Әдебиеттер тізімі:
1. Әуезов М.О. Халық әдебиеті туралы //Кітапта: Жиырма томдық шығарма. жинағы. 15-т. Алматы:Жазушы, 1984. – 328 б.
2.Әуезов М. Шығармалары. 16-том. Алматы: Жазушы.- 1985. 156-б. (17-том.)
3. Бердібай Р. Сарқылмас қазына. Алматы, «Мектеп», 1983,-246 б.
4.Ж.арықбаев Қ., С.Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы: Санат- 1995. 162-165 б.
5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Астана.- 2007.
6. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Алматы: Ғылым. -1985.
7. Уәлиханов Ш. Шығармалары. (5 томдық.) 1-том. Алматы: Ғылым.- 1984/85.
8. Мұқтарұлы С. Шоқан және өнер. Алматы: Өнер.- 1972.-313 б.
9. Валиханова Г.Ш. Роль Ч.Валиханова в исследовании художественной и нравственной культуры тюркских народов. Алматы: Қазақ университеті, 2001. 15-с.
10.Сейдаханов К. ҚаҺарлы сөз қамал бұзады. Алматы: Ғылым, 1995.-272 б./
Камалджанова Т.А. - кандидат исторических наук, старший преподаватель,
Бимбетова И.К. – преподаватель кафедры истории и права
Семипалатинского государственного университета им. Шакарима
ТВОРЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО УЧЕНОГО Ч. ВАЛИХАНОВА
В 2010 году исполнилось 175 лет со дня рождения выдающегося казахского ученого Ч. Валиханова, внесшего огромный вклад в развитие исторической науки. Имя выдающегося казахского ученого, просветителя-демократа, этнографа и фольклориста Чокана Валиханова по праву занимает почетное место в истории культуры и общественно-научной мысли в Казахстане. Одним из первых среди своих соотечественников он положил начало распространению в казахских степях прогрессивных идей о пользе знания, о необходимости образования для народа, сыграл благотворную роль в укреплении дружбы русского и казахского народов.
Ч. Валиханов оставил после себя обширное научное наследие. Он успел написать ряд важных работ, посвященных истории, географии и этнографии народов Средней Азии и Казахстана.
Научные заслуги Ч. Валиханова как исследователя Средней Азии, Казахстана и Восточного Туркестана по достоинству были оценены мировой наукой. Труды его печатались на русском, английском, немецком и французском языках.
В некрологе, напечатанном в «Отчете Русского географического общества за 1865 год», дается высокая оценка деятельности Валиханова как отважного путешественника и исследователя, беззаветно служившего науке.
Валиханов успел обработать только незначительную часть собранных им материалов, однако и они представляют большую научную ценность. Он одним из первых ученых России проник в малоизученные районы Восточного Туркестана и собрал интереснейшие сведения по географии, истории, экономике, социальному строю, этнографии населения этих районов. Большой интерес представляют также его работы по истории, этнографии и фольклору казахов и киргизов. Основные законченные его работы, а также черновые наброски были изданы Русским географическим обществом в собрании его сочинений. Издание сопровождено двумя статьями его современников — Г. Н. Потанина и Н. М. Ядринцева, содержащими большой материал о жизни и научной деятельности Валиханова [1].
Следует отметить, что хотя этнографические исследования были главной целью и заслугой Ч. Валиханова, однако во всех своих крупных работах он неизменно давал новый материал также и по географии. И в «Очерках Джунгарии», и в «Отчете о состоянии Алтышара...» автор сообщает новые данные об устройстве поверхности, говорит о климатических особенностях, характере растительности, торговых путях.
Другим результатом этих поездок было то обстоятельство, что Чокан Чингизович Валиханов ознакомился с некоторыми главами великого кыргызского эпоса «Манас», записал их, проанализировал, перевел на русский язык, показал, что «Манас» - выдающееся произведение восточной устной традиции, кыргызского фольклора. Причем, Ч. Валиханов назвал «Манас» степной «Илиадой», а продолжение «Манаса» поэму «Семетей» Чокан обозначил, как восточная «Одиссея». Вот так, отдельные главы из «Манаса» были впервые в мире опубликованы на русском языке.
Эти путешествия, обогатившие знания Чокана Валиханова по Востоку, укрепили в нем стремление продолжить свое образование. Ч. Валиханов решил оставить военную службу и ехать в Петербург. В этом он нашел горячую поддержку у своих друзей и знакомых. Ф. М. Достоевский, сразу оценивший, какую огромную пользу своему народу может принести Ч. Валиханов при его одаренности, образованности и высоких душевных качествах, усиленно рекомендовал ему ехать в Петербург, писать о казахах, познакомить передовых русских людей с их жизнью и бытом, служить своей родине «просвещенным ходатайством за свой народ» [2]. Семенов-Тян-Шанский также настойчиво советовал Валиханову ехать в Петербург, прослушать университетский курс по востоковедению, чтобы еще больше обогатить свои знания. По рекомендации Семенова-Тян-Шанского Валиханов, уже завоевавший известность своими путешествиями, в феврале 1857 г., в возрасте 20 лет, был принят в члены Русского географического общества.
В 1858-1859 годах он совершил самое главное в своей короткой жизни путешествие в Кашгар. Под именем купца Алимбая, обрив голову и изменив внешность, Чокан Чингизович Валиханов со спутниками проник в Кашгар, в котором жил пять месяцев. Ему удалось разгадать тайну гибели английского путешественника Адольфа Шлагинтвейта, несколькими месяцами ранее него пришедшего в Кашгар из Индии, и погибшего от руки местного феодала Якуб-бека. Ч. Валиханов вывез из Кашгара много интересных статистических и исторических сведений, которые были опубликованы в «Записках русского Географического общества» в виде двух статей: «Очерки Джунгарии» и «Описание Кашгара или Алтышара». Алтышара, правильнее «Алтышахар», то есть «Шесть городов», в те времена так назывался Восточный Туркестан, неизвестное европейской географической науке государство [3].
При оценке заслуг Валиханова в области географии необходимо также учесть его картографические работы и особую важность составления новых карт Средней и Центральной Азии.
Для Валиханова характерна глубокая любовь к своему народу, его трудовым массам; именно эта любовь и позволила ему правильно увидеть единственную возможность развития его родного народа в тесном общении с Россией, с передовой русской демократической культурой. Мировоззрение Ч. Валиханова складывалось под влиянием демократических и материалистических взглядов передовых русских людей его времени. В своих работах, затрагивающих вопросы религии,— «Следы шаманства у киргиз», «Записка об исламе» — Ч. Валиханов стоит на рационалистических позициях и неоднократно подчеркивает реакционную роль ислама в истории народов Азии. Он глубоко сочувствовал народным массам и причины их возмущения видел в угнетении их завоевателями и господствующими классами своего народа. Вместе с тем, в силу ряда объективных причин, Валиханов не смог подняться до уровня революционных идей. Он оставался «просветителем», а возможность социальных преобразований видел лишь в реформах, проводимых сверху.
Как известно в архивах Казахстана и СНГ сохранилось значительное количество научных материалов Валиханова, многие из которых оставались неизвестны его биографам и издателям: дневники 1854—1859 гг. исследования по истории казахов и других среднеазиатских народов, записи легенд, карты, планы, чертежи и многочисленные зарисовки. Большую ценность представляют генеалогические таблицы казахских родов, рукопись на уйгурском языке «Очерки истории Кашгарского края» и около 15 географических карт восточных областей Казахстана, Центральной Азии и др. Изучение и использование научного наследства Валиханова — важная задача казахстанских ученых.
Память о Чокане Валиханове верно хранили его друзья Г.Н. Потанин, Н.М. Ядринцев, Г.А. Колпаковский, И.И. Ибрагимов, Н.Ф.Усов. В 1881 году они при содействии архитектора П. Зенкова установили на могиле Чокана мраморную плиту, которую привезли из Екатеринбурга.
В память о великом сыне казахского народа в Кербулакском районе Талды-Курганской области в 1958 году был сооружен обелиск на его могиле (авторы М. Ващенко, П.Усачев), а в 1979 году установлен памятник (авторы Ю. Рукавишников, Н. Милидов).
Много сделано по увековечению его творческого наследия, пропаганде его научных трудов. Именем великого ученого названы институт при Национальной Академии наук РК (Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова), район в Кокчетаве, улицы в городах Республики Казахстан, сооружены памятники в областях, городах, районах страны.
Список использованной литературы
1 Валиханов Ч.Ч. Сочинения. «Записки Русского географического общества». Отделение энтографии, 1904. - Т. 29.
2 Достоевский Ф. М. Письма. Т. 1. 1928. с. 200-201. - Письмо к Ч. Ч. Валиханову из Семипалатинска от 14 декабря 1856 г.
3 Валиханов Ч.Ч. Статьи. Переписка. - Алма-Ата, 1947. с. 110.
Канапьянова Г.М., тарих магистрі, Тарих кафедрасының оқытушысы
Ноғаева Н.М., Тарих кафедрасының оқытушысы
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қ.)
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Әр ұлттың тарихында үздік шығатын ғажайып таланттар болады. Ғасырлар санап та, әйтеуір ұзақ сағындырып дүниеге келетін ондай перзентін қазақ халқы біртуар деп атайды. Қазақ халқының ой дүниесінде аз жасап, көп іс тындырған Шоқан Уәлиханов халқымыздың сондай біртуар перзенттерінің бірі. Халқымыздың дара туған ұлы Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырдың тұңғыш ғалымы, ғажап ақыл – ойшылы, зор талантты дүние жүзі ғылымында өзіндік үлкен орны бар ірі тұлға. Барлық ғұмыры нысаналы, тағдыры - мұхиттың дәмін білуге болатын тамшыдай еді. Жарқ ете қалған бейнесі әлі де болса ұрпақпен үндесе бермек. Өз заманында жарқырап шыққан ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұралары – тарих, этнография, география, бейнелеу өнері, әдебиет, фольклор, нумизматика және археология саласындағы еңбектері Азия халықтарының өмірін зерттеуде аса құнды дүниелер болып есептеледі.
Дегенмен де, қазақ халқының ұлы ғалымы, ойшылы Шоқан Уәлиханов сынды ардақты адамдардың мағыналы өмірі мен мазмұнды мұрасына қатысты көптеген жайлардың жұмбақ сырлы мәлімсіз жақтары бар екендігі де дәлелді шындық.
Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын ең алғаш кең зерттеген отандық ғалым.
Ғалымның көптеген шығыс, батыс халықтарының тілдерін білуі әр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты ашуға кең мүмкіндіктер туғызды. Шоқан өз ойларын дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Абылғазының «Түрік шежіресі» атты белгілі кітабына жүгінеді. «Түрік шежіресін» толықтыра түсу мақсатында ол «Қазақ шежіресі» еңбегін жазады. «Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны ... күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз – орыс жылнамалары біздің сөзімізді растайды» - деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін: шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шыңдағанын, аңыз-әңгімелерде, мақал-мәтелдерде, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын билер сөзін халық ұйып тыңдайтынын, ол нақты сөздер өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған. Зерттеуші тарихи аңыздарды тарихи деректердің жаңғырығы деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан.
Тарихи аңыздарда айтылған Шыңғысхан, Александр Македонский,. Тоқтамыс, Әмір Темір сияқты адамдардың өмір сүрген дәуірлеріне барлау жасаған ойшыл өз зерттеулерін Геродот жинаған тарихи аңыздармен салыстыра қарайды. «Профессор И.Н.Березинге хат» деген еңбегінде ол Тоқтамыс, Орақ мырза, Ер Көкше, Ер Қосай туралы аңыз-дастандарды, Көшім, Орысханға қатысты аңыздарды жіліктеген, сөйтіп қазақ халқының арғы тарихына үңілген.
Шоқан көшпелі монғол және түрік тайпалары өздерінің отырықшы ағайындарына қарағанда өте көп білетінін, бұлардың аңыздары ертеде пайда болғанын дәлелдейді. Адамның ата-тегі туралы аңыздарды, шежіре деректерін, қырғыздардың арғы анасы жөніндегі аңыз мәліметтерін 1246 жылы монғолдардың Күйік ханына барып қайтқан Плано Карпинидің мағлұматтарымен салыстырады, олардың түп-төркінің ұқсастығын көрсетеді.
«Аңыздардың өте маңызды бөлімі шежіре жөніндегі аңыздар болып табылады, - деп аңыздың бұл түрін Шоқан аса жоғары бағалаған. Ру тұрмысы осы аңыздарға негізделген... Бұл жөніндегі аңыздардың маңызды болатын себебін – олар бір халыққа жататын руларды және халықтың құрылуын анықтайды. Қазақтардың, өзбектердің және ноғайлардың шежірелеріне қарағанда олар Алтын орда мен Шағатай ордасы құлағаннан кейін, түріктер мен монғол тұқымдарынан құралған одақ екендігі байқалады».
Ғалым өзінің «Жоңғар очерктерінде» халық аузындағы нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпын айқынырақ жазған: «ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Ондай нақыл сөздер: не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, ғұрып аңыздары ретінде қариялар аузында қаиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады».
Аңыздарда әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ тарихи тұлғалардың бірі, ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы Шоқан Уәлиханов қысқа болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр халықтың жазба мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяндағанда Қорқыт Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады. «Жоңғар очерктерінде» Қорқытқа байланысты ертегі, жырлар территориялық және тіл жағынан жақын халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізетінін айтады.
1855—1856 жылы қыста Шоқан өз қызметін атқарумен бірге Қазақстан мен Орта Азияның тарихы жөніндегі әр түрлі түпнұсқаларды зерттейді, қазақ хандары мен сұлтандарының тегі, генеологиясы туралы кесте жасайды. Ұлы жүз қазақтарынан жинаған мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударады. Ұлы жүзді басқарудың жаңа құрылымының жобасын жасауға көп күш және уақыт жұмсайды.
Ш.Ш. Уәлиханов 1857 жылы 1 ақпанда, орыстың көрнекті ғалымдары П.П. Семенов-Тянь Шанский және Е.И. Лабанскийдің бастамасымен Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды. Олар жазған кепілдемеде былай делінген: «...Ыстық көлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, онда қырғыз даласы туралы бай географиялық, этнографиялық және тарихи материалдар жинаған поручик... Шоқан Уәлиханов императорлық Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайлануын жөн көрдік».
Шоқанның нағыз болмыс-бітімін оның өзі жазған еңбектері айқын танытады. Ғалымның туған жер тарихы, көне шежірелер, халық тағдыры, сахара көшпенділерінің өткен дәуірдегі мәдениеті туралы зерттеулерін, баға жеткісіз саяхатнамаларын оқып отырғанда сан-салалы білімді, кең танымға ие зерделі жанға кезігеріңіз хақ. Шоқанның «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты қолжазбалары, «Жоңғар очерктері», «Қашқар сапары жайлы» жазғандары жиырмадан жаңа ғана асқан жігіттің қаншама үлкен істер атқарғандығын жарқырата ашатын, аса бағалы еңбектер.
Шоқан этнограф ретінде халықтардың рухани және материалдық мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты.
Шоқан Уалихановтың ғылыми шығармашылығы Орталық Азияда жасаған экспедицияларының барысында жинақталған бай тарихи – этнографиялық материалдардан тұрады. Оның мақалалары, очерктері, күнделік жазбалары көшпелілердің тұрмысын, олардың әдеп – ғұрыптары, аңыздары мен өлең – жырларын сипаттап мазмұндайды. Осы жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыты этнография болды. Барлық экспедицияларда Шоқан Уалиханов барған елдерінің жергілікті халқын ден қойып зерттейді. Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын зерттеу арқылы Шоқан Уалиханов сол кездегі тек тұрмыстық санадағы ғана емес, сондай-ақ ғылыми ортада орын алған түсініктерді жоққа шығаруға ұмтылды.
Шоқан әдеби мұрамыздың өткен жолын, келешек ұрпаққа берер тағылымын жоғары бағалады. Халық ауыз әдебиетін құнды мұра деп біліп, қазақтың аңыз - әңгімелері мен жырларының және күйлерінің түр тамырына, тарихи кезеңдерге, оқиғаға байланысты құрылатынына зер салды. Фальклорлық материалдар оған халықтың рухани байлығын зерттеп білуде зор жәрдемін тигізді.
Халқымыздың ғасырлар бойы арындай таза сақтап келген қымбат мұраларының озық үлгілерін, фальклорымызды әдейі бұрмалап теріс түсіндіруді мақсат еткен арам ниеттілерге батыл наразылық білдірген Шоқан өзі бас болып, оның шынайы мәнін түсіндіруге құлшына кірісті. Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде деген мақаласында Шоқан “жыр”, “жылау”, “қайым”, “қара өлең”, “өлең” сияқты халық поэзиясының барлық формаларына сипаттама береді. Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуінде тақпақтап айтылады. Негізінен, жыраулардың мазмұны бұрында өткен халық батырларының өмірі мен қаһармандық іс - әрекеттері болып келеді. “Едіге” жыры XIV ғасырдың соңындағы оқиғаларға қатысты, бұл Шоқан Уалихановтың ойынша, қазір жоқ ескі сөздер мен сөз тіркестері құбылысымен дәлелденеді, мұнда парсы немесе араб тілдерінен алынған бірде – бір сөз жоқ. Ш.Уалиханов Едіге батыр туралы халық жыры, жыр кейіпкерлерінің тарихилығы, өмір сүргендігі жайлы болжамын бекітеді деп жазады.
Шоқанның ғылыми мұрасы әлі де жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл үшін Шоқан Уәлихановтың білімінің әр түрлі саласына — археологияға, нумизматикаға, лингвистикаға және т. б. салаларға қосқан үлесін анықтайтын арнаулы нақты зерттеулер қажет. Егер біз қазақ ғалымынын, отандық және дүниежүзілік шығыстану ғылымына қосқан үлесін қысқаша топтап айтуға тырысатын болсақ, онда бұл баға мен қорытындының толық және түпкілікті екеніне емеурін артпай-ақ, мыналарды айтуға болады: Ол Жетісу, Қырғызстан, Шығыс Түркістан сияқты ол кезде ғылымға мәлім емес елдер мен жерлерде болып, тарих, этнография, география, әдебиет, Орталық Азиянын бұл аудандарының саяси жағдайы бойынша бірегей әрі жан-жақты материал жинаған тұңғыш европалық ғалым болды. Ол жинап әкелген материалдар орыстың және дүние жүзінің ғылымында Орталық және Орта Азияның, Қазақстанның картасындағы «ақ таңдақтың» келемін азайтуға мүмкіндік берді.
Шын мәнінде Шоқан Уәлиханов алғашқылардың бірі болып ғылыми айналымға тарихи түпнұсқалардың ғалымдарға бұрын беймәлім қабатын — қазақ және қырғыз эпостарын, аңыз-ертегілерін еңгізді, оларды жинап, зерттеуге ол өз өмірінің, едәуір бөлігін арнады.
Сондай-ақ шығысты зерттеуші қазақ ғалымы Азияның түрік халықтары — қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар және басқа халықтар тарихының этногенез, әлеуметтік құрылым, саяси жағдайы, шетелдік басқыншыларға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы сияқты бірсыпыра түйінді мәселелерін, Орта Азия, Шығыс Түркістан және Қазақстан халықтарының өміріндегі ислам дінінің рөлі туралы мәселені бірінші болып зерттеді. Шоқан Уәлиханов бұл мәселелерді көтеріп қана қойған жоқ, сонымен бірге жалпы алғанда тарих ғылымының сол кездегі даму дәрежесінің, атап айтқанда, Азияның бұл өңіріндегі түрік халықтары туралы білімнің біршама төмендігіне, зерттеу тәсілдерінің жетілмегендігіне қарамастан, ол көптеген ғылыми мәселелер бойынша дұрыс баға бере алды.
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының санасы оянып, оның маңдайалды орыс және европалық мәдениетке иек артуына зор қызмет істеді. Баспасөз бетіндегі жарқын да жалынды мақалаларында және өзінің, омбылық және петербургтық достары мен таныстарының ортасындағы сөздерінде ол демократиялық бағытта маңдайалды орыс жұртшылығының, ынта-ықыласын қазақ халқының мұң-мұқтажына аударуға, орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуға тырысты.
Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы мол әрі әр алуан. Оның жеке еңбектері көзі тірісінің өзінде-ақ орыс және бірсыпыра европа тілдерінде басылып шықты. Ғалым өлгеннен кейін оның достары П. П. Семенов-Тянь-Шанский мен К. К. Гутковскийдің бастамасы бойынша Орыс география қоғамының ғылыми советі Ш. Ш. Уәлихановтың еңбектерін жинап, әзірлеп басып шығару туралы шешім кабылдады. «Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі және оның ғылыми мұралары» тақырыбы арқылы оқушыларға жеке адамды қалыптастыруға, рухани, адамгершілік, туған еліне деген сүйіспеншілік, халық дәстүрін қастерлеуге, шыншылдыққа, еңбекке, адамзаттық құндылықтарды түсіндіруге тәрбиелік мәнінің маңызы зор. Шоқанды зерттеу әдісі- шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілі білімді толық үйретіп меңгертуді мақсат етеді. Шоқанның өмірі тарихпен тікелей байланыста «Жарқ ете қалған бір бейне» болған ғалымның қысқа өмірінен жас ұрпақтың үйренетіні мол. Шоқан қазақ халқының рухани мұраларын зерттеген, мол жырлар, сан аңыз-әңгімелер тудырған халқымыздың ақынгер талантты, қазақ поэзиясының аса сұлулығы мен суреткерлігі, аңыз-жырдың тарихқа қатысты, эпикалық өнердің бітім - болмысы жайында алғаш рет кесек ойлар айтқан аса көрнекті ғалым. Дүниежүзі мәдениеті ордаларының бірінен саналатын Петербургты дүр сілкіндіріп, «Ғажап ғалым», «Жас данышпан» атанған Шоқанға берілген бағалар биік, өте асқақ еді. Ұлы ғалымның рухани жан дүниесіне терең бойлаған сайын оның жаны сұлу жарқын бейнесі бұрынғыдан да биіктей түсті, асқақтай түсінетіндігін жас ұрпаққа түсіндіру парызымыз. Егемен Қазақстан Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу салиқалы ғылыми еңбектері арқылы өзінің шырқау биігіне көтеріліп отыр. Әлемдік ғылым сол кезден-ақ түлеп келе жатқан жарқын талант жас дана деп танып, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ғажайып зерттеушісі ретінде мүлтіксіз мойындаған болатын. Шоқан Уәлихановтың мұрасы – тарихтың қымбат асыл қазынасы. Ұлы Шоқанды қай қырынан да жан-жақты терең зерттей түсу - бүгінгі және кейінгі ұрпақтың ең қасиетті міндеттерінің бірі болып қала береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Баяндин Н. Дала жұлдызы. А., 1990ж.
-
Бейсембаев Ж. Шоқан ізімен. А., 1977, 65 – бет.
-
Бірмағанбетов Ә. «Туған өлкені зерттеушілер» Алматы, 1978.
-
Ч. Валиханова – Ч.Ч.Валиханов. Собр. Соч..: в 5-ти т. Алма-Ата, 1972, т.5.
-
Дулатова Д., “Шоқан - тарихшы” А: “Қазақстан” 1982 ж.
-
Қасымбеков М. Шоқан шығыстанушы // Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 2005.№11 40 бет.
-
Ә.Х.Марғұлан «Шоқан шығыстанушы Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі – Кіт.: Шоқан Уәлиханов таңдамалы А., 1989 5-том. 42-43 бет.
-
Сүлейменов Б., Моисеев В.А. Шоқан Уәлиханов Шығыстанушы Алматы-1985.
-
Сегізбаев О. Шоқан Уәлихановтың творчествалық мұралары төңірегіндегі идеялық күрестің тарихынан – «Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми жазбалары», XV т. философия 2 бас. Алматы 59.
10.Тоқтаров Ж. Шоқан – шығыстанушы // Ұлағат 2005. №6 б-3.
Қуандық Е. С.,тарих ғылымдарының докторы, профессор
А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ» автор медалінің иегері
ШЫҢҒЫСҚАННЫҢ 17–ШІ ҰРПАҒЫ ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ
ҚҰПИЯ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҰЛТЖАНДЫЛЫҒЫ ХАҚЫНДА
Шоқан (Мұхамед–Қанапия) Шыңғысұлы Уәлихановтың арғы атасы әлемге әйгілі Шыңғысханнан тарайтын Орта жүздің ханы болған атақты Абылай (Әбілмансұр). Оның отыз ұлының үлкені Уәлі сұлтаннан, Шоқанның туған атасы Шыңғыс туады. Ал Абылайдың ең кенже ұлы Қасым сұлтаннан Кенесары мен Наурызбай туады. Сөйтіп Абылайханнан тараған ұлдардың бірі қолына қалам ұстаған әйгілі ғалым болса, енді бірі қолына найза ұстап, елін отаршылдық бұғауынан қорғаған намысты, қас батырлар шыққан текті ұрпақ болған.
Ал Шоқанның шыққан тегін әлемге әйгілі ШЫҢҒЫС хан бабасынан бері таратар болсақ, ол былай жалғасады. Темучин – Шыңғыс хан –Жошы–Сейн хан–Сартақ–Жәнібек–Жәдік–Сығай–Тәуке–Сәмеке–Есім–Жәңгір–Уәлі–Абылай (қанішер) –Уәлі–Абылай (Әбілмансұр) –Уәлі–Шыңғыс–Шоқан.
Шоқан 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. Ол парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді әйел болған. Ол Шығыс халықтарының бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейілінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен, Петербург Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Бала Шоқанның сана – сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетілуіне әжесі Айғаным үлкен әсер еткен. Сезімтал дарынды балаға әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі басы–қасында болған оқиғаларды еске алып отырған. Халықтың озық дәстүрлері мен салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің аяғына дейін ұмытпай есінде сақтайды. Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену , яғни «жеті жұрттың тілін білу парыз» болған.
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұғыш рет шығып, Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сол кезде кадет корпусы жан–жақты және терең білім беретін оқу орны болды. Ол сегізжылдық оқу орны еді. Тарих, география және әдебиет жөнінде бағдарлама өте кең көлемді болды. Алғашқы кластардан бастап кадеттер көне заманғы мемлекеттердің, атап айтқанда, Греция мен Рим тарихын, ортағасырлар тарихын, Еуропа географиясын т.б пәндерді өтті. Оқу пәндеріне қосымша ән, гимнастика, жүзу, би қылыштасу, және шабандоздық өнеріне жаттығу ойындары өткізілді. Шоқан кадет корпусын 1853 жылы 18 жасында бітіріп, армиялық атты әскердің корнет деген офицерлік атағын алып шығады.
Шоқан батыс Сібір генерал–губернаторының жанында қызметке қалтырылып, бір жылдан соң батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік–шығыс аудандарын басқарып отырған генерал Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Сонымен қатар оған өлкенің Бас басқармасы бойынша төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі де жүктеледі. Қызметке орналасқан орта офицерлері царизмнің отаршылдық саясатының қолшоқпарлары еді. Олардың басында генерал Госфорт пен Сібір қырғыздар облысын басқарған оның көмекшісі фон Фридрихс тұрды. Тікелей Фридрихстің басшылығымен жұмыс істеуге тиісті болған Шоқанның жағдайы ауыр болды. Шоқанның Петербордағы достарына жазған хаттарында көрсетілгендей, Дюгамель, Фридрихс және олардың сыбайластары Крейерус пен Кури өздерінің қылмысты істерін әшкерелеп, заңсыздыққа, парақорлыққа, тонаушылыққа қарсы болып, патшаның отаршылдық аппараты тудырған зұлымдық атаулының бәріне қарсы аянбай күрескені үшін Шоқанды үнемі қудалап, зәбірлеп отырған. Атбасар округтік приказының аға сұлтаны болып сайлануына бөгет жасайды. Уалихановтың замандасы А.К. Гейнс 1865 жылғы жазбасында бірнеше рет осылай қорлап, тобықтан қағу «...биылғы жылы Шоқанның түбіне жетті» деп ашықтан–ашық жазады.\1
Қоқан хандығының ыпалына тиым салу үшін Жетісуда осы территорияны бейбіт жолмен Ресейге қосуға бағытталған өте сақ және көреген саясат жүргізу қажет болды. Бұл жауапты іске өзге офицерлер М.М. Хаментовский, М.Д. Перемышельскийлермн қатар Шоқан Уәлихановта жұмылдырылды.
1855 жылы Шоқан генерал Гасфорттың сапарына қатысады. Орталық Қазақстанды, Жетісуды және Тарғыбатайды аралады. Оның маршруты Омбыдан Семейге дейін, одан Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін болды. Бұл кезде Верный бекінісін салу ісі қлға алынған болатын.
1856 жылдың басында Уәлихановқа поручик шені беріледі.\2
1856 жылы ол Хоментовский деген офицердің басшылығымен ұйымдастырылған үлкен әскери–ғылыми экспедицияға қатысады. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алабын картаға түсіріп алу еді. Алатау қырғыздарының арасында екі ай жүріп, көбінесе солардың аңыздары мен тілін зерттеп, әр қилы пайдалы мәліметер жинаған.
Саяхатшы ғалымға сіңірген еңбегі үшін штабс–ротмистр атағы беріліп, орденмен марапатталады және ақшалай сыйлық беріледі. 1880ж. 8 сәуірдегі үкіметтік жарлықта: «Әскери кавалерияның поручигі сұлтан Шоқан Уәлихановтың қажырлы еңбегін, Орта Азиялық, шекараларды тексеріп қайту тапсырмасын орындау кезіндегі қауіп–қатерді жеңіп, шеккен азабын ескеріп, штабс–ротмистр шені беріліп, IV дәрежелі қасиетті Владимир ордені қоса тапсырылып, 500 сом күміс ақша беріліп, бір жолғы жәрдем көрсетілген» делінген.
Атбасардың аға сұлтанын сайлаған кезде Шоқан өз кандидатурасын ұсынады. Ондағы мақсаты өз отандастарына пайда келтіру еді. «Бір кезде менің өз отандастарыма пайда келтірейін, оларды чиовниктер мен қазақ байларының озбырылғынан қорғайын деп, сұлтан болсам ба деген ниетім де болған. Сондағы көбінесе ойлағаным–оқыған правитель–сұлтанның қандай пайдалы болатынын жерлестеріме өз ісіммен көрсету еді» – дейді Шоқан өзінің Достоевскийге жазған хатында.
Көппен жалғыз алысуыма шама келмесін түсіндім, шындық қанша қасиеті болғанымен адасқанның алды жөн бола береді екен, әсіресе, уақыттың өзі соған себепкер боп тұрса амал бар ма? –деп кейіген кездері де болды.
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың әскери экспедициясына шақырылып, Әулиеата бекінісін алардағы соғыс қимылдарына қатысады. Бұл жолы тапсырма оның орыс қазақ, татар тілдерін еркін білетіндігі ескеріліп, білімді азиялық азамат ретінде жіберілген. Шоқан Черняевпен келісе алмайды. 1864 жылдың шілде айында ол Черняевтің әрекеттеріне наразы бір топ офицерлермен бірге Верный қаласына қайтып келеді. Бұл офицерлер кейін осы әрекеттері үшін жазаланып шендері төмендетіледі. Шоқан Верныйдан кетіп албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барып тұрақтап, оның немере қарындасы Айсарыға үйленеді. 1865 жылы сәуір айында Алтын Емел жотасының етегінде Көшен тоғаны деген жерде, Тезек төренің ауылында қайтыс болады.
Өзінің ғылыми жұмысын ол кадет корпусында оқып жүрген кезде бастаған. Шығыс зерттеушісі И.Н. Березиннің тұңғыш еңбегі «Хан жарлығы» жөнінде рецензия жазады. Жалаирдің «Джами–ат–таварихын» зерттеп, оның негізгі тарауларын орыс тіліне аудартып, түсініктер жазады, оған сүйене отырып шығыс терминдерінің сөздігін жасауды бастайды. Ол «Шейбани–намэ», «Түрік шежіресі» (Әбілғазы) секілді еңбектерді оқып олардың негізінде теориялық маңызы жөнінде теңдесі жоқ «Қырғыздың ата–тегі» атты еңбек жазады. Жетісу өлкесіне келіп, көне Алматы, Қойлы, Алмалық шаһарларын зерттейді, көне ақшалар нұсқасын жинайды. Оның Ыстықкөл, Құлжа, Қашқар сапарларында жазған күнделіктері «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы жазбалары» өте құнды материалдар болды. Оның ғылыми еңбектерінің ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь–Шань, Шығыс Түркістанға арналған тарихи–географиялық шолуларының маңызы ерекше. Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы туралы зерттеулері, сондай–ақ қазақ даласындағы әлеуметтік–саяси қарым–қатынастарға байланысты мақалаларының ғылыми маңызы зор. Олар «Абылай», «Қырғыздың ата–тегі», «Көне дәуірдегі қырғыздардың қару–жарағы және әскери жабдықтары», «Сахарадағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары» т.б.
Белгілі ғалым В.И. Веселовский: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шығысты зерттеу ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» –деп жазуы оның ғылым саласындағы аса ірі жетістіктерін көрсетеді./3
Қазақтың аса көрнекті бір туар ғалымы Шоқан Уәлиханов артына мол әдеби, тарихи мұралар қалдырды. Қамшының сабындай ғана болған қысқа өмірінде ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектер мен қоғамдық–саяси тақырыптағы толып жатқан шығармалар жазып кетті. Шоқан терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы ғылымда бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген талантты ірі ғалым болды. Ол ғылымның 12 саласы бойынша зерттеу жүргізіп жаңалық ашып ғылымға өз үлесін қосты. Оған оның дипломатия, нумизматика, геодезия, картография, саясат, халықтың ауыз әдебиеті, құқықтану, журналистика, медицина, сурет өнері, әскери іс, халықаралық қатынас, шежіреші, демограф, статистика, дін саласында ашқан жаңалықтары куә. Ол ғалым, ағартушы, публицист, демократ, тарихшы, фольклоршы, этнограф, саяхатшы, шығыстанушы, барлаушы, энтомолог, географ, зерттеуші, экономист, офицер, суретшілікті меңгерді/4
Әзірленіп жатқан қазақ даласындағы сот реформасы жайлы өз пікірін айта келіп, Шоқан реформаларды қоғамдық-саяси процесті ескере отырып қоғамдық өмірдің түрлі факторларын зерттей келіп, қарастыру керек деп өз қандастарының болашағын ойлап солардың мүдделерін қорғауға тырысты. Ол: «Саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедергі келтіріетін реформа зиянды болып табылады. Қоғамдық тұрмыс мұқтаждығын жақсартуға бағытталған қандай да болмасын реформа қоғамның мұқтажы мен қаражаты белгілі болғанда ғана кездейсоқтыққа ұшырамай, діттеген мақсатына жете алады» -деп бүгінгі прогрестік көзқараспен тұжырым жасайды. Соны іске асыруға талпыныс жасайды.
Шоқан Омбыда оқып жүргенде кадет корпусының оқытушысы барлаушы полковник Гутковскиймен жақын араласып, жексенбі сайын оның үйіне қонып жүрді. Бұл таныстық оның болашақта мамандық таңдауына ықплын тигізбей қоймады. Шоқанның талантты жас екенін көрген әскери барлаушы Гутковский оны қызмет барысында қолдап, оны әскери барлау қызметіне баруына жол ашты.
Шоқан Ресей империясының Бас штабының әскери сыртқы барлау қызметінің офицері болды. Арнаулы әскери барлау қызметінде жүріп өте күрделі құпия тапсырмаларды орындады. 1857 жылы Ресей империясының Бас штабның Бас басқармасы (әскери сыртқы барлау) ол кезде ресей үшін жабық болған Кашқарияға тыңшы жіберу туралы шешім қабылданады. Ондағы мақсат Шығыс Түркістандағы саяси ахуалды білу, бұл аймаққа кімдер ықпал жүргізіп отыр, қытайлардың ұйғыр мәселесі Ресей үшін өте қажет болды. Өйткені Тянь-Шань мен Алтай өңірінде көз тіккен ағылшындардың бұл аймаққа қатысы барма деген мәліметтер қажет болды. Себебі бұл континентті ағылшындармен бөлісу Ресей империясы үшін пайдасыз еді.
Шоқан дүниеден өткеннен кейін 20 жылдан соң Ресей үкіметінің баспасөзі Шоқанның өлімі өкпе ауруынан болған деген ақпаратты жиілетті. Ал оның көзі тірісінде ол өкпе ауруы туралы сөз болған емес. Шоқан туралы жазылған кітаптарда оның хаттарында ауырғандығы туралы анда- сонда бір мардымсыз дәлелі шамалы ақпарат кезеседі. Бірақ оның қандай науқас екендігі жазылмаған. Бұл ауру Шоқанға сырттан, Бас штабтың Бас басқармасы тарапынан халықты сендіру үшін тағылған жалған айып болуы мүмкін деген күдік басымырақ. Бұл күдік оған у беріп өлтірген деген қосымша фактылардан туындаған. Екінші бір күдік туғызатын жағдай хал үстінде жатқан күйеу баласы Шоқанды қайнағасы Тезек төре, (орыс әскери барлауының резиденті болған) оны кигіз үйге қалдырып көшіп кетеді. Өзінің ауыр халін айтып, көмек сұрап ол Семейге және Омбы қалаларына хабар жібереді. Алайда не достары, не әскери шенуініктер, тіпті «қолы ұзын» орыс барлау басқармасындағы саяхатшы-барлаушылардан да ешкім көмекке келмейді. Оны жасырын жерлейді. Дәрігерлер оның өлгені туралы акт да жасаған жоқ. Өйткені хан тұқымы Шоқанның саяси көзқарасы орыс империясының саясатына қайшы келді. Ол енді өзі тәрбиелеген барлау басқармасына да қажетсіз адам болып қалған еді.
Ол атеист болған жоқ, Бір Алланың хақтығына сенді. Қытаймен шекара туралы мемлекетаралық келіссөздерге қатысып табысқа жетті. Полковник деген әскери шенге ие болды. Парижге, Қашқарияға барлушы ретінде барып қайтты. Ресейдің Қазақ жерін зорлықпен қосып алуына қарсы болды. Социал-демократтармен дос болды, бірақ революционер болған жоқ. 1860 жылдан бастап өмірінің аяғына дейін ұлтын сүйгені үшін, өзге де пікірлері үшін қарсы барлаудың жіті назарына ілікті. Ол өкпе ауруымен ешуақтта ауырған жоқ. Бұл туберкулез ауруын арнайы барлау органы Шоқанды Петербордан аластау үшін ойдан әдейі шығарған деген тұжырым бар. Әкесі Шыңғыс ешуақытта немере ағасы Кенесарымен соғысқан жоқ. Құлжада, Қашқарияда агентуралық ұйымдар құрды. 1864 жылы Әулие-атаның бейбіт тұрғындарын атқаны үшін Черняевтің қоластындағы әскерді тастап кетті. 1865 жылы оның шекара аймағында тұруы қауіпті саналып, оны жою туралы құпия шешім қабылданған деген сөз бар. 1865 жылы 10 сәуірде арнайы барлау қызметінің тапсырмасы бойынша өзінің атқосшысы арқылы у берілген деген мәлімет бар.
Достарыңызбен бөлісу: |