Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет16/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Мазмұндамалар жинағы

Сөмке мен Салақбай
Сабақтан келген бойда сөмкені еденге тастай сала Салақбай ойынға тартты.
Салақбай есіктен шығысымен үш жасар інісі Садыр сөмкені құлағынан тартқылап тұрғызды. Үстіне кішкентай жастықты салды да, ат қылып мініп алды. Сөмкенің белі майысып кетті. Шабан екен, алға жылжымай қойды. Кенет, сөмке өкпесі қысылып, бір жағына қиқаң етіп қисая кетті.
Ол сөмкені ашып жіберді де, төмен қарай төңкерді. Ішіндегі құралдары бірі қалмастан саудырап төгілді. Қолындағы қайысты сөмкенің құлағына байлады да, дырылдатып сүйреп ала жөнелді. Еден сөмкенің бетін осқылап жырым-жырым етті.
Сөмке шыдап бақты. Салақбай келер деп үміттенді. Бірақ ойынның қызығына берілген Салақбай тез арада оралмады.

Тақтаға жазылатын сөздер мен сөз тіркестері: сөмкенің құлағы, белі майысып, қайқаңдап, шабан, өкпесі қысылып, демігіп, саудырап төгілді, қайыс, бетін осқылап, жырым-жырым.


Сұрақтар:

  1. Сабақтан келген Салақбай не істеді?

  2. Інісі Садыр сөмкемен қалай ойнады?

  3. Сөмке қандай жағдайды басынан кешірді?

  4. Ойыннан кейін сөмкенің түрі қандай болды?

  5. Сөмке кімді күтті?

Жоспары:

  1. Ойыншыл Салақбай

  2. Садыр мен сөмке

  3. Сөмкенің жағдайы?

  4. Жырым-жырым болған сөмке

  5. Сөмкенің үміті

Қайықта
Көлде бір ескі қайық тұратын. Онымен біз арғы жаққа өтіп, жидек теретінбіз. Бір күні бір топ бала қайыққа міндік. Ішіндегі үлкені болғандықтан мен қайық естім.
Көлдің шетіне жақындадық. Қайықтың бір жағында отырған балалар еңкейіп қалғанда, қайық ауытқып кетті. Қайықтың ішіне су толып кетті. Қайығымыз суға бата бастады.
Біздің бағымызға қарай, қайық батқан жердің суы кеудемізден-ақ келді. Әрең дегенде көтеріп, суын төктік. Қайығымызды жағаға алып шықтық.
Тақтаға жазылатын сөздер мен сөз тіркестері: қайық есу, ауытқып, бағымызға қарай.
Сұрақтар:
1. Қайықпен балалар қайда баратын?
2. қайық суға не үшін батты?
3. Суда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
4. Балалардың аман қалуының себебі не?
Жоспары:

  1. Жидекке бару

  2. Қайықтың аударылуы

  3. Қайықты жағаға алып шығу

Ақ аю
Солтүстік Мұзды мұхитында қыс өте ұзақ және суық болады. Жылдың екі-үш айында ғана аздап күн жылынады. Ол жерде ақ аю көп болады. Ақ аюлар балық жейді. Олар сеңнің ішінде қозғалмай жатқанда мұз сияқты болып көрінеді. Балықтар оны мұз екен деп қалады. Балықтар қасына жақындағанда, шап беріп ұстап алады.

Тақтаға жазылатын сөз тіркес: Солтүстік Мұзды мұхит.


Сұрақтар:

  1. Солтүстік Мұзды мұхит туралы не білесің?

  2. Ақ аю немен қоректенеді?

  3. Ақ аю балықты қалай ұстайды?

Жоспары:

  1. Ақ аюдың мекені

  2. Ақ аюдың қорегі

  3. балық ұстауы

Піл
Піл ыстық жақта болады. Ол ағаш арасында жүреді. Өзі үлкен, сирақтары жуан болады. Пілдің ұзын тұмсығы бар. Сол тұмсығымен ол үлкен ағаштарды қопарып тастай алады. Адам оны күшін пайдалану үшін асырайды. Оған ауыр жүктер артады. Ерте заманда пілдерді соғыс көлігі ретінде де пайдаланған. Піл жас ағаштардың жапырақтарын, түрлі жемістерді жейді.

Сұрақтар:



  1. Піл қайда өмір сүреді?

  2. Пілді адамдар не үшін асырайды?

  3. Піл немен қоректенеді?

Жоспары:

  1. Пілдің мекені

  2. Пілдің адамдарға пайдасы

  3. пілдің қорегі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет