30-лекция
Тақырыбы: Шетел валютасындағы операциялар есебі.
(1-сағат)
Жоспар:
-
Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
Коммерциялық банктердің сырткы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Респу-бликасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде бейрезидент тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.
Әрбір егеменді мемлекетте занды төлем кұралы ретінде сол елдің ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚЕХС сэйкес валюталық операция - бұл шетел валютасында деноминацияла-натын немесе ондағы есепті талап ететін операция.
Осындай айырбастарды жүргізу үшін валюталық нарық қызмет етеді, яғни сүраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттьщ валютаға айырбастау немесе сату жүзеге асырудың ресми орталықтары. v
Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
-
байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруа-шылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;
-
операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;
-
валюталық операциялар техникасы сәйкестендірілген, есеп айырысулар банктің корреспонденттік есепшоты арқылы жүргізіледі;
-
валютальщ және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында валюталык операциялардың кең көлемде дамуы;
-
алып-сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мә-мілемен байланысты валюталық операциялардан біршама асып түседі; олардың қатысушыларының саны бірден өсті және олардың қүрамына банктер мен ұлт аралық корпора-циялардан (YAK) басқа занды және жеке түлғалар да жатады;
-
тұрақты экономикалық жагдайларға тәуелсіз өздерінің бир-
жалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық
бағамның тұрақсыздығы.
Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды:
-
халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы;
-
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
-
әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтардың өзара байланысы;
-
банк, кәсіпорын, мемлекеттің валюталық резервтерінің әрта-раптандырылуы (диверсификациясы);
-
валюталық бағамды реттеу;
-
қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы;
-
экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.
Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық -бұл банктердің, брокерлік фирмалардың, корпорациялардың, әсіресе ұлт аралық корпорациялардың (ҮАТ) жиынтығы. Банктер банк-аралық нарықта және тауарлы-өнеркәсіп клиентурасында 85-95% валюталық мәмілелер жасайды.
і Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан Республика-сының резидент және бейрезидент тұлғалары жатады.
Валюталык реттеулердің объектілері валюталық құндылықтар-мен жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжатта-ры, карыздық міндеттеме, қымбат металдар) жатады.
Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден валюта аудару және керісінше валюта кабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржы-лық несиелер және т.б. капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады. *^
v Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензия-ларды Үлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші түлғаларға берілмейді. v Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге құқы бар:
-
шетел валютасыңдағы каражаттарды занды және жеке тұлғалар-дың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға;
-
банктер мен үйымдарға шетел валютасында несие және қарыздарды тарту жэне ұсыну;
-
занды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;
-
валюталарды сатып-алу сатуды жүргізу;
-
шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қаты-настарды белгілеу;
-
өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;
-
шетел валютасында саудалық және саудалық емес операция-лар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
-
халықаралык банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операция-ларды жүзеге асыру.
v Валюталық операцияларды жүзеге асыруға күқьщ берілген банк-тер уэкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелермен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табыладьЫСондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл аткарады.
2000 жылдың сәуірінен бастап ¥лттық банк теңгенің еркін қалқымалы бағамын белгіледі. Ол ¥лттық банк қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жағдайда валюталық рет-теудің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
-
Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін валюта-лык операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді шығару, валю-талық операциялар субъектінің кұқықтары мен міндеттері, валюталық заңдылыктарды бұзғаны үшін жауапкершілік;
-
валюта зандылықтарының орындалуын бакылау (валюталық бақылау);
-
валюталық нарық, жүргізілген валюталық операциялар көле-мін және құрылымының жағдайын талдау.
Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Респу-бликасының Үлттық банкі келесі негізгі әдістерді қолданады:
-
валюталық операциялар объектілері мен субъектілерін, валюта-лық операциялар субъектілерінің құкықтары мен міндеттерін, жіктелуін, валюталық құндылықтармен айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;
-
сипатына, субъектісіне, объектісіне, көлеміне байланысты белгілі валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;
-
шетел валютасын пайдаланатын қызметтерді лицензиялау;
-
валюталық операцияларды тіркеу;
-
валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау;
-
валюталық зандылықтардың орындалуын бақылау;
-
валюталық реттеу мәселелері бойынша халыкаралық байла-ныс. (Қазақстан 1992 жылдың ортасынан бастап халыкара-лық валюта корының (ХВҚ) мүшесі болып табылады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінен бастап ХВҚ келісім баптары-ның VIII бабына енді, онда мемлекеттердің өздерінің валю-таларының айырбасталымдылығын қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған, яғни ағымдағы валюталық операциялар бойынша шектеулер енгізбеу).
1 Валюталық реттеудің негізін құраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты - Қазақстан Рес-публикасының резидент және бейрезидент тұлғаларынын, валюталық операция жүргізу кезінде зандылықтарды сақтауын қамтамасыз ету. і Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары:
-
заңдылыктарға сәйкес жүргізілетін валюталык операциялар-дың сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен куәліктердің болуы;
-
шетел валютасындағы төлемдердің шарт жағдайына сәйкес-тігін тексеру;
-
валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есеп берудің толықтығын және объективтігін тексеру.
Валюталық катынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы валюталық заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың заңдылыктарына сәйкес валюталық реттеудің қызметтерін атқаратын Үлттык банк болып табылады. Үкімет және баска да мемлекеттік органдар валюталык реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде жүргізеді. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативтік актілер 1998 жылдың 24 желтоқсаныңда «Валюталық реттеу туралы» заңға толықтырулар мен қосымшалар енгізілген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың прин-циптері мен тәртібін валюталық операция субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, валюталық зандылыктар бұзылуының жауапкерші-лігін анықтайды. Валюталық бакылау агенттері ретінде валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау міндеті жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесідей валюта-лык шектеулер қолданылады:
-
резиденттер арасында жүргізілетін операциялар бойынша бар-лық төлемдер тек қазақстандық валютада жүргізілуі керек, тек Үлттық банктің нормативтік құқықтық актілерінде, салық және кеден зандылықтарында көрсетілген жағдайлардан басқа;
-
банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыруда уәкі-летті емес банктер және ұйымдардың шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға болмайды;
-
қызмет және тауар, несие ретінде резиденттер алатын шетел валютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарында міндетті түрде есептелуі керек.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және күтпеген жағдайлардың туындау кезінде кез келген валюталық операцияларды шектеуге және токтатуға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жаргысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үлттық банк туралы» занды күші бар ҚР ¥лттық банк шетел валютасы жүргізілетін операцияларға қажетті операциялар енгізуге құқы бар. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республи-касының Үлттық банкі резиденттердің экспорттык операцияларына валюталық төлем және экспорттық валюталық түсімді міндетті сату тәртібіне шек қоя алады. Сонғысы накты уақытта уақытша тоқтатылған.
Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін валюталық шот ашу қажет. Егер занды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда оны ашу үшін келесі қүжаттар қажет:
-
нотариалдық куәландырылған күрылтай кұжаттарының көшірмесі;
-
заңды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы;
-
уәкілетті түлғалардың қол және мөр үлгілері;
-
салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;
-
Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі туралы куәлік.
Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер көшірмесі бар зандық іс жасалынады.
Кәсігасерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте валюталық шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
-
шот ашу үшін арыз (1-қосымша);
-
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-
клиенттің салық есебіне тіркелгендігін растайтын салық қызметінің органы берген бекітілген нысандағы құжат;
-
мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін құжат (патент немесе лицензия) көшірмесі.
Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар жариялануы қажет: уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып алынған экспортты валюталық түсім, жарғылық капиталға салым, қаржылық көмек, қайырымдылықтар, сыйлықтар, несиелер, қарыз-дар, валюта. Занды тұлғалар шетел валютасындағы несиені тек бейрезидент тұлғалармен есеп айырысу үшін және шетел валюта-сында алынган банктік несиелер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ғана ала алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы валюта-лық қаражаттарды сатып алуға берілетін арыз арқылы (2-крсымша) және кросс-операция (айырбастау) (3-қосымша) бойынша жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-тапсырма негізінде жүргізіледі (4-қосымша).
Клиент валюталық шоттан тауарды импорттау (жұмыстар мен қыз-меттер) бойынша келісімшарттарды алдын ала төлеуді жүзеге асыру кезінде банкке сәйкес өзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерді ұсынуы қажет. Үсынылатын құжаттар негізінде валюталық шот ашу кезінде тоғыз таңбалы саннан түратын нөмір беріледі.
000 000 000
1 2 3,
Мұндағы: 1 - валютаның коды;
-
- шоттың баланстық немірі;
-
- клиенттің нөмірі (жеке).
Онда шоттың ашылган күні, клиенттің атауы, нөмірі және қосым-ша ақпараттар жазылатын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасы жүргізіледі. Сол уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот бойынша ақша қаражаттарымен байланысты барлық материалдар жиналатын занды іс және дербес шот көрсетіледі.
Жоғарыда айтылғандай, банктер шетел валютасында операция жүргізу үшін лицензия алулары кажет. ҚР Үлттық банкі лицензия-лауды зандылықтарға сәйкес жүзеге асырады. Бүгінгі күні шетел валютасында қолма-қол есеп айырысу негізінде бөлшек сауда және қызмет көрсетулермен байланысты әрекет, резиденттердің мемлекет зандылықтары бойынша құқықтарына сәйкес шетел банктерінде және қаржы институттарында шоттар ашумен байланысты қызмет-терге лицензия беріледі.
v Кейбір шетел валютасындағы операциялар Үлттық банкке тір-келуі қажет, мысалы, 100 мың АҚШ доллары нан асатын ақша қаражатының бейрезиденттен резиденттердің пайдасына өтетін капитал қозғалысымен байланысты. Үлттык банк капитал қозғалысы-мен байланысты валюталық операциялардың келесі тіркеу тәртібі белгіленген:
-
180 күнге дейінгі алынатын несие;
-
180 күн мерзімінде резиденттердің экспорттық мәмілелерін бейрезиденттердің несиелеуіне байланысты есеп айырысу-ларды жүзеге асыру;
-
180 күн мерзімінде резиденттердің импорттық мәмілелерін бейрезиденттердің несиелеуіне байланысты есеп айырысу-ларды жүзеге асыру;
-
Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттердің инвестициясы;
-
жылжымайтын мүліктерге мүліктік және баска да қүкықтар төлемдеріне аударымда;
-
бейрезиденттердің 180 күн мерзімінде резиденттердің экс-порттық мәмілелерін несиелеумен байланысты есеп айы-рысуларды жүзеге асыру.
Валюталық' операциялар бойынша есеп және есеп беру тәртібі және нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен ста-тистикалық уәкілетті мемлекеттік органдарының келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Үлттық банкпен бекітіледі және Қазақстан-ның занды және жеке тұлғалары міндетті түрде орындауы керек.
Республикадағы барлық заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үлттық банк және өкілетті банктерге олардың сүрауы бойынша, валюталық реттеу заңының талаптарын орындау мақсатында қажетті ақпараттар мен қаражаттарды ұсынуға міндетті.
Жекелеген валюталардың ұзақ немесе қысқа позицияларында бірінші кезекте мүмкіндігі болатын қолма-қол өтелмеген мәмілелер-мен байланысты олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелерімен валюталық операцияларды жүргізу кезінде банктер әр түрлі тәуекелге бел буады.
Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы талаптар мен міндеттерінің аракатынастарын білдіреді. Олардың нақты валюта бойынша тең болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есепт-елінеді, ал тең келмеуі кезінде - ашық.
Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған табыспен баска сату мәмілесімен жабады. Үлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді.
Егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талап-тардан жоғары болса ашық валюталық позиция қысқа болуы мүмкін және егер сатып алынған валюталар бойынша талаптар оларға деген міндеттемелерден жоғары болса, онда ұзақ болуы мүмкін.
Қатаң валюта бойынша ашық валюта позициясына мәлімет банктің жарғылық капиталының 30% кұрауы керек, ал ұзак валюталық позиция жұмсақ валюта бойынша 5%, валюталық нетто-позицияның жарғылық капиталдың 50% құрауы керек.
Банктік операциялардың жіктелуі жалпы банктік критерийлері бойынша, сондай-ак тек валюталық операцияларға гана тән баска да белгілері бойынша жүзеге асады. Сонымен, олар келесідей жіктеледі:
-
Қазақстан Республикасы аумағында жасалынатьш;
-
валюталық құндылықтардың Қазақстан шекарасына өтумен байланысты;
-
Республикадан тыс жерде банктер жасайтын.
31-лекция
Тақырыбы: Валюталық операциялар есебі.
(1-сағат)
Жоспар:
-
Валюталық операциялардың түрлері
2. Валюталық операциялардың есебі
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін валюталық операциялар-дың түрлері кеңінен дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну («спот») және мерзімді (форвордтық) мәмілелер кең колданылды, соңғылары валюталық реттеу объектілері болып табылады. Жетпісінші жылдар-дан бастап биржада фъючерстік және опционды валюталық мәмілелер дамыды. Бұл алып-сатарлық мәмілені және валюталық тәуекелден сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталық операцияларды көп банктер жүзеге асырады, мерзімді операциялар мен «своп» мәмілелерін негізінен ірі банктер, ал опционды операцияларды ірілендірілген банктер жүзеге асырады. Жедел ұсыну («своп») валюталық операциялары өте кең таралған және төленген мәміле көлемінің 90% кұрайды. Олардың мәні мәмілені жасау кезіндегі багам бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші күні валютаны алып-сату шартына байланысты банк-контрагентте-рінің оны жеткізуінде.
«Свифт» электрондык байланыс күралының, банкаралық элек-тронды аударымдар жүйесінін, мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лонданда ЧАПС және т.с.с, компьютерлік өңдеудің кең таралуы «бүгіннен ертеңге дейін» немесе «ертеннен келесі күнге дейінгі» бір күндік депозиттерді орналастыру операцияларын тез жүзеге асыру үшін айтарлықтай мүмкіндік береді. Алайда дәстүрлі валюталық операция негізінде «спот» мәмілесі және базалық бағам ретінде «теле-графты аударым бағамы» деп аталатын «спот» бағамы танылып қалады. Осы бағам негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары анықталады: валютаны жеткізудің қысқа мерзімінде бір реттік мәміле үшін бағам ретінде мерзімдік.
Жедел ұсынумен байланысты валюталық операциялар валюта-лық жайғасымның ең мерзімді элементі болып табылады және белгілі бір тәуекелді өз мойнына алады. Банктер «спот» операция-сының көмегі арқылы өз клиенттерінің шетел валютасындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде «қапыл»' ақшалардың бір валютадан басқаға ауысуы төрелік және алып-сатарлық операцияларды жүзеге асырады.
Шетел валютасындағы мерзімді мэмілелер (форвардтьщ, фьючерстік) - шарт жасаган кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасьіның сомасын белпленген уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын валюталық мәміле. Осы анықтамадан мерзімдік валюталық операциялардың екі ерекше-лігі байқалады:
-
шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интервал бар, яғни валютаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күнінен бастап кезең соңы ретінде (мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейін) немесе мерзім шегіндегі кез келген кезең.
-
операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамы мәміле жасалған кезде тіркеледі.
«Спот» және «форвард» мәмілесі бойынша валюта бағамының арасындағы айырма мерзімді мәміле бағамы темен кезде, «спот» бағамы бойынша жеңілдік (дисконт - dis немесе депорт - D) ретін-де немесе егер жоғары болған кезде сыйақы ретінде анықталады. Сыйақы мерзімі бойынша жасалған мәміледе валюта қолма-қол операцияға қарағанда қымбат айырбасталады дегенді білдіреді. Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қолға қарағанда төмен екендігін білдіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік немесе сыйақы көлемі «спот» бағамына қарағанда түрақты. Сон-дықтан банк аралық нарықта мерзімді мәмілелердің бағамын белгі-леу кезінде көбінесе сыйақымен дисконт анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал сыйақы «спот»
1 Қяпыл акша - құнын сақтау немесе үстеме шыгын алу мақсатында бір елден екінші елге стихиялы түрде ауысатын ақша капиталы. Олардың негізгі қуат көзі экономикалық және саяси тұрақсыздық, инфляция, валюталық дағдарыс больш табылады.бағамынан шегеріледі. Сыйақы және дисконт әдісі бойынша емес, сандық белгіде белгіленетін мерзімді мәміле бойынша валюта бағамы «аутрайт» бағамы дел аталады.
Шетел валютасында жасалатын мерзімді мәмілелер келесі мақсаттарға жүргізіледі:
-
коммерциялық мақсаттағы валюта айырбасталымы, валюта-лық түсімдерді валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қажет төлемдерді сатып алуы немесе сатуы;
-
валюталық бағамының төмендеуіне байланысты болатын шығындардан шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық капитал салымдарын сақтандыру;
• бағам айырмасы есебінен алып-сатарлық пайда алу.
Валютальщ опцион сатып алу-сату (лат. opito, options -
таңдау) - келісілген мерзім аяқталғанға дейін мәмілені жасау кезін-де белгіленген бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардыц бір жағы сатып алу-сату мәмілесі кезінде сатып алу (call мәмілесі - сатып алушы опционы) немесе сату (put мәмілесі -сатушы опционы) құқығын таңдауға мүмкіндік беретін белгіленген комиссияны (сыйақы) төлеу шарты кезіндегі келісім. Опцион жағдайындағы мәмілелер банк үшін тәуекелі жоғары, сондықтан ол клиентке аз табысты бағамын белгілейді. Опцион бойынша сыйақы мөлшері опциондық шарттың аяқталу күніндегі жедел мәміле бойынша валюта бағамының есебі арқылы анықталады. Опционды мәмілелер сыйақы көлемінен асып түсетін, бағамдық ауытқулар кезінде тиімді болады. Негізінен валюталы опцион валютальщ тәуекелді сақтандыру үшін қолданылады. Опциондармен тек қана банкаралық нарықта ғана емес, сонымен катар биржаларда қор және тауар биржасында саудаласады.
Жетпісінші жылдардан бастап батыс елдерінде қалқымалы валюталық бағамға өту барысында валюталық фъючерстер дамыды. Валютальщ фьючерс - мәмілеге отыру кезінде алдын ала белгі-ленген багам бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаньщ стандарттық көлемін сатып алу немесе сату міндеттемесін білдіре-тін келісім. Стандарттық шарттарда барлық жағдайлар реттелген: сома, мерзім, кепілді депозит, есеп айырысу тәсілі. Фъючерстермен сауда жасау клирингтік үй аркылы жүзеге асырылады: ол әрбір сатып алушы үшін сатушы, ал эрбір сатушы үшін сатып алушы болып табылады.
Қолма-қол және мерзімді операцияларға сәйкес валюталық мәміле-нің әр түрлі «своп» мәмілесі болып табылады. «Своп» (ағылшын. swap - айырбастау) - бүл белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір уақыты шартты мәміле бойынша жедел жеткізу жағдайындағы екі валюталық сатылу-сатып алуын қарастыратын валюталық операция болып табылады. «Своп» операциясы бойынша қолма-қол мәміле «спот» бағамы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге клиент қолма-қол мәміле бойынша сатушы және сатып алушы бағамының арасындағы айырма маржа кезінде үнемдейді. «Своп» операциялары банктер үшін өте қолайлы болып табылады: олар ашық позициясыз өтеді (сатып алу-сату жабылады), оның тәуекел-сіз қажетті валютамен уақытша кдмтамасыз етеді. «Своп» операциялары тек валютамен ғана емес, сонымен қатар пайызбен де жаса-лынады. «Своп» мәміле нысанында банктер валюталарды, несие-лерді, депозиттерді, пайыздық мөлшерлемелерді, бағалы қағаздарды немесе басқа да құндылықтарды айырбастауды жүзеге асырады.
Валюталық операциялармен байланысты нарықтық қызметтің белгілі бір түрі - бүл төрелік - пайда табу мақсатында валютаны бір нарықтан сатып алу және сол уакытта оны сату. Төреліктің айтарлыктай маңызды нысаны - олардың қамтамасыз етілу икемді-лігін жоғарылату үшін пайыздық мөлшерлеме мен форвардтық сыйакы немесе дисконт айырмасы арасындағы қатынастарды банктер пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекеліне ұшыра-маған пайданы алу жағдайы кезіндегі пайыздық арбитраж.
«Спот» немесе «форвард» жағдайында шетел валюталарын немесе бағалы металдарды сатып алу шартына банк кол қойған кезде, келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу - сату бойынша шартты талаптары».
Кт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».
Және бір уақытта осы өткізбеден теңге эквивалентінде келесі өткізбе жасалады:
Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».
Кт 6905 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер».
«Спот» жэне «Форвард» жағдайында шетел валюталарын баға-лы металдарды сату шартына банк қол қойған кезде, мынадай шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».
Кт 6905 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер».
Және бір уақытта теңгеде:
Дт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары».
Кт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».
Одан әрі әрбір валюта бойынша дербес шот ашылады. Валю-талау күні есебінде нарықтық Валюталық күні - валюталық белгілеудің өзгеруі кезінде талаптар мен міндеттемелерді қайта багалау жүргізіледі. Қайта бағалаудан пайда алу кезінде баланстан тыс шотта мынадай жазу жасалады:
Дт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары».
Кт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».
Шығьш болған кезде:
Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».
Кт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары»
Баланстық шотта бір уақытта қайта бағалау сомасына келесідей өткізбелер жасалады:
• пайда сомасына
Дт 3560 «Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта бағалау резерві»
Кт 4570 «Шетел валютасы бойынша форвард операцияларды қайта багалау бойынша жұмсалмаған кіріс»
• шығын сомасына:
Дт 5570 «Шетел валютасындағы форвард операцияларын қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыстар»
Кт 3560 «Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қай-та бағалау резерві»
Келісімшарттың күші жойылған кезде немесе сатып алу бойынша есеп айырысулар жүргізу кезінде банк келесі өткізбелерді жасайды:
• сату валютасы бойынша:
Дт 6905 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер»
Кт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».
• сатып алу валютасы бойынша:
Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».
Кт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары».
1 Валюталау күиі - валюталык нарыкта мәмілені реттеу кезіндегі каражаттарды жеткізу күні.
Баланстық шот бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:
• сатып алынатын валютада:
Дт 1001 «Кассадағы крлма-қол ақша»
1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары»
Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қыска позициясы».
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».
3560 «Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта бағалау резерві» (оң қайта бағалау сомасына) немесе
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
3560 «Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды
қайта бағалау резерв!» (теріс қайта бағалау сомасына)
Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»;
• сатылатын валютада:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы» Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
3560 «Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта бағалау резерві» (оң қайта бағалау сомасына) немесе Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы» Кт 3560 «Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта бағалау резерві» 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Бұрын айтылғандай, «своп» операциясы - бұл «спот» және «форвард» операцияларыньщ үйлесуі. «Своп» операциясы баланстан тыс есеп берудің белек дербес шотгарында көрсетіледі. Валюталық позицияның баланстық шотында «своп» операциялары бойынша белек дербес шот ашылады. Бұл шот шетел валютасыньщ ағымдағы балансының өзгеруі кезінде қайта бағаланбайды.
Шетел валютасындағы «своп» операциясы бойынша шартқа қол қою кезінде банк «спот» сатып алу кезінде келесі өткізбені жүргізеді.
Дт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу - сату бойынша шартты талаптары»
Кт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша банк позициясы»
• және бір уақытта сатылатын валюталарға келесі жазулар
жасалады:
Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»
Кт 6905 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер»
Сонымен бірге әрбір валюта бойынша белек дербес шот ашы-лады. «Спот» сатып алу (сату) бойынша есеп аиырысуды жүзеге асыру кезіңде банк сату валютасы бойынша келесі өткізбені жасайды:
Дт 6905 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер»
Кт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша банк позициясы»
Және барлық уақытта сатып алу валютасында:
Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»
Кт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары» Баланстық шот бойынша келесі өткізбе жасалады:
• сатып алынатын валютада:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
• сатылған валютада:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа
позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы» Кт 1001 «Кассадағы колма-кол акша»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». «Спот» жэне «форвард» молшерлеме айырмасына байланысты ай сайын пайыздык. табыс немесе пайыздык шығыс есептелінеді:
• теріс айырма кезінде:
Дт 5704 «Тазартылған кымбат металдарды қайта бағалауда шығысы» Кт 2860 «Банктік кызмет бойынша өзге кредиторлар»
• оң айырма кезінде:
Дт 1860 «Банк кызметі бойынша өзге де дебиторлар»
Кт 4704 «Тазартылған кымбат металдарды қайта бағалаудан кіріс»
Мерзімі келген кезде қайта сатып алу кезінде баланстан тыс шоттарда кері өткізбе жасалынады, ол баланстық шот бойынша
• сатып алынатын валютада:
Дт 1001 «Кассадағы колма-қол ақша»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар» Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа
позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы»
• сатылатын валютада:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы» 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол акша»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Бухгалтерлік есепте опциондарды жүргізу үшін баланстық және баланстан тыс шоттарда дербес шоттар ашылады:
1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» баланстық шот бойынша «Опционды» сатып алу бағасы», 2870 «Банктің басқа транзиттік шоттары» - «Опционда сату багасы» дербес шот ашылады.
6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары» Баланстан тыс шоты бойынша екі дербес шот ашылады: «Сатып алынған опцион бойынша шартты талаптар» және «Сатылған опциондар бойынша шартты талаптар». Ал 6905 "Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер» - «Сатып алынған опцион бойынша мүмкін міндеттемелер» және «Сатылған опцион бойынша мүмкін мшдеттемелер». Баланстан тыс шот 6999 «Шетел валютасында жасалған мәміле бойынша банк позициясы» - «Опцион бойынша позиция».
Банк опционды сатып алу кезінде оның бағасын төлейді және келесі өткізбені жасайды:
Дт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
• бір уакытта шартты талап валютасында «спот» бағамы бо
йынша опционның жалпы сомасына:
Дт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары»
Кт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша банк позициясы»
• және шартты міндеттеме валютасында:
Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша банк позициясы»
Кт 6905 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер»
Бұдан әрі банк «спот» бойынша қайта бағалауды және ай ая-ғындағы «спот» және «форвард» бағамының арасындағы айырма негізінде опцион бағасын есептеу керек.
Банк опцион бойынша баланстан тыс шоттар бойынша есеп айырысуды жүргізген кезде кері өткізбелер жасалынады және бір уақытта баланстық шоттар бойынша келесідей шоттар корреспон-денциясы жасалады:
• валюталарды ресми сатып алган багамынан жоғары сатқан кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы» Кт 4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер»
• валюталарды ресми сатып алған бағамнан томен сатқан
кезде:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»
Кт 1001 «Кассадағы колма-қол ақша»
4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер» Банк опционды сатқан кезде опцион бағасы көлемінде ақша қаражаттарын алады және келесі өткізбелерді жүргізеді: Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Бір уақытта «спот» бағамы бойынша опционның жалпы сома-сына корреспонденция жасалады:
• шартты талаптар валютасында:
Дт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптары»
Кт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»
• жэне шартты міндеттеме валютасында:
Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»
Кт 6905 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты м і ндеттемел ер»
Банк опцион бойынша есептеу кезінде баланстан тыс шоттар бойынша кері өткізбелері жасалынады, ол баланстық шот бойынша:
• сатып алу валютасын ресми бағамынан төмен шетел валю-
тасын сатқан кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
5530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар» Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа
позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы»
• сатылған валютасын ресми бағамынан жоғары шетел валю
тасын сатып алу кезінде:
Дт 5530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар»
1858 «Банктщ шетел валютасы бойынша валюталық қысқа
позициясы»
2858 «Банктщ шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы» Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Достарыңызбен бөлісу: |