Жоспар:
Ана- сарқылмайтын күш
Ана бақыты
Ана туған ғұламалар
Сәкеннің ән мұрасы
Қазақ әдебиетінің классигі ,қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин жаңашыл ақын ғана емес, композитор еді. Сәкенннің мұрасына келсек, әндері Сарыарқаны шарлап кеткен.
Оның әсем әуезді «Біздің жақта», «Тау ішінде», «Көкшетау», «Сырсандық» деген әндері бар. Ең алғаш әні «Біздің жақта» 1919 жылы жазылған.Елінен жырақта жүргенде сағынышын осы ән арқылы жеткізген.Туған жерінің әсем табиғатын «Жазғы түнде», «Көкшетау» әндерінде суреттеген.Лирикалық әндеріне « Сырсандық», «Қамыққан көңіл», «Тұрмыс толқынында» әндері жатады.Бұл әндер ақынның сыршылдығын көрсетеді.
( «Сәкен Сейфуллин» кітабынан)
Жоспар:
Сәкен - композитор
Сәкеннің алғашқы әні
Лирикалық әндері
Әженің ақылы
Абай Қарқаралыдан қайтып келген соң, күндіз- түні кітап оқыды. Оқыған кітаптарынан көп асыл бұйымдар тапты. Абай тарихи кітаптар мен Шығыстың дастан, хикаяларын бас алмай оқыды.Кешкі шайдан соң, Абай кейбір оқып шыққан кітаптарын үй ішінде әңгімелеп айтатын.Зере Абайдың кітапқа ықыласын байқап:
- Қарағым, осының ақыл. Осы ала қағазыңнан айырылма. Басқа балаларға ұқсама, -деді.
Абай әжесінің сөзіне разы болып, күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды.
(М.Әуезов)
Жоспар:
Абайдың оралуы
Абай және кітап
Абайдың әңгімесі
Әжесінің батасы
Татьянаның қырдағы әні
М.Әуезов шығармашылығында А.Құнанбаев мұрасы тақырыбына көп орын берілген.Жазушыны ұлы ақын өмірі қызықтырады.Сондықтан Абайды көркем деңгейде жеткізу үшін көп күш жігер жұмсады.
1937 жылы жазылған «Татьянаның қырдағы әні» үзіндісі болашақ романының тарауы еді.Роман автор ойынша үш кітаптан тұратын. Бірақ жұмыс үрдісі кезінде шеңбері кеңейе береді. «Абай» романын екі кітап етіп жазды. Ал оның жалғасы «Абай жолы» да екі кітап етіп шығарылды.
«Абай жолы» роман эпопеясы - XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамын кең суреттеген шығарма.
( «Қазақ әдебиеті» кітабынан)
Жоспар:
Мұхтардың Абай өміріне қызығуы
«Татьянаның қырдағы әні» үзіндісі
«Абай жолының» дүниеге келуі
Достарыңызбен бөлісу: |