Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Әбуев Қ. Қазақстан тарихының “ақтаңдақ” беттерінен. А: “Қазақстан” 1994 ж. 143 б.
-
Әтішев Ә “Ш.Уәлихановтың социологиялық және мемлекеттік – правалық көз қарастары” А: “Ғылым” 1974 ж. 294 б.
-
Валиханов Ч., “Таңдамалы” А: “Жазушы” 1985 ж. 560 б.
-
Абдрахманова Ш. “Ұлы ғалымның тағы ой қыры” // Ақиқат 1997 ж. №2 90-91 б.
-
Әуезов Ә. Шоқанның Қарқаралыға екі сапары // Жас Алаш 2002 ж. 16 ақпан 5- бет.
Ибраемова М. С. т.ғ.к., доцент
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ
ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
Шоқан Уәлиханов - шығыстану саласындағы аса көрнекті ғалым. Көшпенді халықтың арасынан шыққан, ғылым мен прогрестің шыңына көтеріліп, Россия ориенталистерінің қатарынан құрметті орынға ие болып, Қазақстанның шығыстану ғылымын ашып берді. Әйгілі ғалымның тарих, этнография, география, фольклор сияқты ғылымның салаларын сіңірген еңбегі қыруар. Жас ғалымның ғылыми зерттеу еңбектерінің тарихи маңызы зор.
Ол ұрпаққа құнды мұра қалдырды. Ғалым көтерген мәселелер бүгінгі күнге дейін өз үйлесімін тауып келеді. Уақыт өткен сайын данышпанның бейнесі көз алдымызда жарқырай түсуде. Ол қайтыс болғалы жүз елу жылдай уақыт болды, бірақ, оның дауысы бүгіннің үніндей әрі қандайлық заманға сай естіледі. Ол жан – жақты қабілетті адам болды. Оның бойындағы тарихшы, географ, әдебиетші, тіл білімін зерттеуші және жауынгерлік таланты өз үйлесімін тапты. Оның өмірі – қазақ халқының тарихындағы елеулі бір кезең Бүкіл саналы ғұмырында: «... өз халқы Еуропа мәдениетіне ұштастыра отырып, оның ұлттық қасиетін сақтап қалуды арман еткен» ғалым Шоқанның шығыстанушы, оның ішінде өнер тарихшысы, өнер зерттеушісі ретінде көрінуінде кездейсоқтық жоқ. Өз заманында жарқырап шыққан ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұралары – тарих, география, этнография, бейнелеу өнері, әдебиет, фольклор, нумизматика және орхеология саласындағы еңбектері Азия халықтарының өмірін зерттеуге аса құнды дүниелер болып есептеледі. «Шоқан терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы ғылымда бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ірі ғалым» - еді деп Әлкей Марғұлан баға берген [4;21].
Шоқан зерттеулерінің үлкен бір саласы қазақ халқының шежіресінен сабақтасады. Шоқанның бір ерекшеліктері – ол үнемі өзі жүрген, аралаған жерлердің тарихын, этнографиясын, жаратылысын, салт - дәстүр , әдет – ғұрпын түгел қамтып жазады, сол еңбектерді ол үнемі қызықты шежіре, тартымды аңыз – әңгімелерін толықтырып, безендіріп отырған.
Шоқанның зерттеулерінде кездесетін аңыз – әңгімелердің өзін жинап терсе, өз алдына жеке кітап етіп шығаруға әбден болар еді. Шоқанды Қазақстан мен Орта Азия халықтары әдебиеті нұсқаларының сирек кездесетін ежелгі қолжазбаларының, өнер ескерткіштерінің көрнекті жинаушысы ретінде бағалаған. Шоқанның таңдамалар жинақтары жарық көрді. Дегенменде, Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен өмір тарихы әлі де зерттеулерді қажет ететін ғылыми өзекті мәселе.
Біз Шоқанды тарихшы, әдебиетші ғана емес, географ, зерттеуші ретінде танимыз. Оның кейбір табиғат көріністері жайындағы алғашқы жазбаша деректер сонау ежелгі заманындағы грек және рим ғалымдарының еңбектерінде кездеседі. Қазақстанның Ұлытауға дейінгі бүкіл батыс бөлігінің ХVII ғ. бас кезіндегі «Үлкен сызба» деп аталатын орыс картасында бейнеленуі – осының айғағы.
Сейсен Мұхтарұлы «Шоқан және Өнер» кітабында: «Ұлы Октябрь революциясына дейін бізде адам бейнесін суретке түсірген бір-ақ қазақ болды. Оның аты – Шоқан»[5]. Адам бейнесін сомдап суреттеуге келген де күні бүгінге дейін Шоқан картиналарына теңдесетін дүние әлі жоқ. Ертедегі бір қырғыз бір сұлтан портреттеріне Шоқанның өзін-өзі салған сұлулық сымбаты дерлік акварельдерін қоссақ ұлы ғалыммен бірге болашақ ірі суретші екенін көре аламыз. Шоқанды көркем өнер жағынан суретші, өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы ретінде көреміз.
Қашқарға саяхаты Ш.Уәлихановты еліміздің жетекші Шығыстанушы ретінде танып, атын әлемге әйгілі етті. 1863 жылы «Орыс география қоғамы хабаршысында Ш. Уәлиханов бұл елдерді аралаған тұңғыш білімді адам болды» деп жазылды[8]. «Бұл сапар Марко Полоның уақытысынан бергі, сол қалада өлтірілген бақытсыз Адольфты қоспағанда география саласында жасалған тамаша ерлік болып табылады». Оның көптеген еңбектері ғылым әлеміне мәлім болмаған еді. Ш. Уәлиханов жинаған мәліметтер мен оның ғылыми еңбектері мәңгілік ғылыми маңызы бар, ол орыс ғылымы және дүниежүзілік ғылым үшін Қашқарияны бірінші болып ашып берді. Шығыстану – жаратылысынан бастап комплексті ғылым болды, ол белгілі бір елдің немесе халықтың тілін әдебиетін, өнерін, тарихын, этнографиясын, философиясын, экономикасын, саясатын қатар зерттеді. Шоқан Уалиханов өз өмірін Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының – қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, түркіменнің тарихы мен сол кездегі жағдайын, тілі мен әдебиетін зерттеуге арнады. Шоқан Уәлиханов қырғыз тарихнамасының негізін қалаушы деп айтуға болады. «Тарихи – филологиялық тұрғыдан қырғыздарды тұңғыш зерттеу үшін, - деп көрсетеді тюрколог А.Н. Кононов – қазақтың белгілі ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов болды»[3,20]. Қырғыз халқының ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихы іс жүзінде зерттелмеген болатын. Бұл елдегі тайпалардың саяси жағдайын сипаттап берді. Туысқан екі көшпенді қазақ – қырғыз халықтарын, салт – санасын, тұрмыс – құрылысын, өмірін бақылап, салыстыру қызықты болды. Қырғыздардың әдет – ғұрпын, дін және киімдері туралы Уәлихановтың этнографиялық жазбалары аса қызғылықты. Оны салған суреттермен толықтырып отырды. Әйелдердің сәнді киімдерін, жолдарын, жергілікті жердің суретін салған. Қырғыздардың батырлар жыры «Манасты» тұңғыш жазып алып, кейбір жерін аударған[6,35].
«Манас», - деп жазды Шоқан Уәлиханов, бұл энциклопедия, халықтың күллі ертегілерінің, әңгімелерінің, аңыздарының, географиялық, діни, ақыл – парасаттық білімдерінің, адамгершілік түсініктерінің біртұтас жиынтығы бір уақытқа, бір адамның төңірегіне, Манас батырдың басына топтстырылған жиынтығы. «Манас» - тұтас халықтың шығармасы, тарихы көптеген жылдар бойы өсіп – піскен жеміс, халықтың эпосы «Илиадасы» деп айтуға болады[2,589].
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан және Шыңжан халқының тарихы туралы еңбектері мен зерттеулері оның ғалымдық даңқын дүниежүзіне шығарды. Ол Жетісу, Қырғызстан, Шығыс Түркістан сияқты ғылымға мәлім емес, елдер мен жерлерде болды. Тарих, этнография, география, әдебиет туралы материал жинаған тұңғыш Европалық ғалым болды. Сондай – ақ шығысты зерттеуші қазақ ғалымы Азияның түрік халықтары – қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар және басқа халықтар тарихының этногенез, әлеуметтік құрылым, саяси жағдайы, шетелдік басқыншыларға қарсы ұлт – азаттық қозғалысы сияқты бірсыпыра түйінді проблемаларын, Орта Азия, Шығыс Түркістан және Қазақстан халықтарының өміріндегі ислам дінінің ролі туралы мәселені бірінші болып байқап зерттеді.
Ғалымның Қазақстан, Қырғызстан, Орта Азия, Батыс Қытай жөніндегі еңбектері тарих ғылымының қазынасына қосылған үлес болды. Ш. Уәлиханов өзінің тарихи зерттеулерінде қазақ халқының тарихын көрші Орта Азия халықтарының тарихымен байланыстыра отыра қарастырды. Ол Орта Азия халықтарының тарихын бүкіл дүниежүзілік тарихи дамуымен байланыста қарауды мақсат етті.
Шоқанның бейнесі жыл өткен сайын биіктеп, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінен өрімделе өріліп, туған халқының махаббатына бөлене бермек. Шоқан қазақ халқының рухани мұраларын зерттеген, мол жырлар, сан аңыз - әңгімелер тудырған халқымыздың ақынгер талантты, қазақ поэзиясының аса сұлулығы мен суреткерлгігі, аңыз – жырдың тарихқа қатысы, эпикалық өнердің бітім – болмысы жайында алғаш рет кесек ойлар айтқан аса көрнекті ғалым. Дүниежүзі мәдениеті ордаларының бірінен саналатын Петербургты дүр сілкіндіріп, «Ғажап ғалым», «Жас данышпан» атанған Шоқанға берілген бағалар биік, өте асқақ еді. Орыс халқының: Н.Г. Чернышевский, Ф.М. Достоевский, И.Н. Березин, Р.В. Григрьев [1,67], П.П. Семенов – Тянь – Шанский[7,5], және т. б. сияқты әйгілі шығыс зерттеушілерібелгілі ақындар, көптеген зиялылар Шоқанның талантына бас иіп, таңдай қағып, талай тамсанып жазған еді.
Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбегі мен өмірін зерттеу отандық мәдени – рухани өміріміздегі ұлы да парасатты парызымыздың бірі болып табылады. Ұлы ғалымның рухани жан дүниесіне терең бойлаған сайын оның жаны сұлу жарқын бнйнесі бұрынғыдан да биіктей түсті, асқақтай түсетіндігін жас ұрпаққа түсіндіру парызымыз. Егеменді Қазақстан Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу салиқалы ғылыми еңбектері арқылы өзінің шырқау биігіне көтеріліп отыр. Әлемдік ғылым сол кезден – ақ түлеп келе жатқан жарқын талант жас дана деп танып, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ғажайып зерттеушісі ретінде мүлтіксіз мойындаған болатын. Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері тарих саласын зерттеуде ғылыми құнды еңбектер болып табылатыны сөзсіз, оның мұрасы – тотықпайтын, тозбайтын тарихтың қымбаты, асылы.
Сілтемелер тізімі:
1.Ахметова А. Комментарии – В кн.; Чокан Валиханов в воспоминаниях современников. А.–А., 1964, с 192
2.Валиханов Ч.- Ч.Ч.Валиханов. Собр.соч..: т.4 – А-А, 1968 стр 589-592.
3. Дулатова Д.И. Исторические взгляды Ч.Ч.Валиханова. Автореф. Дис... канд. истор.наук Алма-Ата, 1963
4.Марғұлан Ә. Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметінің очеркі шығ. жин. Алматы, 1961, 1-том,21 бет
5.Мұхтарұлы С. «Шоқан және Өнер» Алматы – «Өнер» 1985
6.Марғұлан Ә.Х. «Шоқан және Манас» Алматы 1971
7.Семенов - Тян-Шанский – П.П. – география және фото – М., 1983 с- 201.
8.Ядринцев Н.М. Орыс шығысындағы буратаналарды ағарту – «Порядок», 1881, №322.
Исин А. – кандидат исторических наук, и.о. профессора кафедры истории и философии
(Семипалатинский государственный педагогический институт)
АК-ОРДА В ИССЛЕДОВАНИЯХ СОВРЕМЕННЫХ МЕДИЕВИСТОВ
Известно, какое большое значение придавал изучению эпохи средневековья Шоқан Уәлихан (Чокан Валиханов). Самые ранние его научные интересы связаны с историей государств XIII-XIV веков. Его комментарии к тексту «Ярлыка Тохтамыш-хана к Ягайло», к «Жами’ ат-таварих» Кадырали-бека, рассуждения об эпическом и поэтическом наследии кочевников продолжают вызывать интерес у исследователей истории и культуры средних веков [1]. Чокан считал XIV в. решающим в формировании казахского этноса. В письме востоковеду И.Н.Березину юный Чокан писал: «…Народ казак (так называем себя мы) образовался от союза разных племён турецких [т.е. тюркских. – А.И.] и монгольских во времена междуусобий…, начавшихся тотчас после смерти Бердибека…» [1, с.164]. Ему, несомненно, оказало влияние народное историческое сознание, которое также указывало на XIV век, на его конец, как на время возникновения этноса:
Алаш Алаш болғанда...
Ормамбет хан өлгенде...
В более позднее время появляется вариант:
Ормамбет би өлгенде...
Ораз-Мухаммед (предполагаемое первоначальное имя, имеющее аналог в генеалогии потомков Урус-хана) – Орыс-Мухаммед или Мухаммед-Орыс (парное имя хана, иногда встречаемое в источниках) - Орыс-хан (распространённое в письменных источниках) – Ормамбет-хан (распространённое в народе сокращение имени от Орыс-Мухаммед) в позднем эпическом сознании сливается с именем Ормамбет-бия. Ормамбет-хан и ногайский Ормамбет-бий, погибший спустя почти два века, в 1598 г., после чего также произошли внутренние неурядицы в степи, представлены в эпическом сознании казахов одним собирательным образом. «Ногайлы» -Ногайлинский юрт – это собирательный образ Джучидских государств – Золотой Орды на западе и Ак-Орды на востоке, а позже и Ногайской Орды. А Урус-хан (каз.: Орыс-хан, но не Өріс или Ұрыс) – самый выдающийся хан этого государства.
***
Династийные названия средневековых государств являются более точными, чем их официальные названия. Поэтому утвердились обозначения улусов по именам сыновей Чингис-хана, а некоторые возникшие на их основе государства – по именам внуков, как, к примеру, Хулагуидское государство. Закрепившееся в науке с XIX в. обозначение Золотая Орда применительно к правому, западному крылу Улуса Джучи, часть авторов, специально не занимавшаяся исследованием в этой сфере, стала распространять и на левое, восточное крыло, учитывая влияние этого государства и в восточных пределах некогда единого и территориально меньшего улуса. Сложившийся ложный стереотип до сих пор распространён как в учебной литературе, так и особенно, в творениях публицистов. В современной медиевистике есть тенденция возврата к более точным, династийным обозначениям. Так, в частности, поступает А.Астайкин, называя государство, сложившееся на востоке Улуса Джучи, Государством Ордуидов. Границы между двумя государствами проведены условно, прямо на север от Аральского моря по водоразделу бассейнов рек Яика и Иртыша [2; 3, с.24-25, 56-57, 72-73, 104-105].
Восточный Дашт-и Кыпчак – Государство Ордаидов, так же, как и Государство Батуидов, как независимое государство существует с 1269 г., когда распад единой Монгольской империи был оформлен договором на реке Талас. Независимое в последней трети XIII в., зависимое от Золотой Орды до начала 40-х годов XIV в., самостоятельное в середине века и вновь независимое, а также доминирующее в центрах Золотой Орды в 1369-1377 гг. Далее следуют кризисные 1378-1379 гг., потеря независимости, вхождение в левое крыло Джучидской империи Токтамыш-хана, агрессия Тимура, потеря всего юга страны, кратковременное восстановление страны при Барак-хане, в 1422-1428 гг. В перипетиях этой истории могут разобраться, пожалуй, только медиевисты, а хрестоматийные представления об этой стране и этом государстве упрощены или вовсе ошибочны.
***
Цветовые обозначения Джучидских государств введены были в науку позапрошлого века и пребладают до сих пор на основе данных средневековых хроник, одни из которых (как «Мунтахаб ат-таварих» Му’ин ад-дина Натанзи, написанный в 1414 г.) обозначали восточное государство как Ак-Орду, а другие (наиболее ранняя работа – генеалогическое произведение «Му’изз ал-ансаб», написанное в 1425-26 гг.) – как Кок-Орду.
В российской историографии утвердился термин Кок-Орда в форме её кальки – Синяя Орда, так как это полностью согласуется с летописной традицией обозначения джучидских владений восточнее Волги или Яика [4, с.375]. Основополагающими для утверждения термина в историографии второй половины XXв. были исследования М.Г.Сафаргалиева (1950, 1960), Г.А. Фёдорова-Давыдова (1968), А.Н.Кононова (1978). В современной историографии применяют этот термин А.П.Григорьев (1983), В.Л Егоров. (1985), Р.Ю. Почекаев (2008, 2010) и другие. В.В. Трепавлов пытался преодолеть противоречие источников предположением о первичном и повторном территориальных делениях Джучидских государств, в результате чего Улус Орды сохранял первоначальное обозначение Кок-Орда, а Улус Шибана в результате второго деления получил обозначение Ак-Орда [5, с.86-94]. Наиболее полный историографический обзор использования терминов Кок-Орда и Ак-Орда в историографии приводит К.Ускенбай, являющийся на сегодняшний день одним из главных специалистов по истории Восточноджучидского государства [4].
В казахстанской историографии под влиянием воззрений А.Ю.Якубовского (1950), а особенно выводов В.П.Юдина, К.А.Пищулиной, позже М.Х.Абусеитовой, ещё позже К.Зардыханулы и К.Ускенбая закрепилось обозначение Ак-Орда. А.Исин использует термин Ак-Орда применительно к Восточной Орде условно, учитывая его применение в Казахстане.
Поскольку по русским источникам Синяя Орда располагается на востоке, казахстанским медиевистам пришлось приложить немало усилий, чтобы преодолеть противоречие в источниках и расположить обе Орды на востоке. Н.Н.Мингулов предложил обозначать удел Орды Ак-Ордой, а удел Шибана – Кок-Ордой [6, с.85-86, 95]. Ссылаясь на русские же источники, реанимировал это воззрение в последнее время К.З.Ускенбай [4, с. 373, 378]. Остаётся лишь при этом непонятным, почему в этом случае Кок-Орду как обозначение своего улуса не использовала собственно шибанидская историография, признавая это цветовое обозначение применительно к потомкам Орды-Еджена. Эту проблему К.З.Ускенбай оставляет без рассмотрения.
На сей день всё же взвешенной в казахстанской историографии остаётся точка зрения К.А.Пищулиной, согласно которой Улус Орда – это Кок-Орда, но, когда она объединилась с Улусом Шибана в одно государство, оно получило название Ак-Орда [7, с.120]. Общим стало название Ак-Орда, следует думать, по этой версии, потому что политические центры страны переместились с конца XIII в. с востока страны на Сырдарью, в первоначально акординские владения.
***
О происхождении Урус-хана в современной историографии не затихают споры. Отстаивают как Ордаисткое, так и Тукай-Тимуридское происхождение могущественного хана. От выяснения вопроса зависит очень многое. Происхождение Урус-хана от старшего сына Джучи Орда-Ежена базируется на хронике Натанзи, основном письменном источнике по истории Государства Ордаидов.
Мною делаются некоторые предположения на сей счёт. В хронике Натанзи заметны отголоски не дошедшей до нас историографии Ордаидов, уничтоженной Тимуридами в годы их господства над политическими центрами завоёванной страны. С середины 20-х годов XV в. (почему всё-таки не раньше?) в тимуридских кругах появляется произведение, выводящее Урус-хана из потомков одного из младших сыновей Джучи-хана – Тукай-Тимура. Это – «Му’изз ал-ансаб». Полагаю, что генеалогию хана изменили по политическим мотивам. Как раз в это время внук Урус-хана Барак-хан, восстанавливая страну, предъявил к Тимуридам территориальные претензии, заявив, что пастбища Сыгнака по праву предков принадлежат ему. Степи к северу от Сырдарьи действительно принадлежали ранее Ордаидам, но никак не Тукай-Тимуридам. Желаемое Тукай-Тимуридское происхождение Урус-хана лишало его династию права на обширные степные владения Восточного Дашт-и Кыпчака.
По этой же причине Шибанидская историография начала XVI в. пыталась приуменьшить права Ордаидов – казахских ханов, одновременно начав фальсификацию ранней истории Шибанидов, намеренно преувеличив территорию, принадлежащую этой ветви Джучидов. Плодовитая Шибанидская историография, особенно её ветвь – Хивинская – в лице Абулгази-хана в XVII в. оказала сильное влияние на историографию нового времени, на западных, русских и восточных историков, включая даже таких отечественных историков, как Шокан Валиханов и Шакарим. Отсюда преобладание представлений о Тукай-Тимуридском происхождении казахских ханов.
Ордаисткое происхождение Урус-хана обосновано в современной исторической литературе широко. Это работы Т.И.Султанова, К.А.Пищулиной, К.Зардыханулы, К.Ускенбая. Периодизацию истории Государства Ордаидов дали А.Исин, К.Ускенбай, К.Зардыханулы. К.Зардыханулы рассмотрел подробно этот вопрос в недавнем своём исследовании [8]. Отстаивание Ордаисткого происхождения Урус-хана вызвало раздражение некоторых исследователей, которые заподозрили в этом стремление формировать символический капитал. Меня и К.Ускенбая чуть-ли не обвинили в выполнении какого-то государственного заказа. Если мне приходится писать на эти сюжеты редко, то К.Ускенбай охарактеризован В.П. Костюковым как историк, «неустанно отстаивающий ордаидское происхождение казахских ханов» [9, с. 138]. В.П. Костюков, критикуя А.Исина (1997), К. Ускенбая (2002, 2006) и К. Зардыханулы (2004), в частности, писал: «Главный источник средневековой казахской государственности, прообраз Казахского ханства, современная казахская историография находит в Ак-Орде – восточном крыле Улуса Джучи. Мотивация предпочтений, отдаваемая Ак-Орде, как представляется, - пишет он далее, – сугубо статусная. Во-первых, Ак-Орда была владением старшего сына Джучи Орды (или Орды-Еджена) и его наследников… Во-вторых, казахские ханы причисляются к прямым потомкам первого правителя Ак-Орды. В этом дискурсе Ак-Орда выступает как первое казахское государство или, по меньшей мере, его прототип, в рамках которого произошло объединение уже сложившегося казахского народа» [10, с.43]. Данная претензия ныне покойного исследователя о предвзятости наших мнений не является обоснованной.
Если взять на веру генеалогию из «Му’изз ал-ансаб», вычеркнув из истории Чимтай-хана, отца Урус-хана, как это сделал Р.Ю.Почекаев [3, с.91, 148, 370, 372], то в изложении истории Восточного Дашт-и Кыпчака середины XIV в. возникает ряд необъяснимых изъянов. Ведь монетный чекан Чимтая существует. Как и изложение о времени его правления у Натанзи. Что за анонимная «междуусобная борьба за трон» среди Тукай-Тимуридов в 1361-1368 гг.? Логичнее было бы представить борьбу между Тукай-Тимуридами и Ордаидами, победителем в которой вышел Урус-хан.
По Р.Ю.Почекаеву, власть потомков Орды была устранена ещё золотоординским Узбек-ханом, а восстание против этого в 1328 г. Мубарек-шаха было подавлено. Эта версия не находит подтверждения в источниках.
Более того, в последние годы обнаружились новые нумизматические данные о времени сыгнакского чекана Мубарек-шаха. Оказалось, что Мубарек-шах чеканил монеты перед вступлением Урус-хана на престол, в 1366-1366 и1367-1368 гг. (соответственно в 768 и 769 гг. хиджры). Это на сорок лет позже, чем предполагали историки. Следовательно, опровергаются представления об устранении власти Мубарек-шаха Узбек-ханом и прекращении при этом правления династии Орды. Эти новые материалы были проанализированы в прошлом году венгерским исследователем Иштваном Вазари в статье, опубликованной на английском языке [11]. Новые нумизматические данные и выводы в связи с этим венгерского учёного, нет сомнения, будут учтены российскими исследователями проблемы.
***
Наши воззрения на историю Джучидских государств восходят к работам, в которых молодой Шокан Уалиханов ставил проблемы, предвосхитив их обсуждение в далёком будущем, в наше время. Именно он записал строки эпоса, передающие напряжённость и драматичность той отдалённой от нас эпохи:
Ормамбет хан өлгенде!...
Алаш Алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Аязды күні аршындап
Арасат оты жанғанда,
Бура мұздан тайғанда,
Шыңырлаған буыршын
Бас көтеріп тұрғанда!
Хан қашып, би қуғанда!..
Это всё тот же, во многом решающий в сложении казахского этноса XIV век!
Список использованной литературы:
-
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Алма-Ата, 1985.
-
Астайкин А.А. Летописи о вторжениях на Русь //Арабески истории. Вып.3-4.М., 1996.
-
Почекаев Р.Ю. Цари ордынские. СПб., 2010.
-
Ускенбай К. Улусы первых Джучидов. Проблема терминов Ак-Орда и Кок-Орда //Тюркологический сборник 2005. М., 2006. С.355-378.
-
Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи XIII в. М., 1993.
-
Мингулов Н.Н. К некоторым вопросам изучения истории Ак-Орды //Казахстан в эпоху феодализма. Алма-Ата, 1981.
-
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 2-т. Алматы, 1998.
-
Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. Астана, 2004.
-
Костюков В.П. Шибаниды и Тукатимуриды во второй половине XIV в. //Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. №1. 2009. С.138-149.
-
Костюков В.П. «Железные псы Батуидов» (Шибан и его потомки в войнах XIII в.) //Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. №1. 2008.
-
Istvan Vasary. The Beginningof coinage in the Blue Horde //Acta Orientalia Scientiarum Hung. Volume 62 (4), 371-385 (2009). Выражаю благодарность К.З.Ускенбаю за предоставление текста исследования венгерского учёного.
Қайырханова Ф.К. т.ғ.к., доцент, ҚазИГЗУ
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ, мемлекеттік мәдениет саясатынды ұлттық құндылықтарды, бүкіл мәдени мұраларды сақтап қалуға және қайта жаңғыртуға баса назар аударылуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Мәдениеттің ұлттық тамырларына қайта оралу- бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, қарым-қатынасты, мәдениетті... дамытуға барынша қолдау жасалып отыр...біз барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, қоғамдың ендігі жерде халықтың рухани түлеуіне, оның мәдениетін көтеруге, тарихын және мұрасын қалпына келтіруге, оны өркениет дамуынан кенже қалдырмауға ұмтылып отырмыз. Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезімін дарытудың жолы» [5;127]. Қазақ халқының өз тарихын жаңадан қолға алуының үлкен мәдени мәні барлығын дәлел ретінде келтіруге болады.
Қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың еңбектерін саралауда олардың қоғамдық-әлеуметтік ортамен байланыстылығы басты назарға алынады. Қоғамдық әлеуметтік қызметі мен шығармашылық жұмысы ұлт тағдырына арналған ортақ арнадағы әлеуметтік қозғалыс жүйесімен сабақтасқанда ғана жеке тұлғаның мәдениет тарихындағы еңбегі айқындалады. Мәселен, қазақ халқының әлемдік өркениет деңгейіндегі көрнекті тұлғасы Шоқан Уәлихановтың ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан еңбектері қоғамдық- әлеуметтік дамудың тарихнамалық жүйесі аясында танылады. Қазақстанның ХІХ- ғасырдағы тарихи оқиғаларына тікелей араласып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік және шығармашылық қызметі арқылы ұлттық мәдениеттің әлемдік деңгейдегі танымал қайраткері тұғырына көтерілген Шоқан Уәлихановтың бұрын ғылыми айналымда қарастырыла қоймаған еңбектерін зерделеуде ол өмір сүрген кезеңдер шындығы негізге алынады.
Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты білімді, озық ойлы зиялы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, халықтың жан сырын ұққыш нәзік психолог, т.б. ретінде көрсете білді. Небәрі отыз жылдай өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл адамзаттық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты, үлкен мұра қалдырды.
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы ресейлік ғалымдардың еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасап, тіпті ұлттық ділімізге күйе жағып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында алғаш қирата соққы беріп, туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын «тағы халық» деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ежелден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді.
Осымен қатар Шоқан өз халқының өмірін жете зерттеп, кең даласы мен дархан халқының мәдениеті мен тарихын берісі орыс, әрісі Еуропа жұртшылығына таныстыруды алдына қойған мақсаты етті. Сондықтан ол еңбектерінде дала халқының қоғамдық-әлеуметтік-рухани өміріне ерекше үңіліп, жан-жақты зерттеді. Бұл жерде ол танымдық жағынан зор ғылыми маңызы бар деректер келтіріп, кейбір қисынды ой-тұжырымдарын да ортаға салды. Шоқан өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: «Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары, реалистік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды», [7] - деп ой түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын цивилизациясы аса бай ірі елдермен жақындастыра қарастырады. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады: «Түрік тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алды деуге болады. Біздің Шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын». [2] Ұлттық психика-менталитет өнер саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер адамдардың өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасатын халықтың эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы. Ш.Уәлиханов этникалық мәдениет ескерткіштері тек көркем шығарма ретінде ғана емес, сондай-ақ тарихи алынған көркем ақпарат ретінде олар халықтың ақыл-ойының дәлелі болып табылады деп көрсетеді.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын жинау мен зерттеуде Шоқанның еңбегі зор. Сонымен қатар ол түркі тілдес халықтардың фольклоры туралы да пікір айтқан. Қырғыздың «Манас» эпосының Көкетай ханның өлімі мен асы деген бөлімін хатқа түсіріп алған. Қазіргі уақытта «Манас» эпосы әлемдік мәдениетке қосылған зор үлес ретінде бағаланады. Фольклорлық материалдар Шоқанға қазақ халқының рухани - мәдени байлығын терең зерттеп білуге негіз болды. Ауызша ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыздар мен жырлардың үлгілері үлкен қазына екендігіне Шоқан баса назар аударды.
Атақты ғалым Шоқан ауызша халық шығармашылығын екі түрге бөліп қарайды: ертегі мен халықтың шығу тегі туралы аңыздар және халықтың тарихи тұлғалары (ру басшылары, батырлар туралы) аңыз-әңгімелер, шежірелер. Эпоста және халықтық өзіндік танымның басқа формаларында ата-бабаны пір тұту көтеріледі. Ата-баба рухына сыйынудан ежелден келе жақан әлеуметтік құндылықтар- отбасында ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлау, қоғамдағы ел басқарушыларды құрметтеу салты келіп шығады. Ата-бабалар қауымдастық үшін әлеуметтік және өнегелілік идеалдар, яғни, мәдени құндылықтарды жасаушылар және қорғаушылар, соған ұқсауға тырысу мен мақтау-мадақтау үшін үлгі тұту болды. Адамның өмірлік циклы ата-баларымен кездесуге дайындық ретінде қарастырылды, сондықтанда қазіргі пір тұтуларға қарағанда ол кездегі ажалға деген көзқарас мүлдем басқаша болды. Ажал онша қорқынышты емес, керісінше сонша құрметті саналды, қартаю ата-бабаларына жақындау, бастапқыға, мәңгілікке жақындау ретінде қарастырылды.[9] Міне, қазақтардың әлі күнге о дүниелік болып кеткен туыстарын соншама қадірлеп, аза тұтып, асын беріп құрмет көрсетіп жататын себебінің бір ұшы осында жатқан сияқты. Әрбір ұлттық мәдениет - өзінің мәні мен ішкі логикасы бар рухани құндылықтық мағыналар мен идеалдардың ерекше жүйесі. Демек әрбір этнос ең алдымен, өзінің әдет-ғұрыптарына, тарихи тәжірибесіне, құндылықтарына, дүниетанымы, ойлау стилі мен дәстүрлеріне жауап беретіндей нормалар мен стереотиптерге бағдар ұстанады. Тарихи дәстүрлер де өзгеріп отырады. Сол себепті бүгінгі таңда қазақтың мәдени дәстүрлерін, этностық сәйкестіктердің басты негізін дұрыс көрсете танып білуге, мәдени дәстүрлерді жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттық салт-дәстүрлер негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Оның үстіне, өткен ұрпақтың бай тарихы мен мәдениетіне тереңірек, жан-жақты көз жібергенде байқалатын ақиқат: мәдениет- әлемдік өркениетке жетуде және халықтардың материалдық және рухани құндылықтарын жасауда қозғаушы күш болып отыр. Шын мәнісінде мәдениеттің өзегі - руханилық. Рухани тірегі бар халық ешқандай басқыншыға алдырмайды, біреудің жетегінде кетпейді.
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – эпостарымыз, кең қарымды, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, бір ғана «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.
Эпос – соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыз сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты. Шоқан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларын жырларын, мақал-мәтелдерді, аңыз, ертек, шежірені, Жанақ, Шөже, Шал, Тәтіқара секілді ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы ақындардың шығармаларын қағазға түсірп алған, ол еңбектері әлі де бағалы. Шоқан еңбектері негізінде эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен ғылыми зерттеу еңбектер жазылған.
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген уақыттан бері де ежелден келе жатқан сөз өнерінің жаңғырып, соңы серпін бергені белгілі. Халықтың ауызша шығармашылығы, оның ішінде айтыс жанры бәсеңдеу-өшу үрдісінде емес, өзін-өзі сақтау, дамыту үрдісінің жаңа сатысы на көтеріліп келеді. Айтыс- халқымыздың ежелден бері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келе жатқан рухани қазынасы. Осы тұста кемеңгер жазушы М.О.Әуезовтің айтыс туралы: «Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ.... Бұл өлеңдер өте көп, көптігі жұрттың бәріне мәлім. Мәлім болмай жүргені де толып жатыр. Бұдан айтыс сөз қазақ ескілігінде өте жанды, өте қызулы, бағалы сөз болғанында дау жоқ»,- [1;135] деген ұлағатты сөзі ойға оралады. Сондықтан да халық әдебиетінің аса бай, арналы саласы- айтыс өлеңдерінің жанрлық табиғаты мен көне бастаулары арналы саласы- айтыс өлеңдерінің жанрлық табиғаты мен көне бастауларын, өзіндік қайталанбас белгі-сипаттарын, оның әлеуметтік-қоғамдық өмірді бейнелеудегі орны мен қалыптасып даму, кемелдену ерекшеліктерін, ондағы ақындық дәстүр, шеберлік мәселесі мен олардың бүгінгі айтысқа келіп ұласу жолдарын арнайы қарастыруда Ш.Уәлиханов, М.Әуезов сынды ғалым-зерттеушілердің еңбегі зор.
Шоқан қазақ ақындарының құйылдыра жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық әдебиетінде, дәстүрлі өнерінде елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның құйылдыра жырлау, суырып салма ақындығы сияқты ой қабілетінің үлкен тапқырлығын, қиыннан қиыстырар хас шеберлігін ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз нөсері, бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық, ұтымды дәлел, әзіл-шыны аралас өткір сөзбен қарсыласының қапысын тауып, оны кенеттен мүдіртіп тастау, беталды мақсатсыз айтылған пікір-таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы – Шоқан айтқандай қазақтардың шешендік өнерге қабілетті өлең мен жырға икем келетіндігінің айқын айғағы.
Шоқан жалпы көшпелі халықтардың қай-қайсысына да осындай қасиеттің тән екендігін атап көрсетеді: «Көшпелі елдердің қай-қайсысының болсын бір өзгешелігі – олар өлең, жырға бай, шебер келеді. Бәдәуилердің ақын келетіндігі Еуропа халықтарына әбден мәлім. Араб даласын кезгендердің бәрі де далада жалаңаш жүрген жас баланың өзіне берілген сұраулардың бәріне қисынды, ұйқасты өлеңмен жауап қайтарарын айтып ауыздарының суы құриды. Моңғол, түрік тектес рулар да дәл осындай қасиетке бейім».[7]
Шоқан бұл халықтарда төкпе, суырып салма қасиеттің мұншалықты дамып жетілуінің сырын ашуға да тырысты. «Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызы көп ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, - ол әзір бізге мәлімсіз» [7]. Шоқан осындай қабілеттің пайда болуының көзі жазира даладағы көшпелі өмірдің, не әсем табиғаттың әсерінде жатқан болуы керек деп топшылайды.
Мәселен, айтыстың сыншылдық сипаты оның табиғи болмыс-бітімімен қашаннан егіз, бұл айтыстың өзімен бірге ғасырлар бойы жетіліп ұшталып отырған. Мәселен, айтыста бір ақын аспанға көтере мақтаған ел басшылары, би-болыстар екінші қарсылас ақынның жауабында жермен жексен етіліп датталады, сонымен қатар өз елінің жақсы жайсаңдары соларға қарсы қойылып дәріптелсе, келесі кезекте алғашқысы бұларды да сын садағына алады. Сөйтіп, айтыста келелі сөзі болған ел жақсылары өзінің өмірдегі өмірдегі шынға жақын әділ бағасын алады. Дегенмен, осы белгі-сипаттарды табиғи өз күйінде талдап ашуға таптық тұрғыдан қарау туралы кеңестік дәуірдегі теріс саясат көп зиянын тигізді. Тек бүгінгі егеменді еліміз тәуелсіздік алған заманда ғана қазақ халқының айтыс өнері ұлттық мәдениетіміз тарихынан алатын орны мен мән-мағынасы дұрыс бағаланып, қайта жандануда. Тіпті ол бүгінгі тәуелсіздік алған өмірімізді бейнелеуге де өз үлесін қосып отыр.
Ғалым қазақ халқының ұлттық ділі мен мәдениетін мына пікірінде жеріне жеткізе сипаттаған: « ... қазақ барлық сенім, әдетімен де, - деп жазды ол,- ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шараларымен де, ең ақылдылардың қатарына қосылады». Өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, әдет-ғұрпы мен ұлттық ділін осыншама жоғары бағалаған Шоқанды қайтып қана қадір тұтпассың!
Айтыс өнері жайында Шоқан Уәлихановтың пікірлерінің құндылығы, мәні мен маңызы бүгінгі таңда арта түсуінің сыры да осында. Айтыс жөнінде басқа да зерттеушілер жазғаны және ол мақалалардың қай-қайсысының да өзіндік қызғылықты жақтары бар. Бірақ айтыс жанрының табиғатын терең ашып, классикалық қағидаларын тұжырымдаған М.Әуезовтың ой-пікірлері өз алдына бір төбе. «Айтыс өлеңдері» атты зерттеу еңбегінде академик М.Әуезов айтыс өнерінің ортақ дәстүрлері мен басты-басты ерекшеліктеріне тоқталып, талдап жіктегенін көреміз. Қазақ фольклорында айтыс жанры есте жоқ ескі кезден келе жатқанын айта келіп, М.Әуезов: «Мезгілінде жазылып алынбағандықтан қазір біз ҮІ-ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардың ақындар айтысын білмейміз, деректер жоқ. Бірақ сол ғасырларда да айтыстың мол болғаны даусыз»,-дейді. [1].
Атақты ақындардың ірі айтысынан басқа әрбір ойын-сауық, айт пен тойда, ас беру, мерекеде тұстас ақынмен, жас жігіт-желеңмен, қыз-келіншектермен қағысып айтқан үлкенді-кішілі, әзіл-күлкі айтыстарда сан жоқ.. Айтыс жалпылық жанр болған. Сондықтан аты белгісіз ақындар мен айтысушылар туғызып кеткен, бірақ хатқа түспей қалған айтыс өлеңдерінің саны, көлемі қаншалық мол болғанын, олар ұшан-теңіз өлеңдер тудырғанын болжау қиын емес. Осы ойларын білдіре келе, зерттеуші теңіздей мол мұраны жеке түрлерге бөліп әр түрін «айрықша талдап, сала – саласымен тексеру қажет» деп түйеді. [2.32]
Көшпенді ата-бабаларымыздың психологиясы туралы Шоқан тағы бір еңбегінде тағы да былай деп жазды: «Тарихи жағынан алғанда қазақ халқының поэзиялық рухы тамаша, біріншіден, ақындарының еске тұту жайы барынша ғажап болғандықтан ... өз батырлары туралы деректерді бұл күнге дейін бұрмалаусыз сақтап келген, екіншіден, қазақтың өткен замандағы аңыздары мен сенім-нанымдарын соншалық бағы қалпында сақтауы таңырқарлық. Одан да ғажабы - әсіресе ақындарының эпикалық жырлары кең даланың қай қиыр түкпірлерінде айтылмасын, бір ғана қолжазбадан көшірілгендей ауыздан-ауызға сөзбе-сөз ауысып отыруы. Сауатсыз көшпелі орданың (қазақтың) ауызша тарихының осыншалық ақылға сиымсыз дәлдігі таңырқарлықтай, сөйтсе де бұл күдік келтіруге болмайтын ақиқат факт».[7]
Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтардың ұлттық мәдениетін, ділін көрсететін белгілердің бірі- сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы,- деп жазды ол, - бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздардың молдығы- терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл» [6].
Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең байтақ өлкемізде өткен замандарда болған орыс, поляк, украин зиялылары да қостайды. Олар халқымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпындағы өнегелі де айшықты жақтарын, атап айтқанда, сөз өнеріне жетіктік, шешендік пен парасаттылық, суырып салмалық, нақыштап сөйлеуге жаны құмарлық, тағы басқа қасиеттеріне аузының суы құрып таңданған. Мәселен, «өлең-жыр, - деп жазды П.И.Пашин,- қазақтардың жан серігі, қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады». Ал, А.Брем «қазақтар сөз өнеріне жетік келеді – бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндер де, байға да, жарлыға да тән қасиет» дейді. Белгілі ғалым В.Радлов «қазақтар нақышты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі,- сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен», - деп түйіндеген. [3]
Қазақтың музыкалық мәдениетіне келтірілген екі-үш ақ мысалдан-ақ сіздер ол мәдениеттің тектілігін, терең асыл екендігін пайымдайсыздар. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ. Орыстар балалайканы қолға алып, жерді бір теуіп, частушка айтады, бар музыкасы осы ғана. Ал, күй деген – музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты. Ал енді осы күй өнерін туындатқан авторлы музыканың өзіне осы далада 1200 жыл. 40-тан астам исі түркі халқының ішінде Қорқыт бабамыздың күйін сақтап қалған жалғыз халық – қазақ. Қорқыттан бізге жиырмаға тарта күй жеткен. Олар әлі күнге дейін үлкен сахналарымызда тартылады. Қорқыттың бергі жағында Шыңғыс ханның алдында күй тартқан – найман Кетбұға күйші. Күйшінің он үшінші ғасырдағы «Ақсақ құлан» күйінің бізге он варианты жетті. Қазір Европа кітапханасында тұрған «Кодекс Куманикус» кітабында сол Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйінің ноталық жазбасы бар. Қазақ музыкасына үлес қосқан зерттеуші Б.Г.Ерзакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ құлан» күйі шығады. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, кешегі Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың рухани мәдениетінің осы үш саласы күні бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр. Шоқан да қазақ музыкасының шығу тегі, қазақтардың музыкалық қабілетінің аса биіктігін көрсететін аңыздарды жазып алып, оны кейін Г.Н.Потанин жарыққа шығарғаны белгілі.
Қобызды домбыраның ығыстырып шығарғандығын көзімен көрген әрі қазақ музыкасына ене бастаған түбірлі өзгерістерді жазып қалдырған Шоқан ысқылы музыкалық аспап- қобызды «ойналуы өте күрделі, тартымды да әсерлі аспап»,- деп жоғары бағалайды. Әрі қобыз сүйемелдеуімен айтылатын ескілікті жырлардың қалып бара жатқандығына, жыр орындау өнерінің бұл үлгісі де, тіпті, көне музыкалық аспап қылқобыздың өзі де бақсының меншігіне айналып, әйгілі суырып салма ақын Жанақ әншіден кейін ата дәстүрдің тұлдырсыз қала бастағынына қынжылады.
Шоқан ұсынған 14 күйден тұратын тізбектің ішінде «Қанқожа сұлтанның тартқаны» атты қобыз күйі бар. Бұл мәселені академик Ә.Х.Марғұлан жан-жақты талдаған еді Ш.Уәлихановтың «Қазақтың халықтық поэзиясының формалары» [7;196] атты бізге толық жетпеген бұл зерттеуінде Шоқан «Ер Көкше», «Ер Қосай» мен «Орақ батыр» жырларынан мысал келтіре отырып, жырдың жалпы мазмұнын қара сөзбен әңгімелей келе, бас кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен ой-пікірлері өлеңмен яки қобыздың сүйемелдеуінде күй-әнмен айтылатындығын жіктеп жазған. Мұнан поэзияның музыкамен ұштастығын Г.Н.Потанин мен А.В.Затаевичтен бұрын байқап, тарқатқан Шоқан екенін көреміз. «Қазақ музыканттары» деп аталып жүрген Шоқанның бір беттік суретті қолжазбасының мән-мазмұнын академик Әлкей Марғұлан талдап таратқан еді. Шоқанның музыка өнерін жете түсініп, талдап таратқандығы оның қазақ музыкасы мен поэзиясының сымбаттылығын табиғилық қасиетінен қарастыруынан көреміз. Шоқанның нота танығандығы, орыс және батыс еуропа музыкалық дәстүрі мен Қазақстан, Орта Азия музыка өнерімен толық таныс болғандығын көрсететін деректер көп, [8] оның себебі бүгінгі біздер үшін жаңалық емес.
Шоқаннан қалған мол мұраның бірі - бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Қазіргі уақытта бейнелеу өнері тарихында он-жиырма ғана еңбегімен маман суретші атанып, әлемдік даңқ иеленгендер де бар. Ал Шоқан артына 150-дей сурет туындысын мұра етіп қалдырған. Табылмағаны қаншама. Оның суреттері негізінен портреттік жанр болғанымен, пейзаж- табиғат тамашасын және халықтың тұрмыс-салтын, тыныс-тіршілігін дәл бейнелеген. Шоқан салған суреттер Алтын Емелдегі Шоқан мұражайында сақтаулы. [8]
Дәстүрлі мәдениетімізде ұлттық қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, күні кешеге дейін кең қолданылған тіккен киіз үй – қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Оларда қандай сұлулық! Неткен әдемілік! Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қолөнердің ұлы туындысы – киіз үй. Шоқанның «Киіз үй», «Егіншілік туралы», «Қазақтардың космологиялық түсініктері», т.б. ғылыми еңбектерінде қазақ халның ежелден бергі сәулет өнері ескерткіштері жан-жақты сипатталып талданған. Қазақ киіз үйінің ерекшелігін басқа көшпелі халықтардың (қырғыз, қалмақ, моңғол) киіз үйлерімен салыстыра жазған.
«Қазақтардың космологиялық түсініктері» еңбегінде Шоқан «Қазақтар белгілі жұлдыздарды ғана таниды» дей келе, Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Бақташы жұлдызы, Шолпан жұлдызы, Құс жолы, Ай, Күн және аспан әлеміне шағын түсінктер береді. Қазақтар Темірқазық жұлдызы арқылы түнде жолға шыққанда бағытын анықтаса, Үркерге қарап тәуліктің уақыты мен жыл мезгілін анықтаған.
Шоқан халқымыздың өркениеті үшін шала сауатты молдалар сабақ беретін медреселер мен патша өкіметі ашқан ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын оқу орындарының қажетсіздігін, оның орнына Еуропа жұртында кең тараған дүниежүзілік жалпы білім беретін мектептердің ашылуы зор маңызға ие болады дей келіп, отарлау саясаты көздеген шараларды мықтап сынға алды. Кейінгі ағартушылық-жәдидтік қозғалыс өкілдері де, қазақ зиялылары да осындай пікірде болды. Ол «Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы» атты еңбегінде «тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді» - деді. Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Өз халқының келешегінен зор үміт күткен Шоқан озық мәдениетке жетуде ғылымы мен мәдениеті мықтап дамыған елдерден үйрену керектігін, бұл үшін орыс оқуына бой ұру керектігін, мұның өзі халқымыздың жалпы адамдарға деген достық ниетін күшейтетін игілікті іс екендігін ескертті. Оның өз халқына деген сүйіспеншілігі, бүкіләлемдік озат өркениетті ғұламаларға деген шын мәніндегі адал көңілдегі терең сүйіспеншілігімен тығыз ұштасады. Өмірінің соңғы жылдары Шоқан әрине, патша өкіметінің озбыр саясатымен, отаршылдық езушілігімен келісе алмады. Ресейдің теңсіздік дүниесіне жиіркене қарап, Ресейдің алдыңғы қатарлы, озық ойлы зиялыларымен бірге отаршылдық тәртіптің өзгеруін қалады. Ш.Уәлиханов патша әкімшілігінен ешбір көмек болмай, ауыр науқасымен арпалысып жатып жазған «Сот реформасы» еңбегінде: «Қазақ халқы Ресей қол астында еркін дамуға мүмкіндік аламын деп Ресей империясының құрамына үлкен үмітпен, сеніммен кірді. Осындай үміт-сеніммен кірген халық меніңше, шынайы қамқорлыққа лайық. Патша үкіметі қазақ халқына мұндай қамқорлықты жасауы тиіс. Ал халықтың, ұлттың дамуы үшін екі басты нәрсе керек, ол – еркіндік және білім. Ресей үкіметі осы екеуін қамтамасыз етсе, онда қазақ халқының болашағы бар және Ресейге риза болуға тиіс! ...Әрбір халықтың дамуында революциялық және эволюциялық- екі жол бар. Франциядағы революция...бұл – бәрімізге, Ресейге де сабақ болуға тиіс.Ресей қазақ халқының мұң-мұқтажын ескеріп, оның мүддесін бейбіт шешетін реформа жасауы керек. Ал егер осы міндетті орындай алмаса, онда қазақ халқының орыс мемлекетінің құрамына енгендігі бекер болып шығады!» деп батыл жазды.[6] Кеңестік кезеңде Шоқанның Ресей империясының отарлық саясатын сынаған көзқарасы мейлінше көлеңкеленіп келді. Соның негізінде 90-шы жылдары оған негізсіз, сыңаржақты көзқараспен орыс миссионері деген айып таққандар да болды.
Аққан жұлдыздай болып өткен қысқа ғана ғұмырында өз тұсындағы ғылымның түрлі саласынан артына өшпес мұра қалдырған сан қырлы талант иесі Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |