Мазмұны 1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері


Танымдық процестердің психологиялық мәні



бет6/18
Дата15.08.2023
өлшемі241.04 Kb.
#476068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
сапаркулова

1.2 Танымдық процестердің психологиялық мәні

Танымдық үдерістің бұл ерекше формалары тіл мен ойлау, сөйлеу секілді адамдық табиғдегенң ең жоғарғы көрсеткіштерін құрауымен қоса, күнделікті өмірде туатын қажеттіліктерді де өтеуге бағытталады. Адамның танымдық әрекеті саналы, ғылыми дәйектелген шарттар қатарында өздігінен жүзеге асатын, адам болмысы итермелейтін рефлексті амалдардан да топталады.


В.И.Писаренконың «Когнитивтік лингвистика мен «когнитивтік» терминінің семантикасы туралы» деген мақаласындағы «Когнитивтік лингвистиканың пайда болуына әсер еткен когнитивтік ғылымның өзі де уақыт өте келе, әр түрлі мектептер мен ғылыми бағыттарға жіктелу негізінде дамып отыр, мысалы: когнитивтік психология, нейроғылым, антропология және т.б., сондықтан бір ғылым саласына қатыстылығынан туындаған когнитивтік терминнің ұғымдық ерекшеліктерін әр түрлі дәрежеде түсіндіруге болады» деген пікірге назар аударсақ, таным категориясының негізгі белгілері когнитивтік ғылымның мақсатына сай толықтырылып дамып отырады да, оның жалпы ұғымдық сипаттамасы жекеленген танымдық ғылыми бағыттардан, олардың бірліктері мен заңдылықтарынан сұрыпталады. Жаңа пәлсапалық энциклопедияда когнитивтік ғылымға «теоретика-информациялық модельдерді қолдану негізінде сана мен жоғары ойлау процестерін зерттейтін жүйе» деп анықтама берілген . Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде ол адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым саласы ретінде танылып отыр. Осыған орай, танымдық ғылымның негізі «әрі білім, әрі таным, әрі хабар, әрі адамзат ақыл-ойы мен санасы, әрі оларға сәйкес анықталатын және барлығының биологиялық негізін құрайтын адамзат миы» тұрғысынан айқындалып, күрделі танымдық процестердің тоғысын құрайтын ғылыми жүйе ретінде зерттеліп келеді. Қазіргі ғылымның негізгі екі ерекшелігін өзектей отырып, ғалымдар антропологиялық және пәнаралық даму нәтижесінде жалпы танымдық ғылымға тән негізгі белгілер қатарында төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуде:

  • ғылымның пәнаралық негізде қалыптасуы;

  • таным көзі ретінде білім мен ілім негіздерінің дамытылуы;

  • когнитивтік құрылымдардың өзектелуі;

  • білімді қалыптастыратын мәдени және әлеуметтік факторлардың

екінші кезекке қойылуы;

  • таным негіздерін тіл арқылы, оның құрылымдық әрі мағыналық

ерекшеліктерін салыстыра бақылау арқылы дәйектеу;

  • компьютерлі метафора ұстанымдарын қолдану,

яғни бастапқы кезде адамның миын компьютерге ұқсас құбылыс деп түсіндіру («hardware» компьютерлік метафора аппараты негізінде) үстем болса; кейін адам санасында компьютерлік бағдарламаларға ұқсас құрылымдар орналасқан, оған жады қызметі дәлел болады деген тұжырымдардың айтылуы да орын алған.
Таным адам әрекетінің, тұрмыс-тіршілігінің әр алуан кезеңдерімен айқындалып пайымдалатындықтан, оның табиғатын түсіну әр түрлі ғылыми деректерді сабақтастыруға, олардың антропологиялық өзгешеліктерін сипаттауға негізделеді. Адам белгілі бір психо-физиологиялық ерекшеліктер жиынтығы бола тұра, жаратылыс табиғатынан ойлы, пәлсапалы мүмкіндіктер орталығы, сан қилы маңызды әрекеттер тоғысы деп танылады . Адам өздігінен емес, қоғамдық бірлікте және қалыптасқан әлеуметтік-мәдени шарттарға сүйене дамып келе жатқандықтан, оның танымдық әрекетін пәлсапалық негізге, психологиялық сұрыптауға, әлеуметтік дамуға, ұлттық-мәдени өркендеуге сүйене қарастыру керектігі даусыз. Адамзат ақыл-ойының күрделі табиғатына негізделген аталмыш ғылымның бастауы жайлы әр түрлі пікір-тұжырымдардың орын алуы да содан болар. Ғалымдардың бір тобы ғылым бастауын когнитивтік психология мен лингвистика құрады десе, келесілері олардың санатына бірде пәлсапаны, бірде тіл білімін не болмаса антропология мен нейроғылымдарды жатқызғанды дұрыс деп есептеді. Демек, «Когнитивистер пәнаралық байланыстан жырақ кете алмайды, бұл заңдылық оның тарихи тамырында жатыр. Тек психологияның, лингвистиканың, антропология мен философияның, компьютерологияның көмегімен ғана ақыл-ой табиғатын, тәжірибе пайымын, концептуалды жүйе негіздерін анықтауға болады...»,- деп аталып көрсетілгендей, қазіргі ғылыми бағыттардың ішінде когнитивтік философияның, когнитивтік психологияның, когнитивтік әлеуметтанудың, когнитивтік мәдениеттану сияқты салалардың қалыптасып дәйектелуі де соның үйлесімді жалғасын құрап келеді.
«Адамздегенң ақыл-санасы, ойлау жүйесінің заңдылықтары, білімнің қайнар көздері мен оны меңгерілу жолдары, сол сияқты ми, психика, ментальды жағдайлар мен актілер – барлығы ерте кезден пәлсапа мен логика, психология мен биология шеңберінде зерттеліп келгендіктен», танымдық ғылымның жетістіктерін бір ғана бағытта сұрыпталатын тұжырымдар емес, олардың тоғысқан табиғаты, шебер ұштасқан жүйесі құрайды. «Таным» құбылысының ұғымдық аясы түрлі ғылыми түсініктемелердің бірлігінен жинақталып, маңызды мақсат-міндеттердің шешілуіне мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінгі күні ғылым пәлсапасының аясы кеңейген сайын пәнаралық сабөлшемдері дәстүрлі пәлсапалық талдаулардың әдістемелік негіздерін жаңа бағытта ақтастықтың ұстанымдарын жан-жақты дамыту күннен күнге өзектеліп отырғандықтан, танымның пәлсапалық негіздерін айқындау да когнитивтік ғылымның аса құнды дереккөздерінің бірін дәлелдеуге мүмкіндік берді. «Таным – дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі» деп қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілгендей, пәлсапа аясында сөз болатын танымның да өзгешелігі «сана», «қабылдау», «қабілет» ұғымдарымен байланыстырылады.[28] Пәлсапалық сана когнитивтік зерттеулердің маңызды бірлігі бола тұра, табиғатының күрделілігіне орай, сан алуан ғылыми қағидаларға ортақтығымен ерекшеленеді, сондықтан әрі пәлсапа, әрі психология нысанын құраған бұл ұғымның анықтамалары да, функционалдық сипаттамалары да біркелкі емес. ХІХ ғасырда ғалымдардың бір қатары сананы зерттеу, оның болмысын нақтылау мүмкін емес деп келсе (биолог Т.Гексли), келесі біреулері оның тек жекеленген құбылыстары мен құрылымдарын ғана тануға болады деген көзқарасты ұстанды (В.Вундт). Кейінірек еуропалық пәлсапада сана білім көзі, бағыт, көзқарас, көңіл, өзін-өзі тану сынды ұғымдар негізінде түсіндірілді. Бүгінгі күні философтар сананы когнитивтік теориялар негізінде, жасанды интеллект мәселелерімен ұштастыра талдап зерттеуді мақсат етуде. Осыған орай, сана қызметі бірде адамның танымдық мүмкіндіктері шеңберімен шектелсе, бірде оның аясы нейрофизиологиядан мәдениеттануға дейін кеңейтіліп, ғылыми тұжырымдар тізбегінде оған таным құралы, материямен сәйкестік құрайтын құрылым, саналы не болмаса рефлексті әрекеттер сабақтастығы деп анықтама беріліп жүр.( Сурет 1.)

Сурет 1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет