Материали


Найновите научни постижения - 2023



Pdf көрінісі
бет55/150
Дата27.03.2023
өлшемі2.16 Mb.
#471154
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150
2023-03-21-A4-tom-9

Найновите научни постижения - 2023  Volume 9 
72 
А. Маслоу [3] креативтілікті өмірдің кез келген мәселесінде қолданылу 
керек сапа ретінде түсіндіреді. Оның тұжырымдауы бойынша креативтілік – 
әрбір адамда туғанынан пайда болады, бірақ көпшілігі ол сапаны ортаның 
әсерінен жоғалтып алуы мүмкін. 
Ресей ғалымдарының креативтілікке берген анықтамаларына тоқталатын 
болсақ:
- «ойлаудың стереотипті тәсілдерінен бас тарту, шығармашылыққа
ақпаратты түрлендіруге қабілеттілік» (Е. П. Ильин); 
- «педагогикалық креативтілік - педагогтар мен студенттер біріккен іс-
әрекет барысында жағдайды тиімді өзгерте алуға мүмкіндік беретін жеке 
тұлғаның психикалық және әлеуметтік даярлығы» (Е.Е. Щербакова);
- «ерекше идеяларды тудыру, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан ауытқу, 
проблемалық жағдайларды шешуде интеллектуалды серпілісті жылдам және 
тиімді жүзеге асыру қабілеті» (М. К. Голованивская); 
«креативтілік 
индивидтің 
интеллектуалдық 
және 
тұлғалық 
ерекшеліктерінің кешені, проблеманы өз бетімен шешетін, жаңа оригиналды 
идеялардың туындауы және проблеманы қалыптан тыс шешуі» (А.В. Морозов) 
[4].
Отандық креативті зерттеуші ғалымдардың еңбектерін қарастыратын 
болсақ Қ.М. Нағымжанова: «креативті ойлау полюстерін бақылай отырып, біздің 
аңғаратынымыз, олар көбінесе біз олардан күтетін жауаптар береді. Олар тек 
өздерінің толық сенімділіктерін ғана айтады. Бірақ, барлық жаңа креативтік 
анықталмаған, «ақылды және тапқыр» мәртебесіндегі бала, креативті болудан 
қашады, себебі өз беделін жоғалтып алудан қорқады. Ал мұндай жағдай 
механикалық ойлауға әкеледі. Бұл тұрақтылық, сонымен қатар жалықтыруды 
туғызады. Механикалық ойлау креативті ойлаудың ең үлкен қатері, яғни, ол 
жаңаны сезініп, ашу мүмкіншілігін жояды. Келесі қатер алдын-ала айтылған сын 
болуы 
мүмкін. Көбінесе 
ерекше, 
дұрыс келмейтін байланыстыру 
шығармашылық ойлауға негіз болады, ал ерте айтылған сын жаңа дамуды 
тұншықтырады» [5] - деп тұжырымдама береді.
Б.А. Оспанова болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастыруда 
белсенділік тұлғаның, оның тұлғаралық, әлеуметтік-психологиялық кеңістік 
құндылықтары мен мақсатын құрылымдауға негіз болады. Сонымен бірге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет