Зерттеудің мақсаты: Оқыту үрдісінде студенттерге танымдық белсенділіктерді халық педагогикасының элементтері арқылы қалыптастырудың ғылыми–теориялық тұрғыдан негіздеу және ғылыми–әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәнi: оқу үрдiсiнде халық педагогикасы арқылы студенттердің танымдық белсенділіктерін қалыптастыру
Зерттеудiң болжамы: егер студенттердің танымдық іс–әрекетінде халық педагогикасының мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда студенттердің мотивациясы мен танымдық белсенділіктері артып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп студенттердің пәнді зерделеуге деген қызығушылығын тудыруға негіз болады, білім сапасы артады.
Зерттеу мiндеттерi:
- студенттердің танымдық қызығушылығын оқыту үрдісінде қалыптастырудың ғылыми–теориялық негізін анықтау;
- тілдерді оқыту үрдісінде студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың компоненттерін, көрсеткіштерін айқындау;
- тілдерді оқыту үрдісінде студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттарын айқындау;
- студенттердің танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелік–эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің жетекшi идеясы: оқыту үрдісінде студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру – олардың қазіргі заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына ықпал жасайды. Студенттердің танымдық қызығушылығын оқыту үрдісінде қалыптастыру білім мазмұны мен оқыту әдістерінің дидактикалық өзара байланысына сүйенеді.
Зерттеудiң теориялық–әдiснамалық негiзi: ғылыми таным теориясы, тұтас педагогикалық үрдістегі тұлғаның қалыптасу теориясы, іс–әрекет теориясы, тілдерді оқыту үрдісінде қолданудың ғылыми тұжырымдамалары.
Зерттеудің көздерi: философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерi негiзінде алынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Бiлiм туралы Заң" және мемлекеттiк қаулы-қарарлары ескерiлдi. «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу–әдістемелік кешендер, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық, алыс, жақын, шет елдік ғалымдардың еңбектері, жаңашыл мұғалімдердің іс–тәжірибелері, ізденушінің педагогикалық және зерттеу тәжiрибесi.
Достарыңызбен бөлісу: |