Материалдары


Список использованной литературы



бет9/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.66 Mb.
#17724
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Список использованной литературы

1 Валиханов Ч.Ч. собрания сочинений. т.1. Алма –Ата, 1961. С.73



Саңқайбаева П.С.-Шәкәрім атындағы СМУ,

Оразымбетова Р.Ж.-Семей құрылыс колледжі
ШОҚАН УАЛИХАНОВ - АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМ
«Шоқан Уалиханов Шығысты зерттеу әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры жайында ұлы және маңызды жаңалықтар ашар деп күткен еді. Бірақ Ш.Уалиханов бар жоғы 30 жасында біздің үмітімізді үзіп кетті»,- деп жазады орыс ғалымдарының бірі Н.И.Веселовский.

Қазақ даласының барлық өмір саласының жарық болуын арман еткен ағартушы дүние келген еді. Ол Шоқан (Мухаммедханафия) Шыңғысұлы Уалиханов еді. Дүниеге келген жері Қостанай облысына қарасты Құсмұрын деген жер. Қазақ даласының тәуелсіздігімен бірлігі үшін күрескен қазақ тарихында ерекше орын алған Абылай ханның ұрпағы еді.

Ағартушы ғалымның дүниеге келген ХІХ ғасырдың 40-60 жылдары қазақ елінің ресей империясының отарына толық айналып, өктем жұрт жергілікті халықты қанап-шаншып, бұратана халықты шылауына айналдырды. Шоқан Уалиханов шыққан орта сол заман ағымына бейімделген ел аралық қарым-қатынасты «адал ниетпен» сақтаған орта.

Шоқан өз заманында –ақ әке – ана ақылымыен орыс мектебінде білім алып, оқуын Сібір әскери училищесінде жалғастырған көзі ашық, көкірегі ояу ағартушы болды. Өз кіндік қаны тамған жері Құсмұрында аға сұлтан қызметін атқарды. Ал әкесі Шыңғыс ел басқарудың алпыс айласын меңгерген дипломат, жұртқа өнері ісімен өзін сыйлата білген, төңірегіне жұрт үйрілген сөзге шешен, ақылға даңғыл, парасатты, кісілік мол адам болған еді. Ендеше Шоқанның ел тарихында ағартушы – ғалым болуына тәрбие көрген ортасының тәрбиелілігі әсер еткені мол болған-ды.

Әсіресе сыртқы келбеті ішкі жан дүниесімен үйлескен алғыр, тәкаппар жан Шоқанның тәрбиесіне зор еңбек сіңірген әжесі Айғанымның өзіндік назары ерекше болды. Әжесі Айғаным Шоқанның халықтың бай ауыз әдебиетін, ертегі аңыз-әңгімелері мен халықтың жыр-дастандарын терең білген қымбат қазыналы жылы жүректі жан еді.

Бала Шоқанға ежелден қалыптасқан үрдіс бойынша «жеті жұрттың тілін біл» деп халықтық дәстүрмен басқа халық мәдениетін құрметтеуге үйреткен-ді. Айғаным әженің бала тәрбиесіне деген көзқарасынан халық дәстүрінің адамның өмірінде алатын орнының ерекшелігін байқаймыз. Алдымен өз тарихың мен мәдениетіңді сонан соң басқаның дәстүрін құрметтеу ағартушы Шоқанның қоғамдық өмірге араласуындағы жағдайлардан артына қалдырған тарихи мұраларының мазмұнынан да көреміз.

Тумысынан қабілетті, ынталы Шоқан Уалиханов орыс тілін де еркін меңгеріп, сабақтас достарын басып озды. Әрине оған себеп болған ағартушы Шоқан Уалихановқа білім-ілім берген озық ойлы ұстаздарының ерен еңбегінің нәтижесі. Ендеше «ұстаздан шәкірт озса» деп айтылған сөз қазақ халқының ағартушы –этнографы, саяхатшы ғалымның рухани кемелденуіне, мол білім алуына жағдай тудырып, оның бойына ағартушылық, отаншылдық сезім дәнін бергендігін көреміз.

Оқу орындарында оқып, білімін тереңдету Шоқанның көкейіндегі басты арманы болатын. Бірақ оған сол кездегі, яғни ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы орыс мемлекетінің қазақ жеріндегі отарлық саясатының жағдайы, әр түрлі обьективті себептер мүмкіндік бермеді.

1859 жылы Шоқан Уалиханов Петербургке келіп, университетте лекция тыңдап, білімін толықтыруға, Ресейдің саяси-әлеуметтік өмірімен жіті танысып, демократиялық – ағартушылық көзқарасының айқындалып, ғылым жолына сарыла түсуіне қолайлы сәт туады. Алайда, Омбы кадет корпусында оқып жүргенде өкпесіне жабысқан «құрт ауруы» келе-келе ұлғайып, 1861 жылы туып өскен сахарасына қайтып оралуға, қолы зорға жеткен арманынан қол үзе тұруға мәжбүр еткен.

Шоқан Уалиханов өз бетімен энциклопедиялық білім алған. Бірақ Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай қазақ ғалымының сенімдеріне елеулі ықпал етті. Ағартушы ғалым Шоқан Уалиханов өзінің қысқа ғұмырын қазіргі заманға Орталық Азияның түркі халықтарының – қазақтардың, қырғыздардың, өзбектердің, ұйғырлардың және басқа да халықтардың тілдері мен әдебиеттерінің тарихын зерттеуге арнады.

Шоқан Уалиханов осыншалық биікке көтеріліп, өз халқының ағартушы-ғалымы атануы үшін екі бірдей қайнар бұлақтан сусындап нәр алған болатын. Оның ең біріншісі - өзінің алғашқы әліппесіндей болған әжесі Айғанымның тәрбиесімен бойына сіңген бай ауыз-әдебиеті, екіншісі – шығыстанушы орыс ғалым-достарының шығармашылық байланыстары.

Ш.Уалиханов Орта Азия мен шетелдік Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениетімен айналысты. Оның «Қырғыздар туралы жазбалары», «Қазақтардағы шамандықтың қалдықтары», «Қырғыздың шежіресі», «Қырғыздардың көші-қоны туралы» еңбектерінде қазақ халқының тарихы, этнографиясы, мәдениеті, олардың тұрмысы, дәстүрлері туралы өте көп дерек жинақталған.

Ағартушы-ғалым халықтың ауызша әдебиетінде өмір салты, дәстүрлері мен ғұрыптары көрсетілгенін, олардың шығармашылығы жинақтап алғанда «халықтың тарихи және рухани өмірінің толық бейнесін беретінін» бірнеше мәрте атап көрсетті. Өзімен замандас ақындар туралы құнды мәліметтер жинады. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» халықтық эпиқалық поэмасын жазып алды, қырғыздың атақты эпосы «Манастың» елеулі бөлігін орыс тіліне аударды. Әліде Шоқан Уалиханов еңбектері өзінің мәнін әлі жойған емес. Уалиханов жарқын болашаққа тек жалпыхалықтық білім алғанда ғана жетуге болады деп пайымдайды.

Шоқан Уалиханов бойындағы аса зеректік пен ыждаһаттылығын ол Омбы қаласындағы кадет корпусның шәкірті атанған кезден–ақ мұғалімдері ерте мойындаған. Кадет кітапханасындағы барлық құнды кітаптарды аса тыңдырымдылығымен танысқан Шоқан Уалиханов Орал, Еділ, Каспий алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П.С.Палластың осы өңірдің тарихы мен этнографиясын зерттеген П.И.Рычковтың еңбектеріндегі мәліметтер ғалымды саяхатшылыққа құлшындыра түсті. Осындай мақсаттың шыңына жету үшін Шоқан Уалиханов шет тілдерін (француз, неміс) сурет салу, карта сызу өнерінде қатар меңгерген.

1853 жылы кадет корпусын бітірген Шоқан Гасфорттың адьютанты болып орналасқан соң, қызметін атқара жүріп, Орта Азия халықтарының географиясын, этнографиясын зерттеуді қолға алады. 1855 жылы Орталық Қазақстанда, Жетісу, Тарбағатай өңірінде болып, ол жерде халықтың тарихын, әдет-ғұрпын, діни-наным сенімдерді хатқа түсіреді.

Осындай тынбай жасаған зерттеу жұмысына қызығушылығы Шоқан Уалихановтың ағартушылығы мен ғалымдылығын басқа ұлы халықтың ғалымдары да оң қабақ танытты. Тіпті Еуропаға «айдаһар» саналған шығыстағы Қытай мен Үндістан елдерінің тарихы мен жер жаграфиясын зерттеуге құлшыныс танытқан ғалым Шоқан уалиханов қана қол жеткізген. Ендеше ағартушы ғалым Шоқан Шыңғысұлының қол жеткізген арманына бүгінгі қазақ елінің ұл-қызыда жол салары қақ. Олай дейтініміз ғалымдар салған сара жол бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың болашағының жолы емеспе.

Ыстық көл мен Қашқарияға, Құлжа сапарларындағы барлау жұмыстарын жемісті аяқтаған Ш.Уалиханов маңыздылығы бар көптеген мәліметтер жинақтап қайтады. Сапардың қортыныдысына риза болған Орыстың Жағрапиялық Қоғамы П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен В.И.Ламанскийдің ұсынысы ескеріліп, осы қоғамның мүшелігіне қабылдануы ғалым мен бүгінгі қазақ халықының абройы үшін баға жетпес ризашылық еуге болады. Бұл шындығында ғалымның ғылыми іздемпаздығына берілген аса зор бағасы .

Әрине барлық жасалған, жоспарланған істер оңды жолмен шешімін тапты десек те, көптеген қиыншылықтар да кездесті. Бірақ құдай оңдап табысты аяқталды. Шоқан Уалихановтың бұл өңірді жайлаған халықтың өткендегі тарихы, әскери қуаты, саяси және экономикалық тынысы, сауда-саттық ісі жөнінде бай материалдар алып оралады. Ғалым Шоқан Уалихановтың қиыншылықпен жинаған мәліметтері қазақ тарихының беттеріне толықтыруға таптырмайтын бағалы деректер екендігі сол кезден-ақ байқалған-дыү Өкініштісі заманның ағымындағы солқылдақ саясаттың кесірі өз салқынын тидіргенін де жасырмаймыз. Өткен ғасырдың 90 жылдары ел егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін бұл ағартушы ғалым жазған дерек көздері тарихтың ақтаңдақтарының орнын толтырар жазбалар мен тарих беті ретінде оралып, ғалым Шоқанның көтерген мәселесі ел мәселесі, қоғамның өзектіде халықтың іште кеткен ащы запраны екендігі анықталды.

Қазақтың Шоқан Уалихановы тек тарих бетін толықтыруға арналған материалдармен ғана толықпады, ол өз заманының бай бағалы мұралары: ауыз әдебиетінің: аңыз-ертегілерін, тарихи аңыздарын, халық поэмасының үлгілерін зерттеді. Қазақ халқының жырау-ақындарының шығармашылығына, халық өнеріне жаны тәнті болды. Көшпелілердің жанын жайлау еткен, өзі де өнерлерін тамашалап, сұхбаттасқан дала жүйріктерінің жақсы дүниелерін қағазға түсіріп өнердің дәмдісін кейінгі болашаққа аманат етті.

Шоқан Уалиханов халық поэзиясының ойлылығына, оттылығына, көркемдігіне қатысты мағлұматтарды, этнографиялық өрнек пен басты белгілерді, көненің айғақты жұрнағын іздеген.

Замандастары Шоқан Уалихановты «Қазақ туралы жазатын орыс әдебиетшісі» дегенде, оның зерттеу еңбектерінің кестелі тіліне, образ байлығына, сөз бояуына, айшықты поэзиялық құнарына қарап бағалап, тәнті болған. Ш.Уалиханов қазақ, қырғыз халықтарының әдебиеттерінің көшбасшы-зерттеушісі болған ағартушы-ғалым.

Шоқан Уалиханов қамшының сабындай қысқа ғұмырында артына тарих, әдебиет, археология, этнография, эстетика, философия, экономика, құқық, геодезия, музыка т.б. ғылымдар саласында елеулі еңбектер қалдырған біртуар ғалым.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Г.С.Умарова, С.Ғ.Шарабасов Қазақ әдебиетінің тарихы А, 2007

2.С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов Қазақ әдебиеті. 1 бөлім, А, 2007

3.М.Чапай .Қазақстан тарихы А, 2002

4.Ш.Уалиханов шығармалары А, 1983, 1-том

5. Внеклассная работа в школе 4/2005 «Степная звезда» 50-52 беттер



Абенова Г.А., к.и.н., и.о. доцента кафедры истории

Байпеисова Г.М., доцент кафедры истории

Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета


ЭТНОГРАФИЧЕСКОЕ НАСЛЕДИЕ ЧОКАНА ВАЛИХАНОВА
Этнографическое наследие Чокана Валиханова составляет большое количество фактических материалов, собранных в экспедициях по Средней Азии, Казахстану и Восточному Туркестану.

Ч. Валиханов, как ученый и просветитель, мировоззрение которого сформировалось под влиянием идей Белинского, Герцена, Чернышевско­го, не мог примириться с господствующим мнением западных буржуаз­ных ученых насчет нежизнеспособности азиатских народов. Он поставил перед собой задачу объективного научного исследования истории казахов и народно­стей Средней Азии, Китая, которое могло дать мировой науке реаль­ную картину жизни и быта этих народов.

Валиханов придавал большое значение полевой этнографии, изучению источников. Он внес большой вклад в изучение быта казахского народа. Чокан Валиханов писал, что «народность киргизская не была никогда предметом серьезного ученого исследования, даже дельных этнографических и нравоописательных статей мы не читали, исключая «Описания киргиз-кайсацких орд и степей» Левшина, этого во многом достойного и замечательного труда, но, в некоторых случаях, стоящего ниже посредственности» [1, 105].

Большой интерес представляют высказывания Валиханова о происхождении казахского народа. В работе «Предания и легенды большой киргиз-кайсацкой ор­ды» он приводит несколько легенд о происхождении казахов. В статье «Киргизское родословие» ученый подробно излагает происхождение и места рассечения различных родов, входивших в состав казахской народности. В противоположность взглядам таких ученых, как Левшин, Вамбери, которые утверждали, что казахи как народность существовали с отда­ленных времен, Чокан Валиханов впервые высказал правильную мысль, что казахская народность является очень поздним продуктом истории, что она сформировалась на наших глазах. Взгляды Чокана Валиханова нашли подтверждение в работах Вельяминова-Зернова, Харузина и др. Образование казахской народности, их мнению, происходило также в середине XV века, точнее — в 1456 году. От золотоордынского (узбек­ского) хана Абулхаира отделились два его вассала: Джанибек и Ги­рей — сыновья хана Барака, которые со своими подданными откочева­ли на восток. Это и было началом образования казахского народа. Много материалов в работах Ч.Ч. Валиханова по семейному быту казахов. Они существенно дополняют работы П. И. Рычкова, Г. М. Броневского, А. Левшина и др. Валиханов останавливается на та­ких обрядах, которые не были описаны этими авторами [1, 107].

Большой интерес для этнографов представляют и собранные и описанные Валихановым «Вооружение киргиз в древние времена и их во­енные доспехи», а также легенды. Эти легенды могут послужить ценным источником при исследовании истории казахского народа.

Как этнограф, изучавший быт и культуру народов Казахстана и Средней Азии, Чокан Валиханов занимался исследованием распространения ислама среди кочевых народов, прослеживал влияние ислама на развитие культуры этих народов. В работах «Западный край китайской империи и т. Кульджа», «О состоянии Алтышара, или шести восточных городов китайской провинции Нан-Лу (Малой Буха­рии)» Ч. Валиханов дает описание хозяйства и материальной культу­ры самих китайцев, а также национальных меньшинств Китая, в част­ности дунган, уйгур, сибо-солонов и др. Он не просто фиксирует мате­риал, а дает подробную историю, этнографию этих народов, лингвисти­ческую характеристику их языков [2;97].

Ценный этнографический материал содержится и в его зарисовках. Валиханов является автором иллю­страции к статьям Г. Н. Потанина (рисунки нотрусом соколиных на­глазников- тамга, соколиных постаментов - тугур, барабанов - даулказ, пороховниц - куты, ружей и др.). В1861-1862 гг. Чокан поме­шал свои зарисовки из быта казахов в журнале «Иллюстрация» и в из­дании Русского географического общества. Некоторые рисунки были помещены в его сочинениях, вышедших в 1904 году под редакцией Веселовского, вошли в «Избранные произведения», вышедшие в 1958 го­ду, а также в Собрание сочинений, т. I, 1961 г. Все эти рисунки, выпол­ненные пытливым путешественником с большой добросовестностью, яв­ляются уникальными по своему содержанию. Они дают представление об одежде, обуви, головных уборах и украшениях казахов того времени, домашней утвари, кочевом и оседлом жилище и многом другом. Автор показал и социальные различия, зарисовав вещи бедных и богатых ка­захов [1, 117].

По отзыву современных исследователей, его рисунки «далеки от сухих, бесстрастных этнографических рисунков, лишь поверхностно изо­бражающих быт народов, лишь внешне фиксирующих детали костюмов, особенности жилищ, местности и разнообразие типов. Все графические работы Валиханова исполнены с большим творческим волнением, в них чувствуются глубокое знание изображаемой жизни и ярко выраженные демократические симпатии художника».

Труды Чокана Валиханова по этнографии являются ценным вкла­дом в историческую науку. Валиханов был полевым этногра­фом. Он собирал этнографические материалы путем контактов с представителями народных масс. Нужные сведения черпались им также из письмен­ных источников, местных официальных документов, древних грамот и книг. О способах сбора материала сам ученый писал: «...сведения, со­бранные во время путешествия, состоят, во-первых, из личных моих на­блюдений; во-вторых, из сведений и материалов, полученных от людей, достойных вероятия и проверенных другими показаниями, и, наконец, из письменных источников, полученных от купцов, чиновников, из ту­земных официальных документов и книг». Валиханов собрал и разные реликвии. Кроме литературных источников, Ч. Валиханов широко и плодотворно использовал архивные и рукописные материалы. Чокан Валиханов впервые применил комплексный метод исследования, включающий в себя этнографи­ческие наблюдения, антропологические изыскания и художественные рисун­ки. Данный подход подразумевает объективный анализ конкретно-исторических факторов, определивших характер и специфику изучаемой проблемы, и системную обработку доступных исследователю исторических источников и литературы.

Валиханов стремился до­вести до научного мира новые, неизвестные его современникам мате­риалы, «что было пропущено или не замечено предшествовавшими исследователями».


Список использованной литературы:

  1. Валиханов В.Н. Этнография в кругу научных интересов // Ученые записки КазГУ им. С.М. Кирова, серия историческая, т. LIV,вып 12.

  2. Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984-1985.



Ибрайымова Ж.М.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 3 - курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы, ф.ғ. к. Ә. М. Жұмағұлова
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ

СУГГЕСТИЯ МЕН МАГИЯ КӨРІНІСТЕРІ
Тіл білімінде сөзбен адамды сендіру, иландыру тіпті ұйытып тастау сияқты тілдік қасиеттерді суггестия деп атайды (суггестия – қатты сендіру деген мағынада). Мұндай тілдік фактілер қазақ ауыз әдебиетінде біршама жиналып, әдеби жанрлық ерекшеліктері жағынан зерттелген. [1,80б.]. Қазақ мәдениетінде суггестия құбылысын түрлі тілдік деректерден көре аламыз. Ол бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналардың өз бөбегіне деген, оның ертеңіне деген сенімі ұялаған бесік жырынан бастап, сәбиге ат қоюда, ел ішіндегі дау-жанжалды шешуде, алғысы мен тілегін берудегі ақсақалдар мен абыздардың шешендік сөздерінде, бата сөздерінде, халықты емдеу, діни сенімдерді жүргізудегі бақсы, шамандардың әрекеттерінде, түс жору, құмалақ ашуда, табу, ырым – тыйым сөздерде, тіпті кез келген зат, құбылыс атауларынан (өсімдік атаулары, космонимдік атаулар, табиғат амалдары, т.б.), сандар жүйесінен, түрлі әдет-ғұрыптар мен салт – жоралардан байқалатыны сөзсіз. Ал сөздің магиялық күші ерте кездерден-ақ әр түрлі жөн – жоралғы, рәсімдерде: алғыс, бата, қарғыс, жалбарыну және т.б., сондай-ақ емдеу мақсатында арбау, құрт шақыру, көшіру, бақсы сарыны, бәдік мәтіндерінде қолданылып келді. Біздің білуімізше сөзге табыну ерекше орын алатын мифологиялық дүниені қабылдау таңбасы өте ұзақ уақыт, тіпті бізге дейін сақталып отырғаны белгілі.

Ш.Уәлиханов өз шығармаларында қазақ киелі лексикасындағы кейбір сөздердің этнографиялық сипаттарын, сондай-ақ қазақ магиялық фольклорының жекелеген жанрлары туралы деректер келтіріп кетеді. Ол, мысалы, арбау туралы былай дейді: «Чтобы обворожить, заставить кого –нибудь любить себя, или, как говорят киргизы «вскружить голову (бас айналдыру)», прибегают разным заговором (арбау). Замечательны между ними чары на след…, о которых упоминаются в русских сказках (ведьма Марина Добрыне Никитичу). Большей частью заговоры делают на сахаре или изюме, который потом дают кому надо. Чародейство, колдовство у киргизов носит разные названия: во-первых, арбау (от него арбын, у дикокаменных киргизов, и арбаучи, у кайсаков. У кайсаков арбау называется по преимуществу заговоры, а арбаучи-люди, имеющие способности посредством заговора освобождать человека от чар, от болезней и проч. Для того, чтобы излечить человека от ужаления змей, киргизы, хватают живую змею и заговаривают ее. Если заговор был действителен, то змея должна тут же умереть. Вообще первоначальное значение этого слова заговор» [2, 281 б.]



Шоқан Уәлиханов шығармаларынан суггестизм құбылысын "отқа" байланысты көптеп кездестіре аламыз. Мәселен, отқа байланысты От - әулие, От – емші. От - шамшырақ, От - аластаушы құрал, От - шырақ деп бөліп қарастыруға болады.

От - әулие. От әулие киелі болып саналады...Ошақтағы отты басуға немесе түкіруге болмайды. Қарғыс ұрады...Жаңа түскен келін әуелі өз отауына кірмес бұрын, атасының үйіне кіріп, тағзым етуге тиіс, содан соң қалыңдық, отына бір қасық май тамызуы керек. Бұл ырым - кәдені "отқа май құю" дейді. Жас келін сәлем еткенде "аруақ разы болсын" деп, тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді. Отқа тамызған май жанып отқа қыздырып, келіннің бетін сипайды. Үлкен үйдің отының құрметіне деп, қалыңдық атасының иығына шапан жабады, осы деген белгі беріп: "иін қандырып илеген тулақтай, мінезің жұмсақ болсын қарағым" деп батасын береді. Қалыңдық босағаны аттай салысымен тізе бүгіп, сәлем етеді; содан соң қалыңдықты ошақ жанындағы жұмсақ тулаққа отырғызады, келіннің мінезі илеген тулақтай, жұмсақ - биязы болсын деп .., содан кейін ошақтағы отқа май тамызады, сол кезде жас келін отқа еңкейіп: от ана, май ана, шапағыңды тигізе көр... Жас нәресте дүниеге келгенде де, дәл осылай баланы отқа жақындатып, жалбарынады. Қазақтар отты қасиетті деп санайды: отқа түкіруге болмайды, сондай-ақ үстінен аттауға да болмайды. Тіпті өшіп қалған ...да аттауға болмайды, Қазақтар, шектен шыққан, шәлкес адамдарды...Отқа табынып, оттың қаһарынан қорыққан, сол оттың қаһарымен анттасқан... Жан беру (уәде, серт беру, ақырғы уәдесін беру, ақырғы сөзін беру) немесе жан сөзін (ант) беру үшін екі жерден от жағып, кінәсі бар адам сол екі оттың арасынан өтіп бара жатқанда, кісіні атып өлтірген мылтық оқпанынан сүюге тиіс. [3,154б.].

От - емші. Отпен емдеудің бір түрі: малдың жеті мүшесінен жеті жапырақ ет кесіп алып, отқа қақтап ауырған жерді қыздырады (әсіресе сарп ауруында). Осындай отпен емдейтін аурулардың қатарына сарп та жатады. Сарп кезіндегі - аяқтың сырқырап ауруы, қазақтардың ұғымында, ескі жұртта абайламай жүргеннен, Монғолдарда да дәп осылай ұғынады. Тіпті, осы сарпқа байланысты монғолдарда аңыз бар: Иргене-хон қойнауынан шыққанда қоңыраттар, басқа, қарсылас тайпалардың асылдарын таптап, содан аяқтары қақсап - сарп ауруымен ауыратын болған деседі. Аурудан тазарту үшін отқа жез шөмішті қып-қызыл етіп қыздырады, сонан соң қызған шөмішке май құйып, көк шүберек салады, шүберек пен май тұтанып жанғанда, шөмішті аурудың бетіне жақындатып, шөмішке суық су құяды, осы кезде шөміштен қатты бу шығады. Емдеудің бұл түрін желұшық (желмен ұшықтау, ырымжоралық емдеудің түрі) дейді. Жаңа туған айды көргенде үш рет тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінажат етеді де, сол мінажат еткен жерденшөп жұлып алып, жанып жатқан отқа тастайды. Көптеген аурулар оттың киесінен болады деп түсініп, сондықтан оттың киесімен емдейтін болған [3,154-155б.].

От - шамшырақ. Адам өлгенде аруағына арнап, қырқына дейін қырық күнде, әр күн бір шырақтан қырық шырақ жағады, немесе әр күнде он шырақтан төрт күн шырақ жағады. Шырақты оң босағаға жағады. Шырақ жағу себебі, өлген кісінің аруағы қырық күнге дейін үйіне келіп, балаларының жай-күйін біліп жүреді. Сондықтан күн батып, қараңғы түскенде есікті айқара ашып, босағаға ақ киіз төсеп, бір тостаған қымыз қояды, өстіп өлген адамның аруағын күтеді. Үйдегілер өлген адамға құран оқып, тостаған қымыз қойып, шырақ жағады. Аспандағы әр жұлдызды, әр адамның жаны деп түсінеді. Егер бір жұлдыздың ағып түскенін көрсе "Менің жұлдызым жоғары!" деп, екі рет айтады. "Жан біреу-ақ, ерте ме, кеш пе, тірі пендеге бір өлім бар деп мінажат етеді"[3,155б.]

От - аластаушы құрал. Отқа табыну, бұл жөнінде Банзаров өте дұрыс пікір айтқан: "шаман дініндегі халықтар отқа табыну ғұрпын парсылардан алған, көк тәңірі, Хормуздағыдай". Жақсылық және жамандық тәңірі, отқа табынушылық, мүмкін, шамандық өнердің өзі де (тек шамандық қана емес) парсылардан келген шығар, аспан туралы дулизм ше: аспанның көгі - материя, ал мәңгілігі - тәңірі...Барлық шамандық салттың ішінде, отқа табыну қазақтарда әлі өз күшінде. Қазақтар отты әулие деп санайды, осы әулие атауымен мұсылман тақуаларын да атайды. Аса жоғары құрметтеудің белгісі ретінде, қазақтар монғолдар сияқты отты - ана деп атайды. Отта тазартушы қасиет бар деп түсінеді, екі оттың арасынан өткізіп тазартады, осы тазартуды қазақтар аластау дейді. Қыстаудан көшкенде, олар көшті екі оттың арасынан өткізеді. Ел алдында ант берген адам да отпен тазалануға тиіс. Қазақтарда от үйдің киесі, шамшырағы, сондықтан да жаңадан түскен жас келіншек үлкен үйдің отына тағзым етуге (сәлем етуге) тиіс. Бұл салт (жаңа түскен жас келіншектің отқа тағзым етуі), монғолдарға неке қию үрдісінде жасалады. Монғолдарға қарағанда, қазақтардағы отқа табыну үрдістері ұмтыла бастағаны сезіледі.

От - шырақ. Отқа құрбандық ретінде, қазақтарда май қолданылады. Ал, құрбандық шырақтары немесе балауыз шамдар ақ мақтадан, не қытайдың көк түсті қағаз матасына май сіңдіріп, ортасына шиден жіңішке сабақ қойып жасалады. Шырақтың ұзындығы бір шынтақ болады. Мақтадан жасалған шырақтар өлген адамның ғана басына қойылады, әр күнде оннан, төрт күнде қырық шырақ жағылады. Кейбір ауруларды шаман емдегенде де ақ және шырақтар үштен жетіге, тоғызға дейін қойылады [3,176;177;178б.].

Сөздің магиялық күшіне деген сенім јлем халықтарының басым бөлігінде магияның қолданылуының негізі болып отыр. Басқаша айтқанда, магиялық мјтіндерде қамтылған суггестиялық лексика – ауруды қуу, көз тию, дуалау, зиян келтіру немес жол ашу, яғни «бір нәрсеге жағдай жасау» тәрізді белгілі бір мақсатты көздейтін магиялық, жоралғылық іс-әрекеттерді қамтитын сөздер. Жоралғы магиялық әрекет пен сөздің бірлігін білдіреді, мұндағы сөз магиялық, табиғаттан тыс болып табылады. Ат (есім) заттың жұмбақ қасиетін, мјнін білдіретін болған: атын білу деген сөз – аты аталған затты билеу, оған өктемдік жасау: атын атау – жасау, тірілту, жою, меңгеру дегенді білдіреді.

Ш.Уәлиханов былай деп жазады: «Қазақтарда арбау – дұғалау, дуалау, сиқырлау, ал арбаушы – дұға оқу арқылы жазылған, ауырған адамдарды айықтырушы – емші. Адамды жылан шаққанда, уын қайтару үшін қазақтар сол шаққан жыланды ұстап алып арбайды. Егер арбау әсерлі болса, жылан сол жерде өлуге тиіс. Арбау сөзінің шыққан төркіні де, ертеде мағынасы да дұғалау, дуалау болса керек» [2, 290 б.]. Ш.Ујлиханов өзінің «Тәңірі (Құдай)» атты тағы бір мақаласында «бал ашу», «жауырыншы», «елті» туралы жазады: «Бал ашушылар. Барлық бақсылар қамшыны екі саусағының арасында «тепе-теңдік» көрсете жүріп сөйлейді – бал ашады. Бақсылардың бәрі де балгерлер. Рухы бар, жоталы әйелдерді елті деп атайды, олар да бақсы. Жауырыншы балгерлер қойдың жауырынымен, құмалақпен бал ашады. Қойдың құмалағын ретімен қояды, олардың саны қырық бір болуға тиіс. Жауырынмен бал ашу және қырық бір құмалақпен бал ашу – қазақтар арасында ең кең тараған балгерліктердің түрлері» [2].

Ш.Уәлиханов: «Бақсының жын-рухтарының аттары болады, жекелеген индивидиум ретінде қажет кезде өз бақсыларының алдында; әйел, шал, қожа және қыз бейнелерінде кеп тізіліп тұрады, олар сары қыз деп аталады» [2, 292 б.]. Жындардың киелі аттары бірқатар есімдер тобын құрайды. Мысал ретінде біз кейбіреуін ғана атап өтеміз: Көкаман, Ер Шойлан, Надыр – Шолақ , Қарабас, Шарабас, Жолбарыс, Қорабай, Досыбай, Тұлып, Қараман, Жирентай, Ақтөбет, Сақтөбет, Дауылбай, Қаплан (Қабылан), Теңгетай, Айқожа, Күнхожа, Ертіс, Барлыбай, Ерқоян, Көбен, Аңғырт, Салғырт, Шалғырт, Шолақ, Орақ, Қабан, Шойтабан, Темірқан, Балқия, Наркүміс, Әтпен, Жіпбике, Нартайлақ, Қарала, Есдәулет, Ақмарал, Телқоңыр, Кержылан, Ерсары, Манат, Апат, Қырғы, Құпырлан, Көбелек, Байғаш, Жалбағай, Ақалмас, Сарыорыс, Сарықыз, Қарамес, Ер Домбай, Сары құс, Қара құс, Айдаһар, Құла ат, Қарт бұра, Жоламан, Термір Шойын, Сораман, Қараман, Тамаса, Толпы, Алып Қара, Айдаушы Қара, Жағалтай, Жарғыш, Шұбар және т.б.

Адамның өзі де табиғат әсерімен өмір кешсе, магиялық көзқарастар, нанымдарда да, жалпылай, не біржақты суггестия құбылыстарын қадірлеу бар екенін байқауға болады. Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа әўмырында қоғамдық ғылымдардың алуан саласында көптеген құнды еңбектерін қалдырды. Соның бірі суггестия, магия көріністері. Жалпы сол заманда бақсылық дін ретінде, дін ілімі тарихында әлі толық ашылмаған, арнайы зерттелмеген болатын. Осынау қазақтың ата – бабасынан жалғасып келе жатқан бақсылық, магия, суггестия құбылыстарының негізгі белгілерін ең алғаш жүйелі түрде, түсінікті етіп, жинақтап зерттей келе ғылымға ұсынған Шоқан болатын. Оның бұл құнды еңбектері басқа ғалымдардың тың зерттеулеріне жол ашты. Ол өзінің осындай баға жетпес асыл мұрасын келер ұрпаққа білгірлікпен түсіндіруші бола білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет