1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1 ЖОО студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық -психологиялық негіздері
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, соның ішінде жоғары оқу орындары мен мектептерінде де оң өзгерістер жасауды меңзейді. Қазақстан Республикасының Президенті жарлығына сәйкес қабылданған мемлекеттік бағдарламасында студенттердің білім беру деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін қазіргі жаңаша оқу орнының моделін жетілдірудің және жоғары кәсіптік білім алу үшін олардың түлектерінің бастапқы мүмкіндіктерін теңестірудің қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда білім беруді ұйымдастырудың мақсат – міндеттері жеке айқындалады. Бағдарламада білім берудің мақсаты – оқыту мен тәрбиелеу, студенттердің білім сапасын арттыру,сондай-ақ ауылдық және шағын жинақталған мектептердің қызметтерін жетілдіру үшін де жағдай жасау қажеттігі көрсетілген. Демек, студенттердің ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы олардың танымдық іс - әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыру жағдайына тікелей байланысты.[4]
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын жастардың санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Олар қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу – танымдық іс - әрекет – бұл арнайы студенттердің өздері ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады.
Оқу – танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу – танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске студенттер мен оқушылардың әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу – танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл – ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Танымдық іс – әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі – жастардың үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді жастардың оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде жастардың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл – ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық
іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді.
Студенттердің танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі студенттердің алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, олардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.[5]
Студенттің белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – білімгерлердің әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т.б.) Студенттің. ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Жеке адамның белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.Жастардың танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында студенттің танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.
Мысалы мектепті айтатын болсақ,оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Студенттің белсенді өмірлік позициясын қалыптастырудың нақты жолы мен танымдық белсенділігіне және тұлғаның әлеуметтік белсенділігі ретінде танылатын фактор оқыту процесіндегі белсенділік принципі. Соңғы жылдары педагогикалық теория мен практикада оқту процесінде белсенділік принципін іске асыру үшін көп жұмыс жасалуда. Жаңа білім беру пирамидасы бойынша студенттердің танымдық белсенділігін арттыру мына жағдайларда іске асырылады;
Студент оқу процесінде және дамудың белсенді субъектісіне айналады;
Оқу пәндерінің ғылыми деңгейін жоғарылату үшін мектепте білім жаңа мазмұны ойластырылып енгізіледі;
Жаңа ұрпақтың жалпы білім беретін мектепте арналған оқулықтары оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл оқулықтарда құбылысты факт жүзінде емес, оның мазмұнын түсінетін деңгейде және ол студенттердің белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жаңа педагогикалық және ақпардегенқ психологияны оқыту процесінде қолдану студенттердің оқу процесіндегі формасы мен әдісін күшейтуде белсендік танытуда. Дидактикалық ықпал етуде түрлі психологиялық ықпалдар әсер етті.
Студенттердің дидактикалық жұмысында студенттің және жұмыс көлемі көбейеді, студенттердің таным процесіндегі белсенділігін арттыруда және жұмыс мазмұны мен көлемі елеулі өзгеріске ұшырайды.
Психо-шығармашылық мазмұнындағы өзіндік жұмыс енгізіледі.
Оқытуда техникалық құралдар мен ақпардегенқ технологияны енгізу.
Оқытуды жекелендіру, мұның астарында оқушының оқу мүмкіндіктері есепке алынады.
Оқу процесіне ұжымдық шығармашылық енгізу.
Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру проблемасы Ресей дидактиктерінің өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бері қызықтырып келеді. Оқытудың белсенділік принципін іске асыруды оқымыстылар білім беру сапасының жоғарылағанымен шығармашылықтың дамуымен және жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігімен байланыстырады.
Оқымысты дидакттар белсенділік принціпін іске асыру үшін оған әр қырынан кіріседі. Ю.К. Бабанский, В.С.Ледиев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. белсенділік принціпін арттыруды білім берудің мазмұнымен, оқыту әдістерімен, оған проблемалық тұрғыдан қараумен байланыстырады.[6]
Басқа зерттеушілер өзіндік жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың тиімді тәсілі деп санайды О.А.Нильсон, И.И.Пидкасистый және т.б. Л.П.Прессманың, С.Г.Шаповаленконың, Н.М.Шахмаеваның т.б. айтуы бойынша оқытуда техникалық құралдардың енгізілуі студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың жетекші факторы. [7]
Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру И.Унт, И.М.Чередов, И.Ф.Харламов, С.Абылқасымова, В.А.Ситарова және т.б. пайымдауынша олармен жеке жұмыс барысында қалыптасады. Олай болса, студенттердің танымдық белсенділігі түрлі жолдармен арттып отыратынын соңғы он жылдық зерттеулерден байқауға болады. Біздің зерттеуіміз үшін танымдық белсенділігін және “оқытуды арттыру” сияқты түсініктер басты назар аударуды қажет етеді. [8]
“Танымдық белсенділік” категориясы “ойлау әрекеті”, “шығармашылық белсенділігі”, “танымдық өзінділігі” категориялары мен астарласып жатады. “Танымдық белсенділік” түсінігін жете түсіну үшін танымдық және ойлау әрекеттерінің айырмашлылығын ашып алу керек.
М.Н.Скаткиннің ойынша олардың айырмашылығы мынада, танымдық белсенділікте тек ойлау әрекеті емес, бақылау, ес, ерлік процестері де орын алып, онда адамның қоршаған ортаға көзқарасы айқындалады. Ойшыл ешнәрсені танымауы мүмкін, ал тану ойлаусыз мүмкін емес. [9]
Танымдық белсенділікті арттыру студенттердің белсенділігін қалыптасыру, білім беру процесінің күшейтілуі үшін жүзеге асырылады. Зерттеушілер ішкі (ойлау) белсенділігі мен сыртқы (моторлы) белсенділікті бір-бірімен ажырата білудің маңыздылығын атап өтеді. Оқу процесіндегі екі белсенділік түрінің де өзіндік орны бар. Алайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру бірінші кезекте ойлау белсенділігімен байланысты, сыртқы (моторлы) әрекет мұнда ішкі белсенділіктің қалыптасуы оның дамуы үшін маңызды қызмет атқарады.
Кейбір зерттеулершілер белсенділікті атқарушы және шығармашылық деп екіге бөледі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий белсенді және өзіндік ойлау туралы былай деп жазады, “белсенді ойлау”, “өзіндік ойлау” және “шығармашылық ойлау” “түсініктерінің ара - қатынасы” концептриналық айналым ретінде белгілеуге болады. Бұл ойлаудың түрлі деңгейлері, бұлардың әр қайсысының бір-біріне қатысы бар. Шығармашылық ойлау өзіндік және белсенді бола алады, бірақ барлық белсендік ойлау өзіндік ойлау емес, және барлық өзіндік ойлау шығармашылық емес.[10]
Студенттердің белсенділігі проблемасының танымдық белсенділік әрекетіне қатынасы қазіргі педагогика оқулықтарында айтылған. Сонымен, И.П.Подласый, танымдық және белсенділік принциптеріне қарай келе былай көрсетеді “студенттің өзіндік танымдық белсенділігі оқудың маңызды факторы болып табылады және оқу материалының тақырыбының терең және берік игеруіне жетекші рөл атқарады”. Оқытудың ерекшеліктерін бақылау арқылы оқудың таным және белсенділік принципін қалыптастыруға болатынын айта келіп “белсенділікті тәрбиелеу үшін не уақытты, не күшті аямаңыздар”. Бүгінгі белсенді студент - ертеңгі белсенді кәсіп иесі, қоғам мүшесі екенін естен шығармаңыздар деп ескертеді.[11]
В.Г.Казанов, Л.Л.Кондратьев сынды психологтардың айтуы бойынша, адам белсенділігінің түрткісі ретінде биологиялық және әлеуметтік қажеттілікте болуы мүмікін. Туа біткен қажеттіліктің ішінде оқу әрекетін қалыптасыруда ерекше мааңыздылары белсенділік пен ақпарат қажеттілігі. Бұлардың біркеуі болмасын біреуіне шектеу жасау интеллектуалдық эмоцияның ерікті дамудың ақауға алып келетін жағдайлар жасап, оқу әректін қалыптастыруда іш пыстыратын жағдайға алып келеді. [12]
Дидакт-оқымыстылар танымдық белсенділік түсінігін оқуға түрлі жағынан қарайды. Б.И.Есипов “белсенділік” және “өзіндік” түсініктерін шектей келе былай деп жазады: “студенттердің белсенділігі оқу жұмысының барлық кезеңінде қажетті”. Оның ойынша белсенділік түсінігінің ауқымы өзіндік түсінігіне қарағанда кең, “белсенділік студенттің өзінділігінің бір дәрежесін көрсетеді”.[13]
Г.М.Муртазин танымдық белсенділік әрекеті түсінігін оқыту танымдық процесін мақсдеген түрткі, қалыптастыру және осы процестерін күшейту бағытымен байланыстырады. Өкінішке орай біздің көзқарасымыз бойынша автор, белсенділік пен оған жету жолдарын шатастырып алған сияқты. Енді бірқатар зерттеулер танымдық белсенділікті жеке тұлғаның бір бөлігі ретінде қарап, бұл түсініктің психологиялық жағына көңіл бөліп, шығармашылық және репродуктивті белсенділікті бір-бірінен бөліп алады. Сонымен, танымдық белсенділік түсінігін әр авторлардың түрлі позициядан қарауы танымдық белсенділік түсінігінің дамуына ыққпал етіп, оған әр қырынан талдау жасауға мүмкіндік береді. Бір жағынан бір мәселеге бұлай түрлі жақтан қарау қарастырылып отырған категорияларға нақты көзқарастың қалыптастыруды қиындата түседі.
Таным белсенділігі түсінігі туралы жарық көрген негізгі басылымдарға талдау жасай келіп, бұл сұраққа ғалымдар екі тұрғыдан қарауды ұсынады:
Танымдық белсенділігі әрекет ретінде қаралады;
Танымдық белсенділігі және тұлғаның бір қыры ретінде.[14]
Т.А.Шамованың дәлелдеуі бойынша, бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Бұларды диалектикалық бірлікте қарау танымдық белсенділік арттыру түсінігін қалыптастыру үшін маңызды. Және ол әрекет мақсаты үшін де оған жету мен нәтиже үшін де маңызды рөл атқарады. [15]
Оқытудың мақсаты мен студенттерге білім, білік, дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың және қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің бірі танымдық қызғушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік және оқу-танымдық әрекет арқылы білімді тиімді
игеру оқу-танымдық мақсатта. Мұнда эмоционалдық, интеллектуалдық адамгершілік процестердің комплексі көрініс табады. Бұл қасиеттер табылатынын студенттің белсенділігі мен байланысты таным процесінде негізінен көп кездеседі. Бұл жағдайда белсенділік мақсатқа жетудің жолы ретінде қаралады.
Қорытындысында, субъектілігі белсенді жағдайға алып келу оның сыртқы орта мен қарым-қатынасының нәтижесі. Танымдық белсенділікке және индивидуалды қасиет тән. Белсенділік, танымды қалыптастырушы фактор ретінде, адамның туа біткен қасиеті емес – ол танымдық әрекет процесінде туып, қалыптасып, танымға, ойлау дәрежсесіне, студенттің және еркі қабілетіне байланысты сипатталады, сонымен бірге белсенділік әрекет сапасына ықпал етеді.
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада студенттердің «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымдары «ойлау іс-әрекеті» ұғымдары жиірек пайдаланылады. «Ойлау» және «таным» ұғымдарына анықтама берер болсақ, философиялық инциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласының танымының жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан «таным» ойлауға қарағанда әлде қайда кеңірек ұғым философиялық сөздікте «таным объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы» ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп көрсетуде болып табылады.
А.П.Карповтың пікірінше жоғары мектептегі студенттің танымдық іс-әрекеті –оны өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Танымдық іс-әрекет құрылымы жағынан іс-әрекеттегі ұқсас, кез келген басқа солармен бірлікте болғанымен. Мектепте оқып жүрген жылдары жүйелі, үнемі оқып үйренудің қол үзген адамның санасы толыққанды бар мүмкіндігінше дамымайды, дүниені қабылдаудан халықтың құндылықтарын игердің құралақан қалады. [16]
Г.Н.Щукина танымдық іс-әрекеттің субъектісі студент болуға тиісті деп есептейді. Олай болса әлеуметтік- педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің де «қайнаған ортасында» студент, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы, танылуға тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы, таным процесіне қатынасы және танымдық іс әрекетке қатысушыларға–студенттерге, оқып-үйрену сін ұйымдастырушы және бағыт беруші мұғалімдерге қатынасы, көзқарас болады. ЖОО оқытудың оқып-үйренудің ерекше миының өзі де осында. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа, оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын және соған қарамастан өзінің субъективтік–тұлғалық негізін жоғалтпайтынын ұмытпауға тиіспіз. [17]
Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әректтің ерекшелігінің біріне оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің құрылымына жататынын компоненттік енеді. Алайда бұл іс-әрекеттің мақсдегенлық және бағдарламалық сиапты міндетті түрде біліммен, білікпен, дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс-тәсілдермен, оның ұйымдастырумен шектеледі. Осы мағынада алынғанда танымдық іс-әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі.[18]
М.А.Асылжанованың пікірінше, балалық шақта балалардың жас ерекшеліктері әрі алғашқы қабілеттіліктердің қалыптаса бастау факторлары да болып табылады. Студенттің танымдық іс-әрекеті жас ұрпақтың міндетті түрде меңгеруге тиісті, үнемі жетілдіріп отыратын іс-әрекеті болып табылады.[19]
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде В.И.Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттелінді. (Лозовая, 2000). Автор жеке тұлғаның белсенділігін талдай және жүйелей келе жеке тұлғаның мәні мен осы ұғымының әрекет ұғымына қатынасын ашуды түрлі көзқарастың орнына алып отырағынын атап өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетейік.
Белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша белсенділік ретінде көрініс табады.
Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі.
Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.
Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.
Танымдық белсенділікті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға
ұмтылушылық пен, ерік-жігер көрсетуімен сипатталатаны шәкірттің хал-жағдайы; білімді жігерлі түрде игеруге дайын болушылық пен
ұмтылушылық; ақыл-ой әрекеті; әрекет сапасы, т.б.) талдау жасай келе, В.И.Лозовая олардың бәрі осы ұғымның елеулі жақтарын толықтырады
дегенге меңзейді.
Бұл көзқарастарды, - деп атап өтеді ол, жеке адамның білім алуды, қол жеткізген білімін тереңдетуді қоғамның рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсіну танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Оқытудың мақсаты студенттердің білім, білік, дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің бірі-танымдық қызығушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік, әрекет және ықылас арқылы білімді тиімді игеру болып табылады. Студенттердің шығармашылық күштерінің, бейімділігін және қабілеттерін дамыту танымдық мағынасымен және қоғамдық маңыздылығы толтырылған, үздіксіз, жан-жақты әрекетті талап ететін күрделі жүйе. Бұл жүйеде маңызды орын танымдық қызығушылықтары беріледі. Танымдық қызығушылық барысында ықылас ерекше көрініс табады.
Танымдық ықылас жүйелі түрде бекітіліп және дамып, оқуға деген жағымды ынта негізін құрайды, оны біреулер «білімге деген құмарлық» деп қараса, басқалары «оқуға деген әуестік» деп топшылайды. Психолог мамандардың пікірінше, танымдық ықылас «ізденіс» сипатына ие болады. Оның әсерімен адамдар үнемі туындайтын сауалдарға жауаптарын өздері белсенді іздеп табады. Мұның барысында студенттің ізденістік әрекеті қызығушылықпен іске асырылып, оның эмоционалды көңіл-күйі көтеріліп, қуанышқа кенеледі.[20]
Педагог және психологтардың арнайы зерттеулері айқындағандай, танымдық ықылас өзінің оңтайлы әсерін тек іс-әрекеттің жүйесіне және нәтижесіне тигізбей ғана, психикалық жүйелерге де әсер тигізеді: ойлау, қиялдау, есте сақтау, және танымдық ықылас ықпалымен ерекше белсенділік және бағыттылыққа ие болатын сезімдер. Танымдық ықылас-біз үшін оқушыларды оқытудың маңызды себебі. Оның ықпалы зор болып келеді. Танымдық ықылас ықпалымен, тіпті әлсіз оқушылардың да оқу жұмысы өте өнімді болады. Мұны Л.С.Славинаның зерттеулері дәлелдеген. Ол үлгерімі төмен студенттерімен жұмыс атқаруда тек студенттің тапсырмаларын орындауды талап ететін әдеттегідей оқу жағдайын, өзіне ойын немесе жарыс элементтерін енгізген жағдайға өзгертті. Мұның нәтижесінде студенттерді таң қалдырған құбылыс орын алды: үлгерімі төмен және жалқау студенттер қалыптасқан жаңа оқу жағдайларының ықпалымен оқуға белсенділік, байқағыштық, түсінгіштік танытып, бұрын қиын болып көрінетін мәселелерді өздері шешетін дәрежеге жетті. [21]
Танымдық ықылас ықпалымен, кез-келген оқу тапсырмаларын орындауда шығармашылық танытып, танымдық мәселені орындаудың тиімді, жаңа тәсілдерін іздейді. Олар оқытушыны сынып ішінде үнемі қолдап отырады: сабақтарда белсенділік танытады, күрделі қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал сыныптастарының ұжымы ішінде – білім алудың қосымша қайнары, қызықты және танымдық істердің бастаушылары болып табылады. Ықыласта интеллектуалдық жүйелер ерекше білдіріледі. Ықылас пәніне ұмтылыс сауал туғызады; оған жауап табу белсенді ойлау әрекетін білдіреді. Ықылас ықпалымен ой жылдам жұмыс атқарады. К.Д.Ушинский оқуға деген ықыласты «ойға толы ықылас» деп атайтын .
Танымдық ықылас оқушы тұлғасының бағалы тұрақты қасиеті ретінде қалыптастыру оқытушыдан жастан жасқа дейінгі қызығушылықтарының даму беталыстарын және оқушылардың жеке ұмтылыстары мен бейімділігін терең білуді талап етеді. Бірқатар зерттеулердің көрсетуінше, оқушылардың мүшелдік ерекшеліктерімен белгілі тәуелділікті болады. Бұл қызығушылықтың тұрақтылығы, мазмұнның тереңділігіне де байланысты болады.
Студенттердің танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, студенттің жүзі қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, кез-келген әрекетте, әсіресе, білім алуда-студентті жетістікке келтіретін шарттарды қамсыздандыру маңызды. Студенттердің танымдық іс-әрекетінің жемісті өтуін қамсыздандыратын және осыған байланысты талаптар:
студенттерді жетістікке жетуіне ұмтылдыру;
әр студенттің жетістіктерін жүйелі көрсету, жеткен нәтижелер туралы қорытынды беру;
мүмкін болған қиындықтарды есепке алу және олардың алдын-алуды қарастыру;
«студенттер өз күштеріне сеніп, жетістікке жету қуанышын сезіну» іс-әрекетін ұйымдастыру.
Танымға деген бағытты арттыра отырып студенттердің танымдық қызметін белсендіру қажет. Проблемалық тапсырмаларды орындау барысында әрекет субъектісі үшін жаңа, пайдалы нәрсе қалыптасады. Бұл мәндегі әрбір проблемалық тапсырма шығармашылық болып табылады. Жаңа туралы сөз қозғағанда, субъект үшін жаңа нәрсені назарға аламыз және бұл «жаңаны» студент өзіндік іздену әрекетінің нәтижесінде өзі үшін ашуға және жасауға міндетті. Мұндай әрекеттің механизімін қарастырайық: студенттер жаңа білім менгергені үшін жақсы баға алу арқылы бағытталған. Өзіндік жұмыс үрдісінде негізгімен қатар, жаңа материалды еске түсіруі тағы бір неше түрі қосылады: көзбен көру, дыбыстау есіту, жолдасымен талдау, қайталау.
Олай болса, студенттердің танымдық әрекетін белсендіру үшін, біздің ойымызша, білімді менгеру механизімінің өзгерісі қажет: жаңа білім оқушыға дайын үлгі түрінде берілмейді, оны олар өзіндік іздену әрекеті үрдісінде жасайды. Оқу тапсырмаларын логикалық және практикалық шешу үшін тиімді жағдай жасауда ескеретін оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру келесі негізгі шарттардан тұрады:
танымдық үрдістер мен жағдайлардың өзара әрекеті;
сабақтағы қондырма рөлі;
қабылдау мен бақылауды ұйымдастыру;
студенттердің назарын аудару;
жадты дайындау;
заттарға не құбылыстарға тән белгілер, олардың бір-бірімен өзара байланыстары көрінетін логикалық ойлаудың негізгі формаларын-ұғымдарын қалыптастыру;
студенттердің оқытылатын материал мәнін ұғынуын қадағалау;
студенттердің ойлауын дамыту, оны белсендіру;
мықты білімге дағды мен икемге сүйене отырып елестетуге тәрбиелеу;
танымдық әрекеттерді ұйымдастыру кезеңін есепке алу.
1-кезең белсенді өзіндік шығармашылық жұмыс үшін жағдай жасау;
2-кезең аналитика-синтетикалық ойлау әрекетін ұйымдастыру, сондай-ақ осы негізде студенттердің жаңа білімі мен интелектуалды мәселесін қалыптастыру;
3-кезең ждегенғу арқылы бекіту, студенттердің танымдық әрекетінің техникалық компоненттерін жасау мен автоматтандыру.
Студентердің төмендегі шарттар бойынша танымдық даму деңгейін анықтауға болады:
- ойлау әрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының болуы;
- тиімді танымдық жұмыс тәсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру;
- игерілген тәсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны;
- анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы;
- ой сапасының дамушылығы;
- жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы;
- ойлау үнемділігі;
- интелектуалды белсенділік пен дербестік;
- ойлау әрекетінің жалпылануы;
- ойлаудың саналылығы;
- ойлау әрекетінің нұқалылығы;
- ойлай әрекетінің тұрақтылығы;
- ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену;
- студенттерде оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің, үйренуге қажеттіліктің қалыптасуы. [22]
Н.А.Половникова студенттердің танымдық әрекетінің мынадай деңгейлерін атап көрсетті:
бірінші деңгей (көшірмелі әрекет) –танымдық әрекеттің негізгі формасы үлгілерінің көшірмесін жасай білуі;
екінші деңгей (өндіру-таңдау) –танымдық әрекеттің негізгі тәсілдерін игеру, оларды таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыда қолдану;
үшінші деңгей (шығармашылық) танымдық әрекеттің барлық тәсілдерін таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану.[23]
П.И.Пидкасистый танымдық ізденімпаздықтың даму деңгейлерін былай көрсетеді:
репродуктивті деңгей-(неғұрлым төменгі) танымдық тапсырманы тек қана үлгі бойынша орындайды;
қайта жаңғыртушы деңгейі-оқушы белгілі үлгілер, нұсқаулар бойынша әрекет етеді;
вариантты (ішінара іздену) жаңа тапсырмаларды өздігінен орындайды, бірақ кейбір тұстарын оқытушының көмегімен орындайды;
шығармашылық (жоғары) мәселені оқушы өзі талқылап, өзі шешеді.
Сонымен қорыта келе танымдық ықылас танымдық жүйесіне ғана емес, нәтижесіне де бағытталады, ол үнемі мақсатқа ұмтылысымен, оны іске асыруымен, еріктік қуат және жігерімен байланыстырылады. Мұның барысында танымдық ықылас түрлі сезімдерді қалыптастырады: интеллектуалды, эстетикалық, моральдық. Психологтардың пікірі бойынша ықылас заты «ықылас жылуымен нәрленеді».
Төменгі курс студенттерінің оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:
мұғалім мақсаты құрастырады, бірақ бағаларды өлшеуішін түсіндірмейді;
мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады;
қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады;
жаңа тарсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін студенттер өз бетінше мұғалімнің ұсынған ждегенғуларын орындайды;
мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, студенттердің білім деңгейін тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Осы нобайды талдап, біз мынадай қорытындыға келдік: қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу - тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер). Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі ретінді қажет болған жағдайда алған білімін ( дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда, азамдегенқ бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін студенттерге жеткізу қиындап бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше студенттердің танымдық қабілетін арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Мұны шешу үшін студенттер кез- келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тындаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс. Мынадай жұмыс механизмін қарастырып көрелік: білімгер жаңа білімді себепкерлеп, жақсы баға алу үшін не өз бетінше, не өзінің сыныптасымен, не топта ( 3-4 адамнан) жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше жұмыс істеу барысында жаңа материалдық негізгі еске сақтаудан өзге тағыда басқа еске сақтаудың түрлері қосылады – көзбен көру, есту, қайталау, т.т.
Біздің ойымызша, төменгі курс студенттердің танымдық мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы керек:
мақсдеген қоя алу ( мақсдеген түсіндіру);
мақсдеген жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі);
нәтижені бағалай алу ( бақылау, баға).
Бүгінгі ЖОО-да тек қана екінші буын-орындалатын бөлу ғана жүзеге асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірбиесінде кең таралған, өйткені мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсдеген қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол мақсдегенң тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылып, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды. Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екі талай.
Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар әр оқу пәні-жалпы білім жүйесінің тек қана бір бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, пәндік білім беру жүйесін негізінде диалектикалық қайшылық, яғни, бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретіні қозғаушы күш деп қарастырылады.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білімі игеру қабілеті мен қатар дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек. Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, студенттің берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауы мен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттай отыру мүмкіндігіне ие болу керек. Студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-әрекет теориясының негізігі қағидаларына сүйене отырып біз оған мынадай анықтама береміз. Танымдық белсенділік деп мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктенінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.
1.Мотивациялық-тұлғалық (өзін-өзі тану, өзіне-өзі сену, дамыту, өзінің танымдық қабілетін дамытуға және қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу).
2.Мазмұндық-амалдық ( тіректік білім, жалпы дидактикалық және арнайы дидактикалық дағдылар, білімін жетілдіру дағдысы).
3.Процессуалды-жігерлік (танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі, танымдық белсенділікке ұмтылыс).
Көптеген авторлардың еңбектеріне жасалған талдаулар танымдық белсенділікті қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын анықтауда ғылымдар әр түрлі ой-пікірлер ұстайтынын көрсетті. Біз зерттеу нысанын, студенттердің өз іс-әрекетін басқару құрылымын, оларда қалыптасатын таымдық белсенділіктің құрамын анықтаудың негізі ретінде алдық.
Мотивациялық-тұлғалық бөлік студенттердің оқу үрдісіне ынталылығын қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан, ізденімпаздықтан құралады.
Мазмұндық-амалдық бөлік негізінде білім жүйесі мен жаңа білімді өз бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және оқу танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессуалды-жігерлік бөліктің негізін студенттерде таным кезіндегі кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік-жігерін болуы және оның өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.
Біздің жүргізген зертеулерге қатысты осы үш бөлік оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өты тығыз байланысты болатындығы анықталды. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға жасалған талдаулар мен өз байқауларымыз: бізге танымдық белсенділіктің негізгі бөліктерін мынадай белгі-шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады: мотиватциялық-тұлғалық қызығуды тудырады, оқу-танымдық белсенділікті оятады. Мазмұндық-амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік оның аяқталуын қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
Егер: а) оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан қажеттілікке ауысатын болса; ә) студенттер негізгі интеллектуалды іс-әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыралатын болса; б) студенттің өзімдік танымдық іс-әрекетің басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса; в) студенттердің оқу- танымдық іс-әрекеті шығармашылық зерттеушілік сипатқа ие болса, онда олардың танымдық белсенділігі қалыптасты деп саналады.
Біз студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі жолының бірі ретінде олардың лекция және практикалық сабақтан тыс дербес оқу-зерттеу жұмыстарында компьютердің мүмкіндігін пайдалануды таңдадық. Сонымен қатар студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруда төмендегідей дидактикалық шарттар орындалуы тиіс деп есептейміз:
оқытудың алдынғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдау арқылы қалыптасатын теориялық білімнің болуы;
компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы жүргізілетін оқу және оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың белсенді араласуы;
компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы студенттердің оқу және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім сапасының анықталуы.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің қалыптасу дегейлерін жалпылау деп қарастыруға болады.
Мотивациялық-тұлғалық бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуын төмендегідей деңгейлеріне ие.
Танымға ұмтылу, негізінен, жаңа білім игеруге бағытталады. Игерілген негізгі білім жүйесі тек алған білімді қайта еске түсірумен шектеледі.
Танымға ұмтылыс білімін толықтыру тәсілдерін игеру және ол білімнің көзін табуға бағытталады. Негізігі білім жүйесі оны берілген алгоритм бойынша шығарылатын есептерді шешу деңгейінде игерілген.
Танымға ұмтылыс білім игеруге, оны толтыру тәсілдерін табуға және осы әдістерді жетілдіруге бағытталған. Негізгі білім жүйесі алған білімін еске түсірумен қатар оны шығармашылық түрде қолдана білетіндей деңгейде игеріледі.
Біздің пікіріміз бойынша, мазмұндық-амалдық бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуына мынадай деңгейлермен сипатталады.
Дағды онша маңызды емес мәліметтерді қабылдау және оны қайталау деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаты игерілетін тақырыптың мазмұнына сай келмейді, олар тапсырмалар мен есептеуде нақтыланбайды. Сондықтан жоспарлау қойылған мақсатқа сәйкес келмейді.
Дағды хабардың жалпы мазмұнының негізгі идеясы анықталмай тұрып, қабылдау мен еске түсіру деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық белсенділіктің мақсаты тақырыпқа сай келгенімен, қойылған тапсырмаға сәйкес нақтыланбайды. Жоспарлау жұмыстың барлық кезеңін толық қамтымайды.
Дағды хабардың негізіг мазмұнын мен мақсатын танып, қабылдау деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекеттің мақсаты анықталады және есептерді шешеуге нақты айқындалады. Осыларды есепке ала отырып, жұмыстың нақты жоспары жасалынады.
Процессуалды-жігерлі бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының келесі деңгейлерінен тұрады.
Танымдық қиындықтарды жеңу дайындығы төмен студенттердің ерік-жігері әлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды, жұмысты аяғына дейін атқармайды, оқу-танымдық іс-әрекетке өз бетінше белсенділік, жүйелік танытпайды, т.б.
Танымдық кезеңіндегі қиындықтарды жеңуге дайындық оқу- танымдық іс-әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Студенттер сабақ кезінде ынталанып, жұмысты аяғына дейін атқаруға тырысады. Бірақ үлкен қиындықтарды жеңуде табансыздық танытады.
Танымдық қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Студенттер кез келген тапсырманы аяғына дейін орындап шығады. Жыл бойы жүйелі түрде жұмыс істейді.
Танымдық белсенділіктің қалыртастыруының осы анықтаған сипаттамаларының негізінде студенттердің танымдық белсенділігі үш деңгейге бөлінеді: төменгі, орташа, жоғары.
Төменгі деңгей белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық еместігіне күрделі емес тапсырмаларды игеру дәрежесімен, үлгі бойынша тапсырмаларды орындауына өз бетінше жұмыс істеумен, студенттердің оқуға тиісті көңіл қоймауымен сипатталады.
Орташа деңгей білім негізінің болуы, студенттердің білімге, өзіндік жұмысқа құштарлығының қалыптасуы, орта дәрежедегі тапсырманың игеру және оны орындау алу қабілеті арқылы анықталады. Яғни, студенттердің оқу танымдық белсенділігі даму үстінде деп саналады.
Жоғары деңгей терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа деген қажеттіліктің қалыптасуы арқылы танылады. Яғни, студенттердің оқу танымдық белсенділігі жеткілікті дәрежеде дамығандығы мен сипатталады.
Оқу үрдісінде студенттердің танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол студент жастардың дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруға ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол студенттерді дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады. Олай болса, студенттердің дербес танымдық іс-әрекеті олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.
студенттердің өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі студент жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру деп санайды.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі студенттердің білім, білік және дағдыларында кездесетін негізгі кемшіліктер мектептердегі білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктерінің төмендігінен деген қорытынды жасауға тіреп отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық тұрғындан алғандан оқу үрдісін дамытатын кез келген мәселені шешу арнайы ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен түсіндіріледі. Ендеше жоғары сынып оқушылары мен студенттерінде танымдық белсенділікті қалыптастырудың біз тағайындаған психикалық-педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттың бірі – сабан жүргізу мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар беру және т.б.) пайдалану. Екіншісі – оқу үрдісінде сабақтың барлық түрін жекелендіруге, оқышының өзіндік жұмысын дамытуға мүмкіндік беретін компьютерлік техникалық мүмкіндіктерін қолдана білу.
Осыған байланысты біз студент өз бетінше компьютерлік техниканың көмегімен орындауға арналған физикалық негізгі бөлімін қамтитын тапсырмалар мен деңгейлік есептер жүйесін жасадық. Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар студентпен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берліген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілеті әр түрлі студенттермен жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл кезде студенттің танымдық белсенділігін дамытудың негізгі қажетті шарты – оқу үрдісін дараландыру.
Ағылшын тілі сабағында студенттердің сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезіндегі танымдық өзіндік жұмыстарын бақылаудан байқағанымыз, олар тапсырмалардың түріне байланысты белсенділіктің әр түрлі деңгейін көрсетті.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі студенттің әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшін біз мынандай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
Танымдық белсенділігі төмен студенттер білімдерінің төмен екендігін көрсетті: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Мұндай студент заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды.
Ағылшын тілі сабағында оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан студенттер жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тура, тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес, біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан бұндай тапсырмаларды орындауға студенттерге үнемі көмек қажет.[24]
ЖОО-дағы студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтардің, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдылық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастыра, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.[26]
А.Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субъектіде жаңарту, өзгеру әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырса, Т.Сабыров „Оқудағы белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы әрекеті” деп атап көрсетеді/35,139/.
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, белсенділік – адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануға оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушылар ғана тапсыра алады. Студентке оның таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.
Қазіргі кезде студенттің оқу әрекетінің жемісті, нәтижелі болуына, танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіру аса маңызды міндет.[27]
Достарыңызбен бөлісу: |