Материалдары



бет3/18
Дата25.02.2016
өлшемі1.58 Mb.
#20054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әдебиеттер

1. Қарқаралы құзырхаты (Мәтінін аударған М.Қойгелдиев) // Алаш қозғалысы. Движение Алаш. І том. Құжаттар мен материалдар. Алматы: Алаш, 2004.

2. Сейдалин Ж. Азып-тозып кетпеске амал бар ма? // «Айқап» журналы. Құрастырушылар Ү.Сұбханбердина, С.Дәуітов. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.

3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4. «Қазақ» газеті. Құрастырғандар Ү.Сұбханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақов. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.

5. Назарбаев Н. Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық // «Егемен Қазақстан» газеті, 31 мамыр, 2008 жыл.

6. Жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы // Алаш қозғалысы. Движение Алаш. ІІ том. Құжаттар мен материалдар. Алматы: Алаш, 2005.

7. Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. Алматы: Ғылым, 1993.

8. Бөкейхан Ә., Шоқай М., Дулатов М. Алаш ұлына // Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы: Қазақстан, 1993.

9. Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Алматы: Сардар, 2009.



«АЛАШ» АТАУЫ – КИЕЛІ ҰҒЫМ
Мейрамхат Айнабеков, Семей қаласының әкімі

Есенғазы Қуандық, тарих ғылымдарының докторы, профессор
ХХ ғасырдың басындағы ардақты ағаларымыздың қасіретті тағдырларынан сыр шертетін деректер оқиғалар, бүгінгі Алаш азаматтарының ұлттық санасын өсіруге ықпал етері сөзсіз. Тек оны оқып, жүрегімен толғанатын жастарымыз көбейсе ғой. Оларды көбейту өзін ұстазбын дейтін бүгінгі әрбір қазақтың борышы.

Қазақ қоғамының бұрыннан қалыптасып келе жатқан ішкі мемлекеттік құрылымын жоя отырып, патша үкіметі XIX ғасырдың 20-және 60-жылдары іске асырылған саяси реформалары арқылы қазақ қоғамының ішкі тарихи ерекшеліктері мен мүддесін ескеру негізінде емес, керісінше өзіне қолайлы, яғни Қазақстанды Ресей мүддесі тұрғысынан басқаруға қызмет ететін отаршыл әскери-феодалдық мемлекеттік жүйені орнатуға қарсылық көрсеткен алаш азаматтары бұл қозғалыс барысында өмірлерін қиды.

Олардың өмірлері кез-келген қазақты бей-жай қалтырмайтыны, жастарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Онда: «12 қараша 1905 жылы сенбі күні Семейдің Слабодкасында тұратын ауқатты бір кісінің үйіне кездейсоқ 30-ға тарта аса бай, беделді қазақ зиялыларының басы қосылып, онда 17 қазан манифесінің қазақ тіліндегі нұсқасы мен түсіндірмелері оқылды... Бас қосу барысында зиялылар қазақ елінің мұқтаждықтарын айтысты. Ақыры ойласа келе, граф Виттеге мынадай мазмұнда хат жолдады: «Газеттердегі ақпарлардан мәлім болып отырғандай, Семей облысынан Мемлекеттік Думаға орыс-казактардан -1 депутат, орыс шаруаларынан-1 депутат, қазақтардан-2 депутат сайланбақшы екен. Соңғы санаққа қарағанда облыста 32779 орыс-казак, 63130 орыс шаруалары, 625550 қазақ тұратыны мәлім болып отыр. Сонда қалай, он тоғыз қазақтың саяси құқығы бір орыс – казак және екі орыс шаруасы құқығымен тең болғаны ма?» /1/ - деп өкініш білдіріп өтініш хат жолдап қазақ ұлтының намысын қорғайды.

Міне ағаларымыздың ұлттық намысты қорғау жолында патша шенеунігіне тайсалмай хат жазулары, ол хатқа қойған қолдарынан кейін өмірлеріне қауіп төнсе де, біздің қазіргі кейбір зиялысмақтар секілді бас сауғалап қалмай, қазақтың осал емес текті халық екендіктерін көрсетеді. Еліміздің тәуелсіздігін қорғайтын келешек ұрпақ аталарының осындай ұлтжандылық қасиеттерін оқып біліп, оны үлгі етіп өсулері ауадай қажет деп білемін. Өйткені кеңестік идеология улап тастаған бүгінгі күнгі ағаларымыз қазіргі қазақ проблемасын шешуге дәрменсіздік танытып келеді. Олар торғай секілді «жаңбыр жауса балапанын қорғап, бұршақ жауса өз басын қорғап» күнелтуден аса алмауда.

Сол жылдары Алаш қозғалысының бастауында тұрған Ахаң қалғыған халқын тым болмаса маса боп шағып оятайын, ойландырайын деген мақсат көздеп Сары маса болып ызыңдаған өзі екенін Ахаң 1909 жылы Петербургте басылған "Қырық мысалындағы", "Малшы мен маса" деген туындысында ашық айтады./2/

Мысалы, қазақ-малшы ұйықтап жатқан,

Жыланды пәле дедік аңдып жатқан.

Пәленің түрін көрген мен-Сары маса-

Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.

Ол бұл жолда талай соққы жеп, тауқымет шегерін де, тіпті өліп те кетерін білген. Ондай бір сәтте:

Жанға көңіл қалып тұр,

Жан бұл күйге салып тұр.

Тәнге көңіл қалып тұр,

Тән шыдамай арып тұр.

Жұртқа көңіл қалып тұр,

Жұрт жалғанға нанып тұр. - деп кеңестік саясаттың жалғандығын түсінбеген халқына налиды. Ол өзінің еңбектерінде құқықтық демократиялық мемлекеттердің принциптерінен, тоталитарлық мемлекеттің негізгі айырмашылығын көрсетіп берді. Ондағы мемлекетті басқару күш қолдану арқылы ғана жүзеге асады дейді. Халықтың мүддесіне сай келмейтін саясат жүргізген мемлекет, қоғам мүшелеріне қарсы "күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер"-деп ондағы әділетсіздікке объективті баға береді/3/. Осы мәселеге байланысты кітапта автор Ә. Бөкейхановтың «Екі жол» деп аталған мақаласындағы: «бұрын біз жылаумен, өзіміздің жағдайымызға налумен келдік, енді, міне, жаңа заман келді, оның белгісі «тұрмыс жүзінде құлдық исі мүңкіп тұрса да (мысалы, сары түйме көргенде қазақ пен мұжықтардың басты шұлғып, құрдай жорғалайтыны), жазылған закон жүзінде адам баласы құрдас»,(яғни –тең Е.Қ.) «өз заманының өз рәсімі, өз салты бар», ал «біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, құқына тартысу», «жылау салты артта қалды. Ендігі рәсім құқы үшін жылау емес, құқын талас-тартыспен қорғау» /4/ керек деген пікірін келтіріп, қазақ жұртының жаңа тарихи кезеңге өткенін ескертіп, ондағы міндеттерді көрсетіп берген.

1916 жылы Бөкейханов пен Байтұрсынов қандастарын қорғап, окоп қазу жұмысына қазақтарды алу туралы шыққан патша жарлығына қарсы шығады. Ол сол кездің өзінде бүгінде айтылып жүрген құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері болып табылатын барлық азаматтардың теңдігін, діни-наным сенімдеріне, жынысына, ұлтына қарамай заң алдында тең болу қажет деген ұсыныс айтып, оны "Алаш" партиясының бағдарламалық құжаттарына енгіздіреді. Гуманизм мен демократияны жақтайды.

Сол жылдары отаршыл әкімшілік орындарына үлкен қолайсыздық туғызған алғашқы кітаптардың бірі, былтыр жарық көргеніне 100 жыл толатын Уфа қаласында «Шарқ» баспасынан 1909 жылы басылып шыққан Міржақыптың «Оян, қазағы!» болды,

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты,

Жер кетті, дін нашарлап, хал һараб боп,

Қазағым, енді жату жарамасты!- деп еліне жар салады./5/

"Алаштың" бағдарламасын жазып, ала туын көтерген, Алаш мемлекетін, оның әскерін құрысқан саналы ғұмырының әр минутын халқының азаттығы үшін күреске арнаған ол Қазан қаласында басылып шыққан "Азамат" атты өлеңдер жинағында:

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,

Пайдалан шаруаға, жараса Алаш!- деп саналы өмірін отаршылдыққа қарсы күреске арнап, қазақ қоғамының ең зәру саяси-әлеуметтік мәселелерін көтеріп, ұлттық сананың оянуына аянбай қызмет еткендігі аталған кітапта жан-жақты көрсетілген.

Біз қазақтар күні-бүгінге дейін кейбіріміз болмаса көбіміз «жатқанға құдай береді деп әлі жатырмыз, әлі қаперсіз ұйқыдамыз». Бұл дегеніңіз қазақ қоғамының әлі ұлттық санасы ояна қойған жоқ деген сөз. Кеңестік идеология улап тастаған құлдық психология құрсауынан шыға алмаушылық. «Кеңестік құдықтан» су ішіп, «совет халқы» деген жасанды семьядан шыққан ұрпақтың енді қоғамды жаңартуға белсенді ат салысуы екі талай. Осы рухани әлсіздікке әл беріп күш қосатын, қазаққа рух беретін алаш азаматтарының қатары аға ұрпақтың өткендегі тарихымен танысқанда ғана көбейетіндігі ақиқат. Осы арман жолында жастарды кеңес дәуірінен қалған құлдық психологиядан арылтып, олардың ұлттық намыстарын жанып егеменді елдің толққанды отансүйгіш қасиеттерді санасына әбден сіңірген жалынды азаматтар етіп тәрбиелеуге «Алаш» ардақтыларының өмірі нағыз өнеге.

Сол аласапыран жылдары ұлттық тәуелсіздік жолында күрескендердің ісі бүгінгі ұрпақ - бізге үлгі. Олар «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның программасын жақтырып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған. «Алаш» программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі ғана осы партияға мүше бола алады-делінген. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, «Алаш» жолынан ауып, айтысып-тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш» партиясына кірмейді. «Алаш» партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын болса ғана кіруі жөн» деген принципте тұрған/6/.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді деген қағидаға сүйенсек бүгінгі алаш азаматтары, осы «Алашқа» пана болған оларды қанаттандырып тарихта есімдерін қалдырған қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған саяси ұйымды өмірге кеген касиетті Семей шаһары екенін мақтаныш сезіммен жүрегімізде сақтап оның көркеюіне қызмет етуге тиіспіз.


Әдебиеттер:

1. Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы. I том.- Алматы: «Мектеп» баспасы,

2008.-134-135 беттер.

2. Қазақ газеті, 1916 ж. 11 тамыз.

3. Қуандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан)

Оқулық, Алматы, "Дәуір", 2009 - 23-24 беттер.

4. «Қазақ», 1913 ж. №21; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы. I том.- Алматы:

«Мектеп» баспасы, 2008.- 214 бет.

5. Дулатұлы М., Оян қазақ! Алматы: «Алтын Орда»,1991. 3б.

6. «Қазақ», 1917 ж. №253.



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРТИЯ ҚАТАРЫН ТАЗАРТУДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР
Смагулова С. О., тарих ғылымдарының докторы,

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Алматы қ.


ХХ ғасырдың 20-30-жж. республикада өткізілген түрлі саяси науқандарға қатысты туынданған қарсылықтар партиялық басшылықты күшейтуді талап етті. Үкімет 20-жылдың соңына жүргізілген ұжымдастыру, тәркілеу барысындаға шиеленісті жағдайлардың қалыптасуына партия ұйымдарының жеткілікті қырағылығының болмауы әсер етті деген тұжырымды ұстанып, 1928 жылы 2-7 желтоқсанда Қызылордада өткен Қазақ өлкелік комитетінің кеңейтілген пленумында басты соққыны партия арасына іріткі салып жүрген оңшыл жікшілдерге қарсы беру мәселесі көтерілді. Оңшылдар халықтың саяси таяздығын пайдалана отырып, рулық және ұлттық өшпенділікті тұтандырыруда партия қатарына кіріп алған олардың жақтастары әрекет етіп отырғандығы да баса көрсетілді 1, 28-30-бб.].

Партия қатарын тазарту барысында ел арасында іріткі салып, ұлт наразылығын тудырған ұлтшыл элементтер екендігі Қалмырза Өтеповтың «Социалды Қазақстан» газетіне жариялаған мақаласында айқын жазылды. «Ішімізге кіріп алып өздерінің зиянкестік істерін жүргізіп жүрген талай жаулардың беті ашылып, талайы қуылды. Алайда троцкийшіл, ұлтшыл бандиттердің сарқыншақ элементтері ішімізде әлі де жоқ деп айта алмаймыз», – дей отырып, партия қатарын осындай элементтерден әбден тазартуда сақтықты, қырағылықты күшейту керек деген тоқтам жасайды 2].

Партия қатарындағы қызметкерлерді тексеру, коммунистер қатарына кіріп кеткен жау элементтерден тазарту барысы қарқынды жүргізілді. Бұл турада Қазақстан Республикасы Президент мұрағатында сақталған құжаттарынан партия қатарына еніп кеткен бұрынғы «байшыл, ұлтшылдардан» тазарту науқанының қалай жүргізілгендігін айқын байқауымызға болады. Мәселен, осындай бір тексерістің барысында Қаратал ауданының сот ісін жүргізушісі істі болған бай өзінің жақын танысы болғандықтан соттаудан бас тартқаны әйгілі болса, ал кейбір аудандық партия ұйымдары мен атқару комитеттері бай балалары екендіктерін біле тұра жоғары оқу орындарына түсуге «кедей немесе орташа баласы» деген жалған куәлік бергендігі анықталған 3].

Губерниялар мен уезд билігіндегі «тазартулар» барысын өлкелік атқару комитеті тікелей бақылауға алды. Арнайы «комиссиялар құрылып» аудандарға жіберіліп, ауылдық партия ұйымдарының жұмысы, оның басшылары мен ұйым құрамындағы коммунистердің қызмет барысы жете тексерілді. Мәселен, 1929 жылы Алматы облысының 11 ауданына 8 комиссия жіберіліп, тексеріс барысында Қаратай ауданының атқару комитетінің төраға орынбасары Ақмұрзин кеңес үкіметіне жат элементтермен байланысып, шаруаларға дөрекі қарым-қатынаста болды деген айыппен жұмысынан босатып, партия қатарынан шығарылды 4].

«Еңбекші қазақ» және тағы басқа газеттерде коммунистер қатарын лайықты еместерден тазарту науқанының қарқынды жүргізіліп жатқандығы жөнінде айқын түрде есептер жарияланып отырды. «Ойыл басшыларының қылығы» деп аталған Ғаббас Тоғжановтың мақаласында Елтай Ерназаровтың комиссиясы Ойыл ауданындағы бірқатар басшы партия, кеңес қызметкерлерінің қылмыстарын газет беті арқылы ашқандығының белгілі екендігін келтіре отырып, мұндағы басшы қызметкерлерінің партия мен үкімет ісіне жасырын түрде қарсы әрекет еткендіктердің әшкереленгендігі айтылды. Газетте жазылғандай, Ойыл ауданындағы партия мен кеңес жұмыстарына басшылық етуші қызметкерлер партия жолына қарсы істерді, неше түрлі бұзық қылмыстарды бәрі бірігіп істеген, сүйемелеп, біріне-бірі көмектесіп отырған. Ойыл «бұзақыларының» тобына бұрынғы қазақ байлары мен атқамінерлер партияда жоқ оқығандардың ықпалы күшті болғандығы анықталған.

Ғ. Тоғжанов кейбір партия қызметкерлері осы аталған жау элементтермен ауыз жаласып, сыбайлас болып, халықтың байлығын тәркіге салғандығын, қылмыстарын ешкімнен жасырмай, ашық түрде істегендігін мысалдармен көрсетпекке тырысады. Ойыл қызметкерлерінің арасында бірін-бірі қонақ қылу салтқа айналғандығын, ақша салып карта ойнау, арақ ішу, ақыры жанжалдасып, төбелеспен тарқайтындығын да нақты келтірген. Бұл мақаладағы «басшысымақтардың» басты кінәсі патша заманындағы билік басында болғандар мен атқамінерлерге әлі қолдау көрсетуі, пара алушылық, қазына ақшасын ысырап қылуы. Автор тез арада бұл «басшылардың» әрекеттеріне іс-шара қолдану, сотқа тарту керектігін ұсынады 5].

Тоталитарлық жүйе қыспағы қарапайым халыққа қатты батты. Астық дайындаудағы дағдарыс, ет салығы халықтың жағдайын ауырлатып жіберді. Ірі байларды тәркілеуде кейбір қара шаруа ауқаттылардың қатарына ілігіп кетіп, тап ретінде жазаланды. Тарихшы ғалым Т. Омарбеков: «1929-30 жылдары астық дайындау науқандарында қуғын-сүргін күшейе түсті. Ал мұның өзі көптеген ауқатты шаруалардың өз қожалықтарын тастап, беті ауған жаққа бей-берекет безіп кетулерін туғызды. Сондықтан да Қазақстан үкіметі қонысынан басқа жаққа көшетін кулактарға анықтама қағаздар беруге және олар көшіп барған басқа жерлерден оларға жаңа жерлер беруге тыйым салатын заңдар шығарды. Оның үстіне бұл бойынша, кейіннен бұрынғы мекеніне қайта оралғандар өздерінің бұрынғы жер үлестерін қайтарып ала алмайтын болды.

Заң халық комиссариаты өзінің жергілікті жерлерге жасырын нұсқауында астықты шұңқырларға көміп тастаған және мемлекетке өткізбей, әдейі өртеп жіберген адамдарды қаскөйлер, қаскүнемдер ретінде экономикалық контрреволюцияға айыптайтын жоғарыда аталған ҚК-нің 58-бабының 7 тармағымен соттады. Жоғарыда көрсетілген жылдардағы астық дайындау науқандарында 19239 адам әкімшілік жолымен жазаланды, 14108 адам сотталды, олардың ішінде 6485 адам кулак ретінде, 4108 адам ауқаттылар ретінде айыпталса, 184 адам орташа, 575 тіптен тақыр кедей болса да сотталып кетті. Соттау жолымен шаруалардан 13208699 сом 92 тиын және 82799 пұт астық өндіріліп алынды», – деп жазған болатын 6, 17-б.].

Партия қатарына кіріп кеткен жау тап элементтерін тазалау үдерісі 30-шы жылдары да жалғасын тапты. Әсіресе, бұл 1936-1937 жылдары кең өріс алды. Мерзімді баспасөз қырағылық танытып, партияға кейбір жолдармен еніп кетіп, іріткі салушы бұрынғы бай тап өкілдерін әшкерелеген мақалалардың күнделікті жарияланып отыруына барлық жағдайды жасады.

Газеттерде бұл жалған коммунистер фашизм агенттерімен сыбайласып, социалистік құрылыстың дамуына зиянкестік тигізді, ұлтаралық ынтымақтастыққа кедергі жасауға тырысты делінген мақалалар басылды. «Социалистік Қазақстан» газетіне жарияланған «Халық дұшпандарын түгел әшкерелеп, көзін мүлде құртайық» деген редакциялық мақалада зымияндық әрекеттермен партия қатарына өтіп, Шымкент, Қызылорда сияқты қалаларда мемлекет аппаратына қызметке кіріп алып контрреволюциялық әрекеттерін жалғастырып жатқан коммунистер жайында бірнеше фактілердің айқындалғаны айтылды. Олардың мұндай жолға түсуіне троцкийшіл-зиновьевшылар ықпал етті дей отырып, партия қатарына қабылдауда қырағылықты күшейту қажеттігін талап етті 7].

Осы мақаланың жалғасын тапқан келесі мақалада Жаңа Семейде алдаумен партия қатарына кіріп кеткен бірнеше бұрынғы жуан жұдырық иелері әшкереленіп, аластатылғаны айтылып, алда партияға небір жолдармен кіріп кеткен осындай элементтерді өз қатарына шығаруды, өз жұмысын жоғары сатыға көтеруді мақсат етіп отырғанын келтірді 8].

БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің VI пленумында С. Нұрпейісов Қазақстан партия ұйымдарына партия құжаттарын алмастырудың қорытындылары туралы баяндама жасап, Қазақстанда партия қатарына троцкис-зиновьевшіл бандиттер, контрреволюцияшыл ұлтшылдар мен ұлт арасына іріткі салып отырған азғын топтар еніп кетуінен, партия қатарын олардан тазарту үшін құжаттарын жіті тексере отырып, жаңаша үлгіде алмастыру жұмысының И.В. Сталиннің тапсырмасымен жүргізілгендігін айта келе, осы жұмыс барысында жіберілген кемшіліктерді атап берді. Олар: партияның пленумдарының шешімдері мен өлкелік комитеттерінің нұсқауларын орындауда бұрмалаушылықтарға жол берілуі, құжаттарды тексеру барысы атүсті жүргізілуі, тіпті кейбір жерлерде тексерілместен ауыстырылуы, партия құжаттарын ауыстыру кезінде көп құжаттардың жарамсыз болып бүлінуі, партияға жаңа мүшелерді қабылдауда лениндік-сталиндік принциптердің бұзылуы, БК(б)П-ның қатарында болуға лайықты коммунистердің партия қатарынан еш себепсіз шығарылып тасталынуы.

С. Нұрпейісов көрсеткендей, 1936 ж. 1 тамызға дейін партия қатарынан лайықсыз деп 432 коммунист шығарылған. Алайда БК(б)П ОК-нің және өлкелік комитеттің VI пленумынан кейін бұл шығарылғандардың 269-ы қайтадан партия қатарына қабылданған. Бұндай қателіктерге жол берілуінің себебі, партия идеологиясының дұрыс жүргізілмеуі, үгіт-насихат жұмыстарының ақсауы деп келтірілді баяндамада.

Кеңестік жүйенің екіжүзділік саясаты Қазақстанда тұратын ұлт араздығын тудырып қана қоймай, оларды бір-біріне айдап салып, жала жабу, тіпті өлтіру сияқты фактілерге жол берді. Билік басында отырғандар мансапқорлық, тойымсыз әрекеттерге барып, шаруаларға қысым көрсетіп, олардың қолында бар тәуір деген заттарын тартып алды. Қарсыласқандарды «үкімет саясатына қарсы», «бұзақы бандит» деп қудалап, ақырында оларды шындығында да үкімет саясатына наразылық тудыратын жағдайға алып келді. Халық наразылықтары 1929-1931 жылдар аралығында басым болды. Бұл кездерде қазақ зиялылары қуғын-сүргінге ұшырап, кейбіреулері ату жазасына, кейбіреулері түрмелерге жабылып жатқан болатын. Халық наразылығының туындауына бірден-бір себеп – үкіметтің қатаң саясаты болды. Шаруалар үкіметтің асыра сілтеуі мен күштеуінен, зорлық-зомбылығынан жәбір көрген қарапайым шаруалар белсенділерді өлтірумен, колхоздар мен совхоздардың мүліктерін өртеумен жауап берген болатын. Бастапқы кезде жеке наразылық білдірген шаруалардың кейінірек бірігіп, көтеріліс жасауға дейін алып келді.

Кеңес саясатынан қысым көргендер түрлі жолдармен шаруаларды өз жағына тартып, қарсы шығуға үгіттеді. Мәселен, Семей округі Разин ауданына қарасты Георгиев селосында астық дайындау мәселесіне байланысты белгісіз біреулер кооператив есігіне Кеңес өкіметіне бағынауға шақырған контрреволюциялық үндеулер жапсырып кеткен 9].

Елдегі бой көтерулерді басу үшін партия ұйымдарына өз аудандарында тексерістер жүргізу жүктелінді. Халық наразылықтары шыққан аудандарда арнайы комиссиялар құрылып, оның себебін анықтау тапсырылды. Партия қатарын тазалауда құрылған губерниялық комиссия, 3 адамнан тұратын аудандық және уездік комиссиялар құратын болды. Бұл комиссия наразылық, толқу болған жерлердегі партия ұйымдарын тексеріп 10], осындай бассыздықтарға жол бергені үшін сол аудандарың партия басшылары жауапқа тартылып, тіпті көпшілігі партия жұмысын дұрыс атқара алмағандықтан партия қатарынан шығарылды. Бұл бір жағынан «оңшылдардан» тазартумен қатар жүргізілді. Мәселен, Қазақстан Өлкелік Тексеру комиссиясының 1929 жылдың 30 қыркүйегіндегі шешімімен партия қатарынан 2776 коммунист шығарылған, бұл 19,5 %-ды құрайды. Ал 2076 адам, яғни 14,5 %-ы қатаң сөгіс алған 11].

1929 жылы Қазақстанның барлық аудандарында ауылдық-деревнялық бөлімдерді кеңес үкіметіне дұшпан элементтерден тазарту шарасы жүргізіле бастады. Павлодар уезінде өткен осындай бір тазарту барысында «Тереңкөл ісі», Торғай уезінде «Наурызым ісі» пайда болды. 31 наурызда Торғай округтік бюросы мен Президиумының мәжілісінде Торғай уезіндегі «Наурызым ісінің» шығуының негізгі себебі өлкеде алашордашылардың ықпалының күштілігінен делінді. Қазақ ауылдары осы алашордашылардың орталық ұясы болып отырғандығы, осы алашордашылардың көсемдерінің бірі Міржақып Дулатовтың осы ауылдардың бірінен шығып, Асқар Дулатов, Түйғшыбаев сияқты алашордашылармен байланыс орнатып, оларға кеңеске қарсы әрекет етуге нұсқау беріп отырғандығы келтірілді.

8-10 ауылдың Қонышбаев, Бұлғұжанов, Жосжанов, Тілеубетов, Дулатов сияқты байлары қазақ шаруалары арасында «Таяу арада Кеңес өкіметін құлайды. Бірде-бір мемелекет онымен достық байланыста емес. Шетелдік мемелекеттер бірге Кеңес өкіметіне қарсы шығады» деген мазмұндағы арандатушылық сөздер таратқан 12]. «Наурызым ісіне» қатысты қабылдаған қарарлар туралы «Еңбекші қазақ» пен «Советская степь» газеттеріне жариялау мәселесі қойылды.

Павлодардың партия ұйымдарын тексеру және тазарту барысында «Тереңкөл ісі» деген қылмыстық іс ашылып, онда Тереңкөл ауданына қарасты ауыл-деревняларды тексеру барысында партия қатарынан шығарылғандарға «кедей шаруа мен батырақтарға қоқаң-лоқы көрсетіп, байларды қорғады, партия-кеңес аппараттарына Кеңес өкіметіне жау элементтерді тартты, қазақтар мен орыс шаруаларының арасында ұлттық шиеленісті жандандырды, колхоз қозғалысына кедергі жасап бақты» деген айыптар тағылды. «Тереңкөл ісінде» «кейбір коммунистер қазақ аудандарын кеңестендіруге қасақана кедергілер жасады» делінді де 13].

Партия қатарын жат элементтерден тазарту науқаны кеңестік идеологияның беріктігін одан әрі күшейте түсті. Бұндай тазарту коммунистер арасында бір-біріне деген сенімсіздікті туғызды. Жау ретінде ұсталып кетуден қорыққан коммунистер әр іске күдікпен, үреймен қарап, жалтақтаумен болды. Коммунистер арасында тәртіп бұзушыларды сынға алу, партия қатарынан аластату еліміз тәуелсіздік алғанға дейін салтанат құрды.

1 Қазақстан Коммунистік партиясы съездерінің, конференцияларының және пленумдарының қарарлары мен шешімдері (1928-1937) /Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институты – КПСС Орталық Комитеті жанындағы Марксизм-ленинизм институтының филиалы. – т.2. – Алматы: Қазақстан, 1987. 2 Өтепов Қ. Контрреволюцияшыл ұлтшылдар – фашизмнің агенті // Социалды Қазақстан. – 1937. – 6 январь. – №5.

3 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 2563-іс. 15,19-пп.

4 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 2435-іс. .7-9-пп.

5 Тоғжанұлы Ғ. Ойыл «басшыларының» қылығы // Еңбекші қазақ. – 1928.– 5 июль. – №150.

6 Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. Көмекші оқу құралы. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.

7 Халық дұшпандарын түгел әшкерелеп, көзін мүлде құртайық // Социалистік Қазақстан. – 1937.– 9 январь. – №7.

8 Троцкийсшіл-ұлтшылдардың контрреволюцияшыл істері және партия қырағылығы туралы // Социалистік Қазақстан. – 1937. – 11 январь. – №9.

9 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 2433-іс. 70-пп.

10 ҚРПМ. 718-қ., 1-т., 2 «а»-іс. 8-п.

11 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 2551-іс. 36-п.

12 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 2555-іс. 1-2, 9-10-пп.

13 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 2551-іс. 43-44-пп.



РОЛЬ АЛАШОРДЫНСКОЙ ИНТЕЛЛИГЕНЦИИ

В ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОЙ ЖИЗНИ КАЗАХСТАНА

В НАЧАЛЕ ХХ ВЕКА
Мусабалина Г.Т. к.и.н., доцент кафедры истории

Семипалатинский государственный педагогический институт


В настоящее время одной из самых сложных и острых проблем, изучаемых отечественной исторической наукой, является вопрос обобщения исторического прошлого, идейно-политической и социально-культурной деятельности казахской интеллигенции, ее места и роли в общественно-политической жизни страны в переломное время. В этом смысле начало ХХ века занимает в истории Казахстана особое место, так как являясь национальной окраиной царской России, Казахстан входил в сферу непосредственных имперских интересов, получивших воплощение в широкомасштабных мероприятиях по его реформированию, когда сама логика принимаемых реформ с поражающей достоверностью исторического факта раскрыв магистральные направления колониально-захватнических устремлений Российской империи относительно азиатского направления ее новой государственной политики, стала закономерной предтечей возникновения на политической арене Казахстана первой четверти ХХ века передовой алашордынской интеллигенции, которая, начав свою деятельность «с культурного просветительства и оппозиционного либерализма» и своевременно отказавшись от последнего, «ускорилась в своем развитии до политической организации с четкими национально-государственными демократическими приоритетами»[1].

В целях освоения богатейшего по своим природно-экономическим ресурсам Степного края царское правительство, как известно, разработало специальную программу по его исследованию, которая включала в себя следующие мероприятия: организацию научных экспедиций, открытие научных отделений РГО и статистических комитетов, создание печатных органов, первых краеведческих, медицинских и других всевозможных обществ. Для осуществления намеченного, как требовали того колониальные устремления царизма, необходимо было с наибольшей пользой задействовать весь резерв интеллектуальных сил, поэтому во всех просветительских мероприятиях были максимально задействованы и политические ссыльные.

Активное участие в проводимых мероприятиях принимала и казахская интеллигенция, начиная еще с Чокана Валиханова, Абая Кунанбаева и Ибрая Алтынсарина – первой «когорты казахских просветителей», которые в своей общественно-научной деятельности и творчестве опирались на просветительские идеи передовой русской общественной мысли, передовой русской культуры, навсегда став идеалом и путеводной звездой для всего последующего поколения национальной интеллигенции, включая и алашордынцев.

Вспомним, что Ч. Валиханов был действительным членом Императорского Русского географического общества (ИРГО), Абай принимал участие в работе Семипалатинского областного Статистического комитета, открывшегося благодаря усилиям политического ссыльного Е.П. Михаэлиса в 1883 г., И. Алтынсарин был член-корреспондентом Оренбургского отделения географического общества. А если говорить об Алихане Букейханове – теоретике и лидере национально-освободительного движения Алаш, организаторе первой политической партии «Алаш», то он начинал свою деятельность с участия в работе западносибирского краеведческого общества, проводя кропотливую работу по сбору, систематизации и публикации материалов по истории края. В работе данного общества в свое время принимал участие и Ч. Валиханов – ближайший друг известного исследователя Азии Г.М. Потанина, который «постоянно проявлял интерес к инородцам, знал их быт, нравы и всячески способствовал сохранению их самобытной культуры», уже в период революционных «бурь и тревог» возглавит зародившееся еще в 60-е годы XIX века национальное движение сибирских областников – сибирское областничество, также ставившее целью отделение Сибири, создание своей автономии. Отстаивая интересы представителей национальных окраин, он политически убежденно будет поддерживать алашордынцев, «публично выступив за предоставление казахам автономии» [2].

Вся научно-просветительская деятельность алашордынской интеллигенции в начале ХХ века, как уже сказано, была полностью созвучна с идеями и мыслями их великих предшественников. В условиях тотальной колонизации края в историческом контексте конца XIX века, когда полным ходом осуществлялась набиравшая обороты переселенческая политика, подавлялись мельчайшие проявления недовольства, первые очаги национально-освободительного движения и шло укрепление колониальной администрации края, усиление всех вертикалей власти, еще только нарождавшаяся алашордынская интеллигенция вместе с прогрессивно настроенными представителями русской интеллигенции, искренне сочувствовавшими демократическим ценностям казахского народа, принимали деятельное участие в работе научных обществ, внося свой посильный вклад в развитие культуры и образования Степи. Они занимались наукой, литературным творчеством и вели активную общественно-политическую жизнь, полноправно участвуя в государственных и общественно-политических структурах Российской империи, которая, безусловно, нуждалась на тот момент в особо одаренных и высокообразованных этноинтеллектуалах, их знаниях и эрудиции.

Так, приглашенный в 1896 году для работы в составе экспедиции под руководством Н.А. Щербины Алихан Букейханов, например, подготовил «Примечание» к солидному 13-томному научному изданию «Материалы по киргизскому землепользованию …», подробно описав общинно-аульные группы, родовые схемы, точные границы естественно-исторических районов, составив таблицы и схемы перекочевок и алфавитный указатель к 6-му тому данного издания. Аналогичную работу проделал А. Букейханов и к «Материалам …» по Павлодарскому, Семипалатинскому уездам Семипалатинской области и Омскому уезду Акмолинской области [3] (Галиев).

А несколько ранее в разделе «Распределение населения киргизского (казахского) края по территории, его этнографический состав, быт и культура», написанному к другому 18-томному собранию под общим названием «Россия. Полное географическое описание нашего края», А.Букейханов, давая общую характеристику культуры нашего народа, высоко оценивает Абая, как «представителя нового течения» в казахской поэзии и, знакомя русского читателя с его творчеством, подчеркивает свое идейное родство с поэтом, «поскольку поколение интеллигентов-казахов начала ХХ века, работавших за государственное самоопределение казахского народа, стремилось к широкому освоению культурного наследия прошлого как стимул к пробуждению и развитию национального самосознания простого народа» [4].

Мощным средством пробуждения национального самосознания станет в это время печать. Со второй половины XIX века впервые начнут выходить в свет такие просветительские издания на казахском языке, как «Туркестан уалаятынын газеты», «Дала уалаятынын газеты», а затем и своевременно созданная А. Байтурсуновым общенациональная общественно-политическая газета «Казах», которая станет рупором политической программы А. Букейханова. На ее страницах найдут освещение общественно-политические и правовые идеи деятелей движения Алаш, их мысли о судьбе казахской нации, ее государственности, о праве нации на самоуправление, о национальном равноправии, свободе и независимости, идеи демократии, межнационального согласия и толерантности – идеи, нашедшие свое достойное воплощение в условиях современного независимого Казахстана. То есть, вся система взглядов алашордынской интеллигенции на прошлое, настоящее и будущее Казахстана найдет путь к сердцам соотечественников через публикации в печати. Много научных трудов будет издано ими по проблемам языка и литературы, истории, педагогике, математике, экономике и праву.

Знаковое сочетание в Алихане Букейханове ученого-интеллектуала и видного общественного деятеля позволили ему понять и предугадать многие закономерности и противоречия эпохи. Несмотря на «полифонический хаос социальных отношений» общероссийского свойства, полное отсутствие каких бы то ни было ориентиров в выборе средств политической борьбы, уже сформировавшаяся и окрепшая в водовороте событий общественно-политического характера казахская политическая интеллигенция Алаш-Орды, представлявшая цвет нации, во главе с идейным вдохновителем и лидером движения Алаш А. Букейхановым внесла неоценимый вклад в решение сложнейших и однозначно политически острых на тот момент вопросов, связанных с судьбой родного народа, подготовив законопроект о типе национально-государственного образования казахов, его месте на евразийском геополитическом пространстве, объединенном Российской империей, а после ее развала представления алашордынцев «о полномочиях и статусе складывались уже по мере развития политической ситуации и под ее непосредственном воздействием, сохраняя при этом идею модерного национального, но не моноэтнического государства»[5].

Автономия будет провозглашена на втором всеказахском курултае в декабре 1917 года по инициативе А. Букейханова, так как лишь только «после свержения самодержавия в Азиатской России, как и по всей стране, началось создание различного рода национальных объединений (комитетов) и национально-партийных формирований»[2].

Таким образом, алашордынская интеллигенция, как их духовные предшественники-«прародители», сумели не только предугадать наиболее приемлемый в исторически сложившихся условиях путь развития – автономизм, но и единственно верно и исторически оправданно сориентировать свой народ на его духовные истоки, самобытную культуру, сохранение традиций и обычаев предков.

Чувство глубокого патриотизма и любви к Родине, почти врожденное чувство истории, свойственное всем алашордынцам и их идейному лидеру и вдохновителю Алихану Букейханову, умевшему думать за многих и при этом думать исторически масштабно и далеко на перспективу, его искреннее стремление понять и предугадать все закономерности смены культур, строя не могли, конечно же, уберечь его и его соратников от ошибок, вполне объяснимых и оправдываемых в историческом контексте переломной эпохи, которые были связаны с их подпольной деятельностью в борьбе с наступавшим советским режимом, связью с представителями антисоветской эмиграции, троцкистской оппозиции и правыми. Однако, вскрывая эти ошибки, не следует забывать о необходимости цивилизованного подхода к пониманию очевидности того, что это была одна из крайних форм сопротивления в период бездорожья, когда в гражданской войне, развязанной большевиками, они, ориентируясь на сибирское областничество, оказались не только «по ту сторону баррикад» вместе с сибирскими правителями почти до конца 1919 года, но и «оказались один на один с упрочившей свои позиции новой властью» и вынуждены были «пойти на единственно приемлемое, хотя и чрезвычайно тяжелое решение – войти в соглашение с идейными и политическими противниками в обмен на декларированное обещание сохранения национальной автономии»[4].

В отличие от движения сибирских областников, так и не сумевших в исторически сложившихся условиях создать единую общесибирскую организацию, общественно-политическое движение Алаш, в числе лидеров и активных участников которого были выдающиеся представители науки и культуры, опираясь на идеи своих «духовных» прародителей, великих своих предшественников, сумели создать первую в истории Казахстана политическую партию «Алаш», правительство Алаш-Орда и добиться национально-государственного самоопределения – автономии, пролонгировав взгляды сибирских автономистов (областников) в историческом контексте начала ХХ века.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет