Патент - бұл занды тіркелген және танылған ерекше құқық. Патенттік құқық - сырттан басқа тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды иесіне пайда-лануға, өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік береді.
Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне немесе моделіне сәйкес келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы нысанда қорғаған кезде ғана патент қызмет көрсетуді қорғайды.
Авторльщ кұкьщ - бұл әдеби, музыкалық шыгармалардың өнертапқыштар және тағы басқа авторларының заңмен қарасты-рылатын, қорғалатын формасы.
Тауар маркалары немесе тауар атаулары - бұл компания-ларға, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар нақты бағытты және нақты қызметті пайдалану құқығын иелену үшін шаруашылық субъекті-лерінің мемлекеттік меншікті пайдалану құқығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен ұсынылады.
Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің дебет шотына жатады. Жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердің кайсысы қысқарақ болуына байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бөлек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар ұзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке идентификация-лануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды.
Мерзімі ұзартылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шығын-дар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Мерзімі ұзартылған шығындар фи-зикалық формасы жоқ үзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Үйымдык шығындар - бұл қызметті үйымдастыру кезінде пайда болатын шығындар.
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу құны - бұл барлық төлемдер немесе алынған активтердің агымдағы нарьщтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу қажет:
-
қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін занды, реттеуші және келісілген ереже;
-
болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;
-
қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;
-
жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет мерзімі;
-
материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеті;
-
материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.
Материалдық емес активтердің қүны активтердің кызмет ету мерзіміңде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделін сипаттау керек. Егер мұндай үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияны теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімін қарастыру керек. Халықаралық стандартқа сәйкес материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық, баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Бүндай жағдайда амортизациялық емес кұнды жазу керек және активтің бағамын азайтуды көрсететін шығынды мойындау керек. Сату кезінде айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандай да басқа жолымен келуі, түсімнен пайданы сипаттай отырып материалдық емес активтің шотымен оның амортизациялық емес қүны жазылу керек. Материалдық емес активтерде келесідей бухгалтерлік жазулар жасалынады:
• алынған материалдық емес төлемге:
Дт 1856 «Күрделі каржы салымы бойынша дебиторлар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1081 «Банктің корреспонденттік шоты»
2010 «Сыйақы аудармай талап еткенге дейінгі депозиттер»
2203 «Басқа банктердің корреспонденттік шоты»;
• материалдық емес активтерді кірістегенде:
Дт 1659 «Материалдык емес активтер»
Кт 1856 «Күрделі кзржы салымы бойынша дебиторлар» 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»;
• амортизацияларды есептеу:
Дт 5788 «Материалдық емес активтер бойынша амортиза-
циялық аударымдар» Кт 1699 «Материалдық емес активтерге есептелген амортизация»;
• есептелген амортизация сомасына материалдық емес актив-
терді есептен шығару кезінде:
Дт 1699 «Материалдық емес активтерге есептелген амортизация» Кт 1659 «Материалдык емес активтер»;
• калдық құнға:
Дт 5852 «Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сату шығыстары»
Кт 1659 «Материалдык емес активтер».
29-лекция
Тақырыбы: Еңбекақы есебі.
(1-сағат)
Жоспар:
-
Еңбекті есептеу ережесі
-
Еңбекақыны есептеу тәртібі
Банк қызметінің үдерісінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату жүргізіледі, қызметкерлердің жеке құрамы-ның өзгеруі, жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Есеп қызметкерлермен жұмыс басқармасывда жүргізіледі. Ол барлық қызметкерлердің саны мен құрамы туралы және оның құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.
Еңбекақы есебі және оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.
Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары нормативтік кұқықтық актілермен 1999 жылдың 10 желтоқсанын-дағы шыққан «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдермен реттеледі. «Қазақстан Респу-бликасының еңбек туралы» заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзактығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
Жұмысқа. қабылдау, жұмысқа алу туралы бұйрықпен немесе еңбек келісімшарты негізінде жүргізіледі. Жұмысқа кабылдау кезін-де жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжат-тарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сұрауы бойынша толтырылады.
Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырады. Жұмысшылар-ды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқтату туралы бұйрық (өкім)» нысаны қолданылады. Жұмысшыны бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыру кезінде «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бүйрық (өкім)» толтырылады. Кезекті демалыс жұмысшыға «Демалыс беру туралы бұйрық (өкім)» негізінде беріледі.
Еңбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі, банк қызметкеріне белгіленген қызметақы бойынша жүмыс істелген уақыт үшін есептеледі. Қосымша еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына төлем т.б. Еңбекақы құрамына жүмысшыларға дивидент және пайыз түрінде төленетін төлемдер кірмейді.
Негізгі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісімшартында белгіленген көлемінде еңбек уақытын есептеу тізімінің негізінде есептеледі. Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу ны-санын қолданады. Осы нысан бойынша еңбекақыны есептеу күндік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады, еңбекақы көлемі істелген жүмыс уақытын белгіленген тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы табылады.
Жұмыс уақытын есептеу арнайы табельде жүргізіледі (1-қосым-ша). Бухгалтерияға келіп түскен қүжаттар тексеріліп, одан әрі өңдеуге жіберіледі. Еңбекақыны есептеу үшін банк бухгалтерия-сында еңбекақыға арналған кітап қолданылады (2-қосымша). Одан әрбір жүмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберіл-ген сомалар және тағы басқалар көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар еңбекақыны төлеу үшін немесе еңбекақы және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданы-латын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі (3-қосымша).
-Еңбекақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгілен-ген күнде төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда алдын ала бір күн бүрын төленеді. Жүмыс берушінің кінәсі бойынша акхианы беру кешіктірілген кезде, ол міндеттемені орындау күні бойынша Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша әрбір мерзімі өткен күнге өсімпұл төлейді.
Еңбекақы мөлшері еңбек шартында белгіленеді және заң актіле-рімен белгіленген минимумнан томен болмайды.
Жүмысшыларға еңбекақыдан басқа, қосымша келесілер төленеді:
-
демалу уақытына төлем, пайдаланбаған демалыс уақытына жәрдемақы;
-
жұмыс сипатының өзгеруіне немесе көлемінің қысқаруына (ұйым жабылып қалған кезде, құрамның, штаттың және т.с.с. қысқаруы кезінде, сондай-ақ өндірісте жазатайым уақиғаға байланысты жұмыстан босату) байланысты босатылған жұ-мысшыларға демалыс жәрдемақысы;
-
қызметкерлердің саны немесе штаттың қысқаруымен, ұйым-ның қайта ұйымдастырылуы немесе жойылуына байланысты жұмыстан босатылған кызметкерлер жұмысқа қабылданған уақытқа дейін төленетін сома;
-
жұмысшының орындаған жұмысына байланыссыз белгілі бір жағдайларда қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек, мысалы, баланың өмірге келуінде, ақылы операция жасау кезінде және құжатпен расталған басқа да жиынтық емес си-паттағы төлемдер; өндірістік жарақат нәтижесінен еңбек қабілеттілігін жоғалтумен байланысты жәрдемақы, еңбек мін-деттемелерін орындау кезінде зиян шеккен адамдарға зия-нның орнын толтыру;
-
ұйымның қаражаты есебінен төленетін жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқу үшін мекеменің жіберген сту-денттері мен оқушыларына төленетін шәкіртақы;
-
құрылыс, тұрғын үй сатып алуға, тұрмыс жағдайын жақсар-туға, қарызды өтеу шығындары (оның ішінде ипотекалық) және осы мақсаттарға жету үшін қызметкерлерге берілетін материалдық көмек, субсидиялар;
-
әлеуметтік сақтандыру қорларынан және басқа да бюджеттік емес қорлардан жәрдемақы;
-
уақытша еңбекке жарамсыз, екіқабат және баланы дүниеге әкелуге байланысты және т.с.с, жұмысшының денсаулығына зиян тигізу немесе жарақат алу жағдайындағы табыстың немесе басқа да шығынның орнын толтыру;
-
қызмет бабымен жасалған іссапарларға занды нормада бе-кітілген шекте іссапар шығындары;
-
басқа тұрғылықты жерлерге жұмысқа жіберу, бағыттау және қабылдаумен байланысты шығындардың орнын толтыру; Қа-зақстан Республикасының бекітілген занды нормасының шегінде іссапарға шығу үшін жеке көлікті пайдаланғаны үшін жәрдемақы.
Демалыс уақытына төленетін төлем Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметкер сол банкте 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекті демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Демалыс мерзімі ұжымдық келісімшарт-тар мен ережелерге сәйкес белгіленеді, бірақ ол 18 күнтізбелік күннен аз болмауы керек. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.
Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтем-
ақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға сәйкес
жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар
алдында үйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда еңбек демалысы кезінде сақталатын орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айла-рына байланысты анықталады.
Егер барлық есептік кезең толығымен орындалған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы есептік кезеңде есептелген жалақы сомасын 12-ге және жұмыс күні мен белгіленген еңбек демалысын төлеу кезінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытыньщ жыл сайынғы балансына сәйкес жүмыс күндерінің орташа айлық санына бөлу арқылы есептеледі.
Егер есептік кезендегі 12 ай толығымен орындалмаған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы істелген жүмыс уақы-тына есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа (еңбек демалысын жұмыс күніне сәйкес беретін болса) немесе жұмыс іст-елген уақытқа (еңбек демалысын күнтізбелік күнге сәйкес беретін болса) сәйкес алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесіндегі жүмыс күндерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Еңбек демалысын есептеу үшін қабылданған еңбекке төленетін сома 12-ге (бір жылдағы айлардың саны) және жұмыс уақытының балансына сәйкес анықталатын бір айдағы жұмыс күнінің орташа санына бөлінеді. Ол 1998 жылы алты күндік жұмыс аптасы үшін 25,67, ал бес күндік жұмыс аптасы үшін - 21,42 құрады. Орташа жалақы есебіне уақытша жұмысқа қабілетсіздік жәрдемақысы да қосылады. Жәрдемақы төленетін уақыт өтелген жүмыс деп сана-лады. Алынған орташа күндік жалақыны еңбек демалысының күніне көбейтеді.
Пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақыЖеке еңбек келісімшартының кандай негізде бұзылғанына байланыссыз жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмысшыға өтемақы төленеді.Уақытша еңбекке жарамсыздьщ кезінде төленетін жәрдшақы
Жәрдемақы қызметкердің сыркатттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз кезінде, протездеу, жанұя мүшелерінің біреуі ауырған кезде қарауға кеткенде, карантин және туберкулез ауруына шалдығуына немесе кәсіптік сыркатка байланысты басқа жұмысқа уақытша аудару кезінде, баска жағдайларда үкімет белгілеген тәр-тіпте төленеді. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеудің және есептеудің негізі еңбекке жарамсыздық парақшасы немесе анықтамалар болып табылады.
Еңбекке жарамсыздьщ паракшасы - еңбекке жарамсыздыгын растайтын құжат, жұмыстан босату және уақытша еңбекке жарамсыздьщ бойынша, екіқабат және босану кезінде жәрдемақы алу үшін негіз болып табылады. Еңбекке жарамсыздық парақшасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын жұмыста істейтін тұлғаларға беріледі. Жұмыстан щығарылған тұлғаларға еңбекке жарамсыздық парақшасы берілмейді.
Еңбекке жарамсыздык парақшасы мен уақытша еңбекке жарамсыздьщ туралы анықтама бланкілері катаң есептілік құжаттары болып табылады. Олардың нысандары белгіленген тәртіпте бекітіледі.
Жалпы ауырған кездегі жәрдемақы көлемі жұмысшының үз-діксіз өтелуіне (стаж) байланысты: жалақы есебінен 5 жылға дейін 60 пайыз, 5 жылдан 8 жылға дейін - 80 пайыз, 9 жылдан бастап -100 пайыз төленеді. Заңдылықтарда үздіксіз стажына байланыссыз 100 пайыз жалақы мөлшерінде жәрдемақы беру қарастырылған: еңбек жарақаты немесе кәсіптік сыркат нәтижесінде, ¥ОС қатысқан мүгедек жұмысшыларына және баска да мүгедектерге, 16 жасқа толмаған үш және одан да көп бала асырап отырған тұлғаларға, екіқабаттарға, сондай-ақ заңдылықтармен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болтан күннен бастап жүмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақының 100% көлемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру Қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.
Жәрдемақыны есептеу үшін нақты жалақыға сол объектіде бекітілген еңбекақы төлеу жүйесімен қарастырылған жалақының, ақшалай сыйақылардың барлық түрлері, үстемеақы және қосымша төлем, еңбек сіңірген жылдар үшін және жыл нәтижесі бойынша сыйақылар кіреді.
Азаматтарға мынадай жағдайларда жәрдемақы берілмейді: қыл-мыс жасау нәтижесінде жарақат алған кезде, ішімдік, нашақорлык және т.с.с. пайдалану кезінде өз денсаулығына қасақана қастандык жасаган кезде. Сонымен қатар соттың шешімі бойынша мәжбүрлі емделуге тартылған (психикалык аурумен ауратындардан басқа), олардың кінәлары анықталған кезде сот-медициналық сараптама-сынан өтетін, сондай-ак камалудағы тұлғаларға берілмейді.
Жүкті әйелдерге және дүниеге сәби әкелуіне байланысты берілетін жәрдемақы
Әйелдерге жүкті болуына және бала босануына байланысты 70 күнтізбелік күн көлемінде және бала туылғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі. Жәрдемақы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыс кезінде жалақының 100 пайыз көлемінде белгіленеді және төленеді. Ол мемлекеттік әлеуметтік сактандыруға жататын жұмыс істейтін әйелдерге бе-ріледі. Сонымен қатар сол банкте қанша уакыт жұмыс істегеніне байланыссыз беріледі.
Демалыс және мереке күндерінде істелген жұмьтсқа төленетін төлем
Егер жүмысшы оған белгіленген демалыс және мереке күн-дерінде жұмыс істейтін болса, онда екі апта ішінде демалыс бе-рілуі қажет. Егер банк әкімшілігі демалыс бере алмайтын болса, онда сол күнге еңбекакы еке есе көлемінде теленуі қажет.
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болтан күннен бастап жұмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақы-ның 100% көлемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтан-дыру Қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.
Бала туылган (асырап алу) кезде берілетін біржолгы жәрдемақы
Бала туылган кезде сол жылдағы республикалық бюджет тура-лы ҚР Заңында белгіленген көлемінде біржолғы жәрдемақы төлене-ді. Өлі бала туылған кезде жәрдемакы төленбейді.
Бала туылган (үш айға дейінгі баланы асырап алған кезде) кезде берілетін біржолғы жәрдемакыны алуға ата-аналардың біреуі немесе орнын ауыстыратын адамның күкығы бар. Егер екі және одан да көп бала туылган кезде, жәрдемақы әр балаға бөлек төленеді. Оның көлемі ағымдағы жылға бекітілген зейнетакыны, жәрдемақыны және басқа да төлемдерді есептеу үшін қарастырыл-ған 4 еселенген есептік көрсеткішке тең. Жәрдемакы тек бала туылғаннан кейін 6 ай ішінде шешесінің жұмыс орнынан, ал ше-шесі жүмыс істемесе - әкесінің жұмыс орнынан әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.Жерлеуге төленетін жәрдемақы
Сол жылғы республикалық бюджет туралы ҚР Заңына сәйкес бекітілген көлемде беріледі. Жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасына немесе жерлеуді өз мойнына алған басқа да жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Өлі бала туылған кезде жерлеу үшін жәрдемақы жалпы негізде беріледі.
Қызметкерлер санының немесе штаттардың қысқартылуына байланысты берілетін жәрдемақы
Қызметкерлер санының (штаттың) қысқаруы бойынша шаралар-ды жүзеге асырумен байланысты ецбек келісімшартын бұзу немесе кәсіпорынды қайта қүру және жою кезінде кәсіпорынннан, мекеме-ден, ұйымнан қысқартылатын қызметкерлерге орташа жалақы көлемінде жәрдемақы төленеді.
Жүмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы алуға зейнетке шығуға құқығы басталғанға дейінгі еңбекке жарамды азаматтар, бекітілген тәртіпте танылған және тіркелген жұмыссыз азаматтар қүқылы. Мұндай құқықты жұмыс іздеп жүрген немесе үзақ мер-зімнен кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырыса-тын адамдар да иемденеді.
Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы азаматты жұмыс-сыз деп тіркеген күннің 8-күнінен бастап жүмыска орналасу мәсе-лесі шешілгенге дейін, бірақ 26 күнтізбелік аптадан аспайтын мерзім ішінде, ал жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан тұлғаларға, ұзақ мерзімнен кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдарға 112 ай ішінде төленеді.
Жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан азаматтар үшін жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы, егер олар жұмыссыздық басталғанға дейінгі 12 ай ішінде толық жұмыс күні немесе толық емес жұмыс күні ішінде 12 күнтізбелік аптадан кем емес уақыт аралығында жүмыс істеген болса (еңбек табысы болса) төленеді.
Жүмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан тұлғалар үшін жүмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы көлемі алдын-дағы жұмыс орны бойынша негізгі жалақыға пайыздық қатынаста анықталады.
Барлық басқа жағдайларда (оның ішінде жұмысқа енді тұрайын деп жүрген азаматтарға) жүмыссыздық бойынша берілетін жәрдем-ақы Қазақстан Республикасының зандылықтарымен анықталған күнкөрістің ең томен деңгейіне пайыздық қатынас ретінде бе-кітіледі.
Жәрдемақы көлемі бекітілген тәртіпте индекстеледі.
Негізгі жалақы бойынша есептелген сомадан келесі ұстап қалулар мен аударымдар жүзеге асырылады:
-
Банк есептелген сомадан 10% көлемінде зейнетақы қорына міндетті төлемді төлейді, бірақ банк оны қызметкердің жа-лақысынан ұстап қалады.
-
Әлеуметтік салық 10% зейнетақы аударымдарын алып тас-тағанда есептелген жалақы көлемінен 26% кұрайды. Банк шығындарына жатады.
-
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Табыс салығын есептеу тәртібі 20-тарауда «Банктің салық салу есебі» көрсе-тілген. Табыс салығының көлемі есеп айырысу тізімдеме-сінде есептеледі.
Жалақыны есептеу кезінде келесі бухгалтерлік жазу жазылады:
Дт 5720-5721 «Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар»
Кт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
. 2851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».
Және сол уақытта әлеуметтік салықты есептеу жүргізіледі:
Дт 5729 «Өзге төлемдер»
Кт 2851«Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».
Жалақыны беру кезінде:
Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».
Табыс, әлеуметтік салыктар мен міндетті зейнетақы салымда-рын аудару кезінде:
Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
Есептелген жалақы сомасы банктің шығындарына жатады. 22 «Банктщ табыстары мен шығыстары» бухгалтерлік есеп стандарты-на сәйкес қызметкерлердің шығындарына келесілер жатады:
-
қосымша төлемдермен бірге банк қызметкерлеріне еңбекакы төлеу шығындары;
-
Қазақстан Республикасының зандылықтарына сәйкес пайда-ланылмаған еңбек демалыс күндері үшін төленетін өтемақы;
-
банкті кайта ұйымдастырумен, кызметкерлердің санын қыс-қартумен байланысты кызметкерлерді қыскарту кезінде банк қызметкерлеріне төленетін төлем;
-
кезекті (жыл сайынғы) және қосымша демалысқа төленетін шығыстар;
-
жогары және орта арнайы оқу орындарында кешкі, сырттай, сырттай аспирантурада, кешкі жалпы білім беретін мектеп-терде жақсы оқитын, сондай-ак аспирантураға тапсыратын қызметкерлерге берілетін оку демалыстарына заңға сәйкес төленетін төлемдер;
-
кадрларды дайындау шығындары;
-
банк штатына тіркелмеген қызметкерлерге жалақы төлеу азаматтық-кұқыктық сипаттағы бекітілген келісімшарт бойынша орындалған жұмысқа байланысты төленеді;
-
Қазақстан Республикасының заңцылықтарына сәйкес демалыс және мейрам күндерінде артық жұмсалған уақыт үшін төлем;
-
Қазақстан Республикасының зандылықтарында қарастырылған шарасыз қыдырымпаздық уақытына немесе төмен төленетін жұмысты орындағаны үшін төлем;
-
өнертабыс және оңтайландырғыштық ұсыныстар үшін сыйақы.
Көрсетілген және басқа да шығындарды есептеу олардың нақты төлеу уақытына байланыссыз ағымдағы айдың соңында теңгемен төленеді. Жүмыспен камтамасыз етіп отырған жерде қызметкерлер жұмыс істеген уақыт аралығында әлеуметтік салықты, әлеуметтік қамсыздандыру алымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорына төле-нетін жарналарды, жұмыспен қамту қорына аударымдарды шығын ретінде таниды. 1999 жылы банк орталықтандырылған аударымдар мен қызметкерлерге төленетін төлемнің барлық түрін есептеуге ауысты.
Қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына іссапарлық шы-ғындар жатады. 1993 жылдың 22 шілдеден бастап Қазақстан Рес-публикасының Еңбек министрлігі мен Қаржы министрлігінің нұс-қаулығына сәйкес Қазақстан аумағында іссапарға шыққан қызмет-керге іссапарда болған әрбір күнге ең төмен есепті көрсеткіштің 50% көлемінде тәуліктік төлем төленеді, тұрғын жайды жалдау жә-не жол шығындары іссапар куәлігі негізінде және төленетін қүжат-тар ұсынылған кезде қайтарылады. Растайтын қүжаттар ұсынылған кезде орынды сақтап қою шығындары іссапарға байланысты қайтарылады.
Шетелге қыска мерзімді іссапарға шыққан қызметкерлерге шы-ғындарды қайтару 29.09.98 жылдан бастап №967 «Шетел валюта-сында іссапар шығындарының орнын толтыру мөлшері туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен бекітілген мөлшер шегінде растайтьш құжаттарды ұсынған кезде нақты шығындар бойынша жүзеге асырылады.
Заңмен бекітілген мөлшерден асатын іссапар шығындарын өтеу, материалдық және әлеуметтік сипаттағы төлемдер қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына жатады. Сонымен катар салық заң-дылықтарьша сәйкес банк төлем көзі сомасынан 15% мөлшерлеме бойынша материалдык және әлеуметтік төлемнен табыс салығын ұстап қалады. Егер қызметкерлерден жеке тұлғалар табыс са-лығының мөлшерлемесі бойынша жалақымен бірге салық салынса көрсетілген төлемдер банктің жылдық жиынтық табысынан алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |