Материалдары


Пайдаланылған деректер тізімі



бет9/18
Дата25.02.2016
өлшемі1.58 Mb.
#20054
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Пайдаланылған деректер тізімі:

1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, “Санат”, 1995, -349-357б.

2. Свободная Речь, № 160, 161, 1918г.

3. ШҚО ЖТҚО. 37-қор, 1-т. 1-іс. 111-п.

4. Свободная Речь, № 179, 181, 1918г., ШҚО ЖТҚО 37-қор, 1-т, 6-іс, 144-п.

5. ҚР ОМА. 1398- қор, 1-т, 208-іс, 247-п.

6. ҚР ПА. 840-қор, 1-т, 1-іс, 134-п, 137-п.

7. Алаш-Орда: Сб.документов / Сост. Н. Мартыненко.-Алма-Ата: ”Айқап”, 1992.-94-98с,108-113с. ШҚО ЖТҚО. 37-қор, 1-т, 126-іс, 2-п.

8. Свободная Речь, № 162, 169, 196, 1918г.

9. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. -Алматы:”Ататек”, 1995.-177-183б.

10. Свободная Речь, № 202, 208, 1918г.

11. ШҚО ЖТҚО. 48-қор, 2-т. 6-іс. 3-4, 15-п.18-19п, 2-т, 96-іс, 21-п.

ҚР ПА. 140-қор, 1-т, 122-іс, 1-5п.

12. ШҚО ЖТҚО. 37-қор, 1-т. 1-іс. 197, 121-п.

13. Сарыарқа. № 60, 1918ж.

14. М. Дулатов. Октябрь төңкерісінің үшінші жылы. // Ақиқат, №4, 1998.


ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫ
Сұлтанов Ө.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Семей қаласы
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханды елімізде көбінесе «Алаш» партиясының көсемі, 1917 жылы құрылған Алашорда үкіметінің төрағасы, қазақ тарихындағы ірі саяси қайраткер ретінде таниды. Әрине ол орынды. Ал оның экономика саласына зор үлес қосқан көрнекті ғалым екендігі әлі лайықты бағасын алған жоқ, яғни іргелі зерттеулерге негіз болмай тұр. Сондықтан осы мәселе бірнеше жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың нысанына айналған еді.

Әлиханның 1894 жылы Санкт-Петербург орман институтын бітіріп, орманшы-статистик, яғни ормантану саласының экономисі мамандығын алып шыққаны тарихтан белгілі. Жазушы-аудармашы Ғалым Ахмедов өзінің 1996 жылы Алматының «Жалын» баспасынан жарық көрген «Алаш «Алаш» болғанда» атты кітабында төңкерістен бұрын, яғни, 1917 жылға дейін жоғары білім алған қазақ жастары туралы жазыпты. Олар Санкт-Петербург, Москва, Қазан, Киев, Каир, Стамбул, Варшава, Том, Омбы, Орынбор, Саратов қалаларындағы университеттер мен институттарда оқығандар. Соның ішінде жиырма жетісі ХІХ ғасырдың соңынан 1901 жылға дейін білім алғандар. Олардың арасында Ахмет Бірімжанов, Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Бақтыгерей Құлманов, Әли Көтібаров, Серәлі Лапин, Дінмұхамед Сұлтанғазин секілді жұртшылыққа танымал тұлғалар бар. Ал ХХ ғасырдың басынан Қазан революциясына дейінгі білім алғандары 78 адам екен. Бұлардың қатарында да қазаққа белгілі, айтулы тұлғалар – Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқаев, Райымжан Мәрсеков, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфандияров, Халел Ғаббасов, Нәзір Төреқұлов, Мәннан Тұрғанбаев және т.б. болған.

Сонымен, кітапта барлығы 105 кісіге байланысты азды-көпті мәліметтер беріліпті. Олар туралы тарихи деректерді жинастырған Ғ. Ахмедов кітапта былай деп жазады: «Мен бұл мәліметтерді әдейі іздеген жоқпын, жазып жүрген жұмысыма байланысты архивті, ескі газет, журналдарды қарастырғанда кездескендерін жазып ала бердім... Бұрын ресми мәліметтерде төңкеріске дейін небәрі 22 қазақ қана жоғары білім алған дегенге өзім де онша сенбей жүруші едім, өйткені, мен білетін ондай адамдардың өзі біраз болатын, шынында да, патша өкіметінің бұратана халықтарға жоғары білім алуға қойған кедергілері тұрмыс ауырлығы, жол шалғайлығы сияқты қиындықтарға қарамастан, сол заманда біраз қазақ жастары... ірі қалаларға барып оқып білім алғандарының өзі ерлік емес пе».[1].

Міне, қазақтан шыққан оқымыстылардың алғашқы легінде тұрған, яғни ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде кең байтақ жеріміздің түкпір-түкпірінен қаншама қиындықтар, кедергілерге қарамай білім қуған жастарымыз туралы деректерді тірнектеп жинап, топтастырып жарыққа шығарған. Ғалым Хакімұлы туралы Қазақ Совет энциклопедиясы да (1972, 1 том), «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы да (1998, 1 том) арнайы есімнамалық мақала беріпті. Ол кісі 1906 жылы Ақтөбе өңірінде туып, 1925 жылы Орынбор халық ағарту институтын бітіріпті. Ұзақ жылдар партия, кеңес, ағарту органдарында істеген. 1944-1950 жылдары «Жазушы» баспасының директоры болған. Бірнеше романдар мен повестердің авторы. Шет елдік жазушылардың ондаған кітаптарын ана тілімізге аударыпты. [2].

Жоғарыда айтқан ірі қалалардағы жоғары оқу орындарында білім алған 105 жастың мамандықтарын қарап отырсақ, 90 пайыздайы медицина, заң және ветеринария факультеттерінде оқыпты. Қалғандарының арасынан бір-ақ кісі экономист мамандығын алып шығыпты. Ол адам - Әлихан Бөкейхан.

Тумысынан зерек, көкірегі ояу, көзі ашық, алғыр өскен Әлиханды әкесі 9 жасында Қарқаралыдағы молданың қолына оқуға береді. Молданың оқуына қанағаттанбаған Әлихан кейін қаладағы үш кластық бастауыш мектепке ауысып кетеді. Оны бітіре салысымен ол Қарқаралының үш жылдық училищесіне түседі. Училищені де ойдағыдай аяқтаған Әлихан Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте 1879 жылдан 1886 жылдың маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу сабақтарын «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Сөйтіп, 16 жастағы Әлихан Омбыға келіп, 1882 жылы Ресей императорының Жарлығымен ашылған қаладағы техникалық училищеге қабылданады. 1890 жылдың маусым айында барлық пәндерден тек «үздік» және «жақсы» деген бағалар алған. Ә. Бөкейханов «техник деген аттестат алып шығады. Төрт жыл бойы өте жақсы оқып, үлгілі тәртіп көрсеткен Әлиханға училище директоры Н.С. Доброхотов Дала генерал-губернаторы Бородинге жазылған ұсынысхаты мен қазақ қауымдастығынан берілген 200 сом стипендияны ұстатып Санкт- Петерборға аттандырады. Мұндай үлкен сенім арқалаған талапты жас Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургтегі орман институтының экономика мамандығына түседі. [3].

Оның экономикалық ой санасының да осы жоғары оқу орнында оқу барысында дамып, нығая түскені ақиқат. Ол туралы нақты тарихи деректер бар. Бұл жылдардағы жас Әлиханның экономикалық ой-пікірлерінің қалыптасуын «… В бытность студентом лесного института примыкал к крайне левой. Во время разгара споров о марксизме очень энергично отстаивал тезисы экономического материализма», - деп ол туралы хабары бар автор «Семипалатинский листок» газетінде жазды. [4].

Әлиханның институтта оқу кезеңі 1890-1894 жылдар, яғни империялық саясат ұстанған Ресей патшалығының қым-қуат қайшылықтарға толы жылдардан XX ғасыр табалдырығынан аттағалы тұрған тұсына сәйкес келді. Бұл жылдар Ресейдегі қаптаған партиялардың бір-бірімен қақтығысып, қайшылықтарға толы пікірлер сайысының қызып, қоғамдағы ахуалдың шиеленісіп тұрған кезі еді. Әрине, қоғамның алдыңғы қатарында жүретін прогрессившіл студенттер де заман ағымынан тысқары қалмай, пікір-талас айтыстардың ортасында жүретін. Бұл жағдайдан Әлиханның да шет қалмағанын жоғарыдағы дерек дәлелдейді.

Сол айтылған пікірді тұжырымдап, түсініктілеу болуы үшін алдымен кейбір ұғымдарды талдап алған жөн. Мәселен, «Материализм» - (лат. Materialis - заттылық) – материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан, туынды деп санайтын, идеализмге түбірімен қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт. Материализмнің философиялық бағыт ретінде нақты анықтамасын тұңғыш рет берген К. Маркс пен Ф. Энгельс. «Осы мәселеге – деп жазды Ф. Энгельс, - өздерінің жауап берулеріне қарай философтар үлкен екі лагерьге бөлінді. Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын өмір сүреді дегендері… идеалистік лагерьді құрды. Ал негізгі бастама табиғат деп есептегендері материализмнің әр түрлі мектептеріне қосылды. [5].

Осы түрғыдан қарасақ студент Ә.Бөкейханның экономикалық материализм мектебіне бүйрегі бұрып, соның идеяларын белсенді жақтаған. Бұл бағыттың ерекшелігі неде еді?

«Экономикалық материализм – материалдық тарихи процесті әуел бастан үстемдік еткен экономикалық «фактордың» (экономикалық «ортаның») салдары деп ұйғаратын тұрпайы материалдық концепция. Экономикалық материализмнің басты өкілдері Батыста Эдуард Бернштейн (1850-1932), Россияда «жария марксизм» өкілдері мен экономистер болды. Бұлардың пікірінше қоғамның бірден-бір қозғаушы күші экономика, ал алуан түрлі көзқарас, идеялар мен теориялар, оларға сәйкес мекемелер қоғам дамуында тарихи процестерде ешқандай роль атқармайды – мыс. Экономикалық материализм өкілдері маркстік ғылыми материализмді экономикалық материализммен алмастырмақшы болады. [6].

Бұл теорияны тарихты бір жақты түсіну, яғни ол бойынша қоғамдық дамудағы басты күш экономика деп қана тану. Бұл жерде саясат пен мекемелердің, ойлардың, теориялардың маңызы жоққа тән. [7].

Бұдан шығатын қорытынды не? Жас Әлиханның бұл мектеп өкілдерінің, яғни экономикалық материализм ілімін жақтаушылар қатарында болу себебі, салдары неде деген сауал туады. Оған біз былай қарағанды жөн деп есептейміз. Біріншіден, Әлихан Санкт-Петербург Орман институтының экономика факультетінде оқып, жүргізілетін пәндер әсерінің ықпалында болуы. Халықтың ең басты әл-ауқаты жақсарса, қалғаны түзеледі деген ой-пікірдің жетегінде кетуі әбден мүмкін. Екіншіден, Әлиханның өмірлік тәжірибесінің аздығы деген пікір орынды болар. Өйткені, бұған дейін көбінесе өмірін оқумен өткізіп келе жатқан ол патша үкіметінің қитұрқы империялық шовинистік ұстанымын, әсіресе қазақ жерін отарлауға байланысты жүргізіп отырған саясатын түсінетін кезге жетпеген еді. Бұл олқылықты Әлекең Ресей империясының орталық үкіметі 1896 жылы Ақмола, Торғай және Семей облыстарының (бұл үшеуінің қазіргі Қазақстанның он облысын қамтитынын еске саламыз) жер-суын зерттеп, қазақ даласына орыс шаруаларын миллиондап қоныс аудару үшін (арнайы жарлықта бұл мақсат «… на возможность изъятия земельных излишков под переселенческие поселки» - деп ашық көрсетілген) ғылыми дәйектеме жасап беруі үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан Ф.А. Щербина бастаған экспедицияның құрамында болғанда және 1905 жылғы ақпан революциясының қорытындыларынан алған сабақтарынан кейін толықтырғаны, тіпті ұстанымын өзгерткені белгілі. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар барысында, бұрыңғы марксистік тұғырда берік тұрған Әлиханның өз тұғырнамасын, бұрыңғы көзқарасын түбегейлі өзгертуге бет бұрған еді. Ал кейінгі өмір жолында оның қандай саяси позиция ұстанып, қайраткерлік қызметі қалай өрбігені көпшілікке белгілі. Дегенмен де оның бір қанаты саясат болса, екінші қанаты экономика деп қаққаны ақиқат. Бұл Ә.Бөкейханның экономикалық тәуелсіздіксіз саяси тәуелсіздік толық болмайтындығын жақсы түсінгендігінен дер едік. Немесе К. Маркс айтқандай «Тұрмысты сана билейді» деген сөзін әр кез есте ұстаған қайраткер деп білеміз. Оның бұл ұстанымын атқарған қызметінен, осы тақырыпқа жазған көптеген мақалаларынан да анық байқауға болады.

Қазақ ежелден мал өсірумен айналысқан халық. Өйткені, ата-бабаларымыздың найзаның ұшы, білектің күшімен ие болған кең-байтақ даламыз мал өсіруге қолайлы, жерінің басым бөлігі табиғи жайылымдық болып келеді. Осыған орай қазақ халқы табиғаттың жаратылысына бейімделіп, төрт түлік малды жыл бойына жайып, бағып күтуге дағдыланды. Сөйтіп, мал соңында жүріп, көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал тұқымдарының өнімі – халықтың негізгі тіршілік көзі, жан азығы болды.

Мал шаруашылығының қазақ өмірінде қандай орын алғандығы жайлы республикамыздағы ауыл шаруашылығы ісіне зор үлес қосқан көрнекті ғалым, селекционер М.Ә.Ермеков «Өткен ғасырдың 70-ші жылдарына (19-шы ғасырды жазып отыр. – Сұлтанов Ө.С.) дейін қазақ халқы тек мал шаруашылығымен айналысатын, малсыз тіршілік те болмайтын, ел күн көре алмайтын.Арнайы экспедиция деректеріне қарағанда (Щербина, 1900), қыр қазағы тапқан-таянғанының денін тамаққа жұмсаған. Тағамдарының оннан тоғызы мал шаруашылығынан алынған. Мал шаруашылығы, сонымен қатар, табыс көзі де болған. Өйткені барлық табыстың 82 проценті осы саладан түскен», - деп жазыпты. [8].

Ары қарай автор, революцияға дейінгі, яғни 1917 жылы болған Ұлы Қазан революциясынан кейінгі орнаған Кеңес үкіметіне дейін мал шаруашылығының жетекші саласы – қой шаруашылығы болғанын жазады. Оның себебін қой малының басқа түліктерге қарағанда қатал табиғат жағдайына төзімді, әрі көшпелі өмірдің қажетіне керекті алуан түрлі өнім алынатындығымен түсіндіреді.

М.Ә.Ермеков қазақтың тұрмыс-тіршілігінде маңызды орын алған. Бұл саланың және қой тұқымдарының зерттеулерге қаншалықты арқау болғаны туралы «Қазақы қой жөніндегі кейбір үзік деректер қазақ даласына саяхат шеккен натуралистер мен этнографтардың еңбектерін келтірілген (Паллас, Георги, Фальк, т.б.).

Қазақы қойға зоотехникалық тұрғыдан тұнғыш сипаттама берген П.Н.Кулешов болатын (1888). Алайда ол кезде қазақы қойдың сан қилы ұрпақтары туралы баянды дерек болмайтын. Мәселен, торғай қойының толық сипатын тек А.Добросмыслов еңбегінен табуға болады (1895)» - деп жазыпты. [9].

Осы мысалдан қазақы қой тұқымдарының негізінен тек зоотехникалық тұрғыдан ғана, оның өзінде үстірт зерттелгенін көреміз. Малдың зоотехникалық сипаттамасы көбінесе оның биологиялық, шаруашылық ерекшеліктерін, оларды өсіру, азықтандыру, бағып-күту және пайдалану мәселелерін қамтиды.

Ал экономикалық тұрғыдан сипаттау, өндірістің бір саласының өзіне тән даму заңдылығын зерттеу, шаруашылық жүргізудің неғұрлым тиімді әдістерін ғылыми дәлелдеу болып табылады.

Сол кезеңдегі қой шаруашылығындағы жүргізілген экономикалық зерттеулер барысына келсек, ол туралы профессор М.Ә.Ермеков «Саулық қой алыс-беріс өлшемі, сатуға да, сатып алуға да ыңғайлы еді. Қазақ өмірінде қой шаруашылығы өте тиімді сала болатын. Мұның дәлелі – Сибирь темір жолының батыс бөлігін зерттеу нәтижесінде алынған экономикалық тексеру нәтижелері (1904), сондай-ақ бұдан кейінірек алынған деректер (Архангельский, 1910; Бенкевич, 1910; Фрибе, 1908; Васильев, 1913; Полферов, 1915). Экономикалық тұрғыдан қарағанда қазақ жерінде қой шаруашылығы сауда капиталына өте тиімді болатын. Қой өнімдерін көшпенді халық жәрмеңкеге, ауыл-село, қаладағы базарға апарып сататын, көбінесе осындаймен күн көретін алыпсатарлар арқылы өткізетін», - депті. [10].

Жоғарыдағы деректерге сүйенсек қазақтың мал шаруашылығының, оның ішінде қой шаруашылығының экономикалық тиімділігін зерттеуге арналған жұмыстар 20-шы ғасырдың басында алғаш жүргізіліп, 1904 жылғы еңбектерде жарияланған екен. Алайда М.Ә.Ермеков бұл жұмыстарды қандай ғалымдар жүргізгенін ашып жазбапты. Бұл түйткілге айрықша мән беріп отырғанымыз, одан кейінгі зерттеулерді жүргізген ғалымдардың аты аталыпты, жылы көрсетіліпті. Осыған орай біздің жүргізген ізденістеріміз қазақ жеріндегі қой шаруашылығы саласының даму мәселелерін зерттеп, оның қорытындысы есепті экономикалық тұрғыдан маңызы үлкен, тұңғыш ғылыми еңбекті жазған және жариялаған адам – қазақтың ұлы қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалымы Әлихан Бөкейхан. Бұл ретте айтарымыз Ә.Бөкейханның 1896-1903 жылдар аралығында Дала өлкесін зерттеу үшін жұмыс істеген арнайы экспедицияның құрамында Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уезін табиғи-тарихи жағынан зерттеп, суреттеуі. Жер түрлерін, бұл мәселедегі ауылдар мен болыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жерді пайдалану тәсілдерін анықтау және көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарға қажетті жер көлемін белгілеп, оның қоныстандыру қорына алу жұмыстарына қатысқаны белгілі. Экспедиция шаруашылық – статистикалық зерттеуге баса көңіл бөлді. Әлиханның ол жұмыстарға қалай ат салысқанына, сіңірген еңбегіне қазақ жерін зерттеуде өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі орыс ғалымы С.П.Швецов «Работы, произведенные им в экспедиции (Щербины), отличаются высокой доброкачественностью, обнаруживая в авторе глубокое знание и понимание казахского хозяйства, большую объективность и способность к критической оценке самых сложных явлений казахского хозяйства, до того времени почти совершенно неизученного... Работы, производившиеся в экспедиции г.Букейханом, весьма разнообразны по своему содержанию, что свидетельствует о многосторонней его подготовке к исследовательской деятельности в сфере народнохозяйственных отношений» - деген баға беріпті. [11].

Әлихан экспедиция құрамында Семей облысына қарасты Павлодар, Семей, Қарқаралы уездері мен Ақмола облысының Омбы уезінде жүргізілген жұмыстарға тікелей қатынасып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, мәдениетін, қысқасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеп, алуан түрлі деректі материалдарды жинайды. Жинақталған бай материалдарды іріктеп, белгілі жүйеге келтіріп өңдеп, ғылыми қорытындысын жазады. Қажетті деген ғылыми кестелерін жасап, жер-судың жағдайына ғылыми сипаттама беріп, оны картаға түсіреді. Жиналған деректерге сүйене отырып, ол қазақ шаруашылығының экономикалық жағынан тиімділігін есептеп шығарады. Сонымен бірге, аталған төрт уезге Ресейдің ішкі губернияларынан ауып келген келімсектердің шаруашылығын зерттеп, олардың айналысып отырған егін шаруашылығының тиімсіздігіне назар аударады. Осыған және басқа да материалдардың қорытындыларына сүйене отырып, патша үкіметінің қоныстандыру саясатына табанды түрде қарсы тұрады.

Міне сол С.П.Швецов 1903 жылы Сібір темір жол басқармасының тапсырысы мен бөлген қаржысына Челябі мен Томск қалалары арасындағы темір жол бойын мекендеген қазақтардың мал шаруашылығын зерттеуге арналған экспедицияны басқарып, оның жұмысына білімді де білікті маман Ә.Бөкейханды тартады. Әлихан өзіне тапсырылған міндет – сол аймақтағы қазақтың қой шаруашылығы мен ірі қара мал шаруашылығының жағдайын терең зерттейді. Ол сол аймақтағы қой шаруашылығымен қоса, қазақ даласының басқа жерлеріндегі, оның ішінде Жетісу, Сырдария өңірлеріндегі қазақтардың қой шаруашылығы, өсіретін қой тұқымдарымен салыстырмалы түрде қарастырады. Сөйтіп, Әлихан қазақтың қой шаруашылығына, өсіретін қой тұқымдарына байланысты жан жақты зерттеулер нәтижесіне сүйенген тұңғыш монографиялық еңбегін жазады. Бұл еңбегі экспедицияның басқа материалдарымен бірге 1904 жылы Томск қаласынан шыққан «Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской железной дороги» атты үш бөлімнен тұратын кітапта жарияланады. Міне жоғарыда біз М.Ә.Ермековтың кітабындағы келтірген дерек Әлиханның осы монографиясы. Алайда Кеңес заманында бұл еңбектің қай жылы жарияланғанын жазған ғалым Мүсілім Әмірханұлы Ермеков, оның авторы Әлихан Бөкейханов деп сілтеме жасай алмаған. Өйткені Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1937 жылы КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша Мәскеуде ату жазасына кесілген болатын. «Совет үкіметіне қарсы революциялық күресті басқарған...» деген жалған айыппен атылған Ә.Бөкейхан тек 52 жылдан кейін ғана 1989 жылы КСРО Жоғарғы Сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталады.

Сөйтіп, Әлиханның 1904 жылы қазақ ғалымдарының алды болып, қазақтың ауыл шаруашылығына, оның ішінде қой шаруашылығы мәселелеріне байланысты жазған экономикалық зерттеу тұрғысынан маңызды тұңғыш еңбегі тек 92 жылдан кейін 1996 жылы Алматыдан жарық көрді. Әлі де болса бүгінгі күн талабына сай келетін, заманындағы үздік монографиялық бұл еңбектің мән-маңызы өте үлкен.

Осы еңбекте қазақ қойының әртүрлі тұқымдары, олардың жем-азығы, жайылымы, түрлі аурулары мен емдеудің әдістері жайында, қысқасы, қазақтық қой шаруашылығына қажетті көптеген мәліметтер молынан берілген. Әлиханның ғылыми мұрасының ішіндегі ерекше маңызды осы монографиясы – «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы» («Овцеводство в Степном крае») деген атпен экспедицияның басқа еңбектерімен бірге «Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской железной дороге» атты үш бөлімнен тұратын кітапта 1904 жылы Томск қаласында шыққан. Қазақ халқының ғасырлар бойы ата кәсібі болған қой шаруашылығы туралы осы білімділікпен, халқына деген терең сүйіспеншілікпен жазылған тұтас энциклопедиялық зерттеу бүгінгі күнде де өзінің көкейкестілігімен ерекшеленеді. Сондықтан оған арнайы тоқталғанымыз жөн.

Бұл монографияда Ә. Бөкейханов әуелі алты жыл бойы – 1896-1901 жылдар арасында Ф.А.Щербина бастаған экспедиция жүргізген есептеулер негізінде Семей, Ақмола, Торғай облыстары 12 уезіндегі қой, ешкі санының статистикалық есептерін келтіреді. Бір-ақ мысал: сол кезде Зайсан уезінде 656178 қой, 48642 ешкі болған, бір шаруашылыққа 36,9 қой, 2,7 ешкі, бір кісіге 8,34 қой, 0,62 ешкі келген. Бір кісіге келетін қой мен ешкінің жалпы саны – 9. [12].

Қазақ қойының (құйрықты) тұрқы жағынан Фриз, Романов, Волож, Вересковая қой тұқымдары мен салыстырғанда ең ірілер қатарына жататынын дәлелдейді. Қазақ қойының қандай түрлері барын, жасына қарай қалай бөлінетіндігіне, қой, ешкі отарының өнімділігі, өсімі, малдың көбеюіне арнайы тоқталады. Осыларды ғылыми сипаттап отырғанда экспедиция материалдарымен қатар профессор П.Н. Кулешовтың «Овцеводство», Добромыслоытың «Скотоводство в Тургайской области» (Оренбург, 1895 г.) атты еңбектеріне сүйеніп, салыстырмалы түрде сілтеме жасап отырады. Ең етті ірі малдар қатарында бағаналы, бесата (Қарқаралы), тама қойлары барын жазады. [13].

Кітаптың қойды жазда және қыста бағып-қағуға арналған бөлімінде қазақ даласындағы қыстауларды, қой отарларын жан-жақты статистикалық тұрғыдан зерттеп, көптеген нақты мәліметтер бере отырып, бір қыстауда оңтүстік жағдайында 1,2,3 шаруашылық, ал солтүстікте, Есіл, Нұра, Ертіс бойларында 80 шаруашылыққа дейін қыстайтынын, бір отарда мөлшерімен 150-300 бастың ожақ, бұжағында мал болатынын дәлелдеп көрсетеді. Негізінен табиғи жағдайда бір отарда 200 шамалы бастың болуы қолайлы екен. Оның 6,9% -21,9% ешкінің үлесіне келіпті. Малды бағып, күтетін шаруақор қойшының да еңбегін есептеп көрсетеді. Қойшы қысқы алты айлық еңбегі үшін (қараша-сәуір), күйектен күйекке төккен маңдай тері, табан ақысы үшін алты қой, алты киім алады, олар- көйлек- дамбал, тері шалбар, шидем, шапан, етік, тымақ. Жалпы, қысқы қойшының еңбекақысы 28,3 сом болады, тамағы қожайынның мойнында. Жазғы қойшының еңбекақысы ұзағанда 21,3 сомнан аспайды. Ал, қазақ қойының әртүрлі топтары әрқилы табыс әкеледі. Оның ішінде ең тиімдісі, табысты көп әкелетіні – саулық қойлар. Олар төл әкеледі, сүт береді, жүні мен қиы да табыс көзі деп тұжырымдайды. [14].

Кітаптың соңғы бөлімінде қазақ шаруашылығындағы қойдың экономикалық маңызын ғалым әртүрлі қырынан қарастырып, әртүрлі зерттеулер жүргізіп, оларды талдап, нақтылы қорытындылар жасайды. Бір қойды бағып өсіруге кететін шығын, саулықтың беретін төлі, еті, сүті, жүні, базардағы қойдың сатылу бағасы, бір жылда сойылатын қой, қазақтың жалпы малының ішіндегі қой үлесі – осы алуандас сұрақтардың бәріне монографияда жауап дайын. Еңбекте 19 кесте, 13 графикалық сызба (диаграмма), 3 сурет және 2 картограмма келтірілген. Осы көптеген кестелер, сызбалар, мәліметтер, сілтемелер, проценттерді саралай келіп, Ә. Бөкейханов қазақ шаңырағында 5,75 жан бар екенін, дәулет деңгейіне орай 8 топқа бөлгенде, ең кедейдің әр жанында 0,86, ең байында 34,75 мал бар екенін анықтайды. [15]. Жалпы алғанда, қазақ шаруалары мұжықтарға қарағанда бір жылда етті 6 есе көп, нанды 2 есе кем жейтінін де ескертеді. Басқа жылқы, түйе, сиыр секілді малдарды есептемегеннің өзінде қойдың өзі ғана қазақ халқына керекті мөлшерде ет, жүн, сүт, тері беріп, отын, киім, үй боларлық қажеттерін түгел өтейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Қой малының қазақ даласының әртүрлі атыраптарында таралу, өсірілу мөлшері, табиғи жағдайда икемделуі туралы ой-тұжырымдарын қорыта келе Әлихан Нұрмұхамедұлы қой шаруашылығы кейбір жалған отаршыл оқымыстылар айтып жүргендей жабайы, дөрекі, пайдасыз кәсіп емес, сан ғасырлар бойы жасаған ұрпақтың тәжірибелері негізінде сұрыпталған, қоршаған орта жағдайына әбден бейімделген, табиғат пен адам әрекеті арасындағы ынтымақты сақтап қалған, тұрақты өнім алуға болатын шаруашылық жүргізудің қалыптасқан тамаша жүйесі екенін дәлелдеп берді.

Әлиханның бұл ғылыми еңбегінің басылып шыққанына жүз жыл болса да, бүгінгі күннің өзінде көкейкестілігін әлі жоғалтпаған, халқымыздың ата кәсібі қой шаруашылығын дамытудағы мыңжылдықтар бойы жинақталған мол тәжірибесін сараптаған тұрмыс-салтқа, тарихқа, этнографияға, мінез-құлыққа, экономикаға, тілге қатысты мың-сан дерек, дәйектерді қорытқан ғылыми еңбегі- қазіргі нарықтық қатынастар заманының өзінде қой өсіру үшін, қой өнімдерін көптеп алу үшін қажетіне жарайтын, сабақтар алатын, әрбір шопанның, мал маманының, экономистің қолында жүретін өлмес мұра, аманаты деп санаған жөн. Бұл монографияны жеке кітап түрінде мыңдаған данамен басып шығарса игілікті іс боларына сенім мол.

Қазақстанның жері ежелден кең-байтақ, қазіргі көлемі жағынан әлемде 9-шы орындамыз. Соның басым бөлігі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер, жайылымдықтар. Осындай жерді қалай пайдаланған дұрыс, оған да Ә.Бөкейхановтың еңбектерінен жауап табамыз. «Қазақ» газетінің 1913 жылы шыққан №28 санында «Жердің көп азына қарамай, жердің ауасына қарай адам баласы мал баққан, я егін салған. Жер аз болса, жердің ауасы егінге қолайсыз болса, мал шаруасын ұстай отырып малды көшіріп қойып, жұрт өзі отырықшы болған. Бұған мысал: Европада Швейцария жұрты жері Түркістан, Алтай, Алатаудай ғұмырында қар кетпейтін биік тау, малға жақсы, егінге жаман, адамы отырықшы болып қалада отыр, шаруасы – мал бағу. Жер аз болған соң малдың басын азайтып, сүйегін асыл қылып, мал бағып тіршілік қылып отыр. Қадағын 80 тиын, 1 сом 20 тиын біздің орыстың қаласында ірімшік осы Швейцария шығарған болады. Австралия жері біздің қазақ жері сияқты шөл, топырағы жасық болған соң Англия жұрты қой бағып, мал шаруасын қылып отыр. Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.

Отырықшы деген сөз мал бағатын шаруаны түгел жаппайды. Қала болып отырып мал шаруасын атқаруға болады. Отырықшы мен мал шаруасын бір қылып қосақтап отырған үкімет, осылай етсе өзіне пайда шығатын болған соң. Қазақ жері мал кіндігі, мұнда бұрын қандай жұрт жүрсе мал баққан» деп жазыпты. [16]. Бұл сөз біз үшін әлі де маңызын жойған жоқ. Ауыл шаруашылығы жерлерін табиғатына қарай әлі де тиімді пайдаланып отырғанымыз ақиқат. Әлихан айтып кеткен Австралия қой санын 150-170 млн. басқа жеткізіп, дүниежүзі рыноктарын сапалы меринос жүнімен, етімен жауып тастады. Ал, Швейцария ірімшігін бүгінгі қазақстандықтар да пайдаланып жатыр. Сондықтан Қазақстанда «Ауыл жылы» 3 жылмен ғана шектелмей, біз үшін тұрақты мәселе екенін естен шығармаған жөн. Жер мәселесі – мәңгілік мәселе. «Қазақ жерін қайтару» деген төмендегі құжат – бүгінгі ұрпақ үшін қашанда үлгі болып қала беретін дүние, өйткені мұнда Әлиханның қолтаңбасы бар.

«Қазақ жерінен патша үкіметі Сібірдің казак-орыс һәм Оралдың казак-орысына алып берген жерлерді еңбекші қазақ халқына қайтарып беру тақырыпты Заң:

1. Семей губерниясының Өскемен, Семей, Кереку уездеріне қараған һәм Ақмола губерниясының Омбы, Қызылжар уездеріне қараған, Ертіс өзенінің сол жақ жағасындағы Жаңабағланнан (Звениноголовский) Қызылжарды басып Омбыға баратын ескі пошта жолының оңтүстігіндегі көлденеңі он шақырымдық жер 1907 жылғы майдың 31-інде Министрлер Советі ұсынып, патша бекіткен жарлық бойынша Сібірдің казак-орысына беріліп еді. Бұл жерді баяғыдан бері еңбекші қазақ халқы Сібірдің казак-орысынан жалдап алып, пайдаланып келеді. Енді бұл жер түгелімен еңбекші қазақ халқына қайтарылды.

2. Патша үкіметі 1882 жылы еңбекші қазақ халқынан Оралдың казак-орысына алып берген губерниясындағы Жайық өзенінің сол жақ бетіндегі жер Қазақстан Кіндік комитетінің бірінші жиылысының ұйғаруы бойынша еңбекші қазақ халқына қайтарылды.

3. Көлденеңі он шақырымдық жердегі офицер учаскесі һәм войсковой участоктерге түпкілікті ие болып, я көп уақытқа жалдап алып, күн көріп отырған шаруалардың қолындағы жер халқы көрші казак-орыстар пайдасындағы жердің мөлшерінен артық болмасқа тиіс.

4. Тұз шығаратын, балық аулайтын орындар, диірмендер, карьерлер уақытша жер мәселесі шешілгенше сол жерде тұра береді. Оларға пастбище лайық жер қалдырылады.

5. Артық жердің (3-ші һәм 4-ші статьялар) бәрі де қазақ халқына қайтарылады.

Қазақстан Кіндік комитетінің төбебасы. Уәкілі – Ғ.Бөкейханов, хатшысы – Шаповалов». [17].

Әлихан туралы орыстың Брокгауз және Ефрон энциклопедиялық сөздігінде (8-том, 1911-1916) былай деп анықтама береді: «Букейханов Алихан Нурмухамедович – лесовед-статистик; род. в 1869г., принадлежит к султанскому роду Букей, причисляющему себя к чингизидам. Б. учился сначала в медресе, потом в земском техническом училище и лесном институте, который окончил в 1894 г.». [18].

Бұдан шығатын қорытынды Әлихан жоғары білім алған мамандығы бойынша ормантанушы – статистик. Мақаламыздың көздеген мақсаты Әлиханның статистикаға қаншалықты қатысы барлығына байланысты болғандықтан статистика ұғымының жәй-жапсарын анықтап, түсінікті болатындай талдап алғанның артығы жоқ сияқты. Статистиканың қажеттілігі мен дамуы ең алдымен қоғам мен мемлекеттің дамуымен, олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен, маңызды да жауапты шешімдер қабылдаумен анықталады. Осы тұрғыдан келгенде статистика тарихын зерттеу экономика-статистикалық білімінің ажырамас бөлігі. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың барлық жетістіктері – тарихи дамудың нәтижесі, ал оны түсіну, бағалау толықтай тек өткенімізге байыптап қарағанға байланысты. Әрбір статистикалық көрсеткіш, жіктеу, әдістер бойында бұрыңғы өткен көптеген ғалымдар еңбегі бар. Бұл саланың, ғылымының тарихи өткені, мәселелері бүгінгі күнге де тікелей қатысты. Әсіресе еліміз тәуелсіздік алып, өз тарихымыздың беттерін жаңадан жазып, бұрыңғымызды объективті түрде саралап, жаңғыртатын заман туған кезде жеткілікті мән беру кезек күттірмейтін шаралардың бірі.



Осындай оймен және Ә.Бөкейханның статистика ғылымы саласындағы алатын орны, сіңірген еңбегі, атқарған қызметіне байланысты іске кіріскенде алдымен республикамызда шыққан оқулықтар мен оқу құралдарына назар аудардым. Алайда университетіміздің кітапханасында Ы. Әміреұлының «Статистиканың жалпы теориясы» атты 1998 жылы Алматыдағы «Экономика» баспасынан шыққан оқу құралы ғана бар екен. [19]. Он жеті баспа табақтай болатын бұл кітапта статистика ғылымының дамуына 2-3 беттей болатын шолу жасалыныпты. Өкінішке қарай онда негізінен Батыс пен Ресейдегі статистиканың қалыптасуы, ғалымдары мен мамандарының еңбегі жайында ғана қысқаша жазылып, қазақстандық статистика тарихы туралы ешқандай деректер берілмепті. Ал Ресейден шыққан кітаптарда, әсіресе «История статистики» деген оқу құралында статистиканың пайда болуы мен дамуы жан жақты қаралыпты. [20]. Әрине бұл кітаптан Қазақстандағы статистикаға қатысты тікелей деректер болмағанымен, қатысы бар жағдаяттарды аңғардық. Мәселен, онда Ресейдегі реформаға дейінгі кезең (1861-1917) земство статистикасының дәуірлеген тұсы деп атапты. Оның маңызын коммунистер көсемі В.И. Ленин жоғары бағалапты. Статистиканың бұл бағытының көрнекті өкілі Воронеж земствосының статистикалық бюросын басқарған Федор Андреевич Щербина болған екен. Оның «Шаруалардың бюджеті» (1900) атты еңбегі бюджеттік статистиканың негізін салуға ықпалын тигізіпті. Бұл жұмысы көп жылдар бойы шаруалар мен жұмысшылардың тұтынуын талдауға негіз болыпты. Щербинаның жұмысын жалғастырушылар арасында атақты ғалым А.В. Чаянов (1888-1937), В.Ф. Арнольд, С.А. Первушин, А.М. Стопанидің есімдері аталыпты. [20]. Ф.А. Щербинаның ең алғашқы болып қолданған «типтік шаруашылықтарды» таңдау монографиялық зерттеулері земство статистикасында кеңінен қолданылыпты. 1904 жылы Щербина Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған. Ал бұл адамның 1896-1903 жылдар аралығында Қазақстандағы Дала өлкесін зерттеу үшін жұмыс істеген арнайы экспедицияның басшысы болғанын ескерсек, ғылыми жоғары атақ оған не үшін берілгендігін, және қазақ жеріне аттанып, қыруар жұмыс атқарған экспедицияның қызметінің маңыздылығы патшалық Ресей үшін қандай болғандығын бағамдай беріңіз.

Далалық өлкенің барлық уездерін зерттеу жөніндегі бұл экспедицияны құрғанда Мемлекеттік мүлік министрлігі зерттеу нәтижелерін Қазақстанда жер саясатын жүргізуге пайдалануды көздеді. Экспедиция міндеті аумақты табиғи-тарихи жағынан зерттеп, суреттеу, жер түрлерін, бұл мәселедегі ауылдар мен болыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жерді пайдалану тәсілдерін анықтау және көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарға қажетті жер көлемін белгілеп, оның қоныстандару қорына алынатын көлемін анықтау болатын. Ресейдің Орталық губернияларынан әкелінген шаруаларды қоныстандыру мақсатында шаруашылық – статистикалық зерттеуге баса көңіл бөлінді. Құрамында Л.К.Чермак, П.А.Васильев, Н.Ф.Гусев, Н.Белев, В.А.Владимирский, Н.Ф.Дмитриев, қазақ зиялыларының үлкен тобы - Ә.Бөкейханов, Ұ.Базанов, Т.Жалмұхаметов, И.Жақсылықов, И.Құдайқұлов, И.Тілекеев, Г.Саркин, Р.Мәрсеков, Е.Итбаев, М.Бекетаев, М.Сатыбалдин, Т. Есенқұлов және басқалар кірді. [21]. Экспедиция Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уезін мұқият зерттеді. Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының он облысын қамтитынын ескерсек, жұмыстың ауқымдылығы қандай болғанын айқын бағалауға болады. Олар материалдар жинап, қазақтардың жер пайдалануы жөніндегі өңдеген материалдардың он үш томын басып шығаруға әзірледі (1-13т. 1898-1908). Экспедиция материалдары тұңғыш рет қазақ жерін кеңінен қамтыған, жан жақты шаруашылық-статистикалық деректерді құрады. Сондықтан бұл іс-шаралар қазақ жеріндегі статистика ғылымы мен практикасы тарихынан айрықша орын алған, тіпті негізін салған зерттеулерге бастау болды деп айтуға болады. Ал оған қатысқан ғалымдар мен мамандардың қажырлы еңбегі айтарлықтай. Экспедиция құрамына кірген орыс ғалымдары мен мамандарының, әрине, қызметі бір төбе. Бізді қызықтыратыны қазақ зиялыларының қосқан үлесі, жүргізген зерттеулері, жазған еңбектері. Бұл тұрғыдан келгенде бір адамды бөле жара атауға болады. Ол - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Бірден айтарымыз экспедицияға кірген басқадай қазақ азаматтарынан Әлиханның ерекшелігі, оның жалғыз жоғары білімді экономист, ормантанушы ғалым-статистик болғандығы. Ол қазақ өмірі мен қатар орысшаға да жетік зиялы болатын. Біз бұл жерде басқаларды кемітейік деген ниеттен аулақпыз. Әрине олардың өзіндік алар орны бар. Мысалы, ол кезде О. Базанов пен Т. Есенқұлов жоғары білімді мал дәрігері, Ы. Жақсықұлов адам дәрігері, Р. Мәрсеков пен Е. Итбаев Омбы гимназиясын, Г. Саркин діни семинарияны бітірген екен. Бұл адамдар және басқа кейбір қандастарымыз негізінен аудармашылық, тіркеушілік, жолбасшылық қызметпен айналысқан сияқты. Бұл туралы Ф. Щербина «Собирание сведений по Павлодарскому уезду было произведено во второй половине 1897 года. Сначала сюда были направлены пять партий, именно: А.Н. Букейханова, П.А. Васильева, А.А. Боровского, А.Г. Бутковского и П.П. Кондратьева, а затем немного позже присоединились партии Л.К. Чермака, Н.Ф. Дмитриева и И.Ф. Гусева. В качестве помощников отдельных партии в исследовании участвовали А.Н. Дядиченко… Г.Д. Няшин и Джусуп Сатыбалдин, а регистраторами были Эрежеп Итбаев, П.А. Беляков, Мажит Чумбалов, султан Тлекиев, Кудайкулов, Джасмагамбетов, Серкебаев, Айманов и Вечеслав», - деп жазады. [22].

Ф.А. Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылған кезде Ә. Бөкейхан оның жұмысына мүдделілік танытқандардың бірі болды. Әлиханның ойы бойынша бұл жұмысқа ат салысу сол кезеңдегі қазақ жұрты үшін ең маңызды мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір қорытындыларға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Сондықтан ол бұл жұмысқа құлшыныспен кіріседі. Бір жағынан оның бұған дейін Тобыл губерниясының Ялуторов үйезіндегі шаруалардың экономикалық жағдайын зерттеуге арналған статистикалық экспедиция жұмыстарына да қатысып, тәжірибе жинақтауы да себеп болған сияқты. Ол алғашында экспедиция құрамына статистик ретінде шақырылып, кейін ондағы жеке зерттеу тобына басшылыққа жоғарылаған еді.

Щербина экспедициясында Әлихан Ақмола облысының Омбы үйезі, Семей облысының Павлодар, Семей, Қарқаралы үйездерінде жүргізілген жұмыстарға тікелей қатынасып, әр түрлі материалдар мен деректерді жинайды. Үй, қора-жайларды есепке алып, мал санағын жүргізуге қатысты. Экспедиция жұмысын аяқтағаннан кейін, жинақталған орасан материалдарды іріктеп, белгілі бір жүйеге келтіріп өңдеп, ғылыми дәйектемесін жазысады. Мәселен, кітаптың 4-томында Ф. Щербина Павлодар үйезіне арналған алғысөзіңде "… летом 1900 года были произведены топографами Семипалатинской партии съемки, благодаря чему, и явилась возможность нанести площади Киргизского землепользования по схемам экспедиции. Самое нанесение схем на планшеты производилось теми лицами, именно: Л.К. Чермаком, А.Н. Букейхановым, Н.Ф. Дмитриевым…" деп жаза келе соңына таман "… составлены родовые схемы с дополнениями А.Н. Букейханова. Последним написана "История заселения" уезда и обработаны для печати описания волостей Алтыбаевской и Кызылтавской", - деп жазыпты. Осыдан ақ Әлиханның қаншалықты жұмыс атқарғанын көруге болады. [23].

1903 жылы Щербина экспедициясы жұмысын тоқтатқаннан кейін Әлихан Сібір теміржолы бойындағы Челябі және Томск қалалары аралығында С.П. Швецов жетекшілік еткен экономикалық экспедиция жұмысына қатысады. Бұл экспедицияның мақсаты сол өңірді мекендеген қазақтардың шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын экономикалық тиімділігі тұрғысынан зерттеу еді. Осы жұмыстың да білікті статистикалық зерттеулерді талап еткені түсінікті.

Ә.Бөкейханның білімді экономист-статистик екендігі оның жазған "Овцеводство в степном крае" (Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы) атты монографиясынан анық көруге болады. Еңбекте 19 кесте, 13 графикалық сызба (диаграмма), 3 сурет және 2 картограмма келтірілген. Осыншама кестелер, сызбалар, мәліметтер, сілтемелер, проценттерді саралай келіп, Ә. Бөкейхан қазақ шаңырағында 5,75 жан бар екенін, дәулет деңгейіне орай 8 топқа бөлгенде, ең кедейдің әр жанында 0,86, ең байында 34,75 мал бар екенін анықтайды. Жалпы алғанда, қазақ шаруалары мұжықтарға қарағанда бір жылда етті 6 есе көп, ал нанды 2 есе кем жейтінін де есептеп шығарады.

1904 жылы Әлихан Омбыдағы қоныстандыру басқармасына статистик (шенеунік) болып орналасады. Бұл қызметте де оның кейбір уездер бойынша зерттеулерін жалғастырып, қазақ шаруашылығының жер иелену мен жерді пайдалану нормаларын дайындаумен айналысқаны айтылады. [24].

Ә. Бөкейханның қай жерде болмасын қоғамдық жұмыстарға белсене араласқанын, Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлы да құрамында бар статистика комитетіне мүше болғаны белгілі.

Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе айтарымыз Ә.Бөкейхан тек білімі жағынан жоғары оқу орнын бітірген статистик болып қоймай, бірнеше ірі экспедицияларға қатысып, жан-жақты статистикалық зерттеулер жүргізіп, басшылық жасап, көптеген еңбектер жазып, статистикалық мекемелерде маман болып қызмет атқарып, комитеттеріне мүше болып қоғамдық мәселелердің бел ортасында жүрген. Осы тұжырымдамалардан шығатын қорытынды - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазақтан шыққан тұңғыш статистик-ғалым, Қазақстандағы статистика ғылымы мен тәжірибесі тарихының бастауында тұрған көрнекті маман, яғни оның іргетасын қаласып дамуына үлкен үлес қосқан негізін салушы бірегей тұлға деп санаймыз.

Ә. Бөкейханның қай жерде болмасын қоғамдық жұмыстарға белсене араласқанын, Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлы да құрамында бар статистика комитетіне мүше болғаны белгілі.

Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе айтарымыз Ә.Бөкейхан тек білімі жағынан жоғары оқу орнын бітірген статистик болып қоймай, бірнеше ірі экспедицияларға қатысып, жан жақты статистикалық зерттеулер жүргізіп, басшылық жасап, көптеген еңбектер жазып, статистикалық мекемелерде маман болып қызмет атқарып, комитеттеріне мүше болып қоғамдық мәселелердің бел ортасында жүрген. Осы тұжырымдамалардан шығатын қорытынды - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазақтан шыққан тұңғыш статистик-ғалым, Қазақстандағы статистика ғылымы мен тәжірибесі тарихының бастауында тұрған көрнекті маман, яғни оның іргетасын қаласып дамуына үлкен үлес қосқан негізін салушы бірегей тұлға деп санаймыз.

Қазақстан Республикасы жер көлемі жағынан (2717300 км2) дүние жүзінде 9-шы орын алатындығы белгілі. [25]. Бұл жағдайды біз еліміз тәуелсіздік алып, әлемдік мемлекеттер қауымдастығына, Біріккен Ұлттар Ұйымына дербес мүше болып қабылданған кезден еркін әрі мақтаныш сезіммен айтатын болдық. Ата-бабаларымыздың қаншама жерге қоныстанып, иелік жасағанына тәнті боласың. Ал мал шаруашылығының дамуына қолайлы жайылымдықтар жөнінен біздің елмен иық тиістіре алатын алып мемлекет жалғыз Австралия ғана. Алайда осыншама орасан кең-байтақ өлкені алып жатқан республикамыздағы жер аумағында орман-тоғайдың үлес салмағы өте мардымсыз, яғни орманның алатын орны барлық жер көлеміне шаққанда 4 пайыздай ғана. Сондықтан да бұл салаға көзқарас та басқаша болып, оның жағдайы, даму барысы ұдайы назарда болуы халық шаруашылығы үшін маңызды, мемлекеттік деңгейде мән беретін мәселе. Осындайда Қазақстанда орман шаруашылығының даму тарихына, оны өркендетуге үлес қосқан адамдар, саланың әр түрлі мәселелерін зерттеп, көлемі ой-пікірлерін білдіріп, құнды еңбектер, мақалалар жазып, кітаптар шығарған ғалымдар қызметінің алатын өзіндік орны бар екендігін естен шығармағанымыз жөн. Соның бірі әрі бірегейі Әлихан Бөкейхан.

Ол 1890 жылы Санкт–Петербордың орман институтына түсіп, оны 1894 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Омбы қаласындағы төменгі дәрежедегі орман мектебіне орналасып, екі жылдай өз мамандығы бойынша сабақ жүргізеді. Жоғарыдағы жәйлардан шығатын қорытынды - Әлиханның алған білімі мен атқарған қызметін есепке алғанда ормантану саласына тікелей қатысы барлығы. Жалпы Әлекең бұл салаға кездейсоқ келмеген деп санаймыз. Өйткені, Әлихан туып өскен сол кездегі Семей облысына қараған Павлодар, Семей үйездері, сонымен бірге кіндік қаны тамған Қарқаралы үйезі қазақ жеріндегі орманды өлкелер қатарына кіреді. Сондықтан да 1890 жылы Омбыдағы техникалық училищені (ОТУ) «техник» мамандығымен бітірген Әлиханның Ресей астанасындағы орман институтын таңдауында белгілі бір заңдылық бар. Өйткені, бала жастан аясында өскен далалық өлкенің ерекше байлығының бірі сыңсыған орманына деген сүйіспеншілік Әлиханның жүрегінен орын алып, мамандыққа бет бұрыс жасауына да ықпал еткеніне сенімдіміз. Сондықтан да болар техникалық училищедегі оқуының мерзімі аяқталуға таяғанда Әлихан ОТУ директоры Н.Е. Доброхотовқа өзінің ары қарай оқып, Санкт- Петербордағы Орман институтына бармақ ниеті бар екендігін айтады. Талапты жастың бұл ниетін директор қолдап, Дала генерал-губернаторы канцеляриясынан Орман институтының профессоры Бородинге ұсыныс-хат жазылып және қазақ қауымдастығынан 200 сом стипендия алып Санкт-Петерборға сапар шегуіне жағдай тудырады. [26].

1896 жылдан бастап Ә. Бөкейхан қазақ даласын зерттеуге шыққан, дәлірек айтсақ Ресей үкіметінің қоныстандыру саясатын жүзеге асыруға бағытталған Щербина экспедициясының жұмысына қатынасады. Алғашында санақ (статистика) жұмыстарын жүргізуші ретінде қабылданған жас жігіт, кейін тәжірибе жинақтап, өзінің білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, экспедицияның жеке зерттеу тобының басшысы лауазымына дейін көтеріледі. Одан кейін ол 1903 жылы С.П.Швецов басқарған Сібір темір жолы бойында Челябі мен Томск қалалары арасында қоныстанған қазақтардың мал шаруашылығын зерттеуге арналған экономикалық экспедицияның жұмыстарына қатынасады. [27].

Сонымен қатар Әлихан қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. 1896 жылы ол Омбы қаласындағы Орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады. Бұл саладағы еңбегі лайықты бағаланып, 1901 жылы оны осы бөлімнің басқару комитетіне (распорядительный комитет) мүшелікке сайлайды. 1902 жылдың басында бөлімнің 162 мүшесі болса, оның алтауы ғана басқару комитетіне мүше болған, соның бірі Әлихан. [28].



Жоғарыда айтылған қызметтерді атқара жүріп, өзінің зерттеу нәтижелерін, ой-пікірлерін, ұсыныстарын жазған монографиялар мен мақалаларында барынша ашып көрсетті. Көкейкесті мәселелер бойынша өз көзқарасын батыл айта білді. Соның ішінде өзіне етенке таныс ормантану мәселелеріне де назар аударды. Соның бірі “Переселенцы в Тарских урманах (из записной книжки статистика)” атты ғылыми еңбегі. Бұл еңбекке Әлихан өзінің 1907 жылы жаз айында Тобыл губерниясындағы Тара уезінің Атыр және Сидельников болыстығына қарайтын жаңадан қоныстанған 27 поселканы аралағандағы жағдайды жазады. Ол аталған елді мекендердің 1897-1900 жылдар аралығында пайда болғанын, яғни жер учаскелерін бөліп берген алғашқы жылдан бастап қоныстанған, сонда бұл ауданды игеру соңғы 10 жыл бойына жүргізіліп келе жатқандығына тоқталады. Зерттеулер нәтижесіне сүйене келе жыл сайын бөлінген жердің 6 процентіне халық орналасқанын айтып, он жылда барлық жердің 62,5 проценті ғана игерілген деп қорытынды жасайды. Одан ары қарай Әлихан орманды жерді қоныстанушылардың қалай игеріп жатқанын баяндайды. Ашық далалы өңірге қарағанда, орманды жерлерді игерудің ерекшеліктеріне назар аударады. Орманды жерде халық өмір сүріп, өзін-өзі асырау үшін егістік, шабындық жерлер керек. Ол үшін еңбек етіп, қажетті алқаптарды ағаштардан тазарту керек. Әлиханның зерттеуіне қарағанда қоныстанушылар он жылда барлық бөлінген жердің 1 процентін ғана ағаштардан тазартқан, басқаша айтқанда, орманды тазартудың баяу жүргендігі сондай, орманнан алқаптарды тазартуға, тікелей айтқанда, ғасырлық өмір керек деп жазады. Ал бұл жұмыстың баяу жүргізілуі қолданылып жатқан әдістер мен тәсілдерге байланысты деп, соларға тоқталады. Негізгі әдіс өте қарапайым; орманға өрт қойып жібереді, ал оны өшіруді қажетсінбейді, сондықтан жыл сайын орманның әр тұсы өртке оралады. Ешкім оны өшіріп жатқан жоқ, өзі әртүрлі себептерге байланысты тоқтайды. Кейбір поселкаларда ағаштарды қиып-кесіп, бір жерге үйіп өртеп жібереді, ал қалған түбірлерін аршып, алып тастайды. Имшагал атты поселкада орманнан жерді тазалаудың басқадай әдісі – оларша айтқанда, ағаштарды шіріту қолданылады. Бұл әдістің мәні мынада: маусым айында қайың шырынға толған кезде, оны айналдыра діңіне дейін сырт қабығын және шел қабығын аршып алады. Қабығынан айрылған ағаш келесі жылы өлі ағашқа айналып, күн сәулелерінің топыраққа түсуіне жағдай тудырады. Содан өлі орманда шөп шабуға жарайтын алқап пайда болады. Қабығынан айырылған ағаштар 5 жыл шіриді. Қабығы сыдырылған көктерек 7 жыл тұрады. Бір жұмысшы бір күнде қалың қайыңды орманның 1/4десятина (орыстардың 1,09 гектарға тең жер өлшеуі) жерінің қабығын аршиды. Қабығынан сыдырылған орманның бір десятинасын екі адам ағаштар мен түбірлерден 30 күнде тазалайды. Сонда, орманның бір десятина жерін осындай әдіспен тазалау 64 жұмыс күшіне пара пар немесе жұмыс күнін 50 тиын десек, 32 сомды құрайды. Бірақ әр поселка маңындағы жер үлесінде әр түрлі ағаштар (қарағай, бал қарағай, қайың және т.б.) өскендіктен бір десятина орманды тазалауға әр түрлі жұмыс күні кетеді. Сондықтан тазалауға төлейтін ақшада бірдей емес.

Ә.Бөкейханның жүргізген бұл зерттеу, есептеріне кеңінен тоқталғанымыз, Әлекең өзі былай деп жазыпты: «Біз бір десятина орманды жерді тазалаудың әдістері мен құнына біраз тоқталғанымыз ормандағы ағаштарды тиімді тазалау, онымен күресу – бұл жерге қоныстанушыларды орналастырудағы басты міндет».

Ары қарай Әлихан орманды тазалап, шөп шабуға жарайтын алқаптар пайда болғанымен жұмыс бітпейді дейді. Орманды жердің шөбі көбінесе - әр түрлі өлең шөп пен құнарсыз дәнді дақылдар – құнарлылығы төмен және дәмсіз; мал оны жөнді жемейді және арыйды. Бір де бір поселкада әр түрлі шөптер өсетін жақсы шабындықтар жоқ. Дегенмен қоныстанушылардың қажетті шөп тұқымдарын себу тәжірибесі басталған. Егер де ол қарқын алып, кеңінен таралмаса, бұл жерде шаруалардың орнығуы неғайбыл. Орманды жердің топырағы егістікке қолайсыз, оған тыңайтқыштар керек; ал егіндікті көң, қыймен өңдеу, егін шаруашылығын дамытудың алғы шарты – мал шаруашылығын дамыту болып табылады. Ал мал ұстау үшін орманды алқаптың құнарсыз шөбі жеткіліксіз. [29].

Ә.Бөкейхан «Киргизы» (Қазақтар) атты 1910 жылы жарияланған мақаласында қазақ жеріндегі орманды алқапты, яғни далалы қалқаны, өңірдің саясы болған жерді, ішкі Ресейден келген қоныстанушыларға алып беріп, жергілікті халықты күйзеліске ұшыратып отырған саясатын қатты сынап, өз пікірін ашық білдіреді: «Из киргизских земель отводились не только участки для переселенцев, но и казенные дачи. В свое время этот метод мотивировался высшими, так сказать, государственными соображениями, охраной драгоценного в киргизской степи леса, которым страна чрезвычайно бедна. Так как киргизские поселки расположены близ леса, а покосы в самом лесу, то чины лесного ведомства, как и их товарищи из Переселенческого управления – виртуозы в деле закона – тщательно обхватили межой на расстоянии нескольких саженей всю киргизскую оседлость, делая ее хозяина вечным объектом протоколов и штрафов, в конечном результате – киргиз сам уходил от такого житья. Ныне государственные соображения относительно лесного богатства оставлены в стороне, и казенные лесные дачи, наравне с оброчными статьями, отданы под переселенческие участки; лесу киргизской степи грозит совершенное истребление. Впрочем, когда горит дом – бьют стекла.». [30].

Міне, Әлиханның сол кездегі қазақ даласына деген патша үкіметінің көзқарасы, жүргізген аярлы саясаты хақында қынжылыспен, батыл әшкерелеп жазғанын көреміз.

Бүгінде біз егемен ел атандық, Қазақстан Республикасының ата заңы – Конституцияда жер халықтың байлығы, мемлекеттің меншігі деп жарияланды. Алайда мұнымен проблемалар бітті деп айтуға келмейді. Соның бірі орман шаруашылығына да қатысты. Кезінде Ә.Бөкейхан жоғарыда қазақ даласындағы орманды жерді «чрезвычайно бедна» деп атап кеткендей қазірдің өзінде де бүкіл жер көлеміне шаққандағы үлес салмағы 4 пайызға жетер жетпес орманның шешілмеген мәселелері жетіп артылады. Соның бірі кейінгі жылдары орманды жиі өрт шарпыды. Ол бір кезде, яғни бұдан тура 100 жыл бұрын Әлихан жазғандай, қоныстанушыларды орналастыру үшін қажетті жер іздеп жақса бір сәрі, көбінесе қабығы жанып кеткен ағашты кесіп, шет елдерге саудалау үшін әдейілеп жағу үрдіске айналғаны өтірік емес. Оның солай жасалғаны туралы фактілер толып жатыр. Дегенмен кейінгі жылдары орман байлығына, көзқарас бұл саланың болашақ ұрпақтар үшін қаншалықты маңызды, әсіресе экологияға тигізер әсері зор екендігі ескеріліп, дұрыс жолға қою мәселелері қолға алынды. Орман шаруашылығының дамуына бертінде қабылданған Орман кодексінің алатын өзіндік орны бар. Кейінгі жылдары республикамызда орманды сақтау мен өндіруге бағытталған үкімет деңгейіндегі шаралар жүзеге асты. Мысалы, Ертіс өңіріндегі қарағайлы ормандарды сақтап қалу үшін 2002 жылы екі мемлекеттік табиғи орман резерваты «Семей орманы» (Семей) және «Ертіс орманы» (Павлодар) құрылды. Сөйтіп, бұл ормандарға ерекше қорғалатын табиғи аймақ статусы берілді.

Алайда, мұнымен іс бітті деуге келмейді. Әлі де болса заң бұзушылық, шешілмей келе жатқан мәселелер бар. Соның бірі ағаштарды саудалау. Бұл 1995-1996 жылдарда Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдерде ағашқа деген сұраныс өсіп, түбі көрінбейтін нарық пайда болды. Осыдан келіп Қазақстанда ағаш дайындайтын, саудалайтын - өткізетін жеке меншік фирмалар көбейді. Жанып кеткен орманды алқаптардағы ағаштарды қалай болса солай кесудің салдарынын 90-шы жылдардың аяғынан бастап ағаш өнімдерін талан-таражға салу, шет елдерге сату белең алды. Ресми деректерге қарағанда соңғы төрт жылда Қазақстан 2 млн. м3 өсіп тұрған ағашынан айырылды. Ақшаға шаққандағы құны (бір кубометрі 42 АҚШ доллары) – 84 млн. АҚШ долларына пара пар. Ал бұл мәселенің екінші жағы – экологиялық жағдайдың асқынуына, яғни құмды дауылдар жиілеп, қуаңшылық белең алып, жерасты суларының деңгейі төмендеп, топырақтың құнарсыздануына әкеп соғуда. [31].

Осындайда Ә.Бөкейханның көрегендігіне таңданасың. Сол заманда ол айтқан орман шаруашылығының проблемалары. Осы саланың бүгінгі күнгі мәселелерімен астасып жатыр. Оның көтерген кейбір күрмеулі мәселелері, әлі де көкейкесті. Сондықтан да шешімін таппаған сондай мәселелерді шешу барысында Әлиханның еңбектерінен де тағлым алсақ артық болмас. Сонымен қатар зерттеулерден шығарған бір қорытындымыз: Әлихан Бөкейханды қазақтан шыққан алғашқы ормантанушы ғалым деп танып, ресми ғылыми айналымға енгізген жөн. Әлиханның ормантану ғылымына қосқан үлесі, еңбектері терең зерттеліп, оқу орындарындағы «ормантану» мамандығы студенттерінің игілігіне айналып, оқулықтарға еніп, тиісінше лайықты бағалануы тиіс.



Сөзімді қорытындылай келе айтарымыз Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазақ тарихында Алаш қозғалысының көсемі, «Алашорда» үкіметінің премьер-министірі болып қызмет атқарған ірі саяси қайраткер ғана емес, сонымен бірге қазақстандағы экономикалық ғылымның қалыптасу және даму тарихынан өзіндік ерекше орын алатын көрнекті экономист-ғалым ретінде аталуы тиіс. Ал оның айқын айғағы, жоғарыда біз келтірген деректер, тұжырымдамалар, дәлелдер негіз болады деп есептейміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет