшерлерін қатаңтүрде бекітеді.

Тұрғын халыққа оператор банк офисі арқылы немесе «Western Union» жүйесі терминалының көшірмесі арқылы пункттер және қосалқы агенттерде қызмет көрсетіледі. Айта кететін жәйіт, осы жүйе бойынша ақша аударымдары АҚШ долларымен ғана жүргізіледі. Сонымен қатар, клиент қалауы бойынша ақшаны аудару немесе алу кезінде ақша ¥лттық валютаға немесе керісінше банктің айырбас орындарында сату бағасы бойынша айырбасталады.

Аударым және ақша аударымы бойынша операцияны жүзеге асыру «Western Union» операторына жүктелген.

«Western Union» жүйесі бойынша қызметтер Қазақстан Респуб-ликасының ¥лттык банкінің нормативтік актілеріне, зандыльщтарға сәйкес ұсынылады. Осы аударымдардың жеке тұлғалармен жасала-тынын ескере отырып, валюталық операцияларды жеке тұлгалармен жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін басшылыққа алу қажет.

Жоғарыда айтылғандай, «Western Union» жүйесі бойынша опе­рацияны тек өкілетті қызметкер қана жүзеге асыру қажет. Жүр-гізілген операцияларға, әрбір бөлек оператор кодының және паролінің құпиялылығына, сондай-ақ алынған және жіберілген ақша қаражаты клиенттердің аты мен фамилиясы туралы ақпаратты беруде оператор кьізмет көрсету пункті және қосалқы агентімен аталатын басқа меншіктің бірінші басшысы жауапты.

«Western Union» жүйесінің ерекше сипаты клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Клиенттер ақша аударуын жібергенде және қабылдаганда «Wes­tern Union» корпорациясының және Қазақстан Республикасының заңдылықтарды ұсынудың барлық қажетті шарттарды орындауын талап етуі қажет. Клиент ақшаны жөнелту және алу үшін барлык талап етілетін тармақтар бойынша бланкілерді толтырулары қажет (9,10-қосымша).

Клиентке ақша аударымын жіберу үшін ең алдымен жөнелті-летін жерде «Western Union» агенттігінің бар екендігіне коз жеткізу қажет. Содан кейін, ақшаны аудару бланкісі мен оған қосымшаны толтыру қажет. Бланкті клиент өз бетінше нақты және анық (мүмкіндігінше ағылшын тілінде) толтыру қажет.

Бланкіні қабылдап алатын оператор ең алдымен клиенттің жеке басының куәлігін, клиенттің оны дұрыс толтыруын және қойған қолын тексеруі қажет. Содан кейін тізілімде келесілер жасалады: жөнелтушінің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, тарифке сәйкес аударым үшін комиссиядан аударым сомасы. Осы тізілім негізінде кассир кассаға ақшаны қабылдайды және өзінің қолын қояды. Сонымен қатар тізілімге қолын қояды. Тізілім жүргізбейтін филиалдар комиссиямен бірге аударым сомасына кіріс валюталық ордерін толтырады.

Комиссиямен бірге аударымның барлық сомасы кассаға енгізілгеніне көзі жеткеннен кейін, оператор ақпаратты жүйеге енгізеді. Аударым жүзеге асырылғаннан кейін, оған он саннан тұратын бақылау нөмірі беріледі.

Оператор ол нөмірді «Ақша аударымы» нысанда көрсетеді және нысанның барлық оң бетін толтырып өз қолын қойып және түбір-тек негізінде көшірмені жөнелтушіге береді. Жөнелтуші ақшаны алушыға өзінің фамилиясы мен атын, жөнелтілетін қала мен елді, күтілетін сомасын хабарлауы қажет.

Ақша аударымын алу тәртібі келесі оператор ақша аударымын төлеу үнтін алушының жеке басын куәландыратын құжаттық және СТН болуын тексереді. Құжаттардың мерзімі өтпеген болу керек.

Алушы «Ақшаны алу» нысанын және оған қосымшаны толтыру қажет. Нысанды түсінікті және толық толтыру қажет.

Оператор жүйеде осындай аударымның болуын тексереді және алушының сәйкес бланкіде жазылған мәліметтері жүйедегі ақпа-раттарға сәйкес келуі керек. Егер қандай да сәйкессіздік болса, онда ақша жіберілген қателерді жөндеуден кейін төленуі мүмкін.

Егер аударым анықталса және барлық талаптар қадағаланса, оператор «Ақшаны алу» нысанына кіргізілетін жүйеде көрсетілген соманы өтейді. Көшірмені түбіртек ретінде алушыға береді. Касса-лық операцияны ресімдеу үптін оператор алушының аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, сомасы жазылатын тізілімді толтыру қажет.

Тізілім негізінде кассир алушыға ақшаны төлейді және қолын қояды. Клиент тізілімге қолын қояды. Егер филиал тізілім жүргіз-бесе, онда шығыс валюталық ордер толтырылады.

Банк филиалында кассаға қолма-кол шетел валютасын қабылдау және кірістеу аударым және комиссия сомасына келесі өткізбе негізінде көрсетіледі:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2870 «Банктің өзге транзиттік есепшоттары».

Филиалды қолма-қол валютаны төлеу келесі корреспонденттік шот арқылы ресімделеді:

Дт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».

Филиалдар мен бас банктің «Western Union» корпорациясымен өзара қарыз бойынша таза ұстанымын (позициясын) анықтау келесі өткізбе арқылы көрінеді:

Филиал аударым бойынша талаптар мен міндеттемелер шотын сальдолауды жүргізеді:

Дт 2870 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген құжаттар және құндылықтар»

Кт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары».

«Western Union» аударымы үшін комиссиялық сыйақы келесі негізде жүргізіледі:

• Шетел валютасындағы комиссия сомасына:

Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» Кт 2858 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген құжаттар және құндылықтар»;

• Бір уақытта теңгеде:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ ұстанымының)»

Кт 4601 «Банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер».

Аптасына бір рет бас банк филиалдар және қосалқы агенттермен «Western Union» есеп бойынша өзара есеп айырысуды жүргізеді:

• бас банкте филиалдың косалкы коршотына ақшаны есеп-


теген кезде:

Дт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

Кт 1052 «Банктің баска банктердегі корреспоңдештік есепшоттары»;

• филиалдың қосалқы коршотына ақшаны есептеген кезінде


филиал келесі корреспонденция шотын құрады:

Дт 1351 «Банктің бас кенсесімен есеп айырысу» Кт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»;

• филиалдың қосалқы коршотынан ақшаны есептен шығарған
кезде:

Дт 2870 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген құжаттар және қүндылықтар»

Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»;

• бас банкте филиалдан түскен қаражат сомасына:

Дт 2152 «Банктің жергілікті филиалдарымен есеп айырысу» Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»;

• бас банкте қосалқы агенттерден түскен қаражат сомасына:


Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары»
Кт 2870 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген

қүжаттар және құндылықтар».

Банктің «Western Union» корпорациясымен есептесу кезінде банктің аптасына бір рет жасалатын таза ұстанымы бойынша келесі корреспонденциялар жасалады:

• бас офиске тиесілі қаражат сомасына банктің коршотына


ақшаны есептеу кезінде:

Дт 1052 «Банктің баска банктердегі корреспонденттік есепшоттары» Кт 1860 «Банк қызметі бойынша озге дебиторлар»;

• филиалға тиесілі қаражат сомасына:

Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденток есепшоттары» Кт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»; Бас банкке тиесілі қаражат сомасын банктің корршотынан ақшаны есептен шығарған кезде:

Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»;

• «Western Union» корпорацияға тиесілі қаражат сомасына:


Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

Кт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары».

«Western Union» жүйесі «Quick Pay» жеделдетілген толем мүмкіндігін ұсынады - қызметтің арнайы түрі, бұл бойынша кез келген жеке тұлға агенттіктің кез келген орнында «Western Union» жүйесі арқылы ақшаны аудару жолымен занды тұлғаларға ұсыны-латын қызметтер мен қаржылық жағдайлар үшін занды тұлғаға төлемді жүргізе алады (мысалы, білім алу үшін, емделу төлемі үшін іс-сапар шығындары, еңбекақы төлеу, жеке түтыну үшін тауарларды алу және т.б.).

«Quick Pay» төлемін жүзеге асыру үшін клиенттер компания-ның атын, төлем сомасы есептелетін шоттың нөмірі, сонымен қатар «Western Union» тарифінде қарастырылған аударым сомасы плюс стандартты толем сомасына тең келетін қолма-қол ақша болу керек.

«Quick Pay» бойынша төлемдерді егер төлем бағытталған ком­пания клиенттердің осы кызметті пайдалануы үшін «Western Union» корпорациясымен келісімшартқа отырған заңды тұлғалар қатарына жататын болса ғана жүргізуге болады. Клиент нақты, анық (ағылшын тілінде) түрде арнайы көк бланкіні толтыру қажет. Жө-нелтуші қолын растайтын келесі ақпараттарды енгізеді: компания-ның атауы, қала мен ел, шот деректемелері, өзінің аты мен тегін, мекен-жай, телефон, қала мен ел. Бланк косымшасында жөнелтуші осы аударымның кәсіпкерлік, инвестициялық қызметпен, жылжы-майтын мүлік құқымен байланысы жоқ екенін растайды. Аударым мақсатын көрсетіп және оны растайтын (инвойс, фактура-шоты, келісімшарт және т.б.) қүжаттарды ұсыну қажет. Егер ұсынылған құжаттар дұрыс толтырылған болса, оның көшірмесін қалдыру қажет. Одан кейін оператор бланктің дұрыс толтырылуын және клиенттің қолы болуына көз жеткізуі, жөнелтушінің аты-жөні жазылатын тізілімді толтыру, жеке басын куәландыратын құжаттағы мәліметтерді, соманы толтырады.

Кассир тізілім негізінде ақшаны қабылдап, қолын қояды. Клиент кассаға ақша қабылданғаннан кейін де тізілімге қолын қоюы қажет. Егер тізілім жүргізілмесе, онда валюталық кіріс ордері толтырылады. Оператор соманың сәйкестігін тексергеннен кейін жүйеге аудару туралы ақпаратты енгізді.

Ақша аударылса он саннан тұратын бақылау нөмірі берілген кезде ғана жүзеге асырылған болып есептеледі. Бұл нөмірді опера­тор бланкіде көрсетеді. Оператор өзінің қолын қойып, түбіртек ретінде көшірмені жөнелтушіге береді.

Клиенттердің ақша аударымын жіберу және алу кезінде опера­тор бір күн ішінде әрбір төлемге құжаттарды жинақтайды: күнде, жұмыс күнінің соңында ол аударым бойынша талаптар мен міндет-теме шоттарын сальдолайды. Осы мақсатта әрбір жиынтық қайта-дан тексеруден өтеді: - клиенттің ақшаны жөнелту және алу бланкісінде жазылған ақша «Western Union» жүйесі экранынан басып шығарылған ақпаратпен салыстырылады.

Оператор «Ақша аударымы» бланкісінде келесілерді тексереді:


  • ақша аударылған елдің аты;

  • клиенттің кассаға енгізген және оператордың жүйеге терген аударым сомасы;

  • клиент пен оператордың колы.

«Ақшаны алу» бланкісінде келесілер салыстырылады:

  • төлем сомасы;

  • алушы мен жөнелтушінің аты және тегі;

  • алушы мен жөнелтушінің елі;

  • оператор мен клиенттің колы.

Екі құжаттағы ақпарат сәйкес келу керек.

«Western Union» жүйесі терминалының көшірмесі арқылы өз бетінше клиенттерге қызмет көрсететін оператор жұмыс күнінің соңында операциялық журналды күннің қорытындысы бойынша басып шыгарады, жіберілген және төленген аударымдар бойынша барлық сомалардың операциялық күнделікке енуін тексереді. Содан кейін оны тексеру үшін банктің бас офисіне жібереді және опера-циялар бойынша құжаттарды бір күн бұрын бақылауды жүзеге асыратын өкілетті тұлғаға береді. Бақылаушы «Western Union» жү-йесіндегі және кіріс, шығыс валюталық ордерлеріндегі ақпараттар бойынша клиенттердің ақшаны жіберуге және алуға толтырған бланкілерін тексереді.

Өткен кезең (дүйсенбіден жексенбіге дейін) бойынша аптасына бір рет филиалдар немесе қосалқы агенттер және бас банк арасын-дағы өзара есеп айырысулар жасалады. Әрбір қызмет көрсету орындары банктермен күнделікті тәртіп негізінде АҚШ долларында ақша аударымы үшін негізгі сома және комиссия бойынша міндеттемелерді салыстырады. Өзара есеп айырысу үдерісі келесі тәртіп бойынша жүргізіледі. Ең алдымен барлық филиалдарға өзара есеп айырысу мерзімін көрсете отырып, «Sub-Agent Detail Settle­ment and Commission» есеп айырысуы бойынша құжаттарды жөнелтеді. Әрбір филиаддың операторлары құжатқа түскен сомаларды өзара есеп айырысуда көрсетілген филиалдардың төлеген және жіберген аударымдарымен салыстыруды жүргізеді. Операторлар со­маларды тексеріп және келісілген кезендегі барлық аударымдар тізілімге енгендігіне көз жеткізген соң болашақ табыстар мен өзара есеп айырысу сомаларын пайдалана отырып нақты кезең қалдығы бойынша «Western Union» бойынша талаптар мен міндеттеме шотының қалдығын тексерулері қажет. Нәтижесінде соңғы қалдық нөлге теңелуі қажет. Келесі күні барлық филиалдар франт-офис басқарушысының және орындаушысының колы қойылған растаманы жіберуі керек.

Мысалы, егер филиал 2000 жылдың 18-24 желтоқсан аралығын-да шетелге 300 мың АҚШ долларын аударған болса, ал шетелден аударым 160 мың доллар сомасында алынса, онда филиал келесі хабарламаны жібереді: «Филиалға 140 000 АҚШ долларын қайта-руыңызды сұраймын». Негіздеме: 2000 жылдың 18-24 желтоқсан аралығындағы «Sub-Agent Detail Settlement and Commission».

Егер кері жағдай туындаса және теріс айырма туындаса, онда «есептеуіңізді сүраймын» деген жазу жазылады.

Өзара есеп айырысу нәңтижесі бойынша әрбір филиал және қосалқы агент Қазақстан Республикасында төленген шетелден тұрақты ақша аударымы үшін комиссия сомасынан сыйақы алады.

Бұл пайыздарды «Western Union» операторы өзара есеп айырысудың өткен кезеңіндегі жұмыс нәтижесі бойынша филиалдардың ағымдағы шотына кірістейді. Банк, оның филиалдары мен қосалқы агенттері операцияны жүргізу бойынша жұмыс тәртібіне сәйкес қызметтерді ұсынуы қажет.

«Quick Pay» жүйесі бойынша қолма-қол шетел валютасын қабылдау және кірістеу бойынша операциялар бухгалтерлік есепте келесі жазу арқылы көріеді:

• аударым және комиссия сомасын филиалдың кассасына қолма-қол шетел валютасын кабылдау және кірістеу:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары».

Қолма-қол шетел валютасындағы айырбас операцияларын уәкі-летті ұйымдар, оның ішінде қолма-қол шетел валютасында айырбас операцияларын ұйымдастыруға Үлттық банк лицензиясы берілген банктер жүзеге асыра алады. Операцияны жүзеге асыруға лицен­зиясы бар уәкілетті банк банк орналасқан жерде немесе одан тыс жерде айырбас орындарын ашуына болады. Айырбас орындарын ашу кезінде Үлттық банк филиалдарына тіркеу қажет және тіркеу куәлігі берілу қажет.

Айырбас орындары валюталық айырбас операцияларының ке-лесі түрлерін жүзеге асыра алады:


  • қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату;

  • шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;

  • қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем кұжаттарын инкассолау үшін қабылдау;

  • шын екендігіне күмән тудыратын шетел мелекеттерінің ақша белгілерін және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сараптаудан өткізу үшін кабылдау;

  • банктердегі жеке түлғалардың шотына есептеу үшін кредиттік және дебеттік карталар бойынша есеп айырысу үшін кьізмет ете-тін қолма-қол шетел валютасын кабылдау және оларды беру;

  • бір мемлекеттің валютасын екінші мемлекеттің валютасына айырбастау;

  • шетел мемлекетінін төлемсіз ақша белгісін сол шетел мемле-кетінің төлемді акша белгісіне айырбастау.

Уәкілетті банк айырбас орнында валюта-айырбас операция-сының барлық немесе кейбіреуін ғана жүргізе алады.

Айырбас орындары уәкілетті банк басқарушысының жазбаша өкімі негізінде бекітілген сатып алу, сату бағамы және кросс-бағамына сәйкес сатып алу, сату және айырбас операцияларын жүргізеді. Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын бір жол-ғы сатып алу тіркеу журналына тіркеледі (11-қосымша). 200 және одан жоғары АҚШ долларындағы сомадағы шетел валютасын сатып алу және сату кезінде міндетті түрде қатаң есептеме бланкі-сінде анықтама-сертификат (12-қосымша) толтырылады. Айта кете-тін жәйт, клиент өтініші бойынша анықтама-сертификаты алынған және сатылған шетел валютасындағы сомаға байланыссыз жазы-лады. Анықтама-сертификатының бір бланкісінде тек бір валюта-айырбас операциясы ғана жазылуы мүмкін.

Аныктама-сертификат жеке тұлғаның қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алғандығын растау үшін қызмет етеді, сондай-ак жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасын-дағы төлем құжаттарын шетке шығару үшін негіз болып табылады.

Айырбас орнының жұмысы басталғанға дейін банк айырбас ор-нының кассирін қолма-қол теңге және шетел валютасымен, соны-мен бірге валюта-айырбастау операциясын ресімдеу үшін қажетті төлем қүжаттарының бланкілерімен қамтамасыз етеді. Әрбір айыр­бас орындарына банк бір күн ішіндегі жүмысты қамтамасыз ететін қолма-қол теңге және шетел валютасында аванс көлемін белгілейді. Аванс көлемі айырбас орнының жұмысы бойынша міндетті түлға қолы қойылған аванстық өтінішпен белгіленеді (13-қосымша).

Авансты қолма-қол теңге және шетел валютасында беру шығыс кассалық ордер бойынша жүргізіледі. Қолма-қол шетел валютасын­да аванс беру, шығыс ордері авансты беру күніне сәйкес Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің бағамы бойынша есептелген валю-таның әрбір түрі бойынша атаулы сомасын көрсете отырып жазы-лады. Қолма-қол теңгедегі авансқа бөлек шығыс ордері толтыры­лады. Егер айырбас орнының кассиріне құндылықтарды беру инкассатор арқылы немесе кассирге өтініш негізінде жүргізілсе, егер ол құндылықтарды банк кассасынан алатын болса шығыс ордерлері банк бухгалтериясы арқылы беріледі. Олар үш данада шығарылады, авансты берген және авансты алған банк кассирі (айырбас орнының инкассаторы немесе кассирі) толтырады.

Шығыс ордерлерінің бірінші данасы банк кассирінде қалады. Екінші данасы авансты бергеннен кейін есепте операцияны көрсету үшін банк бухгалтериясына жіберіледі, үшіншісі - айырбас орнына жіберіледі, онда кассир күн құжаттарына тіркеп, одан кейін операциялық күн соңында банк бухғалтериясына өткізіледі. Күнде-лікті алынған, сатылған, сатып алынған және өткізілген валюта бойынша айырбас орнының қызметкері аванстық есеп-қисап жасайды (14-қосымша).

Қолма-қол шетел валютасын төлем қүжатын сатып-алу және сату бойынша операцияны жүргізу кезінде айырбас орындары салық органдарында тіркелген ресми жаднамасы бар компьютерді пайдалануы қажет.

Егер ¥лттық банк кандай да бір шетел валютасын пайдалануға шек қойған жағдайдан басқа уақытта айырбас орындары шетел валютасын олардың құны және шығарылған жылы бойынша сатып алуға, сату немесе айырбастауға қандай да бір шек қоюға күкылы.

Ескі банкноттарды сатып алу, айырбастау және үсақтау тек уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады. Ескі банкноттарды жаңа банкнотқа айырбастау бойынша комиссиялық сыйақы өз еркі-мен қойылады, бірақ айырбасқа үсынылатын соманың екі пайызынан аспау керек.

Ескі разрядына олардың шын екендігіне күмән тудырмайтын өзінің толық өлшемінің және белгісінің (олардың атауын көрсететін жазбаша және сандық) 70% пайызын сақтаған және шамалы банкноттар жатады, сонымен бірге келесілер де жатады:



  • бүлінген, бөлек жазулары, дақтары, мөр іздері алғашқы түсін жоғалтқан банкноттар;

  • бір банкнотқа жататын жыртылған және жабыстырылған, бүрыштары, жиектері жоғалған, тесіктері бар банкноттар;

  • тозған банкноттар.

Жоғарыда көрсетілген зақымдануға сәйкес сатып алуға, сатуға және айырбастауға жатпайтын банкноттар иесінің келісімімен уәкі-летті банк инкассоға алуға қүқылы. Шетел валютасындағы төлем қүжаттарымен қолма-қол шетел валютасын инкассоға қабылдау бойынша операциялар түбіртек берілетін клиент өтініші негізінде жүзеге асырылады. Инкассоға қабылданған валюта уәкілетті банк өз бетінше белгіленген, төмен жөнелтіліп топтамасын қалыптастыру үшін қажетті соманы жинақтау бойынша эминтент-банктерге (шетел банктері) жіберіледі.

Уәкілетгі банктер ескі банкноттарды айырбастаудан эмитент-банктердің (шетел банктері) бас тартуы мүмкін екендігін клиенттер-ге ескерту қажет. Бұл жағдайда уэкілетті банктер клиентерге сәйкес растама құжаттарын ұсынулары кажет. Уәкілеті банк инкассоланған шетел валютасы үшін шығындарды өтегеннен кейін ақша сомасын қолма-қол шетел валютасында немесе теңгеде төленуі мүмкін немесе зандылыктарға сәйкес банктік шотқа аударылуы мүмкін.

Шетел мемлекетінің төлемсіз акша белгісін төлемге айырбас-тауға болады, сонымен қатар айырбас орнының кассирі осы операцияны айырбас тізілімі арқылы жүзеге асырады. Шетел мемлекетінің төлемсіз ақша белгісіне сәйкес шетел банкіне инкассо үшін жіберіледі.

Егер айырбас орнының кассиріне ұсынылған шетел ақша белгілері олардың шын екендігіне күмән тудырылса немесе жа-санды екендігі анықталса клиентке қайтарылмайды, оларды сараптаудан өткізуге алып қалады. Егер олардың шын екендігі анықталса, онда клиентке қайтарылуы немесе теңгедегі балама құны төленуі немесе сәйкес сома клиенттің банктегі шотына есептелуі мүмкін. Жарамсыз деп танылған шетел мемлекетінің ақша белгісі немесе шетел валютасындағы төлем құжаттары клиентке қайтарылмайды және ішкі істер органына тапсырылады.

Айырбас орындарының барлық операциялары банктің бухгал-терлік есебінде қай күні жасалды, сол күні көрсетілуі қажет. Айырбас орындарында жүргізілетін қолма-қол шетел валюталарын сатып алу және сату операциялары белгіленген нысан бойынша (15-қосымша) сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімі журналында операцияны жүргізу кезінде көрсетіледі.

Тізілім журналында жөңдеулер мен басқа да өзгертулер жасауға болмайды. Қате мәліметтерді сызып тастау қажет және кассирдің қолымен куәландырылған түзету жазбасы жасалады.

Тізілім журналы 30 парақтан кем болмау қажет. Журналды нөмірлеп, шнурлап, занды тұлғаның және ¥лттық банктің филиалы-ның мөрімен бекіту қажет және уәкілетті банк басқарушысы мен бас бухгалтердің қолымен және Үлттық банк филиалының басшысы немесе басшының орынбасарының қолымен расталуы керек. Уәкілетті банктер үш жүмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық банк филиалына тізілім журналының болжалды аяқталу мерзімі туралы және жаңа тізілім журналының ресімделуі үшін өтініш жасау керек. Уәкілетті банктер бір жұмыс күнінен кешіктірмей ¥лттық банк филиалына келесі күннен ресімделуі үшін тізілім журналының аяқталуы туралы және оны сақтау мерзімі туралы белгі жасайтын аяқталған тізілім журналын ұсынуға міндетті. Аяқталған тізілім журналы уәкілетті банктерде олардың аяқталған күнінен бастап 5 жыл ішінде сақталады.

Уәкілетті банктердің айырбас орындары тізілім журналын элек-тронды түрде жүргізуге құқылы. Бағдарламалық қамтамасыз ету талаптарын және журналды жүргізу тәртібін Үлттық банк бекітеді.

Валюта-айырбас операциясының аналитикалық есебі әрбір қол-ма-қол шетел валютасының, шетел валютасындағы төлем құжаты-ның, шетел мемлекетінің төлемді және төлемсіз ақша белгісі және шетел валютасындағы төлем құжатының түрі бойынша сондай-ақ әрбір айырбас орындары бойынша ашылатын дербес шоттарында жүргізіледі. Дербес шоттар кіріс және шығыс кассалық ордер, сондай-ақ тізілім негізінде жүргізіледі. Синтетикалық есеп құралдарына күнделікті баланстар, кассалық және бухгалтерлік журналдар, тексеру және айналым тізімдемесі жатады.

Жұмыс күнінің соңында айырбас орнының қызметкерлері сол күн ішіндегі операциялар бойынша нәтижелерді есептейді және келесі күнге қалдық шығарады. Күн ішінде тізілім журналында бағам өзгерген жағдайда жаңа бағам белгіленген уақытқа дейін сатып алынған және сатылған валюта көлемі бойынша аралық нәтиже жүргізіледі.

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін айырбас орнының қызметкері шетел валютасын және түсімді (16-косымша) сатып алу (сату) туралды айырбас орнының күнделікті есеи беруін жасайды, валюталық және басқа да қүндылықты есептейді, кассалык аппарат немесе компьютердің есептік құжат мәліметтерімен сәйкестігін салыстыруы және әрбір құндылықтары бар инкассаторлық сөмкеге үш данада жөнелтпе тізімдемесін жасайды, тізімдеменің бірінші данасын және онда көрсетілген қүндылықтарды кассир инкассатор-лык сөмкеге салады. Екінші данасы инкассаторлық сөмкеге жөнелтпе кұжат ретінде жатқызылады және инкассатор кіріс кассалық және баланстан тыс ордерлерді ресімдеу үшін банк бухгалтериясына жібе-ріледі. Жөнелтпе тізімдемесінің үшінші данасы айырбас орнындағы құжатта сакталады.

Айырбас орнының бухгалтерлік есебіндегі операциялар келесі жағдайда көрініс табады:

• Айырбас орнына теңге және шетел валютасында аванс
ретінде берілген сомаға келесі жазба жасалады:

Дт 1003 «Айырбас орнындағы колма-кол ақша» Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол акша»

• Айырбас операцияларынан түскен түсім сомасына:

Дт 1859 «Шетел валютасынын теңгемен көрсетілген қарсы

құны (валюталық ұзак ұстанымының)»

2859 «Шетел валютасынын теңгемен көрсетілген қарсы

құны (валюталық кыска ұстанымының)» Кт 4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер»

• Банк шетел валютасын ресми бағамнан толем бағамен


сатқан кезде:

Дт 5530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар» 1001 «Кассадағы колма-кол акша»

Кт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позицияның)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа ұстанымының)»

• Валютаны ресми бағамнан төмен сатып алған кезде:

Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа

позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ

позициясы» Кт 4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер»

1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Жұмыс күні аяқталған бойдан қолма-қол қаражаттардың қалды-ғын банк инкассолаған кезде:

• егер айырбас орнының қайтарған шетел валютасындағы сома
есепке берілген сомадан асып түссе:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт .2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ

позициясы»

1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол акдіа»

• егер есепке берілген сома кайтарылған шетел ваютасындағы


сомадан асып түссе:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа
позициясы»

Кт 1003 «Айырбас орнындагы қолма-қол ақша» Иикассолау - банк мекемесіне акша қаражаттарын, бағалы қағаз-дар мен құндылықтарды жинау және жеткізу бойынша операция.

• Теңгеде өткізілген қалдық сомасы есепке берілген теңгедегі
аванс сомасынан көп болса:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы
құны (валюталық ұзақ ұстанымының)»

Кт 1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол акша»

• Теңгеде берілген аванс сомасы теңгеде өткізілген калдық
сомасынан асып түссе:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа ұстанымының)» 1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол ақша».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет